Өзбекстан Республикасы жоғары жəне орта арнаулы білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата30.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#3000
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

1

Өзбекстан Республикасы жоғары жəне орта  



арнаулы білім министрлігі 

 

 

 

Бердақ атындағы Қарақалпақ Мемлекеттік Университеті 

 

 

 

Өзбек филологиясы факультеті 

Түркий филологиясы кафедрасы 

 

 

ТIЛ БIЛIМIНЕ КIРIСПЕ  

 

 

 

 

 

Пəні бойынша қазақ филологмиясы 5220100 бакалавр білім саласы қазақ филологиясы 

мамандығы үшін лекциялар тексті 

 

  

 

 

 

Құрастырған:              акад. Ҳамидов Х. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нөкіс 

 

2

 



 

1.Тіл біліміне кіріспе пəнін үйренудің мақсаты, маңызы, басқа ғылымдармен  

байланысы.  

   

 

 

Тақырыптың планы: 

1. Тіл білімі қандай пəн екені. 

2. Пəннің теориялық жəне практикалық мəні.  

3. Тіл білімінің сипаттары. 

3. Тіл білімінің басқа ғылымдар мен байланыстары.  

Таяныш сөздер: тіл білімі, теориялық бағдар, практикалық мəселелер, басқа ғылым 

салалары, байланыстар, əдебиет тану, философия,логика, психология, физология, физика, 

тарих, антропология, география, топонимика, математика, тіл құрамы.  

Тіл біліміне кіріспе пəні ең алдымен тіл білімі деген ғылымның не екенін  түсіндіреді. 

Бұл пəнді үйренудің маңызы, ттопшылап айтқанда, бұрын мектепте үйренген өзіміздің анна-

тіліміздің шеңберінен шығып, жалпы тіл жөніндегі білімді белгілі бір бағдарда, қалыпта 

теориялық талаптар  негізінде жинақтап, айқындап беру болып есептеледі. Солай етіп, бұл 

пəн тіл білімі жөніндегі ғылым.  

Тіл білімі теориялық та, практикалық та мəні бар ғылым.  

Тіл білімінің  ғылым  ретінде  теориялық  үлкен мəні болумен бірге, оның практикалық 

маңызы да күшті. Тіл білімінің теориялық мəселелері зерттеудің нəтижелері жəне олардан 

жасалған қортындылар мен топшылаулар лингвистиканың  көптеген практикалық 

мəселелерін шешуге жəне оған бағыт-бағдар сілтеп, дұрыс жолға қоюға көмектеседі.  

Тіл  білімі  тілдің  даму  заңдылықтарын  жəне  ондағы  тілдік  категориялардың  бір-

бірімен  байланысын,  өз-ара  қарым-қатысын  ашып  айқындаумен  бірге,  тілді  оқыту  ісіне, 

оның  заңдылықтарын  білдіруге  көмектеседі.  Сондай-ақ,  тіл  білімі  тілдердің  əрі  қарай 

дамуының  перспективасын    көрсетіп,  тілді  өңдерудің,  оны  жетілдіре  түсіндіре  түсудің 

ғылыми    негізі    мен  қағидаларын    жасап    береді.  Тіл  білімінің  практикалық  мəні  біздің 

елімізде айрықша болып отыр. ХХ ғасырда еліміздегі халықтардың ұлттық мəдениеті мен 

ұлт    тілдерінің  жан-жақты  дамуына  қолайлы  жағдайлар    жасалды.  Халықтардың  

əрқайсысының  тілдерінің сөздік құрамы алуан түрлі жаңа сөздермен, көптеген ғылыми-

техникалық  терминдермен  толығып  байыды,  грамматикалық  құрылысы  жетіле  түсті. 

Бұрын жазуы болмаған  халықтардың тілдерінің алфавиттері жасалынып, оқыту ісі жолға 

қойылды.  Халықтардың    тілдері  ғылыми  турғыдан  зерттеліп,  олардың  əдеби  түрінің 

нормаларын белгілеуде, жетілдіріп өңдей түсуде көптеген жұмыстар істелді. Əдеби тілдің 

нормасын  белгілеп  айқындау  жəне  оны  өңдеп  жетілдіре  түсу  мəселелері  тіл  білімінің 

қағидаларымен  деректеріне  арқа  сүйеудің  негізінде  шешіледі.  Демек,  осы  мағынада  тіл 

білімінің ұлттық мəдениетті дамытуда айрықша маңызы бар.  

Адам  логика  ғылымын  білмесе  де,  арнайы  оқымаса  да,  өзінің  ойын  логикалық 

тұрғыдан  дұрыс  баяндай  алатыны  сияқты,  тіл  білімімен  (грамматикамен)  арнайы 

шұғылданбай-ақ, тілді меңгеріп сөйлей алатыны белгілі. Ал бұларды оқып білудің маңызы 

мынада:  логика  ғылымын  оқып  білу  адамның  ойлау  мəдениетін  бұларды  оқып  білудің 

маңызы  мынада:  логика  ғылымын  оқып  білу  адамның  ойлау  мəдениетін    арттыратыны 

сияқты,  арттырады,  ой  өрісін  кеңейтеді:  Ойлауды  жəне  оның  заңдарын  жете  білу  үшін  

логика  ғылымы  қаншалықты  маңызды болса, тілді жəне оның заңдары мен қағидаларын 

жете  білу  үшін тіл білімі де соншалықты маңызды.  

Дұрыс  жазып,  дұрыс  сөйлей  білу-əрбір  мəдениетті  адамның  алдына  қойылатын 

басты  шарттардың  бірі.  Ал  мұның  өзі  тілдің  орфографиясын,  орфоэпиясын, 

грамматикасы  мен  əдеби  түірн  жете  білуді  қажет  етеді.  Мұнымен  бірге  тілдің  стильдік 

тармақтарын  жете  білудің  де  практикада  маңызы  зор.  Мысалы,  газет-журналдарда 



 

3

жарияланатын  мақалалардың  стилі  мен  ғылыми  тақырыпқа  жазылған  еңбектердің  стилі 



немесе көпшілік алдында жасалатын баяндамалардың, лекциялардың стилі мен күнделікті 

іс  қағаз  стилі  бір  емес.  Олардың  əр  қайсысының  өзіне  тəн  ерекшеліктері  бар.  бұларды 

күнделікті    практикалық  жұмыста  ажырата  білу  тіл  білімінен,  əсіресе  оның 

стилистикасынан, хабардар болуды қажет етеді.  

Тіл  білімінің  ғылым  мен  техниканың    əр  түрлі  салаларының  теориялық 

мəселелерімен бірге практикалық мəселеріне де қатысы бар.  

Тіл білімінің, жоғарыда айтылғандай, сипаттарының бірі – оның ғылымның əр түрлі 

салалары мен байланысы есептеледі.  

Тіл    білімінің,  сипаттарының  бірі  тіл  білімінің  əртүрлі  ғылымдармен  байланысын  

жете  түсіну  үшін,  оның  қоғамдық  ғылымдар  жəне  жаратылыс    тану  (естественные) 

ғылымдарының əр түрлі салаларымен байланысын көрсетіп  атап  өту қажет.  

1) Тіл білімі мен əдебиет тану ғылымы филология ғылымдарының құрамына  кіреді. 

Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ерте замандардан бері байланысты. Ақын, жазушының 

творчествосын  зерттеу    оның  шығармасының    тілі  мен  стилін  зерттеуді  де  қамтиды, 

өйткені  тіл - əдебиеттің  бірінші  элементі.  Тілшілер  тілді  зерттеуде  əдеби  шығарманың 

тіліне  назар  аудармай    тұра    алмайды,  өйткені    əдеби  шығарма  тілшілер  үшін  құнды 

материал  болып  саналады.  Тіл  білімінің  стилистика  деп  аталатын  саласы  əдебиеттану  

ғылымымен  өте тығыз байланысты.  

2) Тіл білімінің  философия мен  тығыз  байланысы бар. Философия тіл  білімінің де 

методикасы  болып  есептеледі.  Философиялық  заңдылыққа  арқа  сүйеп,  тілді  басқа 

құбылыстармен өз-ара байланысы тұрғысынан зерттеу қажет болады. Халықтың тарихын 

білудің  тілдегі  құбылыстарды  танып    білуде,  халықтың  тарихы  мен  тіл  тарихын  жəне 

олардың  байланысын  жете  түсінуде  үлкен  мəні  бар.  Тілдің    өзі  де  өз-ара  бір-біріне 

байланысты,  бір-біріне    шарттас    тілдік    құбылыстардың    жинағынан  құралады.  Тілді 

іштей  өзара  тығыз  байланысты,  бір-біріне  бағынышты  элементтердің  жиынтығы, 

солардың  бір  тұтас  жүйесі  ретінде  қарағанда  ғана  оның  яғни  тілдің    табиғатын    толық 

танып білуге болады. Тілдің мəні, оның таңбалық сипаты, тілдің, келіп шығуы мен дамуы 

ойлау мен тілдің арақатысы сияқты проблемаларды  зерттеп шешу үшін, философия  тіл  

біліміне бағыт -  бағдар сілтейді. Тілдің теориялық мəселелерін тек жалпы тіл білімі ғана 

емес,  сонымен  бірге  тілдің  философиясы    мен    тілдің    психологиясы  да  қарастырады. 

Жалпы  тіл  білімі  тіл  туралы  ғылымның  бір  саласы    болып    саналады  да,  ортақ  

проблемаларды  біргелесіп  зерттейді. Тіл білімі тілдегі əр түрлі формаларды қарастырып, 

соларға  талдау  жасайды.  Бұл  тіл  білімі  үшін  негізгі  жəне  маңызды  мəселе.  Белгілі  бір 

форма  болған  жағдайда  ғана  мазмұн  туралы  сөз  болады.  Тілде - осындай  құбылыс.  Тіл 

мазмұны  мен  мағынасы  жоқ  формалардың  жыйынтығы  емес,  тілдегі  формалардың  да, 

басқа  да  құбылыстардың  формаларындағы  сыяқты,  мағына,  мазмұны  бар.  Тілді  оның 

формасы  мен  мазмұнының  бірлігі,  байланысы  тұрғысынан  зерттелгенде  ғана  тілдің 

дамуының    жеке  заңдары  мен  жалпы  заңдарының  табиғатын  ашып  айқындауға,  жесте  

түсінуге болады. Міне бұлар тіл білімі мен философияның  байланысын  көрсетеді.  

3) Тіл білімі, сондай-ақ, логикамен де тығыз байланысты. Тіл білімі мен логиканың 

байланысы  ғылымның  бұл  екі  саласында  зерттелінетін  құбылыстардың  өз-ара  

байланысынан келіп туады.  

Логика-ойлаудың заңдары мен ой формалары  туралы ғылым. Ал ойлау, əдетте, тіл 

арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа шығады. Ашығырақ айтқанда, адамның ойы тілдегі 

сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті  бола  алады.   

Логикада    ойлаудың    заңдары,  ойдың  формасы  мен  құрылысы  зерттелінсе,  тіл 

білімінде  тілдің  заңдары  мен  құрылысы,  тілдегі  əр  түрлі  формалар  мен  құрылымдық  

элементтер  зерттелінеді.  



 

4

4)  Тіл    білімі    психологиямен  де  байланысты.  Психология  психикалық 



құбылыстарды,  атап  айтқанда,  түсінік  пен  қабылдау,  елес  пен  ой,  сезім  мен  тілек, 

білімділік  пен    қабілет,  ерлік  сапаларымен  мінез  белгілерін  зерттейді.  Ал  аталған 

психикалық  құбылыстардың, мəселен, түсінік пен қабылдаудың, елес пен ойдың, сөйлеу 

процесіне жəне оны қабылдап түсіну процесіне қалай қарайтындығын тікелей қатысы бар. 

Сөйлеу  арқылы  қарым-қатынас    жасау,  пікір  алысу,  біреудің  сөзін  қабылдау,  оны  ұғыну 

процесін түсіндіру психологияның жəрдемін керек етеді.  

Адам  ауызекі  тіл арқылы қатынас  жасағанда  да, жазба  тіл арқылы қатнас жасағанда 

да,  белгілі  бір  мазмұнды  ғана  білдіріп    қоймайды,  сонымен  бірге  сол  мазмұнға  өзінің 

қатынасын, қалай қарайтындығын білдіреді.  Тіл ойды білдірудің  ғана құралы емес, сонымен 

бірге сезімді де білдірудің  құралы ретінде қызмет атқара алады. Эмоцияны білдіру тілдегі 

сөздерге  де,сөйлемге  де    тəн.  Мысалы,    жаман,  жексұрын,  сұмпайы,  сұмырай    немесе 

құмар,  іңкəр,  ынтызар  тəрізді  синонимдік    қатарлардың  құрамындағы  мəндес  сөздер  бір-

бірінен  эмоциялық  бояуы    жағынан    ажырлады.  Сөйлемдер  айтылу  мақсатына  қарай 

хабарлы,  сұраулы,  лепті,  бұйрықты  сөйлемдер  болып  бөлінеді  де,  олар  арқылы      əртүрлі 

көңіл күйі, тілек, арман, өкініш, қуаныш, таңдану  сезімдері, бір сөзбен айтқанда  адамның 

психикалық ішкі дүниесі беріледі. Сонымен,  тіл  психикалық  құбылыстарды танып білудің  

де құралы ретінде  пайдаланылады.  

5) «Адам баласының сөйлеуі неліктен?» деген мəселе социологиялық проблемалар ғана 

емес,  сонымен  бірге  физиологиялық  проблема  ретінде  де  қаралады.  Сөйлеу,  əдетте,  тіл 

дыбыстарынысыз    жəне  олардың  айтылу,  қабылдану  процестерінен  тыс    болуы    мүмкін  

емес.  Бұл  процестерді  артикуляция    (сөйлеу  аппаратында  тіл  дыбыстарының  жасалуы) 

жағынан  да,  сөйлеген  сөзді  есту  мүшесі  арқылы  қабылдау  жағынан  да      физиология 

зерттейді. Осыған  орай,  физиология лингвистиканың тіл дыбыстарын зерттейтін  саласы - 

фонетикамен  байланысқа  түседі.  

6) Сөйлеу процесінде жоғары нерв жүйесі де, сезім  мүшелері мен  дыбыстау мүшелері 

де  бірдей  қатысады.  Бұлардың  сөйлеу  процесіндегі  жəне  сөзді  қабылдау  кезіндегі 

əрқайсының  əрекеті  бір-біріне  байланыссыз,  жеке,  дара  күйінде  болмайды,  қайта  олардың 

бірі  екіншісі  мен  іліктеседі  де,  барлығы  жиналып  келіп,  бірлесе  қызмет  атқарады.  Сөйлеу 

жоғары  нерв  жүйесінің  қызметімен  байланысты  болса,  адамдарда  болатын  афазия  (тілдің 

күрмелуі)  ауруы  мидің  зақымдалуымен  байланысты.  Осылай  болғандықтан  медицина 

ғылымының,  өкілдері - психиаторлар,  дефектологтар,  логопедтер  сөйлеуді  (речь)  жоғары 

нерв жүйесінің қызметі жəне  мінездің қызметімен байланысында  қарастырады.  Афазияны 

зерттеу  сөйлеу  орталығының    (речевой  центр)  миде    орналасуын  айқындауға  мүмкіндік 

бердеді.  Психиатрия  мен  логопедияның  деректері  лингвистика  үшін  қаншалықты  маңызды 

болса,  лингвистиканың    деректері  медицина  ғылымының  айтылған  салалары  үшін  де  

маңызды.  

7)  Адам  баласының  тілі - дыбыстық  тіл.  Тілдегі  сөздер  өздерінің  дыбыстық 

жамылғышы - дыбыс  тіркестері  арқылы  өмір сүреді. Тілдегі дыбыстар жүйесін тіл білімінің 

фонетика  саласы    зерттейді.  Ал  жалпы  дыбыс  атаулыны,  дыбыс  құбылыстарын  физиканың  

акустика  деп  аталатын  саласы  қарастырады.  Акустика  дыбысқа  тəн  белгілерді,  атап 

айтқанда, дыбыс ырғағы мен дыбыс күші, дыбыстың созылыңқылығы мен дыбыс əуені деп 

аталатын  белгілерді  айқындап    ажыратады.  Мұнымен   бірге,  акустика  дыбыстарға  қатысты 

тон мен салдыр жəне резонанс деп  аталатын  құбылыстарды  да  айқындайды.  

Бұларға  байланысты  акустикалық  сипаттамалар  мен  мағлұматтардың  тіл  білімінің 

фонетика саласы үшін мəні айрықша.   

8)  Тіл  білімінің  тарих  ғылымдарымен,  соның  ішінде  этнография  жəне  археологиямен 

байланысы  бар.  Тіл  тарихын  сол  тілді  жасаушы,  қолданушы  халықтың    тарихының  бір 

саласы.  Сондықтан  белгілі  бір  тілдің  тарихын  сол  тілді  жасаушы,  қолданушы  жəне  оның 

иесі  халықтың  тарихымен  тығыз  байланысында    зерттеу  қаншалықты  қажет  болса,  халық  



 

5

тарихын    сол  халықпен  бірге  жасап  келе  жатқан  оның  тілінің    тарихымен    байланысында 



зерттеу  соншалықты  қажет.  

9)  Тіл  білімі  «Адам  баласы  қай  заманда  жəне  қалай  сөйлеп  үйренді?»  деген  сұраққа 

жауап  беру  барысында  антропологиямен  жақындасады.  Антропология    адамның  

биологиялық  табиғаты,  органикалық  тіршілік  ішінде  адамның  алатын  орны,  алғашқы  

адамның пайда  болыуы, адамның адам тəрізді жануардан айырмашылығы, көне заман мен  

қазіргі  замандағы  адамның  мофологиялық    типтері    туралы    ғылым.  Адам  баласы  тілінің 

пайда болу дəуірін анықтауда  əсіресе  палеантологияның  деректері  айрықша маңызды.  

10)  Лингвистикалық  зерттеулерде  кейде  географиялық    фактілерге  де  назар  аударуға 

тура  келеді.  Тілдік  құбылыстар  кейде  географиялық  жағдайлармен    байланысты    болуы  

мүмкін.  Мысалы,  таулы  аймақтарда  тілдері  əр  түрлі,  саны  шағын  халықтардың  (мысалы, 

Кавказ  бен  Памир)  болуы  тəрізді,  теңіздер  мен  мұхиттардағы    аралдарды    мекендеген  

халықтардың  қатынасын жасауына, тілдерінің бір-бірінен алшақтауы, немесе, керісінше, тар 

территорядағы  диалектілердің    бір-біріне  əсер  етуіне  мүмкіндік  бере  бермеу;  кең 

территориядағы    диалектілердің  бір-біріне  жақын  болуы-  осылардың  бəрі  географиялық  

жағдайлардың  белгілі  дəрежеде тілге əсер ететіндігін көрсетеді.  

Тарихи  зерттеулерде  топонимиканың    маңызы  өте-мөте  күшті.  Топонимика  тіл  білімі 

мен  географияның  аралығынан  орын  алатын  лингвистикалық  ғылым.  Топонимика 

лексикологияның географиялық атауларды зерттейтін бір саласы болып есептеледі.  

11) Тіл таңбалардың  коммуникативті  жүйесі  болып саналады. Соған орай, тіл  білімі  

жалпы  таңба    атаулыны  қарастыратын  таңбалардың  жалпы  теориясы  туралы  ғылым - 

семиотикамен  байланысқа түседі. Семиотика жалпы таңба жүйелерін қарастырғанда оларды  

мағынаны білдірудің жəне таңбалардың  құралдары  ретінде  қарастырады.  

12)  Тіл  білімі  белгілі  дəрежеде  математика  мен  де,  кибернетика  (грекше    меңгеремін) 

мен  де  байланысты.  Бір-бірінен  алшақ  ғылымдардың,  мысалы,  математика,  физика, 

физиология,  психология,  лингвистиканың  өз-ара    түиісуінен    келіп,  жаңа  ғылыми  пəн 

(дисциплина)  кибернетика  пайда  болды.  Ғылым  мен  техниканың  бұл  жаңа  саласына 

қатысты  мəселелер  ғылымның  əр  саласының  мамандары-математиктермен  мен  физиктер, 

логиктер мен психологтар, физиологтар мен лингвистердің қатысы мен шешіледі. Сонымен, 

кибернетика  осы    аталған    ғылым  салаларының  деректері  мен  жетіскендіктеріне 

негізделетін,олардың  синтезінен  құралатын  синтетикалық  ғылым.  

Тілдің  негізгі  сипаттарының  бірі - оның  қоғамдық  құбылыс  екендігі.  Жоғарыда 

баяндалған  тіл  білімінің  басқа  ғылым  салаларымен  болған  байланыстардың  өзі  тілдің 

қоғамдық құбылыс екендігінің айқын дəлелдерінің бірі есептеледі. Ол қоғамда пайда  болып,  

қоғам  мүшелері болған адамдардың өз ара қарым қатынас, бір-бірі  мен  пікір алысу құралы, 

ол əлеуметтік дамудың   басты  құралы.  

Тіл  білімі  немесе  лингвистика - тіл  туралы  ғылым.  Тіл,  негізінен,  үш  түрлі 

құрылымнан, қалыптасқан жүйелер жиынтығынан құралады. Олар: тілдің дыбыстық жүйесі, 

тілдің  сөз  байлығы    яғни  лексикасы,  тілдің  грамматикалық  құрылысы.  Осыған  орай,  тіл 

білімі ең алды мен   ірі үш тарауға бөлінеді -фонетика, лексикология, грамматика. Бұлардың  

өзі  өз  ішінен    бірнеше  салаларға,  тармақ,  тармақшаларға  бөлінеді.  Мəселен,  фонетика - 

функционалды фонетика, артикуляторлы фонетика, акустикалық фонетика,  болып үш салаға 

бөлінеді. Зерттеу тəсілдері жағынан фонетиканың -сипаттамалы фонетика, тарихы фонетика, 

экспериментал фонетика, жалпы фонетика болып бөлінеді.  

Лексикология  да  өз  ішінен,  зерттеу  методтарына  қарай - сипаттамалы  лексикология, 

тарихи  лексикология,  салыстырмалы  лексикология  болып  бөлінеді.  Лексикология  тілдегі 

сөздерді  əр  түрлі  тұрғыдан  зерттейді.  Соған  орай,  лексикологияның  бір - бірімен  тығыз 

байланысты  бірнеше  саласы  мен  тармақтары  бар.  Олардың  негізгілері  мыналар: 

семасиология,  фразеология,  этимология,  ономасиология,  онамастика,  топонимика, 

(фразеология), антропонимика т. б. Лексикография тілдің  лексикасымен  тығыз байланысты.  


 

6

Лексикография  тілдегі  сөздерді  яғни  лексиканы  бір  жүйеге  келтіріп  қарастырады,  олар 



бойынша  сөздіктер  жасалады.  Тілде  сөздіктер  ірі  екі  топқа  энциклопедиялық  жəне 

лингвистикалық  сөздіктер    болып  бөлінеді.  Солардан  лингвистикалық  сөздіктер  көп  түрлі 

болып келеді  -   екі тілдік орфографиялық, орфоэпиялық, терминологиялық, этимологиялық, 

фразеологиялық,  синонимдік, диалектологиялық т. б. сөздіктер  болып  бөлінеді.  

Грамматика  тілдің      грамматикалық    құбылысы  туралы  ілім.  Грамматика  -тілдегі  

сөздерді түрлендіру, өзгерту, оларды тіркестіру жəне олардан сөйлемдер құрастыру туралы 

ілім.  Осыған  орай,  грамматика  тілдің  грамматикалық  құрылысын  яғни  тілдегі  сөздерді  

өзгерту  тəсілдері  мен  құралдарын,  сөз  тіркестерімен  олардың  сөйлемге  құралу  заңдарын 

зерттеп  тексереді.  Сонымен  бірге,  грамматика – грамматикалық  формалар  мен 

грамматикалық мағыналар туралы ілім. Зерттейтін объектіне қарай грамматика ірі екі салаға 

бөлінеді – морфология жəне синтаксис.  

 

Қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар. 

1. Тіл білімі қандай пəн?  

2. Пəннің теориялық жəне практикалық мəні қандай?  

3. Тіл білімінің сипаттары нелер?  

4. Тіл білімі қандай ғылымдармен қалай байланысқан?  

 

Пайдаланатын   əдебиеттер  

1.Кəкен  Аханов.  Тіл  білімінің  негіздері.  Алматы 1978 ж.  

2. Ə.Хасенов.  Тіл  біліміне  кіріспе.  Алматы 1990ж.  

3. О.Азизов. Тилшуносликка кириш. Тошкент 1996 й.  

4.  Реформатиский А.А. Введение в языкознание.  Москва 1967 г.  

5. Кодухов В.И.Введение в  языкознание. Москва,1979.   

6. Dawletov. Тil bilimi tiykarlari  Nоkis 2007. 

 

 



2. Тілдің  қоғамдық  мəні  жəне  оның  жүйесі  мен құрылымы. 

Тақырыптың планы:  

1. Тіл табиғатының бастысы.  

2. Тіл жəне қоғам. 

3. Тіл ойлау да құралы.  

4. Тіл биологиялық құбылыс емес.  

5. Тіл базис те, қондырма да емес.  

6. Тіл мен ойлау жəне ұғым мен сөз.  

7. Байымдау жəне сөйлеу. 

8. Тілдің таңбалық табиғаты (семиотика). 

9. Тіл білімінде құрылым жəне жүйе.  



Таяныш  сөздер: тіл, биология,  қоғам, ойлау, базис, надстройка,  (қондырма), тіл, 

ойлау, ұғым, сөз, байымдау, сөйлем, семиотика (таңба), құрылым, жүйе,   

 Тіл – қоғамдық    құбылыс.  Ол  өте  күрделі  құбылыс.  Тілдің  табиғатын  (мəнін)  танып 

білу  үшін  оның  ең  басты  қасиетін  айқындап  алудың  маңызы  зор.  Тілдің  табиғатын 

айқындайтын    ең  басты  қасиет  деп - оның  қатынас  құралы  болу    қызметі    аталады.  Тіл 

адамдар  арасында    қатынас  жасаудың,  пікір  алысып,  сөйлесудің  құралы  ретінде    пайда  

болды.  Тарихта  мұндай  коллектив  алғашында    ру,  тайпа    түрінде  кейін  халық,  ұлт  болып 

өмір сүрді, осыған орай ру тілі, халық тілі, ұлт тілі болды.  

Тіл мен қоғамның байланысы  екі жақты байланыс. Біріншіден,  тілсіз ешбір қоғам  өмір 

сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың  қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті 

ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес.  


 

7

Екіншіден,  тіл  қоғам  бар  жерде  ғана  өмір  сүреді.  Қоғам  тілдің  өмір  сүруінің  шарты, 



қоғамнан тыс,  адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. 

Тіл тек қана қатынас құралы емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққа шығуының  

құралы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздермен сөйлемдер  арқылы  айтылып, белгілі 

бола  алады.  Ой  жəне  оның  мазмұны  тіл  арқылы    ұғынылады.  Демек,  ойлау    мен    тіл    бір-

бірімен өзара тығыз байланыста болады.  

Тілдің  қатынас  құралы болу  қызметіне қоса оның экспрессивтік қызметі бар. Тілдің 

экспрессивті  қызметі  делініп,  оның  (тілдің)  адамның  субъективті  қатынасын,  сезім  мен 

эмоциясын білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің ондағы  эмоциональды - 

экспрессивті  құралдар  мен  тəсілдердің  ойды  көркемдеп,  əсерлеп  жеткізуде,  əсіресе  көркем 

əдебиетте маңызы айрықша күшті. 

Тіл  білімінің  дамуы  барысында  кейбір  ғалымдар  тілді  биологиялық  құбылыс,  яғни 

атадан балаға нəсіл арқылы өте беретін құбылыс деушілер де болған. Бұндай  тұжырымдар  

бекер  екендігін  өмірдің  өзі  дəлелдеген.  Тіл  атадан  балаға  тұқым  қуып    табиғи  түрде  өте 

береді  деушілерге  қарсы  көптеп  мысалдар  келтірілген.  Жаңа  туылған  сəбиді  адам 

жасамайтын  аралға  немесе  орманға  тастағанда,  ол  сəби  өсе  келе  мүлде  сөйлемейтін,  өзі 

көрген,  естігендеріне  еліктейтін  болған,  жабайы  ҳайўанға  ұсап  жасап  жəне  дыбыстайтын 

болған.  Сондай-ақ  Африка  халқтарынан    бірінің  жаңа  туған    баласын    Европаға  немесе 

Америкаға  алып  барып  өсірсе, əріне ол бала ағылшынша, немесе Европа халқының тілінде  

сөйлейтіні    дəлелденген.  Нəтижеде  тіл  биологиялық  яғни  атадан  балаға    табиғи  түрде  өте 

беретін  нəсілдік    құбылыс  емес,  ал  адамның  жасаған  орталығына,  қоғамына  бағынышты  

құбылыс  екені  дəлелденген. 

Сол сияқты, тілді бір  кездері  үлкен  пікір таластарын тудырған  базис яғни қоғамның 

саяси, құқықтық, діни, көркем өнерлік,  философиялық көз -қарастары жəне соларға сəйкес 

саяси  құқықтың  жəне  т.  б.  мекемелер,  мен  де  теңдестіруге  болмайтыны  айқынданған. 

Қондырма  (надстройка)  белгілі  бір  базистен  (қоғамның  экономикалық  құрылысынан)  туса 

жəне базистің өзгеруі мен қондырма да өзгеріп, жаңа базиске сай жаңа  қондырма туса, тіл 

ескі немесе жаңа базис тарапынан туған емес, ол талай  заманның жемісі. Бір базис пен оның 

қондырмасының  ғана  емес,  бірнеше  базистің  жəне  сол  сəйкес  бірнеше  қондырманың  туып, 

жойылуы    да,  тілдің  жойылуына,  жаңа  тілдің  жасалуына  əкеп  соқтырмайды.  Демек,  тіл 

қандай  базистен,  қандай  қондырмадан  болса  да,  анағұрлым  ұзақ  өмір  сүреді.  Бұның  бəрі 

тілдің тұрақты құбылыс екендігін көрсетеді. 

Тіл  мəдениетпен    де  байланысты.  Мəдениет  идеологиялық  яғни  қондырмалық 

құбылыстың  қатарына  кіреді.  Осыған  орай,  мəдениет  əртүрлі  саяси  түзімге  қызмет  істеп, 

əртүрлі  мазмұнда,  формада  болуы  мүмкін.  Ал  тіл  қатынас  құралы  ретінде  əрқашан  жалпы 

халықтық сипатта болып ескі мəдениетке де,  жаңа мəдениетке де  бірдей қызмет ете алады. 

Тілдің    өндіріс    құралдарымен  қызмет  ету  жағынан  ұқсастығы  бар.  Тіл  мен  өндіріс 

құралдарының ұқсастығы - тіл де, өндіріс құралдары да əр басқа қоғамдық құрылысқа - ескі 

құрылысқа  да,  жаңа  құрылысқа  да    бірдей  қызмет  етуінде.  Дегенмен,  тіл  мен  өндіріс 

құралдарын  бір  деп  есептеуге  болмайды.  Өндіріс  құралдары  материалдық  игілік,  ал  тіл 

ештеңе  өндірмейді,  адамдардың  қатынас  құралы,  сөйлесу,  түсінісу  құралы  ретінде  қызмет 

етеді. Тіл -адамдардың қатынас құралы болумен бірге, пікір алысатын, бір - бірін түсінісетін 

құралы. Осыған сəйкес тіл мен ойлаудың ара қатысы туралы мəселе келіп туады.  

Тіл  мен  ойлаудың  өз  ара  байланысы  туралы  мəселе  жалпы  тіл  білімінің  ғана  емес, 

сондай - ақ  философия  мен  логиканың  жəне  психологияның  ең  күрделі  мəселелерінің  бірі 

есептеледі.  Мəселенің  күрделілігі  ойлаудың  табиғаты  мен  тілдің  табиғатының  өте-мөте   

күрделі  болуымен    байланысты.  Дыбыстық  тіл  де,  абстракттік  ойлау  да – адамға  тəн 

құбылыстар.  Бұл  екі  құбылыстың  екеуі  де    адамның  екі  жақты  табиғатына  сəйкес  əрі 

əлеуметтік,  əрі  биологиялық  жақтармен    сипатталады,  осы  екеуін  бірдей  қамтиды. 

Біріншіден, тіл де, ойлау да адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, адам 


 

8

да əлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады.  Тілде де, 



ойлауда  да  əлеуметтік  жəне  индивидуалды  биологиялық  жақтар  ұштасып,  бір - бірімен  

бірлікте  болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі  көрінеді.  

Ой  тіл  арқылы  айтылған  мазмұнның  негізін  құрайды.  Ой  арқылы,  адам  миының  

сəулелендіруші  əрекеті  арқылы  тілдік  единицалар    объективті  дүниенің  заттары  мен  жəне 

құбылыстарымен  байланысқа  түседі,  мұнысыз  адамдардың  бір-бірімен  тіл  арқылы  қатынас 

жасауы мүмкін болмас еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сəулеленетін 

объективті  дүниенің  элементтерінің  сигналдары  ретінде  қызмет  етеді  де,  бұл  дыбыстық 

комплекстерде  адам  танымының  нəтижелері  орнығып  бекітіледі,  ал  осы  нəтижелердің  өзі 

ары  қарай  танып  білуге,  негіз  болады.  Сондықтан  да  тіл  ойлаудың  құралы,  инструменти  

ретінде, ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.  

Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде,  тілдегі  категориялар мен 

ойлау  категорияларының  өз  ара  байланысы,  арақатысы  ескеріледі.  Мысалы,  тілдегі  сөз 

логикалық  категория  ұғым  мен  тығыз  байланыста  боласа,  сөйлем байымдаумен  (суждение) 

тығыз байланыста болады.  Тіл арқылы  адам  ойлайды, тіл - ойды жеткізудің материалдық 

құралы, тəсілі. Сөз бен ұғым өзара тығыз байланыста болады дегеннен бұл екеуі бір - бірімен  

тепе - тең екен деген түсінік тумауға тиіс. Олардың арасындағы  айырмашылықтар  мыналар: 

кейбір  ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестері мен  айтылады. Фразеологиялық 

сөз  тіркестерінің  құрамындағы  кейбір  сөздер  ұғымды  өздігінен  емес,  тек  тұрақты  сөз 

тіркестерінің құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады.   Бірнеше мағынаны білдіретін 

бір сөздің өзі əлде неше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес,  байымдауды 

да  білдіруі  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  сөз  сөйлем  ретінде  қызмет  атқарады.  Бұл 

айтылғандардың  бəрі  сөз  бен  ұғымның    тепе - тең  емес,  бірақ  ара  байланысты  екендігін 

көрсетеді.  

Ойлаудың  тілімен  тығыз  бірлікте  болатынын  ойлау  формаларының  бірі  байымдаудың 

сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Байымдауға мағыналық жақтан алып қарағанда, 

бірдемені  хабарлау,  құптау,  мақұлдау  немесе  жоққа  шығару  тəн.  Ал  форма  жағынан  алып 

қарағанда, оған субъект  - предикаттың құрылымы тəн. Байымдаудың элементтері: субъект, 

предикат  жəне  байланыс  (связка).  Субъект  байымдаудың  предметі  (предмет  суждения) 

туралы  ой  болып  саналады.  Предикат  байымдаудың  предметі  туралы  не  хабарланса, 

айқындалып  белгиленсе,  соны  білдіретін  ой  болып  саналады.  Ал  байланыс  предикаттың 

мазмұнының  байымдаудың    предметіне  қатысты  екендігін  білдіреді.  Мысалы, «сын  есім 

дегеніміз  заттың  белгісін,  түр-түсін,  сапасын  білдіретін  сөз  табы»  деген  байымдаудың 

субъектісі -  «сын  есім»,  предикаты - «заттың  белгісін,  сапасын,  түр-түсін  білдіретін  сөз 

табы». Предикаттың субъектіге қатысын білдіретін байланыс (связка) «дегеніміз» сөзі.  

Бірақ  сөйлем  байымдау  мен  бірдей  тепе - тең  емес.  Сөйлемнің  құрылымы  тікелей 

байымдаудың құрылымынан келіп шықпайды. Сөйлем мүшелері жай ғана ұғым емес, өзіне 

тəн  мағыналары  бар  сөздер.  Ол  сөздер  логикалың  заңдарының  негізінде  емес,  сол  тілдің  

заңдарының негізінде сөйлем де өз ара бір - бірімен тіркесіп айтылады. Солай етіп, тіл мен 

ойлаудың  арасына  тепе-теңдік  белгісін  қойып  теңестіру  де,  ол  екеуінің  бірлігін  жоққа 

шығарып бірінен - бірін бөліп тастау да  ғылыми негізі жоқ  қате көз-қарастар. 

Тіл білімінде семиотика деп аталған таңбалар жөніндегі ғылым тілдің таңбалық сипаты 

оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда, 

бүтіндей  тілдің  жəне  оның  элеметтерінің  (морфема  мен  сөздің,  сөз  тіркесі  мен  сөйлемнің) 

объективті  болмыстағы  заттар  мен  құбылыстарға  қатыстығы  жəне  олар  мен    жанама  түрде  

байланысу дəрежесі ескеріледі. Тілдің таңбалық сипатына тілдік элементтердің  мағыналарға 

ие болу нəтижесінде белгілі бір информацияны білдіруге бейімділігі кіреді.  

Тіл  білімінде  тілдік  таңбаның  түрлерін    айқындауда    таңбаның  қызметінің    сипаты 

негізге алынады. Осыған орай, тілдік  таңбаның  типтері делініп мыналар есептеледі:  



 

9

а) дифференциялаушы қызметі басым таңбалар - фонемалар (фонемалар потенциальды 



түрде мағынамен  ұштасады).  

ə)  дифференциялаушы    қызметінен  теңдестіруші    қызметі  басым  таңбалар.  Бұлар-

грамматикалық  морфемалар,  тілдік  единициялардың  синтаксистік  байланыстары  мен 

семантикалық байланыстардың моделдері.   

б) əрі дифференциялаушы қызметке,  əрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар. (мұндай  

таңбалар  толық  таңбалар деп те аталады).  Бұлар - сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.  

Тілдің  таңбалық  жүйесін  таңбалардың  басқа  жүйелерімен,  мысалы,  жол  бойының 

белгілерінің  жүйесі  мен  немесе  цифрлардың,  əскери  сигналдардың  жүйесі  мен  бірдей  деп 

есептеуге  болмайды.  Тіл - ойды  білдірудің,  пікір  алысудың,  қатнас  жасаудың  кең 

қолданылатын құралы. Ал басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда əлде қайда 

тар, хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз болады. Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан 

жасалады. Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам  мүшелерінің  еркіне  бағынышты  емес.  

Тіл  белгілі  бір  құрылымы  жəне  қызметі  (функция)  бар,  бір  бүтін  (тұтас)  жүйелі 

құбылыс ретінде өмір сүреді. Құрылым мен жүйе тек тілге ғана емес басқа да құбылыстарға 

тəн болуы мүмкін. Сондықтан да, ең  алдымен, жалпы «жүйе» («система) жəне «құрылым» 

(«структура»)  деген  ұғымдардың  мəн  -мəнісін  айқындап  алу  қажет.  Жалпы  «жүйе», 

«құрылым»  туралы  ұғымдарды  айқындау  тілдің  жүйелі  сипаты  мен  құрылымдық  қасиетін 

танып білуге көмектеседі.  

Бүтіннің  элементтерінің  арасындағы  қатынастардың  схемасы,  əдетте,  құрылым  деп 

аталады. Ал  жүйе, қалайда болсын, белгілі құрылымның болуын  аңғартады. Дегенмен, жүйе  

тек  құрылымнан тұрмайды. Əрбір жүйе оған өте-мөте тəн жəне бір - бірімен байланысты үш 

түрлі,  атрибуттың  (негізгі  белгі) -құрылым  мен  субстанцияның  (түпкі  негіздің,  сущность) 

жəне  қызметтің    (функцияның)  ұштасып  келуінен  жəне  олардың  диалектикалық  бірлігінен 

құралып  өмір  сүреді  жəне  дамиды.  Осы  үш  атрибуттың  ерекшеліктерін  жəне  олардың    ара 

қатынасын есепке алатын жүйелік зерттеу -  қарастырылатын объектіні тұтас күйінде  танып 

білуге мүмкіндік тудырады. Жүйелік тұрғыдан қарау сайып келгенде,  жүйенің қасиеттерін 

оның  (жүйенің)  құрылымы  мен  субстанциясының    жəне  қызметінің  өзара  қатынасын 

айқындау арқылы талдап түсіндіруге келіп тіреледі.   

Жоғарыда  айтылып  өткеніндей,  жүйе  туралы  ұғым  мен  құрылым  туралы  ұғым  өзара 

шарттас,  бір – бірімен  байланысты  ұғымдар болғанмен, бір-бірінен ажыралатын, əр басқа  

ұғымдар  болып  есептеледі.  Бұлардың  əрқайсысының  өзіне  тəн  нақтылы  мазмұны  бар. 

Құрылым  ішкі  элементтердің  қатынастарының  схемасы  дегенді  білдіреді,  осыған  орай,  бұл 

ұғым  (құрылым  ұғымы)  жүйенің  бір  ғана  шағын  жағы,  оның  реляциялық    (қатынастық) 

жағын сипаттайды. Ал жүйенің ұғымы - құрылым  ұғымынан  əрі кең жəне күрделі ұғым.  

Жүйе – рет - ретімен  орналасып  ұйымдасқан  бір  тұтас  құбылыс.  Ол  құрылым    мен  

субстанцияның  қосылуы,  бірігуі  түрінде  өмір  сүреді  жəне  белгілі  бір  қызмет  атқарады. 

Сонымен  жүйе  құрылымға  ие  болатын  жəне  белгілі    бір    мақсатты  орындау  үшін  осы 

құрылымды  субстанция  арқылы  іске  асыратын,  ұйымдасқан    (ретке  келген)  бүтін  

(организованное целое) ретінде қаралады.  

Құрылымдық  қасиет  пен  жүйелік  қасиет  тілге  де  тəн.  Құрылым  мен  жүйе  ұғымдары 

тілге  қатысты  мынадай  мазмұнға  ие  болады:  құрылым  бүтіннің  бойындағы    əр    тектес  

элементтердің  ара қатынасынан  жəне  бірлігінен турады. Ол элементтер мыналар: а) дыбыс 

(фонема), ə) морфема, б) сөз, в) сөйлем. Бұл элементтердің арасындағы айырмашылықтар - 

сапалық  айырмашылықтар.  Демек    аталған  тілдік  элементтер  бір-бірінен  сапасы  жағынан 

ажыратылады. Əрбір элементтің сапасын оның қызметі айқындап белгілейді. 

а)  Дыбыстар  (фонемалар) - «құлаққа  естілетін  жай  ғана  дыбыстар  емес,  тілдің 

материалдық  таңбалары.  Тіл  дыбыстары  (фонемалар)  біріншіден  есту  мүшелері  арқылы 

қабылданады,  екіншіден,  бір  сөзді  екінші  сөзден,  бір  морфеманы    басқа  морфемадан 

ажыратады.  Мысалы, (т-д)  дыбыстары  (тəн-дəн)  деген  сөздерді  бір-бірінен  ажыратса, (н-ң) 


 

10

дыбыстары  (тон-тоң)  деген    сөздерді  бір-бірінен  ажыратады,  (күн-түн,  жүн-жүз,  бас-бес, 



жан-жон т.б.)».  

ə)  Морфема - мағына  мен  дыбыстардың  бірлігінен  тұратығын  ең  кіші  тілдік  элемент 

(единица).  Морфеманың  түбір  (немесе  негізгі)  морфема  деп  аталатын  түрі  (мысалы  орыс 

тіліндегі  красный  деген  сөздің  құрамындағы  красн,  қазақ  тіліндегі  бүгін  деген  сөздің 

құрамындағы бұл морфемасы) заттық (вещественное) мағынаны білдірсе, аффикстік (немесе 

көмекші) морфема деп аталатын түрі  не деривациялық мағынаны  (сөз тудырушы аффикстің 

мағынасы:  мысалы,  жылқышы,  балалық  деген  сөздердің  құрамындағы  шы,  лық 

аффикстерінің  мағынасы)  не  реляциялық  мағынаны  (сөздерді  түрлендіретін  жəне  олардың 

байланысын, жəне олардың бір-біріне қатысын білдіретін аффикстердің мағынасы: ағаштың 

бұтағы  дегендегі  тың, -ы  аффикстерінің  мағыналары)  білдіреді.  Түбір  морфемалардың 

(мысалы,  орыс  тіліндегі)  красн,  қазақ  тіліндегі  бұл  (өлі  түбір)  дегендердің  номинативті 

(атаулық)  қызмет  атқаруы  үшін  оларды  сөзге  айланып    (орыс  тіліндегі  красный,  красота, 

краснеть,  қазақ  тіліндегі  бүлін,  бүлдір,  бүлік  түрінде  қолданылғанда    ғана)  заттардың,  

құбылыстардың, сапаның,  белгінің, іс-əрекеттің т.б. атаулары ретінде қызмет атқара алады. 

б)  сөздер  заттар  мен  құбылыстарды,  сапа  мен  белгіні,  іс-əрекет  пен  қимылды  ж.т.б. 

атайды.  Солардың  атаулары  ретінде  қызмет  атқарады.  Сөздің  бұл  қызметі - номинативті 

(атау болу) қызметі.  

в)  Сөйлем  ойды  білдіреді,  хабарлау  қызметін  атқарады.  Сөз  номинативті  қызмет 

атқарса сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлем коммуникативті қызметті, əдетте, 

сөздің  бір-бірімен  тіркесін  өзара  байланыста  предикативті  қатнаста  жұмсалуы  нəтижесінде 

атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін хабарлаудың негізгі құралы - сөйлемдер 

арқылы іске асырады.  

Тіл құрылымының жеке деңгейлерінің (уровень) немесе, сатыларының (ярус) жүйелері 

бір-бірімен қарым-қатынасында, өз ара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды.  

Тіл  білімінде  тілдің  белгілі  бір  дəуірдегі  қалпында    (синхрония),   тарих  (уақыт) 

бойында өзгеруі мен дамуында  (диахрония) зерттейді. Тілдің белгілі бір дəуірдегі қалпын,  

құрылымын, жүйесін зерттеумен оның (тілдің)  тарих бойында өзгеруі мен дамуын зерттеу, 

əрине бір емес.  

Синхрония  тілдегі  құбылыстарды  белгілі  бір  дəуірдегі  қалпы,  яғни  Ф.де  Соссюрдиң 

терминологиясы  бойынша  «бір  мезгілдің  бірлігіне» («Ось  одновременности»)  қатысы 

тұрғысынан қарастыру дегенді білдірсе, диахрония əртүрлі дəуірде бірінен кейін бірі келетін 

бір  ізділік,  яғни  тілдігі  құбылыстарды  əртүрлі  кездегі  «бір  ізділік  бірлігі» («Ось 

последовательности»)  ретінде қарастыру дегенді білдіреді. Синхрония бойынша бір мезгілде 

қатар  өмір  сүруші  құбылыстардың    арасындағы  қатынастар  қарастырылады  да,  диахрония 

бойынша уақыт, тарихи дəуір бойындағы өзгерістер қарастырылады.   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет