Ќан жїйесі физиологиясы



бет25/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
Өкпедегі газ алмасу. Өкпедегі ауа мен қан арасындағы газ алмасу процесі диффузиялық жолмен газдардың үлес қысымының (ауа қоспасында жеке газ тудыратын қысым) айырмасына байланысты жүреді. Газ үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы төмен жаққа өтеді. Тыныстық ауа құрамында 20,94% - О2, 0,3% - СО2, 79,03 % азот және басқа газдар (аргон, неон, гелий) болады. Деммен шыққан ауада О2 мөлшері – 13,6-14,5%, СО2 - 5-6,6% құрайды. Азот және инертті газдар алмасу процесіне қатыспайды. Олардың мөлшерінің аз ғана өсуі деммен шыққан ауа көлемінің азаюымен – оттегінің көбірек сіңіріліп, көмір қышқыл газдың азырақ бөлінуімен, байланысты. Атмосфералық ауада (тыныстық ауа) оттегінің үлес қысымы с.б.-159 мм, азоттың үлес қысымы -600,8 мм, көмір қышқыл газ қысымы - 0,2 мм тең. Өкпедегі ауада орта есеппен 14,3% О2, 5,6% СО2 болады да, олар тиісінше с.б.102 мм және 40 мм қысым тудырады.

Вена қанында оттегінің үлес қысымы өкпедегі деңгейінен төмен, ал көмір қышқыл газ қысымы - жоғары. Сондықтан да О2 өкпеден қанға, ал СО2- қаннан өкпеге өтеді (2-кесте).


2 кесте - Артерия мен вена қанындағы оттегі мен көмір қышқыл газдың үлес қысымы (Вастл менЛайнер мағлұматтары)


Құс түрі

Оттегі қысымы, с.б. мм


Көмір қышқыл газ қысымы, с.б. мм

Артерия

Вена

Артерия

Вена

Тауық

90

50

34

45

Үйрек

102

37

55

70

Қаз

90

57

44

55

Кептер

105

40

55

70

Құс қанында да оттектік сиымдылық 100 мл қан құрамындағы О2 максимальды мөлшерімен есептеледі. Ескертер жайт, О2 көп мөлшері гемоглобинмен байланысады да, аз ғана бөлігі қан плазмасында ериді (0,3 мл О2 - 100 мл қанда). Тауықта О2 сиымдылығы – 13,5-17 мл, үйректе – 16,9 мл, қазда - 22 мл. Қанның оттектік сиымдылығы мен қандағы оттегі мөлшері анықталса, артерия қанының оттегімен қанығу дәрежесін оңай есептеуге болады. Тауықта бұл көрсеткіш - 88%, үйректе - 98%, қазда -96%, кептерде – 96,5%.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет