Ќан жїйесі физиологиясы


Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері



бет85/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   128
Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Қозғыштық - ет талшықтарының түрлі әсерлердің салдарынан қалыпты кейпінен физиологиялық белсенді күйге көшетін қасиеті. Қаңқа еттерінің қозғыштығы жүйке талшықтарымен салыстырғанда төмен келеді. Оның себебі ет талшықтарында тыныштық потенциалы жүйке талшықтарымен салыстырғанда жоғары (тиісінше - 90 мВ және - 70 мВ). Демек, әрекет потенциалы туындау үшін ет талшықтары жүйкемен салыстырғанда көп деңгейге үйексіздену керек.

Өткізгіштік. Бұлшық етте қозу толқыны дараланып өткізіледі, бір талшықтан қатар жатқан талшыққа берілмейді. Ет талшықтары қозуды тітіркенген жерден қос бағытта өткізеді. Қозудың таралу жылдамдығы бұлшық ет табиғатына қарай өзгеріп отырады. Ақ ет талшықтарында қозу секундына 12–15 м шапшандықпен өткізілсе, қызыл ет талшықтарында 3–4 м жылдамдықпен тарайды.

Созылғыштық - әр түрлі әсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруы. Созылғыштық қасиет ет талшықтарының табиғатына, ет шоғырларының құрылымына байланысты. Мысалы, қызыл ет талшықтары ақ талшықтардан созылғыш келеді. Талшықтары қатарласа (параллель) орналасқан еттер таранды (қауырсын тәрізді) талшықты еттермен салыстырғанда көбірек созылады.

Оралымдық - ет талшықтарының кергіш күш әсеріне ширығумен жауап беретін қасиеті. Сондықтан белгілі бір күш әсерімен қалпы бұзылған бұлшық ет сол күш әсері тиылғаннан соң бастапқы күйіне оралады. Қаңқа етінің ақ талшығы қызыл талшықтардан оралымды келеді.

Икемділік - бұлшық еттің еріксіз, күшпен берілген пішінін сақтау қасиеті. Еттің икемділік қасиеті саркоплазмаға байланысты. Ал, сарколемма мен миофибриллаларға әрі оралымдық, әрі икемділік қасиеттер тән. Бұлшық еттің қызыл талшықтарының икемділігі ақ талшықтармен салыстырғанда жоғары болады.

Тонус - бұлшық ет талшықтарының қуатты аз шығындай отырып, тұрақты табиғи ширығу жағдайында, әлсіз кернеулі күйде болуы. Бұлшық ет әркез тонуста болады. Оны мотонейрондар импульсі қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тонусын қалыптастыруда проприорецепторлар (ұршық тәрізді торшалар) мен орталық жүйке жүйесі де қатысады. Ет тонусы сырттай серпінділік түрінде бейнеленеді. Тонустық қасиет қызыл талшықтарда жақсырақ дамыған.

Бұлшық ет тонусы кеңістікте денені белгілі бір кейіпте ұстауда, қимыл аппаратының қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ет тонусын сақтау үшін онша көп энергия шығындалмайды, зат алмасу процесі айтарлықтай өзгермейді, сондықтан тонус жағдайындағы ет көп қажымайды.

Ет талшықтарының маңызды қасиеттерінің бірі - жиырылғыштық. Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендіргіш әсерімен өзінің ұзындығы мен ширығу (кернеу) деңгейін өзгертетін қасиетін айтады.

Бұлшық ет жиырылуының үш түрі болады: изотониялық, изометриялық және ауксотониялық.



Изотониялық жиырылу (ширықпай жиырылу) кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның ұзындығы қысқарады. Тәжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.

Изометриялық жиырылу (қысқармай жиырылу) жағдайында бұлшық еттің ұзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады. Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.

Табиғи жағдайда таза изотониялық, немесе таза изометриялық жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық еттің екі ұшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні, немесе кереғар еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, әрекет үстінде ет талшығы әрі ширығады, әрі қысқарады.

Бұлшық еттің ширығу деңгейі мен ұзындығын өзгерте жиырылуын ауксотониялық жиырылу деп атайды. Қимыл әрекет үстінде еттер ауксотониялық жиырлу жағдайында болады, бірақ онда, не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ келеді.

Бұлшық еттің жиырылу сипаты тітіркендіргіш күшіне және тітіркендіру жиілігіне байланысты. Мысалы, жиілігі 6–8 Гц-тен аспайтын тікелей (еттің өзін), немесе жанама (жүйкені) тітіркендіруге баяу әрекетті талшықтардан құралған бұлшық ет дара жиырылумен жауап береді. Өйткені тітіркендіру аралығында босанып шыққан кальций иондары қайтадан саркоплазмалық торға еніп үлгереді. Мұндай дара жиырылулар тітіркендірген соң бірден басталмай, жасырын (латенттік) кезең деп аталатын біршама уақыттан кейін басталады. Бақаның балтыр етінде бұл мерзім 0,01 с. Осыдан кейін еттің 0,04 с созылатын жиырылу сатысы және 0,05 с созылатын босаңсу сатысы байқалады. Демек, дара жиырылуды бейнелейтін қисық сызықта үш кезең бейнеленеді: жасырын кезең, жиырылу және босаңсу кезендері. (13-сурет, І).

Бұлшық етке арасы өте жиі (100 мс шамасында) екі тітіркендіргіш тіркес әсер етсе, ет талшықтары толық босаңсып үлгермейді де, алғашқы жиырылуға келесі жиырылу үстемелей жалғасып, қабаттасып кетеді. Оған кальцийлік сораптың саркоплазмалық тордан шыққан кальций иондарын тітіркену арасында кері қайтарып үлгермеуі себеп болады. Осыдан жиырылулар үстемеленеді (суперпозиция) (13-сурет,ІІ).


13- сурет. Бұлшық ет жиырылуының түрлері:

I – дара жиырылу; нұсқама – тітіркендіру сәті, төменгі толқынды сызық - электронды куамертонның секундына 100 рет жиілікпен тебелуін бейнелейтін сызық; а-б – жасырын (латентті) кезең, б - в – жиырылу кезеңі, в – г – босаңсу кезеңі; II – суперпозиция (үстемелену), Нұсқамалар – шамалас жауап тудыратын әсерлер; Н – үстемелене жиырылу; Ш – кертпешті тетанус; IV – тегіс тетанус





Бұлшық етке күші зор ырғақты тітіркендіргішпен әсер етсе, ет ұзақ мерзімге қарыса күшті жиырылады. Жиырылудың бұл түрін қарысу (тетанус) деп атайды. Ол тісті (тітіркендіру жиілігі 20–40 Гц шамасында болса) және жазық (тітіркендіру жиілігі 50 Гц асса) болып бөлінеді (13-сурет, ІІІ, ІV).

Қалыпты әрекет үстінде бұлшық етке мотонейрондардан импульстер жекелеп емес, топтасып келіп отырады. Олардың жиілігі нақтылы жағдайға және әрекет бірлестігінің табиғатына байланысты өзгереді. Орталық жүйке жүйесінен келетін импульстер сирек болса, ет талшықтары дара жиырылу режимінде әрекет етеді, ал ол жиілесе, бұлшық ет тетанус жағдайына көшеді.

Қарыса жиырылу жағдайында бұлшық ет дара жиырылумен салыстырғанда тез қажиды. Осыған байланысты бір бұлшық еттің өзінде әр түрлі әрекет бірлестігімен өтетін импульстер саны өзгеріп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет