Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Глюкоза калыпты жағдайда -3,0-6,3ммоль/л.Қанда қалыпты мөлшері төмендейді(гипогликемия)



бет98/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114
Глюкоза калыпты жағдайда -3,0-6,3ммоль/л.Қанда қалыпты мөлшері төмендейді(гипогликемия):ұзақ уақыт ашығу,созылмалы бауыр аурулары, инсулома.Қанда қалыпты мөлшері жоғарылайды (гипергликемия) : 1және 2 типті қант диабеті.

  • Мочевина калыпты жағдайда -2,5-8,3ммоль/л. Жоғарылауы:жедел және созылмалы бүйрек ауруларында, бүйректің қатерлі және қатерсіз ісіктерінде, краш синдромында.Төмендеуі:бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде, ашығуда, полиурияда.



    Қанның физико-химиялық қасиеттері. (Тұтқырлығы, реакциясы, осмостық және онкотикалық қысым)

    • Қан- қызыл түсті сұйық зат. Ересек адамдарда қан дене салмағының 6-8%, яғни 4-6 л құрайды. Қанның түсі гемоглобиннің газбен әрекеттесуіне байланысты. Мысалы, артерия қанының ашық қызыл болуы, гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуіне байланысты, ал вена қанының күнгірт түсті болуы , гемоглобиннің көмірқышқыл газына байланысты.

    • Қанның тұтқырлығы.Қанның келесі физикалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы әсіресе, ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына, не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады.

    • Қанның реакциясы. Қан реакциясы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН) иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші (рН) өте тұрақты гомеостаздың көрсеткіштерінің бірі.Мұның үлкен мәні бар: реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік үрдістер дұрыс бағытта өтеді. Қанның химиялық ортасы рН=7,36-7,42 әлсіз сілтілі, вена мен артерия қанында бірдей емес. Вена қанында көмір қышқылы көбірек, сондықтан, оның реакциясы (рН) 7,35-7,36; артерия қанында 7,4-7,42 яғни сілтілеу келеді. Егерде қанның реакциясы қышқылдыққа ауысса ацидоз, ал сілтілі ортаға ауысса алколоз дамиды. рН ортасы 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе адам өледі.

    • Қанның осмостық қысымы.Қанның маңызды қасиеттерінің бірі-осмостық қысым. Ересек адамның осмостық қысымы 7,6 атм-ға тең. Осындай осмостық қысымы бар ерітіндіні изотониялық ерітінді деп атайды. Изотониялық ерітінді бұл қан мен тең тұз ерітіндісі, 0,85-0,9%NaCL ерітіндіге тең. Тұз аз ерітіндіні гипотониялық ерітінді деп атайды. Егерде бұндай сұйықтықты қанға жіберсе осмостық қысым төмендеп эритроцитке жан жақтан(тіндерден) су келе бастайды, эритроцит ісіне бастайды да жарылады(гемолиз). Ал тұзы көп ерітіндіні гипертонялық ерітінді деп атайды. Егерде қанға гипертониялық ерітінді жіберсе эритроцит ішіндегі су плазмаға шығып, эритроцит бүрісіп қалады.Қанның осмостық қысымының тұрақты болуы қан құрамындағы формалық элементтердің қалыпты тіршілік етуі үшін қажаетті.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет