Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі



Дата16.05.2023
өлшемі14,52 Kb.
#93764

Көктем

Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз мейрамында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды.
Көктемде жер беті кілемдей жайнап, әсем қызғалдақтар шешек атады, ағаштар жасыл жапыраққа бөленеді, жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар да қайтып келе бастайды. Көл сәні - сұлу аққу, қаз бен үйрек көлді, даланы думанға айналдырады. Қарлығаш, қараторғай, бозторғай, т. б. құстар ағашқа қонып, әндетіп жүріп, ұя салады.
Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны. Жұрт егіске шығады, жер жыртады, егін егеді, демалады. Балық аулайды, гүл тереді. Көктем - өте көңілді мезгіл.

Тапсырмалар:
Баста сөзін жекеше, көпше жікте.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет