Андатпа Зерттеудің өзектілігі:Сіздерге ұсынған жұмысым, менің ерекше қасиетім туралы болмақ... Сіздер қалай ойлайсыздар? Ол қандай қасиет болуы мүмкін? Ол-солақайлығым, бірақ мен оң қолыммен де, сол қолыммен де жұмыс істей аламын.
Статистикалық мәліметке жүгіне отырып, анықтағаным, әлем бойынша 20 пайыз солақайлар бар. Адамдардың солақай және оң қолды болып екіге бөлінуінің себептері мені не үшін қызықтырды? Көптеген адамдар мектептегі проблемаларды негізінен солақай оқушылар жасайды деп ойлайды. Қазіргі кезде бұл тақырыпты зерттеудің маңыздылығы солақай оқушылардың көбеюіне тікелей байланысты.
Зерттеудің мақсаты: Бұл қасиет менің мінезім мен қабілетімде қалай көрінетінін анықтау, сонымен қатар, оң қолдар арасындағы айырмашылықтардың табиғатын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері: Тарихи фактілерді қарастыру және солақайлықтың шығу табиғатын зерттеу
1. Оң қолды болу тек жаттығудың нәтижесінде болуы мүмкіндігін анықтау. Осы гипотезаны анықтау үшін эксперимент жүргізу.
2. Физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу, жетекші қолды таңдауға не әсер ететінін анықтау.
3. Сыныптастар арасында солақайларды анықтау үшін зерттеу жүргізу.
4. Сыныптағы жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізу.
5. Қосымшаларды жинау; атақты және данышпан солақай адамдардың тізімін жасау.
Зерттеу пәні:Биология-Психология-Медицина
Зерттеу объектісі: Мен, менің туыстарым менсыныптастарым.
Зерттеу әдістері:
Бақылау
Талдау
Статистикалық мәліметтер жинақтары
Қорытынды деректер
Менің болжамдарым: Солақайлықтың себептерінің ғылымда дәлелденуі.
Оң қолдылық - жаттығу мен дәстүрдің жемісі.
Адамның жетекші қолын оның миы анықтайды. Солақайлық дамыған сол жақпен, ал оң қолмен мидың оң жақ жарты шарымен байланысты.
Сыныптастарымның арасында жасырын солақайлар болуы мүмкін.
Солақайлық оқу үлгеріміне әсер етеді.
Солақай балаға оң қолдылар арасында өмір сүру қиын.