Анестезиология
Наркоз, наркотикалық заттарға қойылатын талаптар
Жансыздандыру – хирургиялық оталар кезінде ауырсынуды басу мақсатымен жасалатын іс-шаралар кешені.Жансыздандыру кезінде ауырсынуды жоюмен қатар,ағзаның ота және отадан кейінгі ерте кезеңіндегі негізгі қызметтері реттеледі.
Көрсеткіштерге байланысты шұғыл іс-шаралар жергілікті немесе жалпы анестезия-наркоздың астында жасалады.
Малдарда болатын ауырсыну сезімдері ағзада өзгерістер туыдрады:тамыр тонусы көбейеді,тыныс алу жиілейді,асқазан-ішек жолы бездерінің секрециясы тежеледі,зат алмасу барлық түрі катаболизмге қарай күшейеді,ацидоз дамиды. Ағзадағы өзгерістердің айқын білінуі жарақат алғаннан есеңгіреп қалу(шок) болып табылады.Бұнымен қоса малдардың өнімділігі де төмендейді.
Ұйықтату (Наркоз) (narkosis) – тілі байлану,сілейіп қалу – бұл наркотикалық жағдайды қолданғаннан кейін,малдың орталық жүйке жүйісі қызметін қиындатуымен сипатталатын терең,бірақ қайтымды жағдай.Бұл кезде мал сезімталдығын жоғалтады,қаңқа бұлшықеттері босаңсиды және рефлекстер қызметі ауырлайды,бірақ тыныс алу,тамыр қозғалтқыш және бірыңғай салалы бұлшықеттердің орталықтары сақталады.
Наркотикалық заттарға белгілі талаптар қойылады,олар:
- ұйқыны шақыратын мөлшер өмірлік маңызы бар орталықтарды сал қылатын мөлшерден алыс тұруы қажет;
- әлсіз байытылған заттарды қолдануға мүмкіндік беретін жеткілікті әсер ету күші ;
- әсердің тездігі;қозу сатысының болмауы;
-тыныс алу мен қан айналым жүйелеріне,зат алмасуға және паренхиматозды мүшелерге зиянды әсердің болмауы; - ұлпаларға тітіркенгіш әсердің болмауы; -қолдануға жеңілдігі және наркоздан тез оянуы; - үнемшілдігі, сақтауға төзімділігі. Қазіргі кезде барлық талаптарға сай келетін наркотикалық заттар жоқ .
Наркоздың жіктелуі. Наркоз терең немесе беткейлі болады. Егу түріне қарай –ингаляционды және ингаляционды емес деп ажыратады.
Ингаляционды –наркоздың бұл түрінде малдарға ұшпа ерітінділерді (хлороформ, эфир) не болмаса газ тәрізді заттарды(азоттың шала тотығы) үрлейді немесе иіскеуге береді. Ингаляционды емес – наркотикалық заттарды мал ағзасына тыныс жолдарын тигізбей енгізеді.Бұл спирттер мен альдегидтер- хлоралгидрат, этил алкоголі, барбитураттар – натрий пентоталы т.б..
Ингаляционды емес наркоз кезінде тамырішілік, оральды, ректальды, интероперитониальды сүйекішілік, т.б. енгізулер жасайды.
Наркоз біркомпонентті (бір ғана затты қолдану) хлороформды, эфирлі, хлоралгидратты және т.б. және аралас болуы мүмкін (бір немесе бірнеше заттарды қолдану) мысалы: ингаляционды хлороформ – эфирлі наркоз.
Наркотикалық затты бірінен соң бір әр түрлі жолдармен енгізсе бұл наркоз қоспалы (пентал-эфирлі)деп аталады.
Ота аймағында жергілікті анестезиялық заттарды инъекциялаумен жалғасатын, малды керек жағдайға бекітуге мүмкіндік беретін терең емес наркозды қолдану, үйлескен наркоз немесе құрамдастырылған жансыздандыру деп аталады(мысалы:хлоргидратты тамырішілік,оральды немесе ректальды,ал новокаинді жергілікті).
Премедикация туралы түсінік.
Малдарды наркоз алдында дайындау. Наркоз жасамас бұрын малды 18-24 сағ аш диетада ұстау қажет. Наркоздың маңызды жерінің бірі –малды наркоз алдыңдағы фармакологиялық дайындау-премидикация болып табылады. Премедикация мүмкіншіліктері:
Наркоздың механикалық өтуін жеңілдету;
Наркотиктың зиянды әсерін жою;
3)Қауіпті вегетативті рефлекстерді жою немесе азайту; Премидикация заттарының топтары.
Седативті премедикаци заттары: нейролептиктер (транквилизаторлар: лат. Trangvillare тыныштандыру) –фенотиазин тобының препараттары – аминазин, комбелен, рампун, рометар және т.б.Олар мидың бағандық бөлігіне әсер ете отырып, оған тән емес сезімталдық импульстерін шектейді. Бұлшықет ішіне енгізіледі.
Ваголитикалық заттар: атропин-сульфат. Ол ларинго – және бронхоспазмды төмендетеді, тыныс алуды қоздырады, жүрек жұмысын күшейтеді, коллапс пен шоктың алдын алады.
Анальгетикалық заттар: морфин және оның орнын басушылар промедол және т.б. – олар есін бұзбай ,ауыруды басады.
Ұйқтататын заттар:ингаляционды наркоздың алдында барбитураттарды қолданады. (сирек).
Миорелаксанттар: бұл заттар адинамияны тудырады, сондықтан эти вещества вызывают адинамию, поэтому используют при повале животных, при наркозе с управляемым дыханием, т.к. большинство из них угнетают дыхание, например: группа кураре.
Антигистаминді заттар. Жарақаттану немесе ота жасау процесінде қанға түскен кезде ағзада бірқатар бұзылуларға(ішектің,бронхтың,жатырдың, қуықтың құрысуы, қан қысымының түсуі және т.б) әкелетін гистамин босап шығады,бұл ота кезінде наркоздың өтуін қиындатады. Қолданылатын антигистаминді заттарға димедрол жатады. Ол Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің құрысуын жойып,қан қысымын реттейді,ісіну мен шок әсері дамуының алдын алады. Наркоз сатылары
Әр сатының өз ерекшелігі бар және ол бас пен жұлынның белгілі құрылымдарының тежелуін тудырумен шартталған.
Бірінші анальгетикалық сатыға сырттай білінетін естімеу жағдайы тән.Жануар есінен танған күйде болады,мазасыздық танытады.Тыныс алуы терең және жиі,тамыр соғысы жиілеген,көз алмасының қозғалысы қалыпты емес. Бұлшықет тонусы қалыпты немесе аздап көтерілген.Рефлекстер сақталған. Ауруды сезіну жанасулық және температуралық рецепциялар бұзылмағанда, көмескіленеді немесе жойылады.
Анальгезия ретикулярлы формацияның бағандық бөлігінде және көзге көрінетін төмпешіктерде ауру сезімталдығы орталықтарының сөнуінен пайда болады, ол кезде ми қабатының биоэлектірлік белсенділігі жоғарылайды.
Ерітіндінің ішке әрі қарай енуінен оның әсері жоғарылап, екінші кезең- қозу күші басталады. Ол қаңқа бұлшық ет тонусының жоғарылауымен, ұшарының әртүрлі жиырылуымен, тұрғысы келуімен немесе бөлмеде үйлесімсіз жүрумен сипатталады. Тыныс алу мен тамыр соғысы бірқалыпт ыемес. Қан қысымы жоғарылаған. Көз алмасының тентіреуі байқалады.Көз қарашығы үлкейген. Сілекей, көз жасы, бронхиалды, тері бездерінің секрециясы күшейеді. Жиі жұту болады. Осының бәрінен анальгезияның асқынуы байқалады. Несептің шығуы,құсу,тыныс алудың рефлекторлық тоқтауы,жүрек қарыншаларының фибрилляциясы,тіпті өлім де болуы мүмкін.
Наркоздың күшею әсеріне байланысты үшінші кезең-хирургиялық наркоз басталады. Бұл кезеңді 4 сатыға бөледі:
Беткейлік наркоз. Ауыру және жанасулық сезімталдық түгел жойылады. Жиі жұту тоқтайды.Қасаң қабық рефлексі жойылады (қасаң қабықтың шашпен қабысу). Көз алмалары өзіне тән емес жағдайда шеттеледі, көз қарашықтары кішірейеді. Тыныс алу терең,жиі, дауыс желбезектері әлсірегендіктен қорылдаған болып келеді. Қан қысымы бір қалыпқа келіп, тамыр соғысы жиілейді.. Анальды сфинктердің рефлекстері сақталған, сондай-ақ көкшандыр мен шажырқайдың висцеро-висцеральды рефлекстері сақталған.
Жеңіл наркоз. Көз алмалары орта жағдайда орналасады. Көз қарашықтары кішірейіп,жарыққа әлсіз әсер етеді. Қаңқа бұлшық еттері босаңсыған,бірақ өте қатты емес.Көкшандырдды созуда рефлекстер жоқ.Тыныс алу мен тамыр соғысы жиілі.Үстіртін операция дасауға болады.
Толық наркоз. Тыныс алу қалыпты, беткей, СО2 дем алғанда жиілейді. Тамыр соғысы ырғақты, бірақ оны толуы төмендейді,қан қысымы төмендеген. Рефлекстер беткейлерден немесе дене қуыстарынан байқалмайды,бірақ аорталы және синокаротидті аймақтардан сақталады. Былайша тыныс алу мен қан айналу орталықтарын қамтамасыз етеді. Қуық пен тік ішектің әлсіз рефлекстерін тудыруға болады. Көз қарашықтары үлкейе бастайды. Қаңқа бұлшық еттері босаңсыған, егер тілі бекітілмесе,оны артқа қарай салбырауы мүмкін,содан асфиксия пайда болуы мүмкін.
Өте терең наркоз – жағдайы өмір мен өлім арасында жасалынады.Тыныс алуы беткейлі, көкет арқылы болады. Тамыр соғысы әлсіз,толмаған,қан қысымы төмен. Шырышты қабықтардың цианозы. Көз алмаларының жылжуы байқалмайды және олар қаыпты жағдайда орналасады, қасаң қабық құрғақ,көз қарашығы үлкейген.
Қазіргі кезде ветеринарияда жансыздандырудың ерекше түрін қолдана бастады-наркотикссыз наркоз-оны нейролептоанестезия деп атайды, бұл кезде екі зат қолданылады:фентанил (күшті анельгетик) және дроперидол (нейролептик), оларды бұлшық ет ішіне енгізеді. Жансыздандыру 10 мин кейін басталады. Малдар ауыртатын оталарды тыныш қабылдайды. Тәжірибеге күшті анестезиялық әсері бар ромпунды енгізу нейролептоанельгезияның жүріп жатқанын ойлауға негіз болды.
Жануар түріне байланысты наркоз.
Жылқыларға наркоз жасау. Хлоралгидратты наркоз – көп таралған түр, бұл кезде хлоргидратты оральды 9-12 г., ректальды 8-10 г-нан ,алдын ала аш диетада 10-12 сағ ұсталған малдың 100 кг массасына енгізеді. Мұрын-асқорыту жолы арқылы ерітіндіні 2-3 литр тәтті су,ал ректальды кезде- 3 литр жылы шырышты қайнатпа түрінде енгізеді. Дене температурасына дейін қыздырылған
10%-тік ерітіндіні тамырішілік енгізеді. Егуді ұйықтау белгілері пайда болғанша асықпай жасайды. Наркозды тереңдету үшін 20-30 мин бұрын 2,5%-тік аминазин ертіндісінен тұратын литий қоспасын -10,0,; 2%-тік промедол ерт. – 5,0; 1%-тік димедрол – 5,0 енгіземіз. Бұл қоспаны 0,5%-тік новокаи ертіндісінің бірдей мөлшерімен араластырады.
Үйлескен хлоралгидратты наркоз. Хлоргидратты кез келген 1/3 мөлшерге азайтылған 3 тәсілдің біреуімен енгізгеннен кейінота аймағын жергілікті инфильтрационды өткізгіштік жансыздандыруды жасайды.
Хлороформды наркоз. Малдарды бір тәулік бойы аш диетада ұстайды. Міндетті түрде тері астына 0,02-0,08г атропин сульфатымен премедикация жасайды,одан кейін литий қоспасын немесе комбеленді енгізеді. Тамыр ішіне азайтылған мөлшерде 2 г, оральды жолмен – 2,5 г,немесе ректальды жолмен- 4 г хлоралгидратты 50 кг массаға енгізеді. Хлоралгидрат әсері басталғаннан 15-20 мин өткен соң ,малды жатқан күйде бекітеді. Мұрын тесіктерін вазелинмен шайып,наркозды жасауға кіріседі. Наркоз маскасын немесе екіге бүктелген (түкті)махровый орамал қолданады. Орамал хлороформға мықты жылқы үшін 40мл, әлсіз жылқы үшін 30 мл, құлындарға 10-20мл көлемінде сіңірілген болу керек. 1-2 мин кейін қозу сатысы басталады. Бұл уақытта малды жақсылап бекіту керек. 5-10 мин соң наркоз басталады. Ояну кезінде маскаға 10-30 мл хлороформ қосады,бұл наркоз уақытын 5-8 мин ұзартады. Жеңіл тыныс алғанда тамыр ішіне 10-50 мл мөлшерде кардиозол енгізеді.
Ірі қара малға наркоз жасау . Наркозға дейін 25-40 мин бұрын 2,5%-тік аминазинмен(0,5-0,7 мг/кг) премедикация жасайды. С.И.Братюха ең алдымен тері астына 0,1%-тік метациннің ерітіндісін(атропиннің синтетикалық алмастырушысы) 2-4 мл көлемінде енгізуге кеңес береді,ал 10 мин соң тамыр ішіне аминазиннің литий қоспасын 1 мг/кг және димедролдың 0,8 мл/кг енгізеді. 1-2 мл/50 кг санау арқылы комбеленді қолдануға болады. Премедикация наркозды неғұрлым қолайлы және қауіпсіз жағдайда жасауға мүмкіндік береді.
Алкогольді наркоз.Малға ауыз арқылы резеңке бөтелкеден
Араластырылған этил спиртін (40%) немесе арақты 100 кг мал массасына 250300мл мөлшерінде құяды. Наркоз 30% спирт-ретификатты малдың массасына 0,5 мл/кг мөлшерінде тамырішілік енгізгенде тезірек жүреді.
Хлоралгидратты наркоз. Премедикациядан кейін хлоргидраттың 10%-тік ерітіндісін тамырішілік 0,5 г/кг массасына есптеп енгізеді.
В.И.Клочков бойынша атропин-хлоралгидратты наркоз . Теріастына атропин сульфатының 1%-тік ерітіндісін 5-10 мл көлемінде малдың массасы мен жасына қарай енгізеді. 5 мин соң тамыр ішіне, натрий хлоридінің физиологиялық ертіндісінде 1мл/кг мөлшерінде мал массасына дайындалған, хлоргидраттың жылы15%-тік ерітіндісін енгізеді.
Ұсақ мүйізді малдардың наркозы. Малдарға премедикацияны аминазинмен 2,5 мг/кг ( Т.А. Дмитриева б-ша) мөлшерінде немесе комбеленмен 1 мл/10 кг мөлшерінде жасаған дұрыс.
Тиопентал-натрий наркозы. Премедикациядан соң 5%-тік барбитураттың ерітіндісін теріастына – 10-15 мг/кг таз затты енгізеді. Алдымен дозаның төрттен бір бөлігін енгізеді,одан кейін мал ұйықтағанда қалған бөлігін егеді. Наркоз 20 мин созылады.
Алкогольді тұншықтыру. Ауыз арқылы 40%-тік спирт-ректификат немесе арақ 1-1,5 мл мөлшерінде малдың 1 кг массасына немесе тамырішілік – 25-30%тік спиртті 0,5 мл/кг мөлшерде құяды.
Анальгезинді наркоз ( Г.Д.Кулиев б-ша). Премедикациядан соң әр жерден тері астына стерильді анальгезинді қоспаны егеді.,ол 2 мл/кг мал массасына 1:3 қатынасында эфир мен зәйтүн майынан тұрады. Егуден кейін 10-25 мин өткен соң қойлар жатқызылған күйге ауысады, рефлекстер жойылады( қасаң қабақтан басқа). Бұл жағдай 45-90 мин жалғасады.
Гедоналды наркоз. Тамырішілік гедоналдың(натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісіндегі) 0,75% ерітіндісін 0,2 г есебінде 1 кг мал массасына енгізеді. Алдымен 450-500 мл ерітіндіні енгізеді,кейін 15-30 минут сайын 30-50 мл –ден енгізеді.
Шошқаларға наркоз жасау.Кез-келген наркозды қолдануға кедергі болатын шошқалардың қатты қозғыштығына байланысты, малды тыныштандыратын және наркозды потенциялайтын премедикацияны қолданады. Премедикация үшін аминазинді – 1,5 мг/кг, комбеленді – 0,2 мг/кг және стреснилді – 1 мл/20 кг мөлшерінде қолданады. Хлоралгидратты наркоз (С.Г.Исаев б-ша). Құлақтың үлкен көктамырына глюкозаның 15% -тік ерітіндісі негізіндегі 15%-тік хлоралгидраттың ерітіндісін мал массасының 1 мл/кг мөлшерінде енгізеді (енгізу жылдамдығы20 мл/мин).
Хлоралгидратты наркозда (Миделькооп бойынша) 3%-тік
Концентрациясындағы 0,3 г/кг хлоралгидратты интроперитониальды енгізеді. 6 айға дейінгі шошқаларда егу орны- кіндік пен құрсақ арасындағы жанасу жері,ақ жолақтың шетінде саусақ ені бойынша,ал ересек шошқаларға- аш бұүйір ортасынан өтетін сербек-шынтақтың сегментальді бетпен түйіскен жерінде болады.
Пентотал (тиопентал) – натрийлі наркоз. Құлақтың үлкен тамырына енгізетін жаңа дайындалған препараттың 5%-тік (15 мг/кг) ерітіндісін қолданады.
Ішкіпериотеналды наркоз ( Волков бойынша). 2%-тіе пентотал ерітіндісін раствор 2 мл/кг мөлшерінде аш бүйір ортасынан сол немесе оң жағынан егеді.
Ингаляционды наркоз. Алдын ала жасалған премедикация болса жеңіл өткізіледі. Эфир, хлороформ немесе АСЕ (алкогольдің 1 бөлігі, хлороформның 2 бөлігі және эфирдің 3 бөлігі )қоспасының ингаляциясын наркозды немесе қолдан жасалған масқа арқылы жасайды. Соңғысы дәкеден жасалған бір жағының ұзындығы 35-40 см болатын теңбүйірлі үшбұрыш түрінде болады. Осы ұбұрыштың бір жағын ауызға салады. Үш шетін мұрын арқасында байлап, 10-15 мл ингаляционды наркотикке батырылған мақта түйінін шошқаның тұмсығымен дәке арасына орналастырады. Наркоз тереңдігін тамшылы жолмен беру арқылы реттейді.
Түйелерге наркоз жасау . Негізінен мойындырық көктамырға малдың 100 кг массасына есептеп ,67-73 мл мөлшерде 0,1-0,11 г/кг-ға сәйкес келетін 15%тік жылы ерітінді енгізу арқылы хлоралгидратты наркоз жасалынады.
Иттерге наркоз жасау. Премедикация жалпы тыныштандыру мен кейбір рефлекстерді басу үшін қолданылады. Бұл мақсатта аминазинді (орта есеппен 2,5 мг/кг); комбеленді (0,3-0,5 мл/10 кг) тамырішілк немесе бұлшық ет ішіне енгізеді, литий қоспасы, атропинді тері астына немесе бұлшық ет ішіне 0,5-5 мг мөлшерінде наркоз алдында 15-20 мин бұрын енгізгенде жақсы әсер береді. Тұз қышқылды морфиннің 0,1 г,сульфат атропинінің 0,001г,дестильденген судың 10г қоспасы кең қолданылады.Оны терісастына мына мөлшерде енгізеді:ұсақ малдарға 1-2 мл,орташа малдарға 3-4 мл,ірі малдарға 6-8 мл .
Ингаляционды наркоз. Премедикациядан соң малды ота жасайтын үстелде бекітеді және эфирмен,хлороформмен және АСЕ қоспасы бар ингаляцияны қолданады. (13 сурет).
13 Сурет – Итке ингаляциялық наркоз жасау.
Хлоралгидратты наркоз. Премедикациядан кейін 15-20 минут өткен соң бүрку арқылы тік ішекке дене температурасына дейін жылытылған ,зығыр дәнінін қайнатпасында немесе жалбызтікен тамырының тұнбасында дайындалған,10%-тік хлоргидрат ертіндісін құяды. Ертінді мөлшері 10 мл/кг.
Мысықтарға наркоз жасау.Бұлшықетішіне немесе тері астына 0,1мл/кг көлемінде комбеленді немесе 0,2мл/кг мөлшерінде аиназинді енгізеді.Бір уақытта 0,05-0,1мг/кг көлеміндегі атропинді енгізеді.15-20 минуттан соң мал тынышталады.
Эфирлі наркоз. Премедикациядан соң малды шыны қақпақтың астына немесе арнайы мөлдір қабырғасы бар камераға орналастырады,сол жерге 20-30 мл эфирге батырылған тампонды салады. Наркоз 5 минуттан соң басталады. Малды камерадан шығарып(қақпақ),керек күйде бекітіп,наркозды маска арқылы жасауды жалғастырады.
Пентотал (тиопентал) – натрийлі наркоз. Премедикациядан соң өткізіледі.Интраперитониальды енгізу кезінде 50-60 мг/кг мөлшеріндегі 10% жылы ертіндіні құрсақ аймағына қарынның ақ сызығының бүйір жағынан егеді,малды басын төмен қаратып бекітеді.
Тамырішілік енгізген кезде 25-50мг/кг мөлшеріндегі 5%-тік ертіндіні қолданады.Алдымен ертіндінің бір бөлігін,ал кейін мал тынышталып,наркоз басталғанда қалған бөлігін ақырындап енгізеді.Терең наркоз 30 минутқа созылады және ұйықтау уақыты 3 сағатқа дейін жетеді.
Қояндардың наркозы. Малды ота жасайтын үстелде арқаға жатқызып,бекітеді.Мұрын аймағына наркозға арналаған эфир тамшыларын жағатын наркоз маскасын кигізеді.
Құстардың наркозы. Үй құсын бүйір жағымен бекітеді.Тұмсық қасына эфирге батырылған мақтаны қояды.
Электроанальгезия (ЭА) – бұл малдың элктродтарды(самай-самай,құлаққұлақ) битемпоральды немесе биаурикулярлы салу кезінде орталық жүйке жүйесіне элетр тогының белгілі бір параметрлері(жиілігі 100Гц болатын импульсті тікбұрышты ток,импульс ұзақтығы 0,5-2 м/с және күші 40-100 мА) әсер етіп,ауру қоздырғышына реакцияның болмауымен сипатталатын жалпы қозғалыссыз жағдайы. ЭА алу үшін ГИ-1 (Начатов Н.Я., Комаров В.В.) жабдығы қолданылады (14 сурет).
14 Сурет – Электронаркозға арналған ГИ-1 жабдығы.
Электроанальгезияның қимылсыздандыру немесе жансыздандырудың фармакологиялық әдістерінен айырмашылығы тез әсер етушілігі, токсикалық әсердің жоқтығы және қолдануға жеңілдігі. ЭА мал ағзасының өзіне тән емес резистенттілігінің жоғарлауымен сипатталатын қозғалыссыздандыру мен жансыздандыруды үйлестіреді. Ол әдістемені қолдану кезінде жануарларды емдеу ұзақтығын қысқартуға, дәрілер мен байлау материалдарын үнемдеуге,малдардың өнімділігінжоғарылатуға мүмкіндік береді.
ЭА әдістемесі.ЭА үшін пластинкалы қорғасынды,сондай-ақ инелі электродтарды қолдануға болады.. Пластинкалы электродтарды қырқылған және майсызданған теріге салады.Созылмалы ота жасау кезінде электродтың астына натрий хлоридінің 0,5-1%-тік ертіндісіне батырылған дәкелі сүлгілерді салады.Инелі электродтарды теріастына енгізеді(битемпоральды). Тоқты күшін жұмыс параметрлеріне дейін жоғаралта отырып, ақырындап жіберуге болады.Бұл кезде қысқа мерзімді қозу кезеңі(30-40 с) байқалады,содан кейін жануар жалпы анальгезия жағдайына түседі.
Жұмыс параметрлерінен 1,5-2 есе асатын токты малға тыныс алу тоқтағанға дейін бірден жіберуге болады,ал 10-15 секунд кейін ток күшін жұмыс параметрлеріне дейін және тыныс алу қалыпқа келгенге дейін төмендетуге болады.Бұл кезде токты (соққымен)жібергенде бұлшық еттердің жиырылуы байқалады,одан кейін олардың толық босаңсуы және жалпы анальгезия басталады.
Жергілікті жансыздандыру – жергілікті анестезиялайтын заттар арқылы ота жасалатын аймақтың уақытша сезімталдығын жою (15-21 сурет).
Жергілікті анестезиялаушы заттар перифериялық жүйке жүйесінің өткізгіштігін өзгертеді, бұл кезде ауырсынуды сезіну(анальгезия), сондай-ақ ырғақтылық, температуралық және басқа да сезімталдық түрлері(анестезия) жоғалады. Жергілікті анестезиялаушы заттарға новокаинді, тримекаинді, кокаинді, совкаинді, дикаинді, лидокаинді және т.б. жатқызады. Қолдану орны мен әдісіне байланысты жергілікті жансыздандыруды былайша бөледі:
Беттік анестезия – көздің,шырышты қабаттың,синовиальды қабаттың конъюнктивтерін жансыздандыру үшін қолданады.
Көз конъюнктивін жансыздандыру үшін пипеткамен 2-5% кокаин ертіндісінің немесе 5-10%-тік новокаиннің бірнеше тамшысын тамызады.
Жансыздандару ұзақтығы 20 минут.
Ауыз, мұрын қуысының,сондай-ақ жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарын жансыздандыру үшін жоғарыдағы ертінділерді тампондардың көмегімен қолданады.
Буындардың синовиальды қабықтарын, қынап сіңірлерін және бурстарды жансыздандыруды новокаиннің 4-6%-тік ертіндісімен жүзеге асырады. Ол үшін алдымен қабықтың қабырғасын инемен тесіп,синовиальды сұйықтығын сорып алады да қуыстың көлеміне қарай 5-70 мл ертіндіні енгізеді.
Терінің беті су ертінділерін сіңірмейді,сондықтан оны тез буланатын сұйықтықпен жансыздандырады.Ол үшін арнайы ампулада шығарылатын хлорэтил қолданылады. Ампуланы алақанға алып,қылтамырдың ұшын бөліп алады және ашылған саңылауды, жүні алынған, терінің қажетті жеріне бағыттайды.Ампуладан теріге дейінгі қашықтық 50 см болуы қажет. Сұйықтықтың тез булануы нәтижесінде тері температурасы күрт төмендейді,беткі жағы алдымен қызарып,кейін бозарып,1-2 минутқа сезімталдығы жоғалады.Ұсақ жануарларға қолданады,ірі малдарда –желінге және т.б. манипуляция жасау кезінде қолданады.
Инфильтрационды анестезия. Новокаиннің 0,25-0,5% кейде 1% ерітіндісін қолданады.Новокаин ертіндісін,кейде ертіндіні қолданады.Инені терінің терең қабатына беткі жағына параллельді енгізеді және сәл ісіну пайда болғанға дейін 2-3 мл ертіндіні себеді;инені әрі қарай енгізіп,қажетті ұзындықтағы инфильтрационды валик түзілгенге дейін егуді жалғастырады,ине ұшын тері астына орналастырып,ертіндіні қайтадан егеді-сызықтық инфильтрационды анестезия.
Циркулярлы инфильтрационды анестезия. Ауқымды жерлерде қолданады. Ертіндіні бір біріне қарма-қарсы нүктелерден енгізеді.Бұл нүктелерден бұрыш бойымен маталарды сіңіреді, зақымдалу аймағын қоршап тұратын инъекция бағытын ромб түрінде жасайды.
15 Сурет – Инфильтрационды валик
16 Сурет - Ұлпалардың екі нүктеден сызықтық инфильтрациясы
Бөгде заттарды жою,көлемді зақымдарды өңдеу және т.б. кезінде аяқтарына циркулярлы анестезия жасайды.Ол үшін зақымдану орнынан бірнеше нүктеге жоғары жерде теріасты жасұнықты тереңдетіп, инфильтрациялайды және сүйек қыбығына дейін сіңіреді –бұл-көлденең кесіндінің анестезиясы.
17 Сурет - Циркулярлы инфильтрационды анестезия
Инфильтрационды анестезияны сондай-ақ сынықтарды орнына қою кезде сынған жерге 30% спирт ертіндісіндегі 2%-тік новокаинді ұасқ малдарға 10 мл ,ірі қараға 20-50 мл көлемінде енгізеді. Малды сынықты орнына қойғаннан кейін немесе иммобилизациялайтын таңғышты салғаннан кейін бірден орнынан тұрғызбай,новокаиннің әсері тарқалғанша 1,5 сағат көлемінде күту қажет, әйтпесе ,мал зақымдалған жер сезімтал болмағандықтан, соған сүйеніп жасалған орнына салуды бұзуы мүмкін.
18 Сурет – Аяқтардағы циркулярлы инфильтрационды анестезия.
Өткізгіш (аймақтық) анестезия. Новокаин ертіндісін,соған сәйкес аймақты жүйкелендіретін, бір немесе бірнеше жүйкелердің жанында енгізеді. Осылайша дененің ауқымды аймағының сезімталдығы уақытша тоқтайды. Бұны жеңілдетуге арналған бағдарлар бар: сүйектің шығып тұруы, бұлшықеттердің, сіңірлердің пішіні және олардың арасындағы ойықтар.
Өткізгіш анестезияның әдістерін егу орнының анатомиялық орналасуына байланысты ажыратады. Омыртқааралық саңылауларда жүйкелердің шоғырлануын паравертебральды анестезия деп атайды.Құйымшақтың вентральды саңылауларында жүйкелердің шоғырлануын – парасакральды анестезия деп атайды. Бел омыртқаларының көлденең-қабырға өсінділерінде орналасқан оқшауларды-паралюмбальды анестезия деп атайды.
19 Сурет – Жұлын қабықтары мен саңылауларының сызбасы: а-эпидуральды және d – субарахноидальды кеңістіктера; b- қатты және с- тор қабық.
Эпидуральды анестезия. Анестезияның бұл түрінде жұлынның жүйке бағаналарын омыртқа каналының саңылауларына, олардың омыртқааралық кеңістіктерге шыққанжерге дейін оқшаулайды.
Ерітіндіні енгізу орнына байланысты эпидуральды анестезияның үш әдіс ажыратады:
- сакральды;
- люмбо-сакральды;
- люмбальды.
20 Сурет – Ірі қара малда эпидуральды анестезияның түрлі енгізу әдістері кезіндегі орындар: а- люмбальды; б- люмбо-сакральды; в- сакральды.
Аталған әдістердің ішіндегі ең оңай әрі кең таралғаны сакральды анестезия.Төмен және жоғары сакральды анестезия деп бөледі.Жоғары түрін сирек қолданады.
Сакральды анестезия жасауға көрсеткіштер. Сыртқы жыныс мүшелері мен қынаптың, жамбас ұштарының,құйрыққа,артқы тесікке,тік ішікке, сауырға,және қарынның артқы бөлігіне жасалған оталар. Аталған анестезия уақытша толғақты тоқтататындықтан, төлдеу кезінде және құрсақ пен қынаптың түсуі кезінде көмек көрсетеді.
Анестезияның техникасы. Новокаин ерітіндісі бар инені құйымшақ омыртқаларының 1 мен 2-ші қылқанды өсінділердің арасына эпидуральды кеңістікке енгізеді.Мандрен бар инені тері бетіне перпендикулярлы егеді. Тері астында инені 450 бұрышқа еңкейтіп, доғааралық байламға дейін жылжытады,одан кейін иненің ұшы омыртқа каналының сүйегіне тірелгенше жылжытады. Инені аздап артқа тартып,мандренді шығарады да, 1%-тік новакаиннің ерітіндісін егеді.
Егуге қажет ерітіндінің мөлшерін былайша анықтайды: акушерлік циркульмен сауырдың сербектен бастап құйымшақ төмпегіне дейінгі ұзындығын өлшеп,сол санды үшке бөледі. Мысалы, сауры ұзындығы 51см : 3 = 17, бұл сан төмен сакральды анестезияға қажет миллилитр мөлшері болады.
21 Сурет -Ірі қара малдың сакральная анестезиясы.
Тамырішілік анестезия. Бұл анестезияны анестетиктерді тамырішілік немесе артерияішілік жолдар арқылы енгізеді.Жансыздандыру мақсатында бұларды теріастылық иықалды және білек буындарының,сирақ және білек буынының көктамырларына, тұяқаралық күмбездің артериясына,сондай-ақ кеуде және жамбас ұштарының(бұдан кейін енгізген жерден жоғары қарай гемостатикалық жгут салынады) бұлшықетаралық науаларында орналасқан тамырларға енгізеді. Тамырішілік анестезия үшін 0,5%-тік новокаин ертіндісін ұсақ малдарға және 1-2% -тік концентрациядағы ертінділерді ірі малдарға қолданады(100 кг массаға 0,25 гр-нан артық емес).
Жансыздандырудан басқа әлсіз концентрациялы (жиі жағдайда антибиотиктермен және басқа дәрілік заттармен қоспа ретінде) новокаинді ертінділерді тамырішілік енгізуді кешенді(патогенетикалық және этиотропты) терапия жүргізу мақсатымен қолданады. Бұл мақсатта новокаиннің 0,25-0,5%-тік сулы ертінділерін құрсақ қолқасына немесе сыртқы әлде ішкі мықын артериясына енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |