Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет106/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   182
М.Әуезов  
Қ.Жұмалиев  
Х.Сүйіншәлиев  
Салыстырмалы 
пікір  


 
125 
 
 
Е  с  к  е  р  т  у:  Бұл  үлгідегі  жұмысты  Абайдың  басқа  да  шығармаларын  талдауда 
пайдалануға  болады.  Сондай-ақ  мысалдарды,  еңбектегі үзінділерді сұрыптауда мұғалім 
көмек жасайды, бетін көрсетіп береді, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 
г) Зерттеу еңбектерін оқытудың тағы да бір тиімді жолы -жұптық, топтық жұмыстар. 
Еңбектің негізгі бір бөлімі екі үлестірме қағазға жазылады. Ең негізгі, түйінді мәселелер 
жазылған, екі үлестірме қағаз жұптарға таратылып беріледі.  Жұмыстың  бұл  түрі  жұптык 
жұмыс деп аталады. Балалар  өз үлестірме қағазын іштей оқиды, оқып болған соң, бір-
біріне сыбырлай сөйлесе, кезекпен түсіндіреді. Бірінші бала екіншіге, екінші бала біріншіге 
өз  карточкаларының  мазмұнын  айтады.  Сынып  жұмысын  аяктаған  соң,  мұғалім 
сұрақтар  қоя  отырып,  тексереді,  кейде  жұмыс  істеп  жатқан  жұптарға  барып  тыңдайды, 
көмек  жасайды  (әсіресе,  осындай  көмекті  керек  ететін  балаларға).  Мұндай  жұптық 
жұмыстар шағын тұжырымды материалдарға негізделеді, әрі материал өте күрделі болмау 
керек (бұл жұмысты бүкіл сынып орындайды). Ал осындай тәсілдің тиімділігі, маңызы 
неде?  Біріншіден,  окушылар  аз  уақыт  ішінде  ғылыми  еңбектен  білім  алады,  уақыт 
үнемдейді,  екіншіден,  барлық  баланың  қолында  зерттеу  еңбектері  бола  бермейді, 
сондықтан  олардың ең керекті жерлерін үлестірме қағазға жазып,  осылай пайдалану 
тығырықтан шығарар бірден-бір жол. 
д) Топтық жұмыстар да сынып санына қарай 4-5 топқа бөлінеді. Топ құрамы әр түрлі 
болуы  мүмкін.  Топ  жетекшісі,  кеңесші  өздеріне  берілетін  жұмысқа  басшылық  жасайды. 
Шағын сабақ  өтеді (тапсырмадан  соң). Егер топтық  жұмыс  үйге  берілсе,  өз  тобына  баға 
койып  әкеледі.  Бүкіл  сынып  бірнеше  топқа  бөлінсе  де,  олар  бір  мәселені  шешу 
айналасында  жұмыс  істейді.  Топтардың  бір  зерттеу  еңбегі  бойынша  бір  проблема 
айналасында  еңбек  етулері  мүмкін.  Мысалы,  Абайдың  табиғат  лирикасын  оқытуда 
оқушылар мына проблема айналасында ізденеді. Абайдың табиғат лирикасы. «Табиғат 
-  Тіршілік  -  Қоғам»  мәселесінің  қойылуы,  оны  көрсетудегі  ақынның  идеялық-
эстетикалық; шешімі, табысы. Осы проблеманы автор калай шешті, ол жөнінде ғалымдар 
енбегі  кандай  пікір  айтады,  міне,  осы  мәселелерге  жауап  іздеуде  зерттеу  еңбектерінен 
жұптык, топтық жұмыс жүргізуге болады. 
Үлгі.-Жұптық  жұмыстар:  М.Әуезов.  «Абай  Құнанбаев»  (монография),  ү.қ-  (№1 
үлестірме қағаз). 
«Абайдың бірнеше өлеңдері сахара табиғатының өзгеше  кезеңдеріне  арналады. Ол 
көшпелі ауылдың күзгі тірлігін суреттеген. «Сұр бұлт» және «Қараша, желтоқсан мен...» 
дейтін  екі  өлең.  Бұл  өлеңдер  көркемдік  жағынан  да,  өмір  шындығы  мен  мазмұны 
жағынан  да  бұрын  Абай  жазған  табиғат  турасындағы  өлеңдердің  барлығынан  биік 
өрлеп,  өзгеше сапа табады. Мұнда көшпелі елдің күздігүнгі тірлігін жүздеген табиғаттың 
көрініс  өзгерістерімен  де  көп  танытады.  Ақын  аса  қонымды  реалистік  пейзаж  бере 
отырып,  адам  топтарының  өмір  болмысын  да  мықтап  қамтиды.  Аз  сөздермен  барлық 
көшпелі шаруаның көп күйзелуін таныта келе, әсіресе, күздің ауыртпалығы кімге түсетініне 
айрықша көңіл бөледі. «Сұр бұлтта» да жүдеулігі, күйсіздігі аса ауыр сорлылыққа жеткен 
кедей ауылды бейнелейді. 
Сол ауылдың адамы ғана емес, итіне шейін даланы кезіп-безіп  кеткенін  айту  арқылы 
Абай  көшпелі  тіршілікке  дәл  осы өлең тұсында лағнет айтқандай болады. Онсыз да жайы 
жүдеу,  кедей  ауылға  көшпелі  өмір  анық  азап,  қатал  жаза  есепті  аталады.  Бұл  шақта 
барынша жанын салып, бейнеттеніп жүрген, арылмас еңбек иесі - кедейдің де қатты қанауға 
түсетінін екінші өлеңде - «Қараша желтоқсан мен...» деген өлеңде, әсіресе, айқындай ашып 
береді.  Бұған  шейін  Абай  жазған  «Жаз»  бен  «Қыс»  өлеңдерінде  реалистік  пейзаждың 
1. 
«А.Құнанбаев» 
(монография)  
«ХVШ-ХІХ 
ғасырлардағы 
қазақ әдебиеті»  
«Қазақ 
әде-
биетінің  қа-лыптасу 
ке-зеңдері»  
Өзіңе  кімнің  пікірі 
ұнады, себебін дәлелдеу  


 
126 
шыншыл қалпын бере отырса да, адам мен  табиғатты ұдайы араластыра ашып жүрсе де, 
біз  ақын  шығармаларында  қоғамдық  қайшылықты  жетерлік  дәрежеде  ашпайтынын 
атағанбыз.  Ал  мынау  соңғы  өлеңде,  Абай  осы  жөнінде  зор  саналы  халық  қайраткеріне 
ауысады. Мұндағы ауыл - анық айкын таптық жікке бөлініп отырған ауыл. Оның бір шеті 
-  кедейлерді,  малшыларды  қатал,  қастандықпен  көрінеу  қанап  отырған  бай  үйлері,  ол 
ауылдың  екінші  шеті  -  өңшең  жыртық  лашық  ішінде  қайыршылық  күн  кешкен  кедей, 
жалшы  үйлері.  Осы  үйдің  үлкендері  мен  балаларына  шейін  ақынның  көзіне  түседі. 
Араларындағы бітімсіз кайшылықтармен суреттеледі». 
Еңбек бойынша мынадай сұрақ қойылады: 
1. Неге М.Әуезов Абайдың «Сұр бұлт», «Қараша желтоқсан мен...» деген екі өлеңін 
ақынның барлық шығармаларынан (табиғат туралы жазылған) жоғары қояды?  
2. Өлеңдерде табиғат - тіршілік - қоғам бірлікте алынған ба? Осы мәселелер 
айналасында зерттеу не айтады? 
3. 
М.Әуезовтің осы екі өлеңді Абайдың басқа табиғат лирикаларынан жоғары 
коюына келісесің бе? Өз пікірің қалай? 
Осы  табиғат  лирикасын  талдау  барысында  тек  М.Әуезов  емес,  жоғарыда  айтылып 
кеткен,  басқа  да  Абайтану  ғылымына  атсалысып  жүрген  ғалымдар  зерттеулері  
бойынша топтық жұмыстар жүргізуге болады. Әр топ, әр  зерттеу енбегін нысанаға алса 
да,  шешетін  проблемасы  -  біреу,  яғни  Абайдын  табиғатты  кұрғақ  жырламай,  оны 
тіршілік атаулымен, адамдар өмір сүріп отырған коғам сипатымен бірлікте алуы. «Жазда» 
бай  аулының  бай  көрінісі  бүкіл  тыныс-тірлігімен  алынса,  «Күз»  туралы  өлеңдерінде, 
керісінше,  көшпелі  ауылдағы  кедейлер  тірлігінің  аянышты  түрде,  реалистік  суреттермен 
көрінуі,  әлеуметтік  теңсіздіктің,  тап  жігінің  айқындала  берілуі  -  осы  өлеңдердің  негізгі 
табысы. Міне, оқушылар әр зерттеу еңбегі бойынша осы  сұрақтарға жауап іздейді, бұл 
мәселеге  кім  қалай  келген,  нендей  талдау  берген  -  соны  «зерттейді»,  жинақтайды. 
Жұптық  жұмыс  болсын,  топтық  жұмыс  болсын,  мұндай  жұмыстарды  орындау, 
алдарындағы проблеманы шешу нақтылы сүрақтармен жүргізіледі. 
Топтық жұмыстардан кейін салыстыру, жүргізу, өз пікірлеріне, ойларына жол ашу, 
ғалымдар  пікіріне  өзінше  талдау  беру  -  бәрі  де  зерттеу  еңбектерін  оқытудың  тиімді 
тәсілдері.  Әсіресе,  әдеби  айтыс  ұйымдастырудың  маңызы  зор.  Мысалы:  Мағжан  Жұмабаев 
поэзиясын  оқу  барысында  (11  -сынып)  Әбділдә  Тәжібаевтың  «Өмір  және  поэзия»  атты 
ғылыми  еңбегіндегі  Мағжан  туралы  пікірлері  мен  Мағжан  Жұмабаевтың  өлеңдер 
жинағына жазған кіріспе сөзін салыстыруға болады. («Өмір және поэзия», 46-53-беттер). 
«Өмір және поэзияда» ақынды өлтіре жамандап, оны буржуазияшыл, ұлтшыл ақынға, 
пессимист,  символист  ақынға  жаткызған  ғалым  кіріспе  сөзінде  Мағжаңды  ұлт  ақыны 
дәрежесінде  көтере  мақтайды.  Қай  пікірі  шындыққа  сай  ғылыми  пікір,  қайсысы  «жалаң 
урамен»  кеткен  дүние,  міне,  осы  мәселенің  өзі  әдеби  дау,  айтыс  тілеп  түр  емес  пе?  Бүл 
жұмысты балалар Мағжан поэзиясына біршама бойлап, білім алғаннан кейін, жүргізген дұрыс. 
Әдеби  пікір  таласына  қатысу,  әсіресе,  ғылыми  еңбектер  бойынша  пікір  білдірудің  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Оқушылар  айтар  пікір,  берер  жауаптарын  дәлелді  түрде,  еңбектерден 
нақты мысалдар ала отырып, беруі керек. Жалаң ой, кұрғақ пікір туғызып, такыр дау туғызу 
ешкімге  де пайда әкелмейді. Ғылыми  еңбектер  бойынша семинар, конференция, пікірталас, 
жоғарыдағыдай  пікірсайыс,  реферат  қорғау  сабақтарын  өтуге  болады.  Әр  сабағын  терең 
ізденіспен  өтетін  мұғалімдер  сын-зерттеу  еңбектерін  жүйелі  түрде  жұмысына 
пайдаланып,  білімді  тереңдетіп,  байытып  беріп  отырады,  оны  пайдаланудың  түрлі  әдіс-
тәсілдерін ізденеді. 
 Сыныптан  тыс  оқуларда  да  (7-8-9)  оны  жеңіл,  қарапайым  жолдармен,  талқыланып 
жатқан шығармаға байланысты пайдалануға болады. Түсіндірмелі оқу, дәйексөз, үзінділер 
алу, пікір-бағаларды беріп отыру тиімді тәсіл деп есептелінеді. Қысқаша дәйексөз, үзінділерді, 
бағаларды көрнекі етіп жазып кою да маңызды  болмақ. Немесе мұғалім кіріспе  сөзінде  өзі 
өткелі  отырған  суреткер  не  оның  шығармасы  туралы  зерттеу  еңбектерден  алынған 
бағаларды жатқа айта отырып бастаса, оның оқушыларды қызықтырып, сабаққа  ынтасын 


 
127 
арттыруы сөзсіз. Кейде мұғалім сын-зерттеу еңбектерінен үзінді, дәйексөз жаттатқызып, 
сабақты  әдеби  монтаж  түрінде  де  өткізеді.  Мысалы,  7-сыныпта  Абайдың  «Қансонарда», 
«Жазғытұры»  өлендері  оқуға,  талдауға  берілген.  Әсіресе,  «Қансонарда»  өлеңін  талдау  - 
күрделі дүние. Себебі, теңеудің, поэтикалық тіл, тропа, фигуралардың небір үйлесімді, әдемі 
түрлері  осы  өлеңде  тамаша  орын  тапқан,  өлең  -  қазақ  поэзиясының  алтын  қорын 
жарқырататын, кала берсе, әлемдік мән-мағынасы бар кесек туынды. Ол туралы Абайтану 
ғылымына ат  салысып жүрген ғалымдардың  барлығы  да  пікір  білдірген,  талдау  жасаған. 
Мұғалім  өлеңге  кіріспе  сөз  айтып,  түсіндірмелі  оқу,  мәнерлеп  оқу  арқылы  алғашкы 
жұмысты  жүргізгеннен  кейін,  М.Әуезов,  Қ.Жұмалиев,  Х.Сүйіншәлиев,  С.Мұқанов, 
Б.Кенжебаев  еңбектерінің  негізінде  құрастырылған  шағын  әдеби  монтажға  сөз 
беруге болады (алдын ала оқушылармен бірге дайындау керек). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет