Ќанипа Бітібаева



Pdf көрінісі
бет160/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   182
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ 
(пәнаралық байланыста оқытуға негізделген дуэт сабақ) 
Ұлы  Абай  халық  тұрмысының,  халық  тағдырының  жыршысы,  жоқтаушысы, 
қамқоршысы  болды.  Елдегі,  қоғамдағы  кемшіліктерді,  үстемдік  етушілерді  аяусыз  сынай 
отырып, Абай өз халқының даналығы, тазалығы, қарапайымдылығын, ар-ождан биіктігі, асыл 
қасиеттерін де көре, түсіне біледі. Ол шын мәніндегі халық ақыны, азамат ақын болды. Бір сәт те 
елінін,  халкының  ауыр  тұрмысын,  үстін  басқан  қараңғылығын  ұмытпайтын  ақын  тіпті 
табиғатты  аса  көркем,  поэтикалық  тілмен  өрнектей  отырып,  оны  халық  тұрмысы,  тіршілік 
тынысымен бірлестікте алады. Осы  мәселеде де ақын орыс әдебиетін өзінің жемісті мектебі 
ете отырып,  олардың  жетістіктерін  ары  карай  өзіндік  ізденіс,  табыстармен  байытады. Орыс 
әдебиетінің дәстүріндегідей табиғатты тіршілікпен, жанды дүниемен бірлестікте суреттей 
отырып, халықтың ауыр тұрмысы, таптық жігі  сиякты  әлеуметтік  мәселені  де  көтереді. 
Міне, осы мәселелердің барлығын оқушыларға жан-жақты терен, әрі ғылыми түрде жеткізу 
үшін,  интеграциялык  окуды  басшылыққа  алдық.  Орыс  әдебиеті  мұғалімімен  бірлесе 
отырып,  үйге  зерттеу,  іздену  сипатындағы  проблемалы  тапсырмалар  бердік  (топтық 
тапсырмалар). 
Бүкіл сынып мына бір проблема айналасында жұмыс істейді: «Табиғат - Адам-Қоғам 
проблемалары Абай  лирикасында. Ақынның осы мәселедегі идеялық-эстетикалық табысы. 
Орыс мәдениетінің озық үлгісі». Барлық топ (әр топтың өз тапсырмасы бар) осы проблеманы 
шешу айналасында жұмыс істейді. 
I топ: 
Абайдың «Жаз», «Күз» өлеңдерінің идеялық-эстетикалық 
мәні. 
Т а п с ы р м а: «Күз» өлеңін Пушкиннің «Болдинская осень» өлеңімен салыстыра талдау 
(екі өлеңнің стиліндегі өзіндік ерекшеліктері). 
П топ: 
Абайдың  «Қараша,  желтоқсан  мен  сол  бір  екі  ай»  өлеңі.  Өлеңнің  өзіндік  ерекшелігі, 
табысы. 
Тапсырма: 1. Өлеңдегі замана проблемасы. 
2. 
Стильдік, поэтикалық ерекшеліктері. 
3. 
Пушкиннің «Күз» өлеңімен салыстыру. Абайдың жаңалығы неде? 
Ш топ: 
Абайдың «Күз» өлеңі. Өлеңнің жаңашылдық рухы.  
Т а п с ы р м а: 1. Өлеңнің поэтикалык тіліне талдау. 
2. Некрасовтың 
«Мороз 

красный 
нос» 
поэмасымен 
салыстыру. 
3. Абайдың өзіндік жаңалығы, табысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет