Ќанипа Бітібаева


ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ (ТЕОРИЯСЫ)



Pdf көрінісі
бет37/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   182
ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ (ТЕОРИЯСЫ) 
Эпикалық  шығармаларға  әңгіме,  роман,  эпопея,  мысал,  хикаят  (повесть)  жатады. 
Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, 
сюжет,  композициясы,  такырыбы,  көркем  бейнелері,  яғни  көркем  компоненттерінің 
барлығы.  Сондықтан  оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім 
беріледі.  Мысалы,  «Әңгіме  жанры  деген  не?  Оның  хикаяттан  немесе  романнан 
айырмашылығы  не?»  дегендей.  Әдеби-теориялық  білім  бастауыш  ұғымнан  бастап, 
сынып  жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене 
түсуі керек. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер 
басшылыққа алынады: 
1. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы. 
2. Көркем образдары, образдар галереясы. 
3. 
Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем  туындыны жазушы. 
Автор және көркем туынды. 
Көркем  шығарманы  талдау  оны  оқудан  басталады.  Көркем  туындыны  толық 
оқымай,  мазмұнын  жетік  меңгермей  тұрып,  оны  талдау  мүмкін  емес.  Әңгіме,  мысал 


 
48 
сияқты  шағын  жанрларды  талдау  (барлық  көркем  компоненттерін  косып)  роман, 
эпопеяларға  қарағанда  әрі  қолайлы,  әрі  жеңіл  болады.  Әңгіме  мен  мысалды  талдауда 
мүғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі 
мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде 
талдау  мүмкін  емес.  Сондықтан,  әсіресе,  осындай  көлемді  шығар-маларды  оқыту  үшін, 
мұғалім  айрықша  еңбектенеді.  Ең  бастысы,  қандай  мәселелерге  көңіл  бөлу  керек, 
талдаудың,  кай  түрі  тиімді,  кандай  әдіс-тәсілдер  нәтижелі  болмақ,  міне,  осы  мәселелерге 
мұғалім  ерекше  назар  аударады.  Оқушылар  роман,  повестерді  оқи  отырып  автормен 
«кезігеді»,  онымен  іштей  сырласады,  олар  авторды  да,  оның  туындыларын  да  өз  пікірі, 
эмоциясы, дүниетанымы арқылы қабылдайды, ал мұғалім мақсаты - сол алғашқы, өзіндік 
қабылдауларды  ғылыми  негізге  бағыттау,  дұрыс  бағыт-бағдар  беру  болып  табылады. 
Көлемді шығармаларды талдауда да мүғалім көркем  мәтінмен  жұмысқа  ерекше  ден  коюы 
керек.  Әрі  оны  тұтастай  қарастыруды  ойластырғаны  жөн  (мазмұн  мен  форма  бірлігін 
сақтай).  Эпикалық  шығармаларды  талдау  әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана 
талданады  (сыныбы,  жасына  қарай).  Мысалы,  бастауыш  буында  (5-7)  сюжеті, 
композициясы,  кейіпкерлеріне  назар  аударылса,  8-9-сыныптарда  ол  терендей  түседі, 
авторлық  тұрғыға,  оның  негізінде  жатқан  проблематикаға  көңіл  бөлінеді,  ал  жоғары 
сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде 
тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет