Қаныш Имантайұлы Сәтбаев



Дата29.09.2023
өлшемі367,1 Kb.
#111757
Байланысты:
география


Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
Қаныш Сәтбаевтың арқасында академияның 1934 жылғы үшінші сессиясының қаулысында үшінші бесжылдықта Жезқазған қаласында мыс қорыту зауытын салу қажеттігі айтылды. Сессияда Сәтбаевтың Жезқазған – Қарағанды ​​– Балқаш теміржол желісін салу туралы ұсынысы да қолдау тапты. Осыдан кейін облыста ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды. Кейіннен белгілі болғандай, Жезқазған мыс кені сол кезде болжамды қоры бойынша әлемдегі ең ірі кен орны болып табылады. 1940 жылға қарай Жезқазған қаласында Досмурзин су қоймасы және Жезқазған, Қарағанды ​​және Балқашты байланыстыратын темір жол салынды.
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова (25 наурыз 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентінде туған) — қазақстандық ғалым, География ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті Қызыметкері. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның физикалық географиясы, экологиясы, дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың, монографиялардың т.б ғылыми зерттеу еңбектерінің, ғылыми мақалалардың авторы.
Николай Никитич Пальгов
Никола Никитич Пальгов (10.12.1889, Ресей, Тамбов губерния Павлодарка селосы. – 2.6.1970, Алматы қаласы) – география ғылымдарының докторы (1951), гляциолог, Қазақ ССР ҒА академигі.
Оның зерттеу нысаны - қазіргі таңда кең танылған, әбден зерттелген Алматы маңындағы Тұйықсу мұздығы. Одан кейінгі уақытта Үлкен Алматы, Шелек өзендерінің жоғарғы жанындағы мұздықтарда және Іле Алатауы мұздықтарында әртүрлі аспаптармен зерттеу әдістері арқылы бақылау жүргізіп, бұрын - соңды белгісіз болған ірі мұздану түйіндерін ашты. Оңтүстік Тянь - Шаньдағы Көкшалтау мен Теріскей Алатауы жоталарындағы мұздықтарға сипаттама жасады. Нәтижесінде бірнеше мақаласы мен "Іле Алатауының қазіргі мұздануы" монографиясы жарық көрді. Бұл зерттеулері әрі қарай Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Күнгей Алатауына жасалған экспедициялармен жалғасты. Н.Н.Пальговтың ғылыми еңбектерінің барлығы жеке бақылаулары мен зерттеу материалдарына негізделген.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет