Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет1/11
Дата25.11.2023
өлшемі58,1 Kb.
#127730
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қан

  1. Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері.

Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан , яғни пішінді элементтерден тұрады . Ересек адамда канның көлемі 5-6 литрдей . Қан жасушалары қызыл түйіршіктер ( эритроциттер ) мен ақ түйіршіктер ( лейкоциттер ) , кан пластинкалары - тромбоциттер . Плазма қан құрамының 52-58% - іне , қан жасушалары -42-48 % -не тең. Қанның негізгі қызметтері :
1 ) Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді , ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).
2 ) Оттегін өкпеден тіндерге , жасушалардағы көмірқышқыл газды өкпеге жеткізеді ( тыныс алу қызметі.
3) Ішек - қарыннан қоректік заттарды , витаминдерді , су мен тұздарды ( минералдарды ) тіндерге жеткізеді(нәрлендіру қызметі).
4 ) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді , мәселен , адам денесіндегі уытты заттар , азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке , өкпеге , тер бездеріне , ішекке апарады . Сөйтіп оларды шығарып тастайды(экскрециялық қызмет).
5 ) Қан жасушалары ( лейкоциттер ) , плазмадағы антитəндер денеге енген микробтарды , вирустарды , табиғаты жат , улы заттарды бейтараптайды(қорғаныс қызметі).
6 ) Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді , үрдістерді реттеуге қатысады ( гуморалдық реттеу ) . Қандағы биологиялық әсері күшті заттар - гормондар , медиаторлар , метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді(рефлекстік реттеу).
7 ) Қан жасушалары ( пішінді элементтер ) тін жасушаларымен креаторлық байланыста болады . Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді . Жаңа жасушалар құрылысы жағынан ескілеріне ұқсас болу үшін олардағы ақпараттардың маңызы өте зор .
8 ) Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сұйықтықтың коллоидтық , осмостық тұрақтылығын сақтайды . Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп небүрісіп қалады . PH тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады .
9 ) Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады , ал суыған ағзаларды жылытады . Сөйтіп , дене қызуын бірқалыпта сактауға қатысады .

  1. Плазма құрма. Қаннның физикалық және химиялық қасиеттері.

Плазманың құрамы .
Оның 90-92 % -і судан , қалғаны ( 8-10 % ) күрғақ заттардан тұрады . Соңғыларының 8-9 % -і органикалық заттар , оның ішінде белок 6-8 % ; 0,9 % -1 % бейорганикалық ( минерал ) заттар . Бұлардың көбі ас түзы ( 90 % ) . Органикалық заттардың көбі белоктар : альбумин , глобулин,фибриноген .
Каннын физикалық және химиялык касиеттері
Сүйык зат ретінде канға физикалық және химиялык касиеттер тән. Кан қызыл түсті , күрамы өте күрделі . Каннын түсі , рені эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен , басқа да химиялык заттармен реакцияға түсіп , тиісті қосындылар құруына байланысты . Мәселен , артерия қанының ашык кызыл түсі канда оксигемоглобиннің ( гемоглобинмен оттегі косындысы ННвО2 ) , вена қанының күнгірт түсі карбогемоглобиннің ( гемоглобин мен көмір кышкылды газдың қосын HHвСО2 ) көбірек болуына байланысты . Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин ( HHвСО ) түзіледі де , қанның түсі қызыл күрең ( танкуpай түсті ) болады.. Күкіртсутек ( HS ) әсерінен сульфгемоглобин түзілсе қан қарайып кетеді де кан қоңыр түске боялады . Қанның иісі оның күрамындағы тез буланатын май қышқылдарына байланысты , дәмі түзды.Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте канының меншікті салмағы едәуір басым. Меншікті салмағы негізінен қан да эритроциттердің аз - көптігіне байланысты . Ол тұрақты көрсеткіш тердің бірі , бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін . Мәселен , адам бірнеше апта тауда болса , қанында эритроциттер саны көбейіп меншікті салмағы артады . Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де , оның қаны қойылып салмағы артады . Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады . Науқас адам жиі - жиі күсса не оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды . Адам қансыраса , оның қан тамырлары тінаралық сүйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады , яғни оның тығыздығы азаяды.
Қанның келесі физикалық қасиеті оның тұтқырлығы . Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сүйылуы на қарай әрдайым өзгеріп отырады . Демек , қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің , плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты .
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі – осмостык ( итерме ) кысымы. Ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады . Ерітіндінің осмостық мөлшері мен осмостык кысымының аз - көптігі еріген бөлшектердің жалпы санына байланысты , еріген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса , оның осмостық қысымы соғүрлым жоғары болады . Қаннык осмостық қысымының 60 % -і ас тузы ( NaCI ) иондарына байланысты 

  1. Қанның негізгі физиологиялық тұрақты көрсеткіштері, оларды сақтау механизмі.

Қан плазмасынан тіндік сұйықтық түзіледі де, жасушаларды қоректендіреді. Қан тіндік сұйықтық көзі болғандықтан оны организмнің әмбебап ішкі ортасы деп атайды. Қан мен тіндік сұйықтық арасындағы физиологиялық механизмдер гистогематикалық бөгеттер деп аталады. Олар капиллярлардың эндотелилерімен көрсетіліп қанды жасушалардан бөліп тұрады. Гистогематикалық бөгеттер қан мен тін арасындағы алмасу үрдістерін реттеп, организмнің ішкі ортасының құрамы мен физикалық – химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын қуаттап тұрады. Организм ішкі ортасының құрамы мен қасиеттері: тұрақты, сондықтан олар патология кезіндегі өзгерістерді тез көрсетеді. Сол себептен медицинада қанның клиникалық анализдары кеңінен қолданылады. Қан құрамы және тығыздығы. Қан тұтқырлығы нәруыздар және эритроциттер барлығымен қамтамасыз етіледі. Плазма тұтқырлығы 1,7 – 2,2 ал қан тұтқырлығы 5,1 шамасында. Қан тығыздығы эритроциттер мөлшеріне, оларда гемоглобиннің барлығына және плазманың нәруыздық құрамына тәуелді. Қан тығыздығы: 1,050 – 1,060. Қан құрамы. Қан плазмадан және пішінді элементтерден тұрады. Егер қанға оны ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыт қойса, онда ол екіге бөлінеді: үстіңгі сарғыштауы плазма, ал астыңғы қызыл түсті эритроциттер мен тромбоцит, ал лейкоциттер қызыл тұнбаның үстіне ақшыл болып жиналады. Плазма мен пішінді элементтердің көлемдік арақатынасы гематокрит деп аталады. 

  1. Эритроциттер, олардың құрылысы, химиялық құрамы, саны, функциялық маңызы. Эритроцитоз, эритроцитопения, олардың түрлері

Эритроцит-грек.қызыл жасуша дегенді білдіреді,қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес Әйел канында көрсеткіш аздау.Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы-эритроцитоз , аз болуы -эритроцитопения деп аталады . Бұлар сау адамда да науқастарда да кездеседі , сондықтан олар физиологиялық және патологиялык болып екі топқа бөлінеді . Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байланысты . Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения кан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс . Абсолюттік эритроцитоз – тінде оттегі азайғанда ( гипоксия ) болады . Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер қанға өтуін тездетеді . Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда , яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашык самолетпен биіктікке көтерілген сәтте кездеседі . Салыстырмалы эритроцитоз қанның сүйык бөлігі - плазманын азаюынан болады . Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде , не ыстыктағанда термен бірге құрамындағы су сыртқа шығады да адамның қаны қоюланады. . Осыған орай эритроцит саны көбейеді . Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да каннын койылуына байланысты . Мәселен , қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады , кейде су дене қуыстарына жиналады . Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қойылады . Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды . Ол қаны азайған ( анемия ) науқас адамға тән . Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі төмендейді. Салыстырмалы эритроцитопения қанның сұйылуына байланысты . Бірден шектен тыс көп шай ( 8-10 кеседен артық ) не осынша кымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін . Бірақ қанда су тұрақтылығын ( гомеостаз ) сактайтын механизмдер денедегі артық суды тез сыртқа шығарады . Адам қансырағанда 1-2 тәулік өтісімен кан сұйыла бастайды , эритроциттер сүйек кемігінде тек 4-5 тәуліктен кейін түзiлiп , канға шыға бастайды . Оған дейін қан тамырларына тін аралык сүйықтықтар өтеді де мұндағы қанның көлемін арттырады , сөйтіn 1-2 күндей қан сұйылған күйінде қалады . Бірден көп мөлшер де изотониялық ерітінді құйса да біразға дейін сұйылады .
Эритроциттің құрылысы мен құрамы . Эритроцит — ядросысыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша . Ол ядросынан сүйек кемігін де өтетін эритропоэз кезінде айырылады .Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі ( аумағы ) үлкен . Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Эритроцит тыныс алу кызметін орындауға қажет биологиялык курылым . Эритроцит кұрамында 37 % құрғақ заттар бар , ал сүйекте кұрғақ зат 42 % . Демек , денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз жасуша - эритроцит . Сонда да эритроцит икемді , созылғыш , үлкен болғанымен , ол жіңішке капилляр арқылы өте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет