Ақпарат және ақпараттык үрдістер жайлы түсініктерді қалыптастыру әдістемесі



Дата16.10.2023
өлшемі22,01 Kb.
#116538



Ақпарат және ақпараттык үрдістер жайлы түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.
І. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:

  • ақпарат (анықтамасының әртүрлі берілуі);

  • информатика, кибернетика;

  • ақпараттық процестер;

  • тілдің ақпаратты беру тәсілі ретінде ;

  • ақпарат көздері;

  • ақпаратты қабылдаушы;

  • ақпаратты тасымалдаушы;

  • байланыс каналы;

  • бит;


Ақпарат (анықтамасының әртүрлі берілуі)- қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстар, олардың параметрлері, қасиеттері мен жағдайы туралы хабар (сигнал).
Информатика- компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
Кибернетика- басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым.
Ақпараттық процестер- Ақпараттық процестер - іздеу қатысты процедуралар, сақтау, аударма, өңдеу және, әрине, әр түрлі ақпарат пайдалану болып табылады. Сонымен қатар, олар өз ерекшеліктері мен сырларын бар, олардың әрқайсысы бірнеше түрлері, бөлінеді.
Тілдің ақпаратты беру тәсілі ретінде - Таным сезімдер арқылы қоршаған әлемді қабылдаудан басталады. Көру, дәм, есту, иіс, жанасу біздің санамызға заттардың алуан түрлі қасиеттері, сондай-ақ айналамызда болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы ақпарат береді.Тіл-ақпаратты ұсынудың маңызды жүйесі. Бірқатар негізгі ақпараттық процестер – беру, сақтау – тілсіз жүзеге асырылмайды, басқалары – алу, өңдеу, пайдалану-бұл адамның ақпараттық қызметі саласында айтарлықтай қолданылады.
Ақпарат көздері- айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер. 
Ақпаратты қабылдаушы – тұлғаға немесе обьектіге арналған ақпарат және оны интерпретацияға салатын тұлға немесе обьект
Ақпаратты тасымалдаушы- бұл ақпаратты бекіту және сақтау үшін қолданылатын кез-келген материалдық объект.
Байланыс каналы- ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы сигналдарды тарату ортасы
Бит - ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;

ІІІ. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. Мәтіндегі әрбір (i) символ алып жүретін ақпарат мөлшері мына формула арқылы есептелінеді: 2i = N, Мұндағы N – алфавиттің қуаты. Бұл формула … деп аталады.

  2. Ақпаратты өлшеудің мазмұндық тәсілінде, мәлімет ақпаратты болады, егер онда .... мәлімет болса.

  3. Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілінде кез келген тілдің қуаты деп .... айтады.

Мәтіндегі әрбір (i) символ алып жүретін ақпарат мөлшері мына формула арқылы есептелінеді: 2i = N, Мұндағы N – алфавиттің қуаты. Бұл формула «формула хартли» деп аталады.

Ақпаратты өлшеудің мазмұндық тәсілінде, мәлімет ақпаратты болады, егер онда .... мәлімет болса.


Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілінде кез келген тілдің қуаты деп .... айтады.



IV. Келесі есепттерді шешіңіз:

  1. «Кездесу мамыр айына белгіленді» деген мәліметте ақпарат көлемі қандай?

  2. ИНФОРМАТИКА сөзіндегі ақпарат көлемі қандай, 8-биттік кодтауда ше?

  3. Жазу үшін 64- символы алфавит қолданылды. Әрбір бетте 30 жол бар. Барлық мәлімет 900 байт ақпаратты құрайды және тура 4 бет болады. Әрбір жолда қанша символ бар?

1)30 символ.30 байт. 30*8=240 бит
2) информатика (11) * 8 бит=88 бит немесе 11 байт
4) 900 байт / 4= 225 байт әрбір бетте
225*8=1800 бит әрбір бетте
1800/30жол=60 бит әрбір жолда
60/6 бит=10 символ әрбір жолда
V. Тақырып бойынша диктант дайындаңыз
Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер (1)…...
Ақпараттың қасиеттері:

  1. Дәлдiгi — iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.

  2. (2)…… -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.

  3. Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.

  4. Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.

  5. Объективтілігі және (3)....... . Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.

Түрлерi: (4)……., сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.
Берiлу жолдары: (5)…….., мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.
Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), (6)………
Ақпарат бағалы — егер ол толық, жаңа, обьективті болса. Ақпарат көлемі дегеніміз- хабар ұзындығы, яғни хабар жазудағы символдар саны.
8 Байт- 1 (7)...
1 Кбайт – 1024 байт- 1000 байт
1 Мбайт – 1024 Кбайт – 1 миллион байт
1 Гбайт – 1024 Мбайт – 1 миллиард байт

Кілт сөздер
1-тобы,2-толықтығы,3-субьективтілігі,4-тексттік,5-қимылдар,6-өңдеу,7-бит
І. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет