Ақпаратты қабылдау принциптері



Дата31.12.2021
өлшемі3,44 Mb.
#21196
түріБағдарламасы
Байланысты:
Қазақ тілі СРС презентация

Алаштың ғылым- білім үйрету бағдарламасы.Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер

Топ: МРК-131

Орындағандар: Болатбек Нұрсұлтан, Бақтыгерей Есет

Тексерген: Диана Жұмабай


НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Жоспар

Жалпы түсініктеме

  • Алаштың ғылым- білім үйрету
  • бағдарламасы

  • Тұрақты тіркестер
  • Мақал- мәтелдер

Алаштың ғылым- білім үйрету бағдарламасы

Ол кезде «Білім барша жұрттың игілігі болуға тиіс» деген өте маңызды қағида болды. Бұл демократиялық әрі ізгілікті қағида еді. Кеңес өкіметі қанаушы элементтердің білім алу құқығын шектеді. Бірінші РКФСР Конституциясында (1918) былай деп жазылған: «Еңбекшілердің білімге шын мәнінде қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысшылар мен ең кедей шаруаларға толық, жан-жақты және тегін білім беруді өзіне мақсат етіп қояды»

Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерінде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.«Алаш» партиясының бағдарламасы бойынша жалпы білім беру барша жұртқа: қазақтарға да, орыстарға да, жұмысшылар мен шаруаларға да, кәсіпкерлерге де және басқаларға да таратылатын. Мектеп автономиясы, оқу үрдісіне үкіметтің араласпауы ұсынылды. Мұғалімдер мен профессорлар сайланып қойылуға тиіс. Бұл идеялар қазіргі уақытта да құнын жойған жоқ.

Тұрақты тіркестер

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді. Мысалы (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас). Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр.

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б

Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:

Мақал- мәтелдер

Мақал - нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).


Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді.

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:


2. Мақал құрылысы жағынан көбіне құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т.б.

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.


Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет