АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР №7 дәріс. Желілер және телекоммуникациялар 1. Желілердің түрлері; 2. Стектік хаттамалар: TCP/IP, OSI. IP-адрестеу; 3. Сымды және сымсыз желілік технологиялар. DHCP хаттамасы; 4. Интернет желісіне қосу технологиясы. Телекоммуникациялық технологиялар. Жоспар: Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) – берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы. Масштабы бойынша компьютерлік желілер
бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі. LAN үшін әдетте арнайы кабельдік жүйе, кейде сымсыз байланыс қолданылады.
GAN (Global-Area Network)
Желі арқылы берілетін ақпарат ағыны желілік трафик деп аталады. Желілік трафик, пайдалы ақпараттардан басқа, байланыс сеанстарын жүзеге асыру үшін қажетті қызметтік деректерді қамтиды. Қолданыстағы желілер екі режимнің бірінде жұмыс жасайды: бір жолақты және кең жолақты (әдетте бір жолақты). Бір жолақты желіде байланыс арнасының барлық өткізу қабілеті уақыттың әрбір сәтінде тек бір сигналды беру үшін қолданылады. Бір байланыс желісі бойынша кең жолақты желілер бір уақытта бірнеше сигналдарды жіберуге мүмкіндік береді (теледидар кабелі сияқты теледидарға бір уақытта бірнеше телевизиялық каналдардың сигналдары түседі).
Ақпараттарды тасымалдаудың қатесіз және ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін желілік операциялар хаттамалар (протоколдар) мен интерфейстер деп аталатын ережелер мен келісімдер жиынтығымен реттеледі. Хаттамалар мен интерфейстер қосқыштар мен кабельдердің түрлерін, сигналдарды, деректер форматтарын, қателерді тексеру әдістерін, желілік интерфейстер мен түйіндердің жұмыс алгоритмдерін анықтайды. Желіні тұрғызу үшін қолданылатын көптеген құрылғылар мен архитектуралар бар. Барлық желілер бірдей аппараттық және бағдарламалық жасақтамадан тұрады. Оларға серверлер, жұмыс станциялары, хабтар, желілік карталар, желілік порттар, байланыс жабдықтары (коммутаторлар, маршрутизаторлар, шлюздер), деректерді беру ортасы (сымды/сымсыз), бағдарламалық жасақтама драйверлері, желілік операциялық жүйелер, желілік қызметтер, желілік қосымшалар жатады.