Қаралатын орны: педагогикалық кеңес Мерзімі:қараша Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында өткізілген «Спорт және өнер»



Дата03.12.2023
өлшемі18,66 Kb.
#133499


Қаралатын орны: педагогикалық кеңес
Мерзімі:қараша

Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында өткізілген «Спорт және өнер» бірлестігінің «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» атты тақырыбындағы айлығының қорытындысы
Мақсаты: «Спорт және өнер» бірлестігін айлығының қорытындысы

2023-2024 оқу жылында «Спорт және өнер» бірлестігігін айлығы «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» атты тақырыпта 02.10.2023ж-28.10 2023ж аралығында өтілді. Айлықтың мақсаты: эстетикалық терең білімі бар қазақтың ұлттық қасиеттерін бойына дарыта отырып, өнерлі, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.



Айлық жоспары бекітіліп, айлықтың ашылу салтанатында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен бірлестік жетекшісі Р.Алимашев таныстырып өтті. Айлықтың ашылу салтанатында 5 сынып білім алушылары Сарыбек Ернар, Қонсбай Айсұлтан, Қалмұрат Қаншайым «Ұстазым » әнін шырқаса, Қалмұрат Қаншайым «Аққу» биін тарту етті.


Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қ.Бийимбетова 04.10.2023ж 7 «А» сыныбында «Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыстарды орындау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
06.10.2023ж денешынықтыру пәнінің мұғалімі Р.Алимашев «Ойын техникасының дағдысын дамыту.Баскетбол.Ойыншының алаңдағы қозғалысы» тақырыбында 7 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында дене қыздыру жаттығулары жасалды.
09.10.2023ж Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімі А.Шуленбаева 10- сынып білім алушыларымен «Калашников автоматы(қол оқшашары)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында білім алушылар автоматты бөлшектеп құрастыруды үйренді.
10.10.2023жыл денешынықтыру пәнінің мұғалімі Р.Дженбаев 9 «А» сыныбында «Ойын техникасының және тактикалық әрекеттері. Футбол допты қақпаға тебу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында дене қыздыру жаттыңулары жасалып, футбол ойынында допты қақпаға тебу тактикасы орындалды.
13.10.2023 жыл көркем еңбек (ұлдар) Ходжалепесова З 5 «А» сыныбында «Мүсін өнері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қауісіздік ережесі ескертілді. Мүсін өнерінің шығу тарихы бойынша бейнебаян көрсетіп, жануарлардың мүсінін ермексаздан жасау арқылы қол жұмыстары орындалды.
Сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы, сабақ мақсатына сай жұмыстар орындалды.
Салауатты өмір салты , спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру Ұраны: «Күнделікті дене белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүруге бастар жол!

Айлық барысында волейболдан 7-10 сынып білім алушылары арасында жарыс ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге қөзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.Қорытындысы бойынша 10 «А» сыныбы І орын, 9 «А» сыныбы ІІ орын, 7-8 сынып құрамасы ІІІ орынды иеленді.


25 қазан Республика күніне орай 5-6 сынып білім алушылары арасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты тақырыпта сурет байқауы болып өтті. Байқау мақсаты:

  • Жас өркеннің патриоттық сезімін ояту;

  • Туған жерге деген махаббатын арттыру;

  • Балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау;

  • Азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау;

Байқауға қойылатын талаптар:

  • Салынған сурет байқаудың тақырыбына сай болуы;

  • Өзіндік ерекшелік пен шығармашылық ізденістің болуы.

Байқауға 5-6 сынып білім алушылары арасынан 16 білім алушы қатысты. Әділ қазы алқалары байқауға қатысқан білім алушылардың салған
суреттерін саралай келе, тақырыпқа сай салынған жұмыстарды іріктеп төмендегіше қорытынды жасады:

    1. Бас жүлде 5 сынып білім алушысы Тұрғынбай Назерке

    2. І орын 5 сынып білім алушысы Есенгелді Бегімай

    3. ІІ орын 5 сынып білім алушысы Байбосын Арайлым

    4. ІІІ орын 6 сынып білім алушысы Темірбек Ержан

Жеңімпаз атанған білім алушылар марапатталды.
Сондай-ақ айлық жоспарына сәйкес білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 5-7 сынып білім алушылары арасында «Бала дауысы» ән байқауы болып өтті. Шараның мақсаты: ән сүйер аға буынмен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, дарынды оқушыларды өнерге талпындыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.
Байқауға 5-7 сынып оқушылары арасынан 11 үміткер қатысып, Отан, туған жер,достық туралы әндер шырқалды. Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша жеңімпаздар төмендегіше анықталды:
Бас жұлде- Темірбек Ержан 5 сынып білім алушысы
І орын –Мейрханұлы Нұрали-6 сынып білім алушысы
ІІ орын Эгамбердиев Бахтияр 6- сынып білім алушысы
ІІІ орын Муханбет Бекболат 5- сынып білім алушысы
Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімі А.Шуленбаева 10-11 сынып білім алушылары арасында «Пневматикалық мылтықтан оқ ату» сыныптан тыс іс-шара өткізді.Пневматикалық оқ ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері сақталды.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Асабаев, Қ.Жумамуратов 5-6 сынып білім алушылары арасында «Толағай» спорттық жарысын өткізді. Мақсаты:  баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Айлық барысында мектеп психологы тарапынан сауалнамалар алынып, қорытындысы жасалды.
Шешім:
«Спорт және өнер » бірлестігінің «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты тақырыбында өтілген айлық қорытындысы қанағаттандырылсын.
БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ: А. Алимашев

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет