Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Список исползованной литературы



Pdf көрінісі
бет24/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
 
Список исползованной литературы:
1. Закон Республики Казахстан «Об образовании»
2. Программа курса ОИВТ 2010г.
3. Computer for beginners. Usborne, 2010 
4. Computer for kids. A.Alison, 2010
5. ABC computer in English. Moodle.com , 2009
6. English for engineers. ПоляковаЕ.В., 2012г. 
 
 


51 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА, ХИМИЯ, 
БИОЛОГИЯ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН КІРІКТІРІП 
ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
аға оқытушы, магистр Шонгалова К.С. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институты 
Оқытудың технологиясы – оқу ақпаратын ӛңдеудің, ұсынудың
ӛзгертудің және ұсынудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы; мұғалімнің 
оқыту барысында қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды 
пайдалана отырып оқушыларға ықпал ету амалдары туралы ғылым. 
Оқыту технологиясында оқытудың мазмұны, әдістері мен тәсілдері 
ӛзара байланысты және ӛзара шарттас болады [1]. Бүгінгі таңда жалпы орта 
білімнің мақсаттары ӛзгеріп, жаңа оқу жоспарлары, жеке дара пәндер арқылы 
емес, кіріктірілген білім беру салалары арқылы мазмұнды кӛрсетудің жаңа 
кӛзқарастары әзірленіп отыр. Әрекетті тәсілге негізделген білім берудің жаңа 
тұжырымдамалары жасалуда. Бұл жағдайлар әдістеме аясында жаңа 
теориялық зерттеулер үшін негіз жасап, оқу үдерісін ұйымдастыруға жаңа 
кӛзқарастарды талап етеді. Білім беруді жаңарту оқытуды ұйымдастырудың 
дәстүрлі емес әдістері мен формаларын пайдалануды, соның ішінде 
пайдалану нәтижесінде балалардың бойында дүниені біртұтас қабылдауы 
пайда болатын, кӛп айтылатын оқытудағы дәл әрекетті тәсілдің ӛзі 
қалыптасатын кіріктіріп оқытуды талап етеді. Кіріктіру тек пәндер бойынша 
білімдердің ӛзара байланыстары кӛзқарасынан ғана емес, оқыту 
технологиялары, әдістері мен нұсқаларын кіріктіру ретінде қарастырылады. 
Педагогикалық технологиялардың түрлері кӛп, оларды түрлі 
негіздеріне қарап ажыратады. Дидактикада технологиялардың үш негізгі 
тобы атап кӛрсетіледі: 
1. Оқытудың түсіндіріп-кӛрсету технологиясы, оның түп мәні 
оқушыларды ақапарттандыру, оларға білім беру және жалпы оқу сияқты, 
арнайы (пәндік) біліктерді де қатар шыңдау мақсатында олардың 
репродуктивтік қызметін ұйымдастыру. 
2. Тұлғаның ӛздігінен дамуын орнатып оқытуды субъективтік негізге 
ауыстыруға 
бағытталған 
тұлғалық-бағдарлы 
оқыту 
технологиясы 
(Якиманская И.С.). 
3. Негізінде мектеп оқушыларының тұлғалық дамуының ішкі 
механизмдерін қосуға бағытталған оқыту амалы жатқан дамыта оқыту 
технологиясы [2]. Осы топтардың әрқайсысы оқытудың бірнеше 
технологияларын қамтиды. Осылайша, мысалы, тұлғалық-бағдарлы 
технологиялардың тобы деңгейлеп (саралап) оқыту технологиясын, 


52 
ұжымдасып ӛзара оқытуды, білімді толық меңгеру технологиясын, модульдік 
оқыту технологиясын және т.б. қамтиды. 
Бұл технологиялар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, 
мұғалім мен оқушылардың ӛзара әрекеттесуіндегі амалдарды жетілдіруге 
мүмкіндік береді. Бұл оқу-әдістемелік құралда қарастырылатын мәселелердің 
мәнмәтінінде, кӛптеген педагогикалық технологиялардың ішінен тілдерді 
оқытуда 23 айтарлықтай табысты қолданылып жүрген СLIL технологиясына 
назар аударылуда. 
CLIL ӛз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді - бұл 
дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын кӛздейді. 
CLIL негізін тӛрт C құрайды: − CONTENT (Мазмұн) - бұл пән саласындағы 
ілгері басатын білімдер, біліктер мен дағдылар; − COMMUNICATION 
(Қатынас) - бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері; − СOGNITION 
(Таным) - бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) 
танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту; − CULTURE (Мәдениет) - бұл 
ӛзін мәдениеттің бір бӛлігі ретінде ұғыну, сонымен қатар балама 
мәдениеттерді қабылдау. CLIL-дің негізгі қағидаларын анықтауда түрлі 
еуропалық елдерде мәдени және тілдік ортасын қамтитын, пәндік және 
білімділік міндеттерді шешуге бағытталған оның 4 негізгі қыры бӛліп 
кӛрсетіледі. Осы 4 қырының әрбіреуі білім алушылардың жасына, 
әлеуметтік-лингвистикалық ортасы мен CLIL ену дәрежесіне қарай түрліше 
жүзеге асырылады. 
СLIL технологиясы бойынша оқытудағы негізгі қағидалар болып 
табылатындар: 
- СLIL ұғымы шегінде орналасқан қағидалар. Бұған пәнаралық 
байланыстар, сонымен қатар тілдік құзыреттілік, тек оқуға ғана емес, 
сонымен қатар жаңа білімдерді ӛмірде пайдалануға, сәйкесінше ӛмірлік 
мотивацияны арттыруға дайындық, табысқа беталыс жатады. Осының 
барлығын CLIL оқытуының артықшылықтарына жатқызуға болады; 
- жоғарыда атап кӛрссетілген тӛрт компонент жүзеге асырылатын CLIL 
табысты сабағы; 
- одан ӛзге, әр сабақта тілдік дағдылардың барлық түрлері қолданылуы тиіс. 
CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары: 
1) оқытылатын пән арқылы шет ел тілін зерделеу; 
2) пәнді шет ел тілі арқылы зерделеу. 
Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту 
бір тұтасты құрайды. Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану, биология, 
химия, информатика, география және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла 
алады. Осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін таңдап алынуы толық 
негізделген. Ол үшін бұл пәндер білім беру мазмұнының ұлттық емес 
құрамдасын құрайтыны туралы тұжырымды еске алғанның ӛзі жеткілікті
ӛйткені француз физикасынан ӛзгеше неміс физикасы (химиясы, 
математикасы және т.б.) жоқ және т.с.с. Бұл тұжырымды тілдік немесе 


53 
әлеуметтік-гуманитарлық циклдағы пәндерге 24 қатысты айтуға болмайды: 
олар әрдайым этникалық тұрғысында шығады, сондықтан да ӛзінің жиынтық 
мәнінде білім берудің ұлттық мазмұнын құрайды. Жалпы білім беретін 
мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды: 
− тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады; 
− сабақтар еліктіргіш түрде ӛткізіліп, оқушылар ғылыми тәжірибелерді 
орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады; 
− тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген; 
− тілді қызықты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретіндей етіп 
пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі; 
− сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді; 
− мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады. 
Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және ӛткізудің бірнеше кезеңдері бар: 
1. Пәндерді (біздің жағдайда олардың тӛртеуі тілдік емес және біреуі 
тілдік пән) оқу кезінде жалпы ұғымдарды түсіндіруде пәндер бойынша оқу 
бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерді ұсыну барысында мұғалімдермен оны зерделеу, 
пысықтау, жинақтау және бақылау кезінде оқушылар білімін кіріктіруді 
талап ететін материалдар іріктеп алынады. 
Бұл үдерісте терминологиялардағы, түрлі оқу пәндеріндегі сол бір 
шамаларға арналған бірліктердегі келіспеушіліктер жойылады. Тақырыпты 
ӛту мерзімдері, қалыптасатын ұғымдар, пәнаралық байланыстардың түрі 
және т.б. кӛрсетілген кестені құру осы жұмыстың нәтижесі болуы мүмкін. 
2. Кӛрсетілген пәндер бойынша ӛзара байланысқан тақырыптардың 
кіріктірілген мазмұнын қарастыру, пәнаралық байланысы бар сабақтың 
тақырыбы мен мақсаттарын таңдау. 
3. Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, 
бақылау әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін 
бағалауды анықтау. Оқыту мазмұнының ӛзара әрекеттесуіне (ӛзара 
байланысуына), болашақ сабақтың уақытына алдын ала хронометражын 
ӛткізуге ерекше кӛңіл бӛлінеді. 
Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын 
да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Тілдік мақсаттарды 
белгілегенде, пән мұғалімі кӛмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне 
жүгіне алады. Мұғалімдердің мұндай серіктестігі сыныпта қолайлы білім 
беру ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады. Бірақ ең бастысы - сабақты 
жоспарлау барысында мұғалімдер «барлық мұғалімдер тілді үйретеді» деген 
жаһандық тұжырымды ұстануы тиіс [3]. 
Пәндік-тілдік кіріктірілген сабақта пәндік-тілдік кіріктіре оқытудың 
түбегейлі амалдарның бірі мәтінмен жұмыс істеу болсада, сабақта сӛйлеу іс- 
әрекеттерінің барлық түрлері болуы керек. Оқу материалын таңдап алғанда 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне жауап 
беретіндей, стилі жағынан алуан түрлі түпнұсқалық мәтіндерді таңдау қажет. 


54 
Егер мәтіндер шағын бӛлімдерге бӛлінсе және иллюстрациялармен, 
сызбалармен, суреттермен және т.б. сүйемелденетін болса, жақсырақ 
қабылданады. Мәтіндерде мәтіналды (prereading) және мәтінсоңы 
(afterreading) тапсырмалар болуы керек. Бұл тапсырмалар тек тілдік, сӛйлеу 
дағдыларын ғана емес, сонымен қатар когнитивтік дағдыларды да 
қалыптастыруы керек. Соңғыларына қатысты есте сақтайтын бір жағдай, 
олар когнитивтік дағдыларды қарапайым ой операцияларынан (тану, 
сәйкестендіру, ұғыну) ойлаудың күрделі нұсқаларына (талдау, синтездеу
бағалау) қарай ӛсірумен қалыптастыру қажет. Құрамында диаграммалар 
немесе кестелер бар мәтіндер тану кезеңі үшін идеалды түрде сай келеді. 
Материалды мәтіннен кестеге түсіру оқушыға ақпаратты жіктеп, бастысын 
екінші дәрежелі материалдан ажыратуға кӛмектеседі. 
CLIL сабақтарында тілдік біліктер мен пәндік білімдерді дамытудың 
маңызы бірдей болғандықтан, ондай сабақ кӛбіне тӛрт сатылы сызбаға 
негізделеді: 1. Мәтінді ӛңдеу. Мінсіз мәтінді оқу барысында оның 
визуалдылығын қамтамасыз ететін безендірулер болуы керек. Шет ел 
тіліндегі мәтінмен жұмыс жасауда, оқушыларға мәтінмен жұмысты 
айтарлықтай жеңілдететін, мәтінді құрылымдық белгілеу (қатарларды, азат 
жолдарын нӛмірлеу, бӛлімдерге, шағын тарауларға аталым беру) қажет. 2. 
Жете түсіну және алған білімдерді ұйымдастыру. Мәтіндер кӛбіне сызба 
түрінде беріледі, бұл оқушыларға мәтіннің идеясын, онда берілген ақпаратты 
анықтауға кӛмектеседі. 3. Мәтіннің тілдік ұғынуы. Оқушылардың мәтіннің 
идеясын ӛзінің сӛзімен жеткізе алатынына үміт етіледі. Оқушылар 
қарапайым тілдік тәсілдерді де, сонымен қатар айтарлықтай алға басқан 
түрлерін де қолдана алады, бұл жағдайда қандай да лексиканы таңдауда анық 
үдеме болмауы тиіс, дегенмен де, мұғалімнің оқушылардың назарын 
тақырыбы мен пәні бойыша сай келетін белгілі лексикалық бірліктерге 
аударуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет