“Қараман ата” туралы аңыз әңгімелер
Қараман Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде орналасқан, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман Ата Шопан Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М. Мендіқұлов Қараман Ата мешітінің салыну кезеңін ХІІІ ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді. Қараман атаға қатысты аңыз-әңгімелерді ашып тарқатсақ. Қараман ата Маңғыстау өңіріне суфизмді таратушы 300-ге жуық миссионерлердің бірі болып табылады. Қараман ататуралы түрлі аңыз-деректер бар.
М. Мирзаевтың кітабында қарақалпақ аңызыайтылады, онда Қараман ата туралы жалғыз көздіалып, кісі жегіш ретінде бейнелейді, ол өз кезегіндеЕсім батырға қулығын асырып өлтірген делінеді. Тағыбір қарақалпақ аңызында Қараман жауыз, сараң бай ретінде көрсетіледі.
Қараман атауы түркмен аңыздарында да кездеседі: сонау ертеде түркмендер арасында екі ағайындыбауыр өмір сүреді Ақман мен Қараман. Олар ел тұрғындары арасында жоғары сый мен құрметке иеболған. Күндердің күнінде Қожа Яссауимен арадатекетірес туындап ағайынды бауырлар батыс аймақяғни Маңғыстауға бет бұрады. Ағайындының біріқайтыс болғаннан кейін бауырына арнап салынғанөңірде қорым пайда болып, кейін жер асты мешітісалынады.
ХІХ ғасырға жататын басқа да дерек көздерісақталған «Маңғышылақтағы адайлықтардың өліаруақтар туралы қасиетті аңызы» Бұл ауызша аңыздаҚараманның Есен атаның баласы, Шопан атаныңнемересі екендігінен дәйек келтірілген. Шынында да Қараман көптеген келелі істер атқарып, атасының ізінқуып ұқсас болған. Соның бірі Шопан атасыныңқорымының жанынан жер асты мешітін салды. Қараман қайтыс болғаннан кейін сүйегін мешітқасына жерлейді. Қараман Ата мешіті батыс өңірдегіқасиетті жерлердің бірі болып саналады. Айтылғанаңызға сүйенсек осы өңірде мекендеген екі рудыңарасында дау-дамай туындайды, анық-қанығынанықтау мақсатында екі жақта Қараман атаныңбасына келіп ант беруге келіседі. Екі жақты келісімбойынша қасиетті ант берілгеннен кейін жалған ант берген ру адамдары сол жерде барлығы мерт болған.
Халық арасында келесідегідей аңыз кең таралған: бір кезде қазақтар мен түрікмен халықтары арасында келіспеушілік туындап, арадағы кикілжіңді біржақты қылу үшін Бекет атаға жүгінеді өз кезегінде Бекет ата Қараман Атаның басына барып дауға нүкте қоюды ұсынады, бұдан түйіндейтін ой Қараман атаның қасиетті екендігіне көз жеткізеді.
Қазіргі таңда Қараман Ата қорымының негізгі бөлігіқоршалған. Қорымның көлемі 4 га. Қорымныңоңтүстік батыс беткейінде қоршаудан тыс VIII-IX ғғ. белгіленетін қабірүсті ескерткіштер орналасқан. Олардың саны - 40 дана. Ескерткіштің қорғауаймағының жалпы ауданы - 7,2 га алып жатыр. Қараман Ата ескерткіші бүгінгі таңда тарихижәдігерлердің санатына жатқызылып мәдениқұндылық ретінде заңмен қорғалған.
“
Достарыңызбен бөлісу: |