Кикілжің
дегеніміз не?
Кикілжіңнің
тұлғаішілік
түріне сипаттама
беріңіз.
Кикілжің???
«Конфликт» сөзі «conflictus» латын тілінен енген, тікелей
мағынасы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың,
қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой-пікірлердің
қақтығысы. Екі не одан да көп индивидтің немесе топтың,
қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне,
қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасауы
немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту үдерісі.
Кикілжіңнің негізгі құрылымдық элементтері мыналар:
- кикілжің жақтары – кикілжің жағдайында болатын әлеуметтік өзара
әрекеттесетін субьектілер (қатысушылар);
- кикілжің заты – бұл кикілжің тудыратын нәрселер, атап айтқанда, нақты
материалдық және рухани қорлар, қанағаттандырылмаған қажеттіліктер,
тілектер, қызығушылықтар, яғни оның не үшін пайда болғанын көрсетеді;
- кикілжіңнің мотиві – қатысушыны кикілжіңге итермелейтін ішкі қоздырғыш
күш;
- кикілжіңге түсушілердің ұстанымы – кикілжің барысында бір-біріне
айтылатын жағдай.
Кикілжіңнің пайда болуына септігін тигізетін конфликтоген деп аталатын - сөз,
әрекет (шарасыздық) негізгі рөл атқарады.
Өмірде көбінесе әлеуметтік-тұрмыстық және отбасылық-тұрмыстық кикілжің
жиі болады, тұлғаралық қатынас реалистік не реалистік емес және
конструктивті және деструктивті болуы мүмкін.
Кез-келген кикілжің келіспеушілік ситуациядан пайда болады,бірақта кез-келген келіспеушілік ситуация кикілжіңге алып келеді.Кикілжіңдік
ситуацияның туу себептері.Олар:
1.Ақпараттық. Әрбір кикілжіңнің негізінде ақпарат жатыр. Ол қақтығысқа түскендердің бір жағына тиімді,екінші жағына тиімсіз болуы
мүмкін,шынайы немесе жалған, дәл емес фактілер болуы мүмкін,қарым-қатынас кезінде жалған хабар келуі мүмкін.
2. Құрылымдық фактор. Кикілжің әдетте әлеуметтік топтардың формальді немесе формальді емес ұйымдасуының нәтежиесінде туындайды.
Бұған мына мәселелер кіреді:жекелік,әлеуметтік статус,әртүрлі әлеуметік нормалар мен стандартты құрылымдар кіреді.
3. Бағалаушылық фактор. Бұл қолдап отыратын немесе терістейтін ұстанымдар.Олар қоғамдық,топтық не жекелік нанымдар жүйесі,
идиялогиялық,мәдениеттік,діндік.этикалық,саяси мамандық бағалаулар мен қажеттіліктер.
4. Қарым-қатынас факторы. Бұл қатынас кезінде немесе ол болмаған жағдайда қанағаттану сезімімен байланысты.Бұл жағдайда қатынастың
негізінен,оның мәнін,өзіне және өзгеге байланысты өзара тосулар,қатынастың мәнділігіне, қылығына өзіндік және кәсіби мақсатқа және өзіндік
мақсатқа байланысты болуы.
5. Мінез-құлықтық фактор. Егерде қызығуларға қысым көрсетілсе,өзіне-өзі баға берудің бұзылуы,қауіпсіздікке қысым көрсетілсе,неше түрлі
шарттар әділетсіздіктер пайда болса,мінез-құлықта эгоизм,жауапкершіліктің жоқтығы, онда бұл фактор кикілжіңдік ситуацияға алып келеді.
Реалистік кикілжіңнің мақсаты – материалды және материалды емес, нақты нәтижеге жету. Мұндай конфликт конструктивті және деструктивті
бағытта дамиды. Затсыз конфликттің мақсаты – шиеленісті жою, өзіндік бәсеңдету.
Егер конфликт өзара қарым-қатынасты дамытуда дәлелденген шешімді қабылдауға мүмкіндік туғызса, оны конструктивті кикілжің деп атаймыз.
Конструктивті кикілжіңнің ерекшелігі ол әңгімелесушілерде ұрыс-керістің затына бағытты сақтайды, және олар бірлескен іс-әрекеттің мақсаты мен
құралын саналы түсінеді. Өзінің және серіктесінің жағдайын, өзара мүмкіндігін бағалайды. Олардың әртүрлі пікірде болуы бір-бірімен қатынаста өзара
қанағаттанбаушылықты көрсетеді.
Тиімді өзара әрекеттестік пен шешімді қабылдауға кедергі келтіретін дау-дамай деструктивті кикілжің деп аталады. Олар серіктестердің бір-бірімен
өзара әрекеттестігіне қанағаттанбаған жағдайда туындайды. Онда нәтижесі белгілі бір «сын тұрғысынан» және бағынбаушылықтан көрінеді. Ол
серіктестің өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынуда оппоненттердің біреуінің екіншісін психологиялық жағынан басып тастауға, оны басқа
адамдардың көзінше кемсітуге дискредитация жасағанда көрінеді. Әдетте екінші жақ оған қаһарлы түрде қарсылығын білдіріп, бұл екі жақтың
арасындағы диалог жан-жалға айналып, оны шешу мүмкін емес болады. Бұл түрі денсаулыққа зиянын тигізеді. Кикілжіңді деструктивті шешудің
негативті салдары: біріншіден, адам «дауды мен жеңдім, ал анау жеңілді» деп ойласа да, екі жақ бірдей жапа шегеді. Екіншіден, екі жақтың біреуінде
болсын өкпе қалады, соның ішінде жеңіліп қалған адам өзін-өзі іштей кінәлайды, өзін төмен бағалап, сыйламайды.
Кикілжің – бұл көзқарастардың сәйкессіздігінің соқтығысуларынан өзара әрекеттесу
тәсілі, пікірлер және қызығушылықтар, өзара байланысты тайталастың, екі немесе
бірнеше жақтардың өз мақсаттарына жету үшін қудалауы, адамдар арасындағы
қатынас пен әлеуметтік байланыстардың қалыпты көрінісі.
Бірақ кез – келген маңызды нұсқада сақтау мен қатар талап ету маңызды, әлеуметтік
байланысты өзара әрекетік субъектті процесс және кикілжіңнің заңқой мінезі мен
қоғамдық табиғатқа нұсқау, қарсылықтарға назар салып айрықша бекіту, тайталасқа
қатыстыру кикілжіңнің жақтары, кикілжіңдік жүріс – тұрыс мүмкіндігінше
ерекшелеп бөліп шығару, кикілжіңді реттеу, демек оларды басқару.
Көптеген ойлардың шығуына сырт көрініс себеп болады, бірмәнді өзіндік салдар
адамдардың өзара байланысы мен кикілжіңдер шынайы өмірде ұзақ, үлкен сана –
сезімді қабылдап шығады, кез – келген әлеуметтік жүйе әсершіл аспаптармен дамиды.
Мұндай келісті мысал жанында көрсетуге болады, шекарадан рұқсат беріп өткізу мен
түрлі формадағы мінездердің арасындағы әлеуметтік байланыс және жекелеп
қарағанда кикілжіңді өмірдегі қайшылытан айқын ажыратуға болады – пікірлердің
сәйкессіздігі, қарапайым келісімнің болмауы, ұстанымдардың қарама – қарсылығы,
немесе басқа да өмірдегі маңызды мәселелер.
Конфликтілердің туындауына ықпал етуші психологиялық жеке тұлғалық ерекшеліктер
Даулардың туындауы, әдетте, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен қажеттілігіне
байланысты мінез-құлқымен тығыз байланысты.
Конфликтілердің едәуір тобын талдау, кез келген конфликтінің негізінде жеке тұлғалық нақты мүдделік
тұтынушылық қажеттіліктердің іске аспауы жатады екен. Әсіресе, егер мұндай тұлға белгілі бір билікке
ие болып, шешім қабылдай алатын болса.
Конфликтіде мұндай жекетұлғалардың жеке тұлғалық сипаттамасын анықтайтын мінез-құлық
сипаттамаларына тоқталайық:
· Жеке тұлғаның табиғи қасиеттері, оның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері;
· Қажеттілік, мотив, мүдде жүйелері;
· Өзі жайлы жандүниелік-ішкі көзқарасы, оның «мен-образы» жатады.
Табиғи қасиеттер-туыла біткен қасиеттер, бұл қасиеттер тұлғаның белсенділігінің және
эмоционалдылығының динамикалық айқындылық дәрежесін сипаттайды.
Жеке тұлға-индивидтің белсенділігі әр түрлі әрекеттерге ұмтылуы, өзін байқауға әрекет етуі, іс-қимыл
реакциясы мен психикалық процестердің жүру жылдамдығы әрекетін бейнелеп көрсетеді, индивидтің
әрекетінің қасиеті ретінде сипатталады. Белсенділіктің маңызды белгісі болып, бір жағынан үлкен қуат
пен жедел қозғалуға ұмтылысы, жедел сөйлеу,жедел қимыл етуге бейімділігі, екінші жағынан-баяулық,
психикалық іс-әрекеттерде пассивтілік, сөилеуде ымдық қимыл көп жасау білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |