Артикуляциялық фонетика және оны оқыту


Экскурсия – сөйлеу аппаратын дыбысты айтуға дайындау немесе артикуляцияның басы; Үзінді



бет2/3
Дата21.09.2022
өлшемі6,88 Mb.
#39794
1   2   3
Экскурсия – сөйлеу аппаратын дыбысты айтуға дайындау немесе артикуляцияның басы;
Үзінді – айтылу үшін қажетті мүшелердің орнын сақтай отырып, айтылымның
өзі;
Рекурсия – дыбыстың аяқталуы болып табылатын артикуляцияның аяқталуы. сөйлеу мүшелері келесі дыбысты айту үшін орнын өзгертеді немесе тыныштық күйіне өтеді.
Дыбыс артикуляциясы 3 кезеңнен тұрады:
Артикуляция – тіл дыбыстарын аутудағы сөйлеу мүшелерінің қызметі. Артикуляциялық база – белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің қимылы мен бағыты.Сөйлеу дыбюыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.
Адамның дыбыстау мүшелері негізгі үш саладан тұрады:
Тыныс мүшелерінің ең бастысы — өкпе. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу кезінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез енеді. Тамақ пен дыбыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы айтылады. Тамақтың сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы орналасады. Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауны тосқауылдан, бірде керіліп , екеуінің арасы (дауыс шымылдығы — тамақтың ішкі жағында бір- біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет) жымдасып тұрады да, діріл пайда болып, одан үн шағанды.
    • Тамақ мүшелері
    • Қуыс мүшелері

Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады.Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де, діріл шамалы болды. Сондықтан бұл дыбыстарда үннің қатысы жоқ.Қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да, ешқандай діріл пайда болмайды, сол себепті ол дыбыстардың құрамында үннің қатысы жоқ.
Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінін пайда болған дауыс немесе үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады.
Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы болып екіге бөлінеді. Ауыз қуысындағы дыбыс шығаруға қатысы бар кедергі мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек, езу. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны өткізеді. Содан кейін мұрын жолы арқылы м, н, ң үнді (сонар) дауыссыздары жасалады.
Ауыз қуысындағы мүшелердің ең бастысы – тіл. Тіл өте жылжымалы мүше; тіл ауыз қуысындағы өзге мүшелерге қақтығып, бірде ұшынан, бірде орта, бірде артқа шетінеп қимылдап құбылып тұрады. Дыбыстарды тілдің өзге мүшелерге не тиюі, не жуықтауына қарай соның атымен топтастырамыз. Дыбыстарды тілдің артқы, орта шені немесе ұшы қимылдауына қарай да топтастырамыз.
Жылжымалы мүшелердің бірі – ерін. Дыбыстарды шығаруда үстіңгі еріннен гөрі астыңғы еріннің қызметі (ролі) басым. Екі ерін бірде өзара жымдасып (б, п), бірде астыңғы ерін тіске қақтығысып (ф, в), бірде дөңгеленіп, (ұ,о), бірде тартылу арқылы да түрлі дыбыстар жасалады. Таңдай арқылы да едәуір дыбыстар жасалады. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше артқы, орта, алдыңғы таңдай үшке бөлінеді.
Дыбыс – күрделенген вибрациялық (дауыс шымылдығының дірілі) қимылдың нәтижесінен өзінің ырғағы, күші, әуеніне қарай дыбыстар да әр түрлі болады.
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді: 1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады. 2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар. 3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б. 4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс, т.б. 5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Ғалымдардың қазақ тілін оқытудағы тиімді жолдары:
Ә.Исабаев өзінің «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген еңбегінде оқытуәдістерін: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіружәне кітапты пайдалану әдісі деп теориялық,тәжірибелік тұрғыда оның төрт түріне тоқталады
Ә.Исабаев қазақ тілінен білім беру әдістерін былайша топтайды:
  • Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері (Қазақ тілін әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйретуәдісі, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі).
  • Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері (Әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі, кітапты пайдалану әдісі).
  • Қазақ тілін теориялық және практикалық жақтан үйрету әдістері (дайын материалды талдау әдістері, фонетикалық талдау әдістері, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдің материалдың түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі, диктант жазу әдісі).

Тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады3. Түрі: Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады. Осыған байланысты дыбыстар екіге бөлінеді. Олар: дауысты және дауыссыз.Оқушылар пікірі тыңдалады. А - бұл дыбыс, дауысты дыбыс себебі өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. Қ - бұл дыбыс дауыссыз дыбыс себебі өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап ауа қысылып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет