"Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары



Дата15.06.2023
өлшемі40,11 Kb.
#101712
түріРеферат

РЕФЕРАТ



"Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

"Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 Бұйрығы
Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Күйдіргінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
СҚП-да және күйдіргі бойынша қауіп төндіретін аумақтарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының күйдіргінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруы және жүргізуі мыналарды:
1) адамның күйдіргімен сырқаттану жағдайларын тіркей отырып, күйдіргінің эпидемиялық ошақтарын, СҚП-ны анықтау, тіркеу және есепке алуды;
2) күйдіргі ошақтарының айналасындағы санитариялық-қорғаныш аймағында орналасқан жер учаскелерін адамның қызметінде пайдалануын болдырмауды бақылауды;
3) күйдіргі ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды;
4) адамдарды күйдіргіге қарсы профилактикалық вакцинациялауды бақылауды;
5) эпидемиялық ошақтарда профилактикалық, ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау ұйымдастыруды;
6) күйдіргінің инфекция көздерін, оның берілу факторларын, жолдарын және профилактика шараларын көрсете отырып, халық арасында, сондай-ақ жануарлардан алынатын шикізатты дайындаумен, жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді қамтиды.
Халықты күйдіргіге қарсы жоспарлы профилактикалық егуді денсаулық сақтау ұйымдары халықтың мынадай контингентіне:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, денсаулық сақтау, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын органдар мен ұйымдардың және күйдіргі ошақтарында және күйдіргі қоздырғышын жұқтыру күдігі бар материалмен жұмыс істейтін және күйдіргі қоздырғышының болуына сынама алуды, зерттеуді жүргізетін зертханалардың мамандарына;
2) жануарларды, жануардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын ет өңдеу кәсіпорындарының, мал соятын пункттердің, мал соятын алаңдардың және ішкі сауда объектілерінің жұмыскерлеріне;
3) мал союмен, СҚП аумағынан әкелінген жануардан алынатын өнімдер мен шикізатты жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және алғашқы өңдеумен айналысатын адамдарға жүргізеді.
Ведомстволық тиістілігіне және меншік нысанына қарамастан, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың, мекемелердің басшылары адамдарға күйдіргінің жұғуының алдын алуға бағытталған санитариялық-профилактикалық және дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.
ЖАО ветеринариялық бөлімшелері аумақтық бөлімшенің өкілімен және жануарлардың және (немесе) адамның күйдіргімен ауыру (күдікті) жағдайының тіркелуі бойынша ЖАО тиісті бөлімшелерімен бірлесіп:
1) эпизоотиялық және (немесе) эпидемиялық ошақты шоғырландыру, жою бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды;
2) күйдіргінің қоздырғыштарын жұқтырған деп күдіктенген өнімдерді (сүт, ет, тері) өткізуге және шығаруға жол бермейді;
3) ауырған жануарлардың, жануарды еріксіз сойғаннан кейін алынған, оның ішінде ошақтан сыртқа шығарылған ет, ет өнімдері, тері және шикізаттың орналасқан жерін анықтайды;
4) өлген жануарларды және ықтимал инфекция көздері және (немесе) инфекцияның берілу факторлары болған мал шаруашылығы өнімдерін, былғары, тері және өндірістерді жою бойынша шараларды ұйымдастырады;
5) эпидемиялық және (немесе) эпизоотиялық процеске қатысатын ұйымдар мен мекемелерде сумен жабдықтау жүйесін, аумақты абаттандыру және эпидемияға қарсы режимді сақтауды күшейтіп қадағалауды енгізу;
6) эпизоотиялық ошақта дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды ұйымдастырады, спороцидті қасиеттері бар препараттармен қорытынды дезинфекциялау жүргізеді және олардың тиімділігін бақылайды;
7) халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Аумақтық бөлімшелердің мамандары күйдіргінің эпидемиялық ошағында эпидемиялық ошақты шоғырландыру мен жоюға бағытталған мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) ошақты эпидемиологиялық тексеру, күйдіргі қоздырғышы бар материалмен жанасқан адамдарды, ауру жануарды күтіп-ұстаған, ауру жануардың етінен тамақ дайындаған және (немесе) оны тамаққа пайдаланған адамдарды анықтау;
2) ЖАО ветеринариялық бөлімшелерімен бірлесіп ошаққа эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді;
3) ЖАО ветеринариялық бөлімшелерімен бірлесіп эпидемиялық ошақтың шекарасын, ошақтың қалыптастыруына ықпал ететін себептер мен факторларды айқындау, инфекция көзі мен резервуарын анықтайды;
4) денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп антибактериялық профилактикалық емдеуге жататын, жұқтыру қаупі бар адамдар (аты-жөні бойынша) тобын анықтайды;
5) эпидемиялық ошақта дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды ұйымдастырады, спороцидті қасиеттері бар препараттармен қорытынды дезинфекциялау жүргізеді және олардың тиімділігін бақылайды;
6) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді.
Денсаулық сақтау ұйымдары:
1) науқастарды белсенді түрде анықтауды, диагностикасын және оларды емдеуге жатқызуды, аулаларды (пәтерлерді) аралауды;
2) соңғы науқас анықталған сәттен бастап күн сайын тері жабынын қарау арқылы күнтізбелік 14 (он төрт) күн бойы инфекция көзімен қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылауды;
3) инфекционист дәрігердің тағайындауы бойынша шұғыл профилактиканы;
4) санитариялық-ағарту жұмысын жүзеге асырады.

Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Туляремиямен сырқаттану жағдайларының пайда болуының және таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сырқаттанушылық мониторингін, аумақтың эндемиялылығын зерделеу, қоздырғыштың айналымын бақылау, жағдайды бағалау, болжамдау және жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бақылауды қоса алғанда, эпизоотиялық және эпидемиялық процестерді бақылау болып табылады.
Туляремияның табиғи ошақтарын зоологиялық-паразитологиялық тексеру негізінде аумақтық бөлімшелер ЖАО-мен бірлесіп санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
1) іс-шаралар өткізудің көлемін және мерзімін негіздеу арқылы кейін оның тиімділігін бағалай отырып, туляремияның табиғи ошақтарын сауықтыру (дератизация, кенелерді жою);
2) жаңа аумақтарға инфекцияның әкелінуінің алдын алу;
3) медицина қызметкерлерін дайындау;
4) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.
Халықты қайта вакцинациялау әрбір 5 жыл сайын жүргізіледі.
Денсаулық сақтау ұйымдары:
1) этиологиясы белгісіз лимфоадениттермен, коньюнктивиттермен, паротиттермен, ангиналармен және ұзақ уақыт бойы пневмониялармен ауырған, бес күннен астам қызбасы бар науқастар анықталған кезде туляремияға қан сарысуының сынамасын алады;
2) орташа немесе ауыр өтетін туляремияның абдоминалды, өкпе, конъюнктивалды-бубонды, ангина-бубонды, жара-бубонды және бубонды түрлерімен науқастар анықталған кезде инфекциялық стационарға (бөлімшеге) немесе оқшауланған бөлек терапевтік палатаға (боксқа) емдеуге жатқызады;
3) аурудың жеңіл өтетін, бірқалыпты анық лимфаденитпен және 37,5 ºС-тан аспайтын қызба реакциясы бар тері-бубонды және бубонды түрі кезінде амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі;
4) қарым-қатынаста болған және жұқтыру қаупі бойынша науқаспен бірдей жағдайларда болған адамдарды медициналық бақылауды күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн бойы жүргізеді.
Денсаулық сақтау ұйымдары эпидемиялық ошақта:
1) сауалнама жүргізу, тексеру және аулаларды (пәтерлерді) аралау арқылы науқастарды белсенді түрде анықтауды;
2) инфекция көзімен қарым-қатынаста болған адамдарды соңғы науқас анықталған сәттен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн бойы күнделікті екі рет дене температурасын өлшеу арқылы медициналық бақылауды;
3) инфекционист дәрігердің тағайындауы бойынша шұғыл антибиотиктік профилактиканы;
4) санитариялық-ағарту жұмысын жүзеге асырады.
Туляремия бойынша эндемиялық аумақта жоспарлы дератизациялық іс-шаралар жыл сайын кемінде екі рет (көктем, күз) және дезинсекциялық іс-шаралар қансорғыш буынаяқтылардың белсенді кезеңінде (көктем және жазда) бір рет жүргізіледі.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (бұдан әрі – КҚГҚ) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық талаптар сырқаттанушылық мониторингін, аумақтың эндемиялылығын зерделеу, қоздырғыштың айналымын бақылау, жағдайды бағалау, болжамдау және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бақылауды қоса алғанда, зоологиялық-паразитологиялық және эпидемиялық процестерді бақылау болып табылады.
1) түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (көп болу, басымдылық және кездесу индекстерін анықтау);
2) кене басу деңгейін бағалау үшін кемінде 10 (он) ауланы (үйлер және ауыл шаруашылығы жануарлары қоралары үшін) қамту арқылы елді мекендерде кенелер жинауды;
3) әрқайсысынан кемінде 5-10 басты тексеру арқылы кене басу деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы, үй жануарлары мен үй құстарынан кене жинауды;
4) кене басу деңгейін бағалау үшін кеміргіштерден және індерден кене жинауды;
5) кенелердің түрлік құрамын айқындауды;
6) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама қоректендірушілерін айқындауды;
7) кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және шаруашылық факторларының әсерін талдауды;
8) кенелердің тіршілік әрекеті циклін фенологиялық бақылауды;
9) зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда (үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды жинауды;
10) кенелердің жаппай пайда болуы және олардың адамдарға белсенді шабуылы кезінде аулаларды тексеруді;
11) КҚГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді тексеруді;
12) жаздық жайылымға көшкен кезде мал шаруашылығы үй-жайларында, ашық қораларда және уақытша тұрақтарда кенелердің болуын тексеруді (айына бір реттен сиретпей);
13) табиғи ошақ аумағын сауықтыру дәрежесін және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілген дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Hyalomma asiaticum (гиалома азиатикум) кенелері көп аудандарда кенеге қарсы іс-шаралар Кодекстің 107-бабына сәйкес наурыз-шілдеде және қыркүйек-қазанда, Hyalomma anatolicum (гиалома азиатикум) кенелері басым орындарда шілде-тамызда жүргізіледі. Ошақтың паразиттік жүйесінде аталған түрлерден басқа Dermacentor niveus (дермацентор нивеус) кенелері болған жағдайда кенеге қарсы іс-шаралар жылдың барлық жылы кезеңі ішінде жүргізіледі.
КҚГҚ-мен ауыратын науқастарды анықтауды денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Кене шағуынан зардап шеккен барлық адамдарға күнделікті екі рет дене қызуын өлшеу, күнтізбелік 14 (он төрт) күн бойы тері жабындарын тексеру арқылы медициналық бақылау белгіленеді және қажет болған жағдайда вирусқа қарсы препараттармен профилактикалық терапия тағайындалады немесе денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызылады.
Этиологиясы белгісіз қызба салдарынан амбулаториялық жағдайда емдеудегі науқастар геморрагиялық синдром қосылған жағдайда шұғыл түрде алғашқы қарау кезіндегі аурудың ауырлығына қарамастан, биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, инфекциялық стационарға (бөлімшеге) емдеуге жатқызылады.
Табиғи ошақтылық аймағында және оған іргелес аумақтарда КҚГҚ ауруына күдігі бар адам медициналық көмекке жүгінген жағдайда биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып (медицина қызметкерінің өзіне, науқасқа және барлық айналадағыларға қатысты), медицина қызметкерлері оны саралап диагностикалау (міндетті түрде эпидемиологиялық анамнез жинау арқылы) және бастапқы тексеру кезіндегі аурудың ауырлығына қарамастан емдеу мақсатында шұғыл емдеуге жатқызу бойынша шаралар қабылдайды.
ҚКГҚ-мен ауыратын науқасты немесе ауруға күдікті пациентті анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары эпидемиологиялық анамнез жинайды, науқасты жақын жердегі инфекциялық стационарға (бөлімшеге), оқшауланған бөлек палатаға немесе боксқа жатқызады, онда қажетті биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оған білікті медициналық көмек көрсетіледі.
Денсаулық сақтау ұйымдары эпидемиялық ошақта:
1) сауалнама, қарап-тексеру және аулаларды (пәтерлерді) аралау арқылы науқастарды белсенді анықтау;
2) науқастарды анықтау және емдеуге жатқызу;
3) науқастардан және ҚКГҚ ауруына күдікті адамдардан материал алу;
4) соңғы науқас анықталған сәттен бастап күн сайын тері жабынын қарау, екі рет қызу өлшеу арқылы күнтізбелік күнтізбелік 14 (он төрт) күн бойы қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау;
5) КҚГҚ ауырған науқаспен қарым-қатынастың түріне байланысты инфекционист дәрігердің тағайындауы бойынша биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымына провизорлық емдеуге жатқызу арқылы вирусқа қарсы препараттармен профилактикалық терапияны тағайындау;
6) санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді.
Эндемиялық аумақта бір науқас бар болатын бүкіл елді мекен КҚГҚ-ның эндемиялық ошағы болып есептеледі, эндемиялық аймақтан тыс орналасқан қалаларда және кенттерде науқастың болатын орны (жеке үй иелігі, пәтер немесе денсаулық сақтау ұйымы) эндемиялық ошақ болып есептеледі.
КҚГҚ ошағындағы барлық жұмыстар ІІ-типті қорғаныш костюмімен, арнайы аяқкиіммен (етік немесе қонышы ұзын бәтеңке) және резеңке қолғаппен жүргізіледі.
Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
МЗПТ БСГҚ бойынша ошақтылық аумағында зоологиялық-паразитологиялық тексеру жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:
1) кеміргіштердің шоғырлану орындарын және санын ұсақ сүтқоректілердің түрлік құрылымын және олардың популяцияларындағы эпизоотия деңгейін (сәуір-мамыр және қазан-желтоқсан) анықтау арқылы есепке алу;
2) кеміргіштердің көбею қарқындылығын бағалау және олардың санының өзгеруін қысқа мерзімді болжау;
3) кеміргіштердің азықтық базасы мен ауа райы жағдайларына байланысты деректер жинау;
4) хантавирустық антигеннің болуына зертханалық зерттеу үшін кеміргіштерді аулау және тышқан текті кеміргіштердің хантавирусты жұқтыру деңгейін айқындау;
5) БСГҚ белсенді табиғи ошақтарын анықтау және табиғи ошақтардың белсенділік дәрежесі бойынша бақыланатын аумақты ландшафтылы-географиялық аудандастыру;
6) БСГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген жағдайда елді мекендер мен ошақтарды тексеру.
Адамның БСГҚ ауруымен сырқаттану жағдайын аумақтық бөлімшелер:
1) ошақты зоологиялық-паразитологиялық тексеру;
2) ошақтың шекарасын, инфекция көзін, резервуарын, ошақтың қалыптастыруына ықпал ететін себептер мен факторларды айқындау;
3) жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдар (аты-жөні бойынша) тобын анықтау;
4) ошақтарда дезинфекциялық және дератизациялық іс-шараларды ұйымдастыру және олардың тиімділігін бақылау;
5) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді жүзеге асыру арқылы эпидемиологиялық тергеп-тексереді.
Денсаулық сақтау ұйымдары эпидемиялық ошақта:
1) сауалнама, қарап-тексеру және аулаларды (пәтерлерді) аралау арқылы науқастарды белсенді анықтауды;
2) науқастарды анықтау және емдеуге жатқызуды;
3) БГСҚ-мен ауыратын науқас және күдікті адамдардан материал алуды;
4) санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді.

Құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Құтырумен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау:
1) жануарлардың шабуылдауы және тістеуі себебі бойынша халықтың жүгінуіне мониторинг жүргізуді;
2) аумақтастыру, эпидемиялық және эпизоотиялық процестердің маусымдылығы, кезеңділігі жағдайларын ескере отырып адамдардың құтырумен сырқаттануына мониторинг жүргізуді;
3) адамдарды құтыруға қарсы профилактикалық вакцинациялау жүргізу қажеттілігі мен көлемін айқындауды;
4) кәсіби қызметі құтыруды жұқтыру тәуекеліне байланысты адамдарға профилактикалық егу жүргізуді бақылауды және антирабиялық көмек көрсету нәтижесі бойынша деректерді талдауды;
5) жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалауды;
6) халықтың құтырумен сырқаттануын талдауды және эпидемиологиялық жағдайдың дамуын болжауды;
7) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді қамтиды.

Адамдарды құтыруға қарсы профилактикалық вакцинациялау № 612 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.


Құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған (жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейлеуінен, сондай-ақ құтырудан өлген жануарларды бөлшектеу кезінде зардап шеккен) адамдарды анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары олар туралы тез арада аумақтық бөлімшеге және ЖАО-ның ветеринариялық бөлімшесіне хабарлайды.
Құтыруға күдікті адамдар инфекциялық стационарлардың (бөлімшелердің) жеке бокстарына жатқызылады.
Адамдар құтырумен ауырған немесе құтыру вирусын жұқтыру тәуекелі бойынша жүгінген жағдайда аумақтық бөлімше ЖАО-ның ветеринариялық бөлімшесінің өкілімен бірлесіп:
1) ошаққа тез арада бірлескен эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді;
2) қауіп төндіретін аймақтың шекарасын айқындайды және эпизоотиялық ошақты таратпау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
3) денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған және профилактикалық егуге мұқтаж адамдар тобын (аты-жөні бойынша) анықтайды;
4) қолайсыз пунктте құтырумен ауыратын, ауруды жұқтыруға күдікті жануарларды анықтау, жануарларды (иттер, мысықтар) ұстау жағдайларын тексеру үшін аулаларды (пәтерлерді) аралауды ұйымдастырады;
5) оқшаулап және бақылауда қалдырылатын тістеген адамдар мен жануарларды қоспағанда, анықталған құтырумен ауыратын жануарларды кейіннен өртеу арқылы оларды өлтіру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
6) ықтимал инфекция көзі және (немесе) инфекцияның берілу факторлары болған мал шаруашылығы, былғары, тері өндірістері өнімдерін жою бойынша шараларды ұйымдастырады;
7) құтыру қоздырғыштарын жұқтыруға күдікті өнімдерді (сүт, ет, тері) өткізуге және сыртқа шығаруға жол бермейді;
8) эпидемиялық және эпизоотиялық ошақтарда дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастырады;
9) адамдар арасында ауру жағдайларына жол бермеу бойынша іс-шараларды және құтырумен сырқаттанудың қауіптілігі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары кез келген жануардың тістеуі, тарнауы, сілекейлеуі себебі бойынша жүгінген барлық адамдарға, сондай-ақ құтырудан өлген жануардың етін бөлшектеу, өлекселерін ашу кезінде зардап шеккен адамдарға тез арада медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетеді (көп мөлшерде 20% сулы-сабынды ерітіндімен шаю) және травматологиялық пункттерге немесе хирургиялық кабинеттерге жібереді.
Жануарлардың тістеуінен, тырнауынан немесе сілекейлеуінен, сондай-ақ құтырудан өлген жануарды бөлшектеу кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мыналарды қамтиды:
1) зақымданған, сілекейленген жерді (жара, сызат, тырналған жер) тез арада 20% сулы-сабынды ерітіндімен өңдеу, жараның шеттерін спиртті йод ерітіндісімен өңдеу, стерильді таңып байлау. Алғашқы күнтізбелік үш күн ішінде өмірлік немесе косметикалық көрсетілімдер бойынша араласуды талап ететін зақымдарды қоспағанда, жараның шеттері алынбайды және тігілмейді;
2) жергілікті өңдеу жүргізілген соң құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарға антирабиялық вакциналар мен антирабиялық иммуноглобулин қолдану туралы нұсқаулықта (ережеде) көзделген тәртіппен және мерзімдерде тез арада иммундау жүргізіледі;
3) тістелген жаралар кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және сіреспеге қарсы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (ережеге) сәйкес сіреспенің шұғыл профилактикасын жүргізу;
4) зардап шеккен адамды ауылдық жерден медициналық көлікпен жеткізу, келуден жалтарғандарды антирабиялық екпелер курсын жалғастыру үшін әкелуді қамтамасыз ету;
5) зақым келтірген жануардың денсаулық жағдайы туралы ветеринариялық қызметтің анықтамасы негізінде әрбір зардап шегуші адам үшін екпелер курсын нақтылау;
6) профилактикалық емдеу курсынан жалтарған немесе өз еркімен тоқтатқан жағдайда қажетті шараларды қабылдау;
7) егілетін адамға иммундау басталған сәттен бастап алты ай мерзімге алкогольді тұтынуға жол берілмеуі, сондай-ақ қатты шаршау, салқын тию және қатты қыздырынуды болдырмау туралы ескерту;
8) аумақтық бөлімшеге зардап шеккен адамның профилактикалық егу курсы аяқталғанға дейін тұрғылықты жерді ауыстырғаны туралы ақпарат ұсыну.
Денсаулық сақтау ұйымы әрбір жүгінген адамға "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелердің картасы" № 065/е нысанын толтырады.
Денсаулық сақтау ұйымдары егілетін адамды емдеуге жатқызуды клиникалық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырады.
Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттерді, мысықтарды (анық құтыру белгілері бар жануарларды қоспағанда) тез арада иелері немесе қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы бригада күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оқшаулау және ветеринариялық мамандардың бақылауы үшін жақын жердегі ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізуі тиіс.
Жекелеген жағдайларда ветеринариялық емдеу ұйымының рұқсаты бойынша адамдар немесе жануарларды тістеген жануар иесінде қалдырылады, ол осы жануарды күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оқшауланған үй-жайда ұстау және оны ветеринариялық дәрігердің тексеруіне әкелу туралы жазбаша міндеттеме береді.
Осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігер оқшауланған жануарларға бақылау жүргізеді. Бақылау нәтижесі туралы ақпарат бақылау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күннен кешіктірілмей зардап шеккен адамды егетін денсаулық сақтау ұйымына және аумақтық бөлімшеге, зардап шеккен адамның тұрғылықты жері бойынша ЖАО-ның ветеринариялық бөлімшесіне жазбаша түрде беріледі.
Құтыруға тексерілген жануардың зертханалық диагностикасының нәтижесі оң болған жағдайда зардап шеккен адамның басталған арнайы антирабиялық емдеу курсы жалғастырылады, нәтижесі теріс болған жағдайда профилактикалық егу курсы тоқтатылады.
Жануарда құтыруға күдікті клиникалық көріністер бар болған жағдайда адамды антирабиялық емдеу курсы зертханалық диагностиканың теріс нәтижесіне қарамастан жалғастырылады.

Листериоздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Листериозбен сырқаттанудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық талаптар жағдайды бағалау және адамдар арасында инфекцияның туындауына, таралуына, эпидемиялық ошақтарды қалыптастыруға жол бермеуге бағытталған шараларды әзірлеу болып табылады.
Листериозбен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау мыналарды қамтиды:
1) қоршаған ортада қоздырғыштың айналымын, тамақ өнімдерінің ластануын, эпидемиологиялық маңызды объектілердің болуын және жағдайын бақылау;
2) аудандастыру (аумақтандыру) және эпидемиологиялық жағдайдың дамуын болжау жағдайларын ескере отырып, халықтың листериозбен сырқаттанушылығын талдау;
3) бактерия тасымалдаушыларды анықтау және санациялау мақсатында әсіресе халықтың декреттелген топтарын, ауырып сауыққан адамдарды есепке алу және динамикалық бақылау;
4) листериозға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың қажеттілігі мен жүргізу көлемін анықтау;
5) тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде қоздырғыштардың берілуінің алдын алатын санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешенін жүргізу;
6) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысы.

Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Лептоспироздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық талаптар жағдайды бағалау, адамдар арасында инфекцияның пайда болуын, таралуын және эпидемиялық ошақтардың қалыптасуын болдырмауға бағытталған барабар шараларды әзірлеу болып табылады.
Лептоспирозбен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау:
1) қоршаған ортада қоздырғыштың айналымын бақылау және ошақтардың болуын және типін айқындау;
2) ошақтың эпизоотиялық белсенділігін тұрақты бақылау;
3) синантропты кеміргіштер санының динамикасы мониторингі;
4) лептоспиралар таратушыларының түрлік құрамын зерделеу;
5) лептоспиралардың серологиялық құрылымын анықтау;
6) лептоспироз ошағының эпидемиологиялық маңызы бар объектілермен (демалыс аймағы, мал шаруашылығы фермасы, ауыл шаруашылығы, гидромелиорациялық жұмыстарды жүргізу, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, сауда аудандары) өзара байланысын анықтау;
7) эпидемиологиялық жағдайдың өзгерістерін жедел талдау, олардың эпидемиялық қауіптілігі дәрежесін бағалау;
8) жағдайлардың одан әрі дамуын болжау және профилактикалық іс-шараларды өткізу;
9) лептоспирозға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу көлемі мен қажеттілігін анықтау;
10) ошақтарда, объектілерде дезинфекциялау, қауіп төндіретін учаскелер мен табиғи ошақ аумағында дератизациялау (шұғыл дератизация);
11) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.

Бруцеллездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Бруцеллездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу адамдардың бруцеллезді жұқтыруын болдырмауға бағытталған.
Жұқтыру жолдарын анықтау үшін меншік нысанына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдейтін кәсіпорындарға (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері, сою алаңдары, сүт зауыттары) эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.
Бруцеллез жұқтырған және бруцеллезбен ауыратын адамдарды уақтылы анықтау мақсатында Кодекстің 86-бабына сәйкес міндетті медициналық профилактикалық тексеруге жұмысқа тұру кезінде және одан әрі жыл сайын азаматтардың мынадай санаттары жатады:
1) малшылар және олардың отбасы мүшелері;
2) малға қызмет көрсетумен айналысатын уақытша тартылған жұмыскерлер, құрылысшылар, механизаторлар, мал шаруашылығының шаруашылық жүргізуші субъектілерінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар;
3) мал шаруашылығы шикізатын және өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының тұрақты және уақытша жұмыскерлері;
4) қаракөл, тері зауыттарының, жүнді алғашқы өңдеу фабрикаларының, тері, жүн өңдеу бойынша шағын кәсіпорындардың жұмысшылары;
5) медицина, ветеринария және бруцелланың тірі өсірінділерімен, жұқтырылған материалмен, вакцина препараттарымен жұмыс істейтін персонал;
6) алғашқы латентті бруцеллезбен ауыратын және серологиялық реакциялар бойынша бруцеллезге оң әсер беретін адамдар.

Бруцеллезге оң әсер беретін адамдар, бруцеллез инфекциясына тән клиникалық көріністері бар науқастар клиникалық көріністер бейіні бойынша мамандарды (инфекционист, невропатолог, гинеколог, уролог, хирург) тарта отырып, тереңдетілген медициналық тексерілуге жатады.


Ошақта жеке шаруашылық жануарларымен байланыста болған барлық адамдар, балаларды қоса алғанда, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тез арада тексерілуге жатады (клиникалық тексеру, қанды серологиялық, бактериологиялық және генетикалық әдістермен зерттеу).
Қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау ауру жануарлар жойылған және ошақ санацияланған сәттен бастап 6 (алты) ай бойы белгіленеді.
Қарым-қатынаста болған адамдарға жыл бойы әрбір 2 (екі) ай сайын зертханалық зерттеу және бақылау жүргізіледі.
Жіті бруцеллезбен ауырып сауыққан адамдар процестің клиникалық-иммунологиялық хронизациялау белгілері болмаған жағдайда ауырған сәттен бастап 2 (екі) жыл бойы бақыланады.
Аумақтық бөлімшелер ЖАО-ның ветеринариялық бөлімшелерімен, аумақтық ветеринария бөлімшелерімен және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп бруцеллез бойынша қажетті санитариялық-гигиеналық білімді халықтың үлкен топтарына жеткізу мақсатында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді.
Аса қауіпті инфекциялық аурудан қайтыс болған адамның мәйітін тасымалдау және жерлеу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Адамның болжалды, ықтимал немесе расталған аса қауіпті инфекциялық аурудан қайтыс болу жағдайы анықталған кезде іс-шаралар көлемі мен сипаты инфекциялық аурудың нозологиялық нысанымен және мәйіт анықталғаннан кейін тез арада эпидемияға қарсы режим сақтала отырып, жүргізілетін эпидемиологиялық тексерудің деректерімен айқындалады.
Алдын ала диагнозды қою және санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде инфекциялық аурулардың инкубациялық кезеңінің мынадай мерзімдерін басшылыққа алу қажет:
1) оба – күнтізбелік 6 (алты) күн;
2) тырысқақ – күнтізбелік 5 (бес) күн;
3) сары қызба – күнтізбелік 6 (алты) күн;
4) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – күнтізбелік 14 (он төрт) күн;
5) туляремия – күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн;
6) күйдіргі – күнтізбелік 8 (сегіз) күн;
7) Эбола, Марбург, Ласса вирустары тудырған аурулар – күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн;
8) жабайы полиовирус тудырған полиомиелит – күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн;
9) тұмау – күнтізбелік 7 (жеті) күн;
10) Батыс Ніл қызбасы – күнтізбелік 8 (сегіз) күн;
11) Денге қызбасы – күнтізбелік 14 (он төрт) күн;
12) Рифт-Валли қызбасы – күнтізбелік 6 (алты) күн;
13) менингокк инфекциясы – күнтізбелік 10 (он) күн.
Аса қауіпті инфекцияларға күдікпен қайтыс болған адамдардың мәйіттері міндетті патологиялық-анатомиялық ашуға, ал олардың ішкі ағзалары – бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық және ПТР зерттеуге жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет