Ашекеева Қ


Гегельдің  мәдениет  тҧжырымы



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#20369
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Гегельдің  мәдениет  тҧжырымы.  Дүниежүзілік  тарих  пен  мәдениеттер  дамуын 

идеалистік  философия  тұрғысынан  жан  жақты  қарастыруға  қадам  жасаған  неміс 

классикалық философиясының кӛрнекті ӛкілі Ф.Г.В.Гегель болды. 

Жалпы  гегельдік  философиялық  жүйе  бойынша  болмыстың  субстанциялық  негізі 

таза ой, бұл ойдың категориялары мен ұғымдары логика (диалектика) заңдарына сай 

бірінен  біріне  ӛтіп  отырады.  Басында  бұл  ой  ӛзін-ӛзі  білмейді.  Сондықтан  барлық 

таза  айналымдар  мүмкіндігін  сарқыған  соң,  таза  ой  ӛз  еркімен  ӛзінің  ӛзінен 

басқасына ӛтеді. Яғни онтологиялық ӛзіндік жаттану актісін жүзеге асырады, сӛйтіп 

пәндік  әлем  туындайды.  Сонан  соң  мәдени  әлемді  жасау  барысында  ой  (сана) 

сыртқы,  ӛзіне  жат  объектілер  мен  құбылыстардағы  ӛзінің  рухани  мәнін  таниды, 

сӛйтіп ӛзімен әлем арасындағы қарама-қарсылықты жояды. Осылайша ой (сана) ӛзін 

ӛзіндік санамен байытып, ӛзіне-ӛзі қайтып оралды, яғни абсалютті рухқа айналады. 

Сонымен  қорыта  айтсақ,  Гегельдің  объективті  идеализіміне  сәйкес,  пәндік  әлем 

сананың  әрекетінің  жемісі.  Гегель  идеализмі  негізсіз  қиялдың  жемісі  емес.  Гегель 

ӛзінің  логикасында  мистификацияланған  идеалистік  формада  алғаш  рет  нақты 

әлемнің  жалпы  заңдылықтары  мен  даму  формаларын  жүйелі  және  толық  кӛрсетіп, 

объективті  диалектика  заңдылықтарын  қалыптастырды  және  бір  жағынан  ӛзінің 



  23 

категориялар жүйесінде жалпы,  қажетті байланыстар  мен қатынастарды  бейнеледі, 

екінші  жағынан  адамзат  танымының  нақты  даму  логикасын  кӛрсетті  (саяси, 

әлеуметтік  институттар  адам  санасының  жемісі,  бірақ  кейіннен  адам  оларды  ӛзіне 

қарсы тұрған нәрсе ретінде қабылдайды). 

Сонымен,  адамзаттың  мәндік  күштерінің  заттануының  нәтижесінде  табиғат 

адамдандырылады 

және 


оның 

адамнан 


жаттануы 

гегельдік 

сананың 

мистификацияланған  белсенділігінің  негізін  құрайды.  Сананың  антитезисы 

сапасындағы материяға уақыт аралығында даму тән емес, ол енжар, ӛзінің негізіне 

салынған  циклдерді  мәңгілік  қайталауға  мәжбүр.  Соған  қарамастан  табиғатқа  да 

диалектикалық  даму  тән.  Бұл  немен  түсіндіріледі.  Жаңашылдық  пен  дамудың  иесі 

рухани  бастау  болып  табылады.  Ал  оның  шығармашылығы  материалдық 

құбылыстарда  бейнеленеді.  Сананың  пайда  болуы  (табиғат  шеңберіндегі)  –  бұл 

материя  белсенділігінің  нәтижесі  емес,  әлем  мен  сананың  қарама-қарсылығын 

жоюға бағытталған руханилық формасын іске асыру. 

Рух  философиясы  субъективті,  объективті,  және  абсолютті  рухтар  туралы 

ілімдерден тұрады.  

Субъективті  рух  –  индивидуальды  сана.  Субъективті  рух  объективті  және 

абсолютті  рух  белсенділіктерінің  субстраты  болып  табылады,  себебі,  адамнан  тыс 

тарихи әрекет, адамзат танымсыз рухани шығармашылық жоқ.  

Объективті  рух  –  жеке  халық  санасы,  объективті  рух  бірнеше  сатылардан  ӛтеді 

(құқықтық, 

моральдылық, 

құлықтылық, 

құлықтылық 

бітімдері, 

отбасы, 

азаматтылық, қоғам, мемлекет).  

Абсолютті  рух  –  бұл  қабылдау  (ӛнер),  елестету  (представления)  дін  және  ұғым 

(философия)  формаларында  іске  асатын  адамзат  тегінің  рефлексиясы,  жалпы 

адамзат  санасы.  Сана  мен  адам  танымының  объекті  –  объективтендірілген  рухтың 

ӛзі, яғни ең алдымен болмыстың әлеуметтік жағы. 

Жалпы  тарих  Гегельдің  пікірінше  мемлекеттің  пайда  болуынан  басталады.  Тарих 

объективті  рухтың  жердегі  кӛрінісі  ретіндегі  әлеуметтік  кеңістік  пен  уақыттағы 

мемлекеттің  болмысы.  Адамзаттың  саясатқа  дейінгі  тіршілігі  тарих  болып 

табылмайды  деген  Гегель  пікірі  дұрыс  емес.  Мемлекет  Гегельдің  пікірінше 

әлеуметтік, таптық қақтығыстар мен құқық қарама-қайшылық тарды үйлестіре білу 

керек.  Бұл  мемлекеттің  ішкі  сферасы.  Тарих  мемлекеттің  пайда  болуынан 

басталады.  Бірақ  ұлттық  шеңберде  жеке  нақты  халық  рухының  тарихы  –  әлемдік 

тарихтың бір фрагменті. 

Гегель  халықаралық  қатынастар  мен  байланыстар  арқылы  ерекше  бір 

әлеументтік шындықтың ашылатындағын кӛрсетуге тырысты. Бұл шындық рухтың 

ұлттық  шеңберлерден  шығып,  нақты  жалпы  болғандығының  куәсі.  Мемлекеттер 

арасындағы таластар мен қарама-қайшылықтар ендігі жерде мемлекеттердің ӛзімен 

шешілмейді.  Бұл  жерде  жоғарғы қазы –  халықтарды  қозғалысқа  келтіруші  әлемдік 

рух іске араласады. Міне әлемдік тарих деген осы, яғни ол – соңғы, абсолютті қазы.  

Сонымен дүниежүзілік тарих – бұл мемлекеттердің ӛзара қарым-қатынасқа түсетін 

және халықтар тағдыры шешілетін арена. 

Әлемдік  тарихты  қарастыруға  кіріспес  бұрын  Гегель  оны  географиялық  тұрғыдан 

негіздеуге  тырысады.  Бұл  материалдарда  әлемдік  рух  қозғалысының  кезеңдеріне 

және  географиялық  бағдарларына  түсіндірме  беріледі.  Бұл  түсіндірме  белгілі  бір 



  24 

мӛлшерде  еуроцентризмді  негіздеудің  гегельдік  нұсқасының  бір  тәсілі.  Гегель  ӛзі 

теріске шығарған географиялық детерменизмді әлемдік рух қозғалысын сипаттауда 

белсенді  түрде  қолданады.  Егер  Кант  пен  Гердер  халықтар  дамудағы  теңсіздікті 

табиғи  жағдайлармен,  топырақтың  құнарлығы,  климат  және  бір  халықтың  екінші 

халықты  жаулап  алуымен  түсіндірсе, Гегель  бұл  теңсіздікті  әлемдік  тарих  кӛшінің 

соңындағы  халықтардың  абсолюттік  рух  назарынан  тыс  қалуы  мен  түсіндіреді. 

Географиялық  фактордың  рӛлін  елемеуге  де  немесе  оны  тым  әсірелеп  жіберуге  де 

болмайды.  Гомер  поэмаларының  әсемдігіне  жұмсақ  ионистік  климат  әсер  етпей 

қойған  жоқ,  ал  Грекияда  түріктер  билігі  кезінде  ешқандай  ақын-әншілер  пайда 

болған жоқ дейді Гегель. Гегельдің бұл сӛздерінің жаны бар, әрине тарихи дамуда 

әлеуметтік-саяси  жағдайлардың  да  маңызы  зор.  Бірақ  бір  ғана  климат  Гомерді 

туғызбайды.  Ары  қарай  ӛз  ойын  жалғастыра  отырып  Гегель  неліктен  Еуропаның 

рухтың  еркіндігін  жүзеге  асыруға  ыңғайлы  аймақ  болып  табылатындағын 

түсіндіреді  және  оны  Еуропаның  қоңыржай  климатымен  байланыстырады.  Бірақ 

Гегельдің  бұл  ойы  ӛзі  үшін  де  нанымсыздау.  Ӛйткені  Гегель  Австралия  мен 

Американың  неліктен  артта  қалып  қойғандығын  түсіндіруде  қарама-қайшылыққа 

ұшырайды.  Осы  қарама-қайшылықты  шешуде  ол  этноантропологиялық  деректерге 

ден қояды. Мысалы тұрғылықты американдықтардың  менталитеті рухтың жоғарғы 

формаларына  кедергі  жасайды.  Тіпті  неғұрлым  дамыған  Мексика  мен  Перу 

территорияларындағы  американдық  мәдениеттер  Гегельдің  пікірінше  тым  табиғи. 

Сондықтан олар еуропалық ӛркениет жүзіндегі дамыған абсолютті рухпен кездесуге 

шыдамады. 

Гегельдің Африка мен африкандықтарды суреттеуі тым біржақты. Африканы Гегель 

тарихи  дамуы  жолына  түспеген  ел,  ал  негр  –  рух  дамуының  тӛменгі  сатысын 

кӛрсететін  табиғи  адам.  Ол  объективтіні  (құдайды)  пайымдауға  және  жалпыны 

(заңды) қабылдауға қабілетті емес деп сипаттайды. 

Алайда,  Гегельдің  бұл  тұжырымдамаларынан  нәсілшілдіктің  бастамаларын  немесе 

колониализм идеологын кӛру қателік. Гегель ӛз заманының адамы, әрине сондықтан 

оның  тарихи-мәдени  ақпараты  жеткіліксіз,  африкандықтар  мен  американдықтар 

тұрмысын,  дәстүрін  мінез-құлқын  сипаттаудағы  бұрмалаушылықтар  осыған 

байланысты. 

Құлиеленушілік құрылыс алғашқы қауымдыққа қарағанда прогрессивті болды, 

бірақ  құлдық  ұғымдық  жағынан  алғанда  Гегельдің  пікірінше  адам  табиғатына 

қайшы  келеді.  Құлдық  әділетсіздік  болып  табылады,  ӛйткені  адамның  мәні  – 

бостандық  дейді  Гегель.  Атап  ӛтетін  тағы  бір  жағдай,  халықтар  арасындағы 

әлеуметтік-мәдени даму деңгейінен Гегельше нәсілдер мен халықтар теңсіздігі келіп 

шықпайды.  Рух  ешқандай  халықты  сырт  айналып  ӛтпейді,  барлық  халықтар  рух 

дамуына  ӛз  үлесін  қосады.  Кӛптеген  халықтар  әлемдік-тарихи  халық  болып 

табылмағанымен,  дамуға  олар  үшін  жол  жабық  деуге  болмайды.  Себебі  олар  ӛз 

дамуында басқалар жүріп ӛткен жолды қайталайды. Рухтың даму сатыларын Гегель 

адамның  дамуымен  салыстырады.  Шығыс  –  адамзаттың  балалық  шағы,  бұл  кезде 

индивид  субъективті  еркіндігін  түсінген  жоқ  және  ол  субстанциональды 

тұтастықпен бірігіп кеткен. Адамзаттың рухани оянуы Шығыста басталады. Алайда, 

рух табиғатты әлі жеңіп шыға қойған жоқ. Грек әлемі – адамзаттың жастық шағы, 

индивидуалдылықтың қалыптасуы және ӛзіндік сананың даму кезеңі. Рим – рухтың 




  25 

қатаю, индивидтің құқықтың субъектісі ретінде қалыптасуы және оның кемелденген 

адамгершілік  ретіндегі  мемлекетке  толық  бой  ұсыну  кезі.  Герман  әлемі  тарих 

философиясының  алғашқы  басылымдарында  қартайған  шақ  ретінде  сипатталады. 

Бірақ  рух  үшін  бұл  кезең  нағыз  кемелділіктің,  күш-қуат  толысуының  кезі.  Кейінгі 

басылымдарда  бұл  сипаттама  күрт  ӛзгерді.  Толық  ӛзін-ӛзі  тану  рухты  уақыт 

шеңберінен, ұзақтылықтан мәңгілікке шығарады. Гегель рухты суреттеу үшін ӛзгеру 

және  жасару  категорияларын  енгізеді,  сол  арқылы  тарихтың  басты  сипаты  – 

диалектикалық  терістеу  мен  жаңару  кӛрсетіледі.  Тарихтағы  жойылу  әрқашан  жаңа 

ӛмірді  бейнелейді.  Ӛз  күлінен  қайта  пайда  болатын  Феникс  құсы  рухтың  мәңгі 

жаңарып,  дамуын  рәміздесе,  қарапайым  тілде  бұл  тарих  кезеңдердің  жалғастығын 

білдіреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет