Ақтау 2023 ҚР Ұлттық музейі



Дата26.11.2023
өлшемі21,24 Kb.
#128389
Байланысты:
БӨЖ Избасаров Н,Атшыбай Е,Абдижанов А,Жұмағалиев Н


Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы:Қазақстанның виртуалды музейлері



Орындаған:Тарих 21-1,Избасаров.Н,Атшыбай.Е,Абдижанов.А,Жұмағалиев.Н
Қабылдаған: Сидешова Р.А.
Ақтау 2023
ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі — Астана қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 2 шілдеде ашылған мұражай[1]. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Мұражай «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.
ҚР Ұлттық музейін виртуалды түрде келесі сілтеме арқылы көруге болады
https://nmrk.kz/halls/
Ә.ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МУЗЕЙІ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы - 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Республикалық қолданбалы өнер музейінің (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған.
1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. https://www.gmirk.kz/kk/media-links/2022-11-09-04-53-05
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ
Мұражай негізі 1975 жылы қаланды. 1981 жылы 19 ақпанда алғашқы тұрақты экспозиция келушілерге көрсетіле бастады. Мұражайдың экспозицияларын жасақтау үшін өлке көлемінде және бұрынғы ТМД елдері бойынша тәжірибе алмасу, материалдар жинақтау бағытында көптеген жұмыстар ұйымдастырылды. Табиғат бөлімінің экспозициясы облыстың геоморфологиялық және географиялық жағдайларын таныстырумен басталады. Геология залындағы карта, витрина, шағын диорамалар Маңғыстау палеонтологиясы, пайдалы қазбалары және геологиялық сипатымен таныстырады. Мұражайдың Каспий теңізінің флорасы мен фаунасына арналған залы мәліметтерінің молдығымен назар аудартады.
ТАҢБАЛЫ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің No 1052 Қаулысымен 2003 жылдың қазан айының 14 жұлдызыңда Мемлекеттік мекеме Алматы облысында «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырылды.Таңбалы музей-қорығы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде орналасқан.Таңбалы музей-қорығының жалпы ауданы 3800 га құрайды, ал Сапар орталығы үшін 24 га жер берілген.
Таңбалы қорық-музейін виртуалды түрде келесі сілтеме арқылы көруге болады
https://tanbaly.kz/3d-tur-po-tanbaly
ҚР ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙІ
1925 жылы Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929 жылы жаңа астана - Алматы қаласына көшіріліп, Жетісу губерниясында мұражайымен біріктіріліп, республикадағы іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан бастап казіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған.
ҚР Орталық мемлекеттік музейін виртуалды түрде келесі сілтеме арқылы көруге болады
https://csmrk.kz/index.php/kz/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет