Лекция Қарапайым кристалды құрылымдар Қатты дененің ішкі құрылымы Кристалл торлар



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі324,79 Kb.
#71043
түріЛекция
  1   2

Лекция 2.
Қарапайым кристалды құрылымдар


Қатты дененің ішкі құрылымы
Кристалл торлар
Қатты денелердің ішкі құрылымын сипаттау үшін кеңістік немесе кристалл торы деген түсінікті негізу ыңғайлы.
Кристалл торы кеңістік торын құрайды, тордың түйінінде бөлшектер (атом, мол екула) орналасқан болады, сонымен қатты денені құрайды.

Қалың сызықпен ең кіші параллепипед көрсетілген, бұл параллепипедтің өзінің үш осі бойынша орын ауыстыруымен барлық кристалды құруға болады. Бұл параллепипедті элементар немесе негізгі тор ұяшығы деп атайды. Бұл тор ұяшығын сипаттау үшін 6 шаманы беру керек: үш қырын (а,б,с) және осьтер арасындағы бұрыштарын (α,β,γ). Бұл шамаларды тор параметрлері деп атайды. Қарапайым тор түріне куб торы жатады, мұнда a=b=c және α=β=γ=900. Кейбір жағдайда тордың симметриясын нақты айқындау мақсатында элементар тор ұяшығын құрғанда олардағы бөлшектер тек тор шыңдарында ғана орналаспай, тағы тор ұяшығының басқа нүктелерінде де орналасқан болады. Мысалы, көлем центрленген торда кеңістік диагональдардың қиылысқан нүктесінде қосымша бір бөлшек орналасқан болады. (1.2.б - сурет), жақ центрленген торларда жақ диагональдарының қиылысқан нүктелерінде қосымша бөлшек орналасқан болады. (1.2.в-сурет), т.б. Енді түйіндерді, бағыттарды және тордың жазықтықтарын белгілеуді қарастырайық. Бұл белгілеулерді Миллер индекстері деп атайды.



Тор индекстері. Координата басынан алынған кез келген тор түйінінің орнын оның х,у,z координатасымен анықтайды. (1.3-сурет)



Бұл координаттарды мынадай түрде жазуға болады.:
x=ma, y=nb, z=pc (1.1)
мұндағы a,b,c – тор параметрлері, m,n,p - бүтін сандар.
Ось бойымен өлшенетін бірлікті метр деп есептемей, бірлік ретінде тордың a,b,c параметрлерін алсақ, онда тор координаталары m,n,p бүтін сандар болады. Бұл сандарды түйін индекстері деп атайды және былай жазылады: . Теріс индекс болса, теріс таңба индекс төбесіне қойылады: .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет