Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізінің қалануы, архив құжаттарында 1929 жылдың 25 тамызында ұйымдастырылған өлке тарихын таныстыратын көрмеден бастағандығы, Қазақстан өлкесін зерттеу қоғамының Ақтөбе бөлімімен осы көрмеге ерекше назар аударылғандығы және болашақ музейдің қалыптасуына себепші болғандығы келтіріледі. Алғашқыда шағын мектеп музейі ретінде шаңырақ көтеріп, кейіннен жергілікті басқару жүйесіне қарасты «Жергілікті өлкетану музейі», «Округтік өлкетану музейі» деп аталады.Мекеменің бастау тарихында оның ұйымдастырушысы әрі басшысы болған Давид Трофимович Темушка, 1929-1945 жылдар аралығында музей меңгерушісі қызметін атқарып оның дамуына үлкен күш жігерін жұмсаған азамат.1929-1934 жылдың шілдесі аралығында өлкетану музейі көлемі 6 х 6 ш.м. болатын қала шетіндегі лайықталмаған ғимаратта орналасады.

1934 жылы музей миссионерлік шіркеу мектебінің ғимаратына көшіріледі. Осы жылдың желтоқсан айында сол кездегі Ленин көшесі бойындағы бұрынғы «Торговый синдикат» кеңсесінің орнына қоныс аударады. 1946 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен өлкетану музейі орналасқан ғимарат маман кадрларды дайындау еңбек резервіне беріледі. Бұдан кейін уақытша мәдениет үйінің екінші қабатына қоныстанған ұжым қыркүйек айында кезіндегі Комсомольская көшесі 22 мекен-жайына көшіріледі. Бұл уақыттағы тақырыптық экспозиция 3 бөлімді қамтыды, атап айтсақ, табиғат, тарих және социалистік құрылыс бөлімдерінен тұрды. Экспозиция залдарынан бөлек музейде кітапхана, архив және қор бөлімі жұмыс жасады. 1962 жылы музей сол кездегі Фрунзе көшесіндегі 62 үйге қоныс аударады.1965 жылдың мамыр айында облыстық музейді орналастыруға, алдағы уақыттағы жарты ғасырдан астам тарихы байланысты қала орталығындағы бұрынғы екі қабатты қонақ үйдің ғимараты ұсынылды.