XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылған физика мен химияның ұлы жаңалықтары: катод сәулелерінің, электролиз құбылысының, радиоактивтіктің ашылуы атом құрылы-сының күрделі екенін және оның құрамына электрондар кіретінін көрсетті. Электрон заряды теріс, массасы протон массасының 1/1840 бөлігіне тең бөлшек. Атом электронейтрал бөлшек бол-ғандықтан электрондардың теріс зарядтарын нейтралдап тұратын атом құрамына кіретін оң зарядтар болуға тиіс
Атом ядро мен оның айналысында үнемі қозғалыста болатын элнктрондардан құралдарды.Атом ядросы протон мен нейтрон деген бөлшектерден құралады
Кванттық механика
Кванттық механика, толқындық механика – микробөлшектердің (элементар бөлшектердің, атомдардың, молекулалардың, атом ядроларының) және олардың жүйелерінің (мысалы, кристаллдардың) қозғалу заңдылықтарын анықтайтын, сондай-ақ, бөлшектер мен жүйелерді сипаттайтын физикалық шамаларды макроскопиялық тәжірибеде тікелей өлшенетін шамалармен байланыстыратын теория.
Кванттық механиканы – кванттық теориясында, кванттық химияда, кванттық статистикада, т.б. қолданылады. Ол екі тармаққа бөлінеді: бейрелятивистік (жарық жылдамдығымен салыстырғанда төмен жылдамдықтағы с) және релятивистік (жарық жылдамдығымен салыстыруға болатын жоғары жылдамдықтағы с).
Кванттық механика, толқындық механика – микробөлшектердің (элементар бөлшектердің, атомдардың, молекулалардың, атом ядроларының) және олардың жүйелерінің (мысалы, кристаллдардың) қозғалу заңдылықтарын анықтайтын, сондай-ақ, бөлшектер мен жүйелерді сипаттайтын физикалық шамаларды макроскопиялық тәжірибеде тікелей өлшенетін шамалармен байланыстыратын теория.
Кванттық механиканы – кванттық теориясында, кванттық химияда, кванттық статистикада, т.б. қолданылады. Ол екі тармаққа бөлінеді: бейрелятивистік (жарық жылдамдығымен салыстырғанда төмен жылдамдықтағы с) және релятивистік (жарық жылдамдығымен салыстыруға болатын жоғары жылдамдықтағы с).
Кванттық химия
Кванттық химия – химиялық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттері кванттық механика түсініктері мен әдістері тұрғысынан қарастырылатын теориялық химияның бөлімі. Кванттық химия қосылыстардың табиғатын, валенттілікті, молекуланың электрондық құрылысқа тәуелді қасиеттерін (энергия шығару және сіңіру заңдылықтары, магниттік қасиеттері, кеңістіктегі құрылысы) және химиялық активтілігін қарастырады. Алғаш рет 1926 жылы В.Вернер Гейзенберг гелий атомын есептеп шығарды; ал неміс ғалымдары В.Гайтлер мен Ф.Лондон (1927) сутек молекулалары үлгісімен Коваленттік байланыстыңкванттық механикалық интерпретациясын ұсынды.
Кванттық сандар
Кванттық сандар– кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т.б.), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Кванттық жүйе күйін түгелдей анықтайтын кванттық сандардың жиынтығын толық кванттық сандар деп атайды. Атомдағы электронның күйі үш кеңістіктік координата және спинмен байланысқан электронның төрт еркіндік дәрежесіне сәйкес келетін төрт кванттық санмен анықталады. Олар сутек атомы және сутек тәрізді атомдар үшін былайша аталады: бас кванттық сандар (n), орбиталық кванттық сандар (l), магниттік кванттық сандар (ml), магнитті спиндік не спиндік кванттық сандар (ms)
Атомдық орбиталар
Атомдық орбитальдің пішіні әр түрлі болып келеді. Электрондар ядроны орбиталь бойымен қозғалып жүріп, электрондық қабат немесе деңгейлер құрады. Оны 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандарымен нөмірлеп, кейде бас әріптермен де белгілейді. Деңгейлерді орбитальдар деп атап, ондағы деңгейшелерді s, p, d, f кіші әріптерімен көрсетеді. Әрбір деңгейшедегі орбиталь саны да әр түрлі. Паули принципіне сәйкес әр орбитальда екі электроннан артық болмайды. Егер орбитальда электрон біреу болса – жұптаспаған, екеу болса –жұптасқан электрондар деп аталады. Электрон бұлттарының пішіні де әр түрлі: s – шар, p – гантель тәрізді, ал d, f күрде
Орбиталь квант саны
.Бас квант санына тәуелді болады және ол электрондардың пішіндерін анықтайды, сондай–ақ электронның энергиясының бас квант санының мәніне сәйкес келетін орта энергиядан айырмашылығын көрсетеді. Орбиталь квант санының 0 – ден 1 – ге дейін болатын бүтін сандармен көрсетілген мәндері болады, ал ол мәндерге латынның кіші әріптерімен бейнелейтін деңгейшелер немесе қабатшалар сәйкес келеді.