Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ЗАТ ЕСІМНІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет48/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   343
ЗАТ ЕСІМНІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНАЛАРЫ

Құрманəлиева З.А. 

Қайнар академиясының профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Сөзжасамның  шешілмей  жүрген  мəселелерінің  бірсыпырасы  зат  есім  сөзжасамына  да 

қатысты. Əсіресе, сөзжасамдық мағынамен байланысты пікір алалықтар зат есімнің сөзжа-

самдық мағынасы мəселесінде ерекше байқалады. 

Ал,  сөзжасамның  барлық  сөз  табының  сөзжасамына  қатысты  жалпы  теориялық  мəсе-

лелерін  зерттеу  1989  жылы  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  атты  монографиядан 

басталды. Ол монографияда көтерілген жалпы теориялық мəселелердің бірлі-жарымы бол-

маса, көбі арнайы зерттелген жоқ, əлі өзінің зерттелуін күтуде. Сөзжасам мəселесіндегі ала-

лықтың көбі сөзжасамның көп мəселелерінің əлі арнайы зерттелмегеніне байланысты. 

Сондай мəселелердің бірі – сөзжасамдық мағына мəселесі. 1989 жылға дейін сөзжасам-

дық мағына арнайы сөз болған емес дедік. 1989 жылы шыққан монографияда сөзжасамдық 

мағына  бірінші  рет  көтеріліп,  сөзжасамдық  мағына  туралы  қысқа  мəлімет  берілген.  Мұн-

да өте маңызды мəселелер сөз етілген. Əдетте, сөзжасамдық жұрнақтар лексикалық мағына 

жасайды деген жалпы пікір барлық еңбектерде дерлік қайталанып отырады. Бұл соңғы ең-

бектерден де орын алады.С. Исаев соңғы еңбектерінің бірінде: «... бірінші дəрежедегі тіл-

дік құбылыс – белгілі тəсілдер арқылы жаңа лексикалық мағыналы сөздің тууы» - деді [1]. 

Жоғарыда көрсетілген 1989 жылғы монографияда сөзжасамдағы жаңа лексикалық мағына-

ның, яғни сөзжасамдық мағынаның əртүрлі болатыны дəлелденген. Оны мына үзінділерден 

байқауға болады: 

1.  «Сөзжасамдық мағынаның өзіндік ерекшеліктері бар»

2.  «... етей, дөңки, кемі, байы, күрек, бөлме, етікші, сыншы, қойшы сияқты туындылар-

дың мағынасында болған өзгеріс өте күшті, түп негіздегі мағынаның негізінде басқа лекси-

калық мағына жасалған».

3.  «Ал, сұра-сұрау, тара-тарау, жүр-жүріс, жел-желі сияқты түп негіз бен туынды-

ларды салыстыру олардың лексикалық мағынасында айырманың аздығын аңғартады».

4.  «Бұл  айтылғандардан  сөзжасамдық  мағына  атауының  бəрі  туынды  мағына  болға-

нымен, сөздердің қандай тəсілмен жасалғанына қарай, əр туынды сөздің сөзжасамдық мағы-

насында ерекшелік бар» [2].

Бұл монографияның «Сөзжасамның жалпы мəселелері» бөлімін Н.Оралбаева жазған бо-

латын.


Демек, сөзжасамның жеке сала болып танылуы бұрыннан да сөзжасамдағы пікір түрлілі-

гіне байланысты мəселелердің шешімін табу жаңадан көтеріліп отырған тың мəселелердің 

арнайы зерттелуін қажет етеді. 

«Қазақ  тілінің  сөзжасамы»  атты  оқулықта  ғалым  сөзжасамдық  мағынаның  төрт  түрін 

көрсеткен: 1) өзгерген туынды мағына, 2) түрленген туынды мағына, 3) көшірілген туынды 

мағына, 4) теңбе-тең туынды мағына.

Автор өзгерген туынды мағынаға «Негіз сөздің мағынасының негізінде басқа мағынаның 

жасалуын  негізден  өзгерген  мағына  деп  атайды»  деген  анықтама  берген  [3].  Оған  жасар, 



қарала, қартайсияқты мысалдар келтірген. 

Ал түрленген туынды мағынаға: «Сөзжасамда туынды мағына негіз сөздің мағынасын өз-

гертпей, оған үстеме мағынаның қосылуы мағынаның түрленуіне жатады. Мысалы, дөнен-дө-

нежін, бала-балапан, көл-көлшік, əке-əкетай т.б. Бұларда негіз сөздің лексикалық мағынасы 

туынды сөзде толық сақталған, бірақ оның үстіне туынды сөздерде түрлі мағына қосылған». 

Оқулықта  көшірілген  туынды  мағынаға  мынадай  сипаттама  берілген:  «Негіз  сөз  бен 

туынды  сөздің  арасындағы  қатысты  үшінші  түрінде  туынды  сөздің  мағынасы  негіз  сөздің 

мағынасын басқа сөз табына көшіру арқылы жасалады. Мысалы, қатырма (етістік) - қаты-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет