Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет177/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   204
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Аннотация:  мақалада  болашақ  педагогтардың  құзыреттілігін  қалыптастыру 
қажеттілігі  мәселелері  қарастырылады.«Құзыреттілік»,«кәсіби  құзыреттілік»,  сияқты 
белгілі  болған  ғылыми  ұғымдар  трактовкасын  талдай  отырып,  авторлар  мынандай 
қысқарған  түсініктеме  ұсынады:  «Құзыреттілік  (латынның  competentis-бейім  сөзінен)–
қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, 
сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.  
Орыс тілінің сөздігінде « құзыреттілік » термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы 
мәселесі төңірегінде» берілген.  
Латынның  «compete»  деген  термині  «білу»,  «жасай  алу»,  «дегеніне  жету»  деген 
мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды.  
Авторлардың  ойынша,құзыреттіліктерді  қалыптастыру  тәжірибесі  ресурстарға 
сындарлы қатынастың негізі болады және олардың мәні мен мағынасын түсіну оқушыларға 
материалдар мен мәтіндерді дайындау механизмін білуге көмектеседі 
Тірек сөздер: кәсіби құзыреттілік, құзыреттілік, құзыр. 
 
Осы  мақалада  айтқалы  отырған  ойыма  орыс  педагогы,  Ресейдегі  ғылыми 
педагогиканың  негізін  қалаушы  К.Д.  Ушинскийдің  мына  сөзін  арқау  етсем  деймін:  «Егер 
мұғалім өз бойына ісі мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол  – кемел 
ұстаз».  Ұстазда  ең  алдымен  жүрек  болуы  керек.  Жүрек  бәрімізде  де  бар.  Бірақ  ұстаздың 
жүрегі  бөлек.  Ұстаз  боламын,  педагогика  саласына  бет  бұрамын  деген  адамға  ерекше 
мейірімді, өте сезімтал, өмірді сүйетін, адамды сүйетін нұрлы жүрек керек [1, 36]. 
Қазір  «құзыреттілік»,  «кәсіби құзыреттілік» деген ұғымдар күнделікті қолданыста жиі 
кездеседі.  «Құзыреттілік»  терминінің  мәнін  ашу  үшін,  құзыр  (компетенция)  және 
құзыреттілік  (компетентность)  ұғымдарына  тоқталайық.  «Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық 
ғылыми  түсіндірме  сөздігінде»  «құзыр»  ұғымына  «қайсыбір  тапсырманы  орындауға 
қабілеттілік»  немесе  «бір  нәрсені  жасау»  деген  анықтама  берілсе,  С.И.  Ожегов  сөздігінде 


313 
 
«құзыреттілік  –  белгілі  бір  мәселені  жан-жақты  білу»  екендігі  айтылады  [2,  46].  Демек, 
«құзыреттілік»  термині  еңбектің  барлық  саласында  пайдаланылады.  Тек  сипаты  әр  алуан. 
Педагогтың  кәсіби  құзыреттіліктері  дегенде  өзі  оқытатын  пәнді  терең  білу,  өз  білгенін 
оқушыларға тиімді ұғындыра алу, пәннің методикасын білу, сабақты қызықты әрі мазмұнды 
етіп  өткізе  білу,  т.б.  осы  сияқты  көптеген  құзыреттіліктер  айтылады.  Бұл  аталғандардың 
барлығы  педагогқа  қажетті,  маңызы  зор  құзыреттіліктер.  Бірақ  педагогта  ең  алдымен,  К.Д. 
Ушинский  айтқандай  ісі  мен  шәкірттеріне  деген  сүйіспеншілік  болуы  тиіс.  Жүрек  болуы 
тиіс. Менің ойымша, бұл – педагогқа қажет ең бірінші, ең маңызды құзыреттілік [3, 59]. 
Құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  мұғалім  –  қазіргі  оқушылардың 
 шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың,  интелектуалдық  белсенділіктің 
жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін  сезуіне  үйрету 
арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып  табылмақ. 
Сонымен  қатар,  ғалымдар  білім  берудегі  құзыреттілік  тәсілді  жүзеге  асырудың  төрт 
аспектісін ажыратады:  
* түйінді құзыреттер; 
* жалпыланған пәндік біліктіліктер
* қолданбалы пәндік біліктіліктер; 
* өмірлік дағдылар. 
Құзыреттіліктің  мазмұны  жеке  кәсіптік,  интегралдық  сипаттама  ретінде  төмендегі 
қызметтерді  жүзеге  асырумен    анықталады:  болжау;  ұйымдастыру;  бақылау;  реттеу; 
үйлестіру;  сәйкестендіру,  белсенділігін  арттыру.  Қазіргі  уақытта  оқытушымен 
бірге,студенттердіңалдына  қойылатын  талаптар  да  өсуде.  Талап  студенттердің  бойында 
түйінді  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  болып  табылады.  Құзыреттілік  тәсіл  бірінші 
орынға:нақты  құбылыстарды  танып  білу  мен  түсіндіруде;қазіргі  заманғы  техника  мен 
технологияны  игеруде;практикалық  өмірде  мамандық  таңдау  кезінде  өзінің  кәсіби  білім 
алуға  дайындығын  бағалауда;еңбек  нарығын  бағдарлау  қажет  болғанда  өмірден  өз  орнын 
анықтауға;өмір  салтын,  кикілжіңдерді  шешу  тәсілдерін  таңдауға  байланысты  мәселелерді 
шешу  қажет  болғанда  туындайтын  өмірлік  мәні  бар  мәселелерді  шешу  біліктілігін 
шығарады.  Құзыреттілік  ең  алдымен  болашақ  педагогтардың  ақпараттық  сауаттылығы  мен 
кез-келген  мәселені  дұрыс  шеше  білу  қасиетінен  көрініс  табады.  Сыртқы  ортадан  ақпарат 
алу, оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады.Ақпараттарды 
өз  бетімен  алуға,  талдауға,  қайта  өңдеуге  үйрету  ақпаратық  құзыреттілікті  қалыптастыруға 
негіз  болады.  Мұнда  студенттердің  өз  бетімен  жұмысына  көп  мән  беріледі.  Студенттер  өз 
беттерінше  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  ғаламтордан,  түсіндірме 
сөздіктерден,  түрлі  тарихи  ақпараттар  алып,  сабақ  барысында  пайдаланады  [4,  208].  Бұл 
құзыреттілік  студенттің  оқу  пәндеріндегі  және  білім  аймақтарындағы,  сонымен  бірге 
қоршаған  дүниедегі  ақпараттармен  жұмыс  істей  білу  дағдыларын  қамтамасыз  етсе,  ал 
оқытушының  мақсаты  –  студентке  білімді  өздігінен  игеру  амалдары  мен  тәсілдерін 
үйретіп,оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-
бағдар  беру.Негізгі  құзыреттіліктер  түріндегі  күтілетін  нәтижелер:студенттерді  өз  бетінше 
талдауға;өз  қызметіне мақсат  қоюға;жоспарлауға,  жинақтауға;  қорытындылауға,  салыстыра 
дәлелдеуге;өзін-өзі  бағалауға;өз  әрекетінің  әлсіз  және  күшті  жақтарын  көрсете  білуге;нені 
меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға. 
Болашақ  маманның  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруда  педагогикалық  практика 
үлкен  рөл  атқарады.  Педагогикалық  практикадан  өту  кезінде  студент  -  практиканттың 
іскерлігі  мен  дағдылары  қалыптасады  және  өзіне  деген  сенімі  артады,  шығармашылық 
деңгейде жұмыс істеу барысында өз білімдерін дәлелдейді. Жоғарыда аталған іс – әрекеттер 
арқылы  мысалы:  Ол  жансыз  жаттанды  білім  түрінде  емес  жеке  тұлғаның  танымға  және 
белгілі  мәселелерді  ұсынып,  шешім  жасауға,  талдауға,  түзетулер  енгізіп  отыруға  деген 
белсенділігінен  көрінеді.Болашақ  мамандарды  дайындаудағы  негізгі  міндет  -  студент 
практиканттың өз бетінше жаңаша жұмыс істеу қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы 
бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы мақсатты іске асыруда жұмыс түрлерінің, сонымен 


314 
 
қатар  болашақ  мамандардың  кәсіптік  білімін  арттыруға  деген  талаптың  жылма  –  жыл 
күшейіп  отыруына  байланысты,  бүгінгі  күні  педагогикалық  практиканың  жаңа  түрлері  де 
енгізілуде. Осыған орай қазіргі кезде оқу жоспарында өндірістік практика 40% пайызға өсті 
[5, 23]. 
Жақсы  мұғалім  —  бұл  қай  кезде  де  ең  алдымен  кәсіби  деңгейі  жоғары, 
интеллектуалдық,  шығармашылық  әлеуеті  мол  тұлға.  Ол  оқытудың  жаңа  технологияларын 
өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық 
бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді 
даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет [6, 394]. 
  Менің пікірімше, педагогтың кәсіби құзыреттілігі жылдар бойы қалыптасады. Себебі, 
тәжірибе  адамды  шыңдайды.  Адам  қателесе  отырып,  үйренеді.  Нақты  тоқталатын  болсам, 
педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың келесі жолдарын көрсетуге болады:  
Педагог  мамандарды  даяралайтын  ЖОО  жұмысының  толықтай  гуманизм 
принциптеріне негізделуі; 
Педагог  мамандарды  даярлайтын  ЖОО-ның  оқу  бағдарламасы  педагогика 
классиктерінің ғылыми еңбектерін студенттерге тереңдете оқытуды қамтуы; 
Мектеп пен ЖОО арасында өзара байланыстың болуы; 
Ұстаздың өзін-өзі рухани, кәсіби тұрғыда тоқтаусыз дамытуы
Әріптестерімен тәжірибе алмасуы; 
Білімін үздіксіз жетілдіруі; Аталған шаралар педагогтың кәсіби кәсіби құзыреттілігін      
қалыптастырады деп ойлаймын. 
Ш.А. Амонашвили бір еңбегінде былай дейді: 
Я – учитель. 
Я – Любовь и Преданность, Вера и Терпение. 
Я – Радость м Сорадость, Старадание и Состарадание. 
Я – Истина и Сердце, Совесть и Благородство. 
Я –Ищущий и Дарящий, Нищий и Богатый. 
Я – Учитель и Ученик, Воспитатель и Воспитанник. 
Я – Прокладывающий путь и Художник Жизни. 
Я – Убежище Детства и Колыбель Человечества. 
Я – Улыбка Будущего и Факел Сущего. 
Я – Учитель от Бога и Соработник у Бога.» 
Педагогтың кәсіби құзыреттілгінің биік шыңы – Ш.А. Амонашвилидің осы сөздерін ұға 
алған, сезіне алған, іске жарата алған адам. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 

Асылов Ұ.Ә.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.Алматы: «Мектеп» 2002. 

С.И. Ожегов. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Оникс. 2010. 

Ш.А. Амонашвили. Педагогические притчи. Амрита-Русь. 2013. 

Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту 
Алматы – 2005, 208б. 

Қазақстан мектебі № 8 2010 жыл  

Игошев  Б.М.  Системно-интегративная  организация  подготовки  профессионально  мобильных 
педагогов: Дисс...д-ра пед. наук - М., 2008.-394 с. 
 
ӘОЖ 371.261 
МОЛДЫБАЕВА ГУЛЬМИРА САЙЛАУОВНА 
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,  
Көкшетау, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет