Аубакиров А. Б. Сүлейменова Ф. М


Өкше өзегінің кабырғалары



бет5/27
Дата25.10.2022
өлшемі7.58 Mb.
#45314
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Өкше өзегінің кабырғалары:
-------------------------------------------------------------------------
Төменнен және медиалді -m. abductor hallucis;
Жоғарыдан және латералді-os calcaneus;
-------------------------------------------------------------------------------

58



  1. foramen-тесік

  2. fossa- шұңқыр

  3. fossula-шұңқыршақ

  4. lamina-табақша

  5. processus-өсінді

  6. sulcus-сала, жүлге

  7. tuber-бұдыр

17. tuberculum -төмпешік
II. Мойынның топографиясы
1. Мойынның шандыр кабықтары:
В.Н.Шевкуненко бойынша мойынның 5 шандыр қабығын ажыратады.
1.1Мойыниың беткей шандыр кабығы, fascia colli superficialis ағзаның жалпы беткей шандыр қабығының (тері асты) бөлігі болып саналады. Мойында бұл шандыр қабық тері асты бұлшықетіне (m. platysma) орын түзеді.
1.2 Мойынның меншікті шандыр қабығының беткей табағы, lamina superficialis fasciae соlli propriae, мойынның барлық деңгейінде орналасып, алдынан төс-бұғана-еміздікше бұлшықетіне (m. stemocleidomastoideus), төменгі жақ асты безі капсуласына, артынан трапеция бұлшықетіне (m. trapezius) орын түзеді. Ол төменнен бұғана мен төстің алдыңғы беткейіне, жоғарыдан төменгі жақсүйектің шетіне бекиді, ал бүйірінен мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көлденең осінділерімен байланысады; бұл мүйіздің біреуі екінші шандыр қабықты көлденең өсінділерге бекитін бесінші шандыр қабықпен, ал басқасы екінші шандыр қабықты және де көлденең өсінділерге бекитін мойынның қан тамыр-нерв будасы қынабымен жалғастырады. Екінші шандыр қабық бетте шықшыт безінің капсуласын түзетін fascia parotideornassaterica-ғa өтеді және шайнау бұлшық етін сыртынан жабады.

7
1.3 Мойынның меншікті шандыр қабығының терең табағы, lamina profunda fasciae colli propriae, трапеция пішіндес, жоғарыдан тіласты сүйегімен, төменнен бұғана мен төстің артқы беткейі арасында тартылып тұрады. Бұл шандыр қабықты «Рише кемесі» деп те атайды. Бүйір шекаралары болып жауырын-тіл асты бұлшықеті саналады, сонымен қатар аталған бұлшықетке, және тіласты сүйегінің астында орналасатын топ бұлшықеттерге (mm. sternohyoidei, stemothyreoidei, thyreohyoidei) орын түзеді. Мойынның ортаңғы сызығында екінші және үшінші шандыр қабықтар бір-бірімен бітеліп, мойынның ақ сызығын түзеді. Оның ені 2-3 мм, төстің тілігіне 3 см-дей жетпейді, мойынның төменгі бөлігінде екінші және үшінші шандыр қабықтар ажыратылып кетеді, себебі; шандыр қабық төс пен бұғананың алдыңғы беткейіне бекісе, ал үшінші шандыр қабық артқы беткейіне бекиді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет