Аудандық «эко boom» акциясының



Дата17.06.2023
өлшемі28,66 Kb.
#101905

Аудандық «ЭКО boom» акциясының
ЕРЕЖЕСІ



  1. Жалпы ережелер

    1. Осы Ереже аудан бойынша «ЭКО boom» атты экологиялық акциясын ұйымдастыру және өткізу ретін айқындайды.


  1. Экологиялық акцияның мақсаты

    1. экологиялық білімдерін, экологиялық мәдениетін дамыту және туған өлкенің табиғатына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

    2. экологиялық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті ынталандыру.




  1. Экологиялық акцияны ұйымдастыру

    1. Экологиялық акцияны ұйымдастыру мен өткізуде бекітілген Ереже басшылыққа алынады;

    2. Аудандағы жалпы орта білім беру ұйымдарының:

І-санат: 7-10 жас аралығындағы (1-4 сыныптар);
ІІ-санат: 11-14 жас аралығындағы (5-8 сыныптар)
ІІІ-санат: 15-18 жас аралығындағы (9-11 сыныптар) оқушылары қатыса алады.

    1. Экологиялық акция төмендегі іс-шаралар бойынша өткізіледі:

  • «Болашақтың бағы»; (мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарын жүргізу)
    9-11сыныптар;


  • «Тазалық күні»; (өзі тұратын үй, аула, көше тазалығын сақтау және ағаштар отырғызу) 1-11 сыныптар;

  • «Жақсылық жасап жарысайық!»; (қалдық пластик, шыны бөтелкелерді сұрыптау арнайы қабылдау пунктне өткізу жиналған қаржыны қайырымдылыққа жұмсау) 5-11 сыныптар;

  • «Қалдық заттардың екінші өмірі»; (қалдық заттарды пайдаланып, қолдануға жарамды бқйымдар жасау) 1-4 сыныптар;

  • «Құстар кафесі» (құстарға арнап ағаш ұялар салу) 5-8 сыныптар.



  1. Акцияны өткізу мерзімі

    1. Экологиялық акция 2023 жылғы сәуір айында



  1. Құжаттарды ұсыну тәртібі


    1. Әр іс-шара өткізілген күні фотоесеп және видеоесепті eco-boom.karasay@mail.ru почтасына мектеп атауын, қатысушы сыныптарды, қатысушылар санын және қысқашы мәлімет жазып жіберу керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет