Реферат Тақырыбы: Өлшем құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау органдарына салыстырып тексеруге ұсыну тәртібі



Дата02.12.2023
өлшемі83,34 Kb.
#131640
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Жаратылыстану ғылымдар» факультеті
«Қолданбалы химия» мамандығы


Реферат
Тақырыбы: Өлшем құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау органдарына салыстырып тексеруге ұсыну тәртібі

Орындаған: Сарықбаева Айбибі


Тобы: ҚХм-31
Тексерген: Амерханова Ш.К.

Мемлекеттік стандарттау қоры 67037 жуық норма мен құжаттан тұрады, оның 17114 халықаралық, 19966 мемлекетаралық, 20540 жуығы басқа елдердің ұлттық стандарттары. 5223-і Қазақстан Республикасының өз стандарттары. Бұдан басқа кітапханалық және толық текстілі мәлімет қорлары бар.Қазіргі уақытта республиканың эталондық қорында 24 мемле- кеттік эталон бар (масса бірлігі, үзындық, қысым, ток күші, ауыспа- лы токтың, рН-тың бірлігі, өткізгіштік, температура, уақыт, жиілік), 63 эталонды құралдар бірлігі жэне 13 мыңнан астам жоғарғы дәлдікті өлшем құралдарының үлгісі бар. Өлшем құралдарының метрологиялық көрсеткіштерін сенімді объективті бағалау үшін мемлекеттік стандарттау мемлекеттік сынақтар жүргізіп мемлекеттік реестрге 700-ге жуық өлшеу құралдарының түрлерін енгізді.


Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем құралдары жэне сертификаттау жөніндегі жүмыстарды мемлекет- тік қадағалау жүйесінің мақсаты:
өнім, жүмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімнің сапасына талдау жүмыстарын дамыту;
■ өлшем қүралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету;
сертификатталган өнім мен сертификаттау шартының сақталуын инспекциялық бақылау;
сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану; аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;
Стандарт талаптарын орындау, өлшем қүралдары мен сер­ тификаттау жүмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты жэне аумақтық ұйым- дары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау үйымының негізін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының аумақтық үйымдарының мамандары қүрайды.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - бүл мемлекеттік инспекторлардың өлшем құралдарын шығаруды, жагдайын жэне қолдануды, өлшемді атқарудың эдістемелерін қолдануды, метрологиялық тәртіптер мен нормаларды, сауда кезінде тауарлардың санын, өлшеп - орау, сату және импорттау кезінде буып - түйілген тауарлардың санын қадағалау қызметі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандары мыналар:
а) шама бірліктерінің эталондары;
э) өлшем құралдары;
б) өлшемді атқарудың эдістемелері;
в) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жеке және заңды
түлгалардың іс-қимылы;
г) өлшеп орау, сату жэне импорттау кезіндегі оралған
тауардың саны;
д) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын
тауарлар саны жатады.
Мемлекеттік метрологиялық қадагалаудың нысандарына
қойылатын талаптар:
А. Шама бірлігінің эталондар бастапқы немесе жүмыстық
болып бекітілуі қажет.
Бастапқы эталондар мемлекеттің өлшем қүралдарының
жүйесінің (МӨЖ) тізіліміне кіруі керек. Ә. Өлшем құралдары:
бастапқы эталондарды салыстырып тексеруді өткізуге
келісімдердің бар болуы;
■ эталондарды сақтау және эксплуатациялау шарттары.
2. Өлшеу қүралдар жағдайына метрологиялық бақылау
жүргізілгенде келесілер тексеріледі:
- өлшеу қүралдарының дұрыстығы;
- өлшеу қүралдарын тексеру мен калибрлеу мерзімі;
- өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеу іс-шараларының
сэйкестігі және тағы басқалар.
3. Метрологиялық бақылаудың жүзеге асыруында өлшемдер- дің сол шарттарда орындалуы мемлекеттік қадағалаумен бірге орындалады.
Метрологиялық бақылауға мына нысандар мен қызметтің түрлері жатады:
- дайын бүйымдардың пайдалану мінездемелерін;
- қүрастырма бірлік бөлшектерінің қабылдануын растайтын
қүжаттарды;
- қаптау, консервация, маркировканы;
- дайын бүйымдардың жиынтығын тексеру болып табылады.
Келесі конференцияда бүл мақсаттар сертификаттау мен стандарттаудың дамуына сай толықтырылып отырады. Мысалы, ЗМХҮ-ның 1988 жылғы 8-конференциясында өлшем құралдарын әзірлеушілерді салыстырып, тексеру әдістеріне зерттеу жүргізу мэселесі көтерілді.
ЗМХ¥-ның жоғарғы басқарушы органы - Заңды метрологияның халықаралық конференциясы, ол төрт жылда бір рет шақырылады. ЗМХҮ-ның шешімдері орындалуға міндетті емес, тек үсыным ретінде беріледі.
ЗМХҮ-ның атқарушы органы - Заңдық метрологияның халықаралық комитеті, ол ЗМХҮ-ның мүше-елдерінің өкілдерінен тұрады. Ондай өкілдер өз мемлекеттерінен шешім қабылдауға қүқық алмайды. Комитетке кеңестік орган - президент кеңесі бар. Оның қүрамына екі вице-президент, ЗМХҮ бюросының директо­ ры жэне ЗМХ комитетінің белсенді бес мүшесі кіреді.
Шешім комитеттің сессиясында қабылданады. Қабылданған қарар барлық мүшелері қолдаса ғана күшіне енеді. Комитеттің жэне конференцияның жүмыстарын ЗМХҮ бюросы үйлестіреді (Париж қаласы). Бюро ақпараттық материалдар шыгарады, қүжаттамалардың қорын жүргізеді, метрология саласындағы жетістіктерді таратады. Мүше-елдерге түрақты түрде ақпараттық материалдар жіберіп отырады, квартал сайын «ЗМХҮ бюллетені» шығарады. Техникалық комитеттер (ТК) және төменгі комитеттер жүмыс органдары болып есептеледі.
Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларына қойы- латын талаптары бар халықарйлық құжаттарға мыналар жатады:
МБМҚ әзірлеген эталондар ерекшелігі;
халықаралық температура шкаласы туралы ережелер, 1990 ж. (МТШ-90);
өлшем құралдарына қойылатын техникалық талаптарға жэне оларды салыстырып тексеру әдістеріне МОЗМ халықаралық ұсынымдар жэне ИСО мен МЭК халықаралық стандарттары.
Нақты жұмыстарының негізгі бағытына мыналар жатады: Эталондар құру жүмыстарын үйлестіру; үлттық жэне бастапқы эталондарды сараптауға арналған қаржыны жүмсауды үйлестіру; жекелеген жобаларды жүзеге асыруға мүше елдерді жүмылдыру; мүше елдерді ақпаратпен қамтамасыз етуді дамыту. ЕВРОМЕТ- тің тұрақты орны жэне бюджеті жоқ. Нақты әзірлемелерді қаржыларды мүше-елдер өз мойнына алады.
Батыс-Еуропалық заңдық метрология жөніндегі бірлестік (ВЕЛМЕТ). 1989 жылы ЕО елдерінің заңдық метрологиясының ұлттық қызметтерінің жұмыстарын үйлестіру үшін құрылган жэне ЕО елдерінің арасындагы саудадағы кедергіні жою мақсатын көтереді.
1990 жылы 13 ел Өзара көмек мемарандумына қол қойды, оның негізгі мақсаты - қол қойган елдерге тек үсыным сипатта ғана құқықтық көмек корсету. Осы мемарандумга сай ВЕЛМЕГ комитеті қүрылды.
ВЕЛМЕТ өз қаржысы жоқ, эр мүше ел өз жұмыстарын өзі қаржыландырылады.

Батые Еуропалық калибрлеу жөніндегі бірлестік (EAL) 1989 жылы Еуропа одағы елдері кұрған. Негізгі мақсаты - мемлекет- тік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшем құралдарын калибрлеу туралы үлттық сертификаттарды өзара мойындауға көмекгесу. Бүл өлшем құралдары міндетті салыстырып тек- серуге жатпайды жэне заңдық метрология саласына кірмейді. Бұл бірлестіктің мүшесі болып ұлттық қызметтің калибрлеу қызметтері кіреді.
Келісімге өлшем қүралдарын сынау, оларды салыстырып тексеру жэне калибрлеу нэтижелерін өзара мойындау ережелері енген. Бүл жүмысты үйлестіру үшін мемлекетаралық ғылыми- техникалық комиссия қүрылган.
Осы келісімді нақтылау бағытында мына қүжаттар қабылданды:
■ өлшеу қүралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу, типін бекіту, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру жэне калибрлеу, сол сияқты осы жүмыстарды атқаратын зертханаларды тіркеу нәтижелерін өзара тану туралы келісім;
• заттардың жэне материалдардың физикалық түрақтылары мен қасиеттері туралы деректерді қүру жэне пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;
■ заттардың және материалдардың қүрамы мен қасиеттерінің стандартты ң үлгілерін қүру жэне қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ж.Ж. Есенқұлова, Ж.Ж. Аканова, А.М. Касенова.
Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері: Оку кұралы / Алмапгы: Экономика, 2014.-284 б.
2.
Stud.kz https://stud.kz › referat › show
3. Стандарттау, метрология жоне сертификаттау: Оку- лык / Т. М. Мендебаев, Е. С. Аскаров, Э. О. Ермекбаева, И. Ж. Жаханова - Алматы: ЖШС РПБК «Дауір», 2011.- 368 б.


4. Евразийский электронный портал https://eep.mitwork.kz › publics › lot
Өлшеу құралдарын , сынақ жабдықтары .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет