Ауданның білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру бойынша өткізілген мониторинг анықтамасы



бет4/5
Дата15.04.2023
өлшемі27,31 Kb.
#83150
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сатыбалдин атындағы орта мектебінде 8 сынып оқушысы тірек аппаратының бұзылуы мен жеңіл ақыл- ой кемістігі диагнозы бойынша үйде оқытылады. Заңнамаға сәйкес типтік оқу жоспары жасалып, бекітілген. Құжаттары жоспары негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде, сондай-ақ ОПМК ұсынысына сәйкес жинақталған. Оқыту бағдарламаларының орындалуы күнтізбелік және тақырыптық жоспарлауға сәйкес келеді.
Сонымен қатар әр мектепте ғимарат сыртындағы баспалдақта және ғимарат ішіндегі баспалдақтардың бірінші және соңғы баспалдағында ескерту жолағын сары түспен бояу қажеттігі анықталды. Ұлттық білім беру деректер қорына (НОБД) ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ОПМПК берген анықтамаға сәйкес дұрыс және уақытылы толтыру, ОПМПК берген тізіммен мектеп берген тізімді сәйкестендіру қажеттігі анықталды (мысалы қазан-қараша айында білім беру бөлімі жинаған тізімде 58 оқушы, ОПМПК берген тізімде одан көп оқушы).
Инклюзивті білім беруде психологтың жұмысы ерекше орын алады. Аталған сұрақ бойынша барлық психологтар курстан 100 пайыз өтті, аудандық, облыстық семинарлар да тұрақты өткізілді. Аудан мектептеріндегі психологтар ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалар базасын уақытылы қалыптастырмайды, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен тренингтер, ата-анасымен баланы оқыту туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізбейді. Сапалы психологиялық диагностика жүргізілмейді, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларға сапалы психологиялық диагностика жасалмайды, жеке жоспар дайындалмайды, балалардың даму картасы жүргізілмейді. Жүргізілген мектептердің өзінде формальды түрде жүргізіледі.
Мектепішілік бақылауда инклюзивті білім беру сұрағы үстіртін формальды түрде қарастырылады. Жазылған анықтамалары қысқа, нақты шешіп шығарылмайды. Мектеп әкімшілігі және психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету қызметі тарапынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау сапалы жүргізілмейді. Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды түрлі іс-шараларға, үйірмелерге қатысуын қамтамасыз ету және жүргізілген жұмыстарының қорытындылары мен жетістіктері туралы мәлімет жинақталмайды (аталған балалар қандай сыныптан тыс іс-шараларға қатысатындығы туралы мәліметтер ұсынылмады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет