«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 11-сынып



бет1/6
Дата04.04.2023
өлшемі54,57 Kb.
#79175
  1   2   3   4   5   6

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыты)
ТҮСІНІК ХАТ
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№348 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген оқу бағдарламасына негізделіп құрастырылды.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады: түсіну жәнежауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстыру.
«Қазақ әдебиеті» пәнініңоқу бағдарламалары оқушылардың бойында адамгершілік, рухани құндылықтармен қатар функционалдық сауаттылығын арттыруды , көркем-әдеби шығарманы талдау дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
11-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 72 сағат, аптасына – 2 сағат.
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
4. Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
5. Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу айқындалған.
Пән мазмұны түрлі салалар мен қарым-қатынас жасау барысында тілді еркін меңгеруін қамтамасыз ету үшін коммуникативтік дағдыларын дамытуға; сыни ойлауы мен ауызекі сөйлеуін дамытуға; ақпаратты іздей алу біліктілігін дамытуды жүзеге асыруға; қажетті ақпаратты алу, өңдей алуға бағытталады. Тілді оқу процесінде алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білу және ақпаратты бағалау, жинақтау, талдау, салыстыру сияқты ойлаудың жоғары деңгейіндегі дағдылары қалыптасады.
Пәннің мазмұны образдық және талдамалық ойлауды дамытуға, шығармашылық қиялдауға, оқырман мәдениеті және автор ұстанымын түсінуге; білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлесімін дамытуға; әдебиет теориясының түсініктерін және негізгі тарихи-әдеби мәліметтерді, көркем шығарма мәтінінің мазмұны мен түрін бірлікте түсінуге бағытталады. Әдебиет тарихына қажетті мәліметтерді және әдебиеттану түсініктерін қатыстыра отырып пәнді оқыту процесі барысында көркем шығармаға терең талдау жасау.

11- сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағыты




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет