Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі соөЖ 6 Тақырыбы



бет1/5
Дата24.12.2022
өлшемі67,77 Kb.
#59419
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
СОӨЖ 6
Тақырыбы: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары. Ауызша әдеби журналдар, таблица, сызба.


6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы


3 курс
309-топ
Орындаған: Дүйсен Динара

Алматы 2022

Дамыту жұмысы сөйлеу әрекетінен басталып, адамның саналы ғұмырына өзек болатын, рухани қалыптасуы мен кемелденуіне ықпал ететін психологиялық, философиялық, ғылыми –әдістемелік мәні бар мәселе. Адам баласы қоғамық-әлеуметтік ортада өмір сүргеннен кейін оның қалыптасуы мен рухани әлемінің толығуына, тілдік қатынастың ықпалы зор. Адамның ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас жасау, ойын дәлелдеу немесе дәйектеу, белгілі бір істерге жұмылдыру, иландыру, т.б. толып жатқан қарым-қатынас әлемі сөйлеу әрекетіне тікелей байланысты болады.


Оқушының сөйлеу тілін дамытатын, шебер сөйлеуге баулитын, ойды жүйелі баяндауға, сөзді әсерлі құруға үйрететін, шебер сөздік құрылымы мен техникасын танытатын – пән бар болса, ол – әдебиет пәні. Адамның белсенді сөйлеу әрекеті әдебиетті оқу үдерісінде жүзеге асады. Сөйлеу әрекетін адамның моральдық-эстетикалық сенімі мен әрекетінен ажыратып қарауға болмайды. Әдіскерлеріміз тіл дамыту жұмыстарын оқушылардың сөйлеу тілі мен жазба тілін дамыту бағытында бірлікте жүргізуді мақсат етеді. Әрі бұл мәселе қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдебиетті оқыту әдістемесіне ортақ зерттеу нысаны екен. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында көбірек тіл мәдениетіне қатысты қарастырылған. Шешендік өнер нысанын зерттеушілер де аталған мәселені айналып өтпейді.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үш тарапта жүргізілетін жұмыс. Оның бірі, психолингвистік негіздегі сөйлеу қызметінің теориясына қатысты. Екіншісі, ана тіл мен шеттілін оқып үйренудің заңдылықтарын зерттейтін лингводидактикалық бағыт. Үшіншісі, әдебиеттану мен сынның, шешендік өнер теориясын, көркем әдебиеттің мүмкіндіктерін қарастыратын әдеби-әдістемелік бағыт.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде оқушылардың сөйлеу тілі мен жазба тілін дамыту мәселелерін қарастырған әдіскерлер (Ә. Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Р.Құтхожина, Қ.Бітібаева, Т.Жұмажанова, т.б.) тіл дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдерін көрсетті. А.Көшімбаев: «Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты әдебиет сабақтарында да оқушылардың ауызша сөйлеу тіліне талаптар қойылып отырады» дей келе, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту әдіс-амалдарын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет