Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



бет1/45
Дата06.01.2022
өлшемі149,37 Kb.
#13050
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




1билет

1. Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш

қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мəселелерді шеше алмаған əлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық- зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ еліндегі асқынған жер мəселесі шешілмеді, казак əскері,қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мəселе талқылауға түсті. Осы мəселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нəтижесінде,«Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-Ə.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай жəне рухани-мəдени өзгерістердің нəтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тəуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мəдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.1920 жылдың 5 наурызында Әскери-революциялық комитет Алашорданы таратуға арнайы шешім қабылдағанға дейін Алаш қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде біртұтас, мақсатты саяси, әлеуметтік, мәдени үдеріс болды. Қазақ мемлекетін құру сәтсіздікке ұшырағанымен, Алаш қозғалысының азаттық идеялары, мәдени, ғылыми басқа да дәстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ қоғамында өмір сүріп жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары тәуелсіздік жылдарында қайтадан жаңғырды.



2. “Жеті жарғы” атауын алғаш рет Əз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының əскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ əдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді мол жинайды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық-қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.

3. парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Археологиялық ескерткіштері:Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.  Іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Арал өңірі сақтар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет