Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі алаш зиялылары еңбектерінің маңыздылығы



бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі1,52 Mb.
#84766
  1   2   3

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі алаш зиялылары еңбектерінің маңыздылығы

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


Орындағандар:Суюнбай А. Адасхан У. Баймахамбет Ә.
Қабылдаған: Танабаева Г.Т

Жоспар:

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов


Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.Тарихымыздың ХХ ғасыр басындағы кезеңін Алаш көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол осы кезеңдегі қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға.
Ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханға педагогикалық еңбек етене жақын еді. Себебі, Әлекең 1894 жылы Санкт-Петербургтегі Орман институтын орман экономикасы мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы Омбы қаласындағы төменгі дәрежелі Орман мектебіне жұмысқа қабылданған соң, мектепте екі жылдай өз мамандығы бойынша дәріс оқып, сабақ береді.Тәрбие теориясын оқыту теориясымен байланыста қарастыру мәселелерін қозғаған педагог-ғалым Ә.Бөкейхановтың сол кезеңде айтқан «оқытуды ана тілінде жүргізу керек» деген пікірі күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Сол кезеңде Алаш көсемі көтерген ана тілінде оқыту мәселесі бүгінгі таңда мемлекеттік стратегиялық құжат болып бекітілді.
Ә.Бөкейхан өзінің саяси күреспен өткен саналы ғұмырында қазақ тілінің қоғам өмірінің барлық саласында, ел аумағында кеңінен қолданылуына қол жеткізу үшін бар күш-жігері мен жан-жақты білімін жұмсады. Қазақ ұлтына адал қызмет етуді өмірінің мәні санаған саяси қайраткер тіл саясатымен де тікелей айналысты. Ол қазақ тілінің ел ішіндегі қолданысын заң жүзінде бекітуге ірі саясаткер әрі кәсіби заңгер ретінде атсалысқан және ХХ ғасыр басындағы ұлт көшбасшысы ретінде бұл іске басшылық жасаған аса көрнекті ұлт зиялысы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет