Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет1/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97

  1. Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі.

Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин-ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф. Көпрүлузаде (240, 37), Н. Банарлы (233, 151) және Г. Грюнебаум (118, 20) еді. Ал Ахмет Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының Х-XII ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым-түсінікті бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлу процесінде зор білгірлікпен нақтылай түскен сияқты. Олқазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп, оны төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады: «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты- тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар - діншіл деген мағынада, ділмар -тілше деген мағынадағы сөздер» (18, 262-263 ).
Ислам дәуір әдебиеті ежелгі дәуір кезеңіне жатады.Исламдық дәуір ежелгі дәуір әдебиетінде орны қалыптастан кезең.Ислам дәуіріне қатысты ежелгі дәуір әдебиетін Алма Қыраубаева былай бөледі:
Тәңірлік дәуір (7-9 ғасыр аралығы)
Исламдық дәуір (10-12ғ)
Орта түркі дәуірін (13-14 ғасыр) деп бөледі
Исламдық кезеңді сыр және қарахан кезеңі деп екіге бөледі.Бұлай бөлуінің себебі.
Сыр бойы әдебиеті– Мұсылман мәдениетін жасаушылар ішінен қазақ жерін мекендеген ру тайпалар болды. Көптеген ғұламалардың еңбегі ислам негізінде жазылған. Еуропа елдері философия, математика, медицина салаларын мұсылман өркениеті арқылы білді. орта ғасырда Ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғалымдар шықты.әл-Фараби, әл-Жауһари, әл-Сығанақи. Мұсылман мәдениеті 7-12 ғ шарықтау шегіне жетті. Оның негізі Сыр бойы еді. Сыр бойындағы мәдени орталықтар ислам кезеңінің таралу аймағы еді. Сыр бойы әдебиетіне біз әл-Фарабиді жіне Ахмет Йасауиді жатқыза аламыз. Сол үшінде алғашқы мұсылман мәдениетінің бастауы Сыр бойынан нәр алғандықтан сыр бойы әдебиеті деп бөлсе.
Қарахан кезеңін мына себеппен Қарахпн кезеңі деп бөледі. Қарахан кезеңі-11-12 ғасырда Қарахан қағанаты құрылды. Қарахан мемлекеті Ислам мәдениетін жасаушы елдердің бірі. Ғылым мен әдебиет жоғары деңгейде дамыған. Сол кезеңге тән тұлғалар Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари. сауда, дін, ғылым, әдебиет орталығына айналды. Бұл Алма Қыраубаеваның жіктеуі болса.
Н. Келімбетов Ислам дәуір әдебиетін басқаша бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет