Қазақ терминографиясының тарихы



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі38,92 Kb.
#137263
  1   2   3   4

ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
1959-1962 жылғы шығарылған терминологиялық сөздіктер сериясының қазақ терминографиясының тарихындағы орны Қазақ терминографиясының тарихындағы 50-60 жылдарды 1959-1962 жылдардың аралығында шыққан 12 томдық терминологиялық сөздіктер сериясынсыз елестету мүмкін емес1 . Көп жылдар бойы әр ғылым мен техника салалары бойынша жинақталған, қазақ тілінде қалыптасып, орныққан терминдерді бұл кезеңде жүйелеу қажеттілігі туған еді. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінен бері терминологиялық сөздіктер қатары шығарылмады емес. Мүмкіндігінше әр кезеңде тілімізге кірігіп, қалыптасқан терминдер сирек те болса әр жылдары шығып тұрғантерминологиялық сөздіктерде беріліп, қала берді 1935 жылдан бері шығарылған терминкомның терминологиялық бюллетеньдерінде жарияланып тұрды. Бірақ кеңес дәуірінің алғашқы кезеңінен қолға алына бастаған ғылым мен техника салаларының терминдері 1959 жылға дейінгі жарты ғасырға жуық қоғам дамуының үрдісінде қордаланып, жинақталып қалған еді. Кеңестік мемлекеттіңжаңа құрылымымен, жаңа бағыттағы ғылым мен техника салаларының дамуын қолға ала бастауымен байланыстықазақ тілі, қазақ қоғамы үшін пайда болған жаңа ұғымдар кірме терминдер ретінде лег-легімен тілдің қолданысына кірігіп, бірте-бірте сөздік қорда әбден орнықты. Әсіресе, 1933 жылы терминкомның Қазақстанда құрылуына байланысты қазақ терминологиясында орталықтан дайындалған терминдерді жасау және тілге қабылдау, оларды бекіту принциптері кірме терминдердің үлкен қарқынмен, еш кедергісіз енуіне ықпал етті. Одан өзге қазақ тілінің негізінде де жаңа қоғамдық құрылымға, ғылым мен техниканың дамуына байланысты жаңа терминдер жасалып, қалыптасты.
1961 жылы Мәскеу қаласында өткен "Терминология мәселелері" атты бүкілодақтық конференция да айғақ бола алады. Демек, осы сияқты шаралардың арасындағы байланыс, сол уақытта терминологияға ерекше мән берілгендігін, терминдерді реттеу ісінде осындай ауан қалыптасқанын аңғартады. Орысша-қазақша шығатын бұл сөздіктердің шығарылуына басшылық жасау, бағдардарларын айқындап алу, құрылымдық мәселелерін қарастыру, терминдерді беру тәсілдерін белгілеп алу, терминдерді беру қағидаттары мен тәсілдері туралы бір шешімге келу ғалымдар қауымынан үлкен жауапкершілікті де қажет еткендігін айтып өтпеске болмайды. Аталған сөздіктер сериясының 1959 жылы шыққан 1-томы металлургия саласының, 1959 жылы шыққан 2-томы математика, физика, астрономия салаларының, 1960 жылы шыққан 3-томы геология саласының, 1960 жылы шыққан 4- томы заң, педагогика, психология салаларының, 1961 жылы шыққан 5-томы медицина саласының, 1961 жылы шыққан 6-томы іс жүргізу саласының, 1962 жылы шыққан қалған алты томның 7-томы экономика, философия салаларының, 8-томы денешынықтыру және спорт салаларының, 9-томы құрылыс және құрылыс материалдарының, 10-томы теміржол саласының, 11-томы ботаника және өсімдіктану саласының, 12-томы тау-кен қазба жұмыстарының терминдерін қамтыды.
Оның нәтижесі - 1959-1962 жьшдар аралығында жарық көрген орысшақазақша терминологиялық сөздіктер сериясы. Көрсетілген 12 томның құрамында арнайы том ретінде көрсетілмей, осы сөздіктердің аясында тағы қосымша 3 сөздік кітап жарияланған. Біздіңше, бүл сол кезеңдегі сөздік жасаудың алғашқы жоспарына енбегенімен, олардың қажеттілігіне, ғалымдардың ізденісіне орай қосымша шығарылған сияқты. Өйткені, тіл білімінің, әдебиеттану саласының және ботаниканың (салалардың атаулары сөздіктерде солай көрсетілген - Е.Ә) терминдері жеке сөздіктер ретінде осы сөздіктср сериясының аясында шығарылған. Сонымен, 12 томдық сөздік 15 кітаптан тұратындығын қосымша мәлімет ретінде айта кеткен жөн. Бұған ізденіс барысында, аталған сөздіктер сериясымен таныса отырып көз жеткізуге болады. Аталған мәліметті көз көрген ғалымдардың бірі ретінде, әрі осы саланы зерттеп жүрген белді маман ретінде Ө. Айтбайұлы да өз мақаласында атап өтеді. сөздіктердің қазақ терминографиясындағы орнын, терминологиялық сөздіктер құрылымына тән қағидалар мен тәсілдерді орнықтырудағы қызметін көрсету мақсаттарында аталған терминологиялық сөздіктердің құрылымын талдап, ерекшеліктерін анықтаудың қазақ терминографиясының трихы үшін өзіндік маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет