Қазақ тілі мен әдебиеті Оқушыларды республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең) 10-сынып



Pdf көрінісі
Дата15.03.2023
өлшемі185,78 Kb.
#74679


Қазақ тілі мен әдебиеті 
Оқушыларды республикалық олимпиадасына іріктеу 
(аудандық кезең) 
10-сынып 
Тапсырмалардың (1, 2 - тапсырма) орындалу уақыты 120 минут 
1-тапсырма. Эссе жазу. 
Эссені бағалау критерийлері: 
1. 
Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы,
мазмұндаудың жүйелілігі – 10 ұпай; 
2. 
Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу,
өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 ұпай;
3. 
Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі
көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді 
қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 10 ұпай
4. 
Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен
жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал 
туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы – 10 ұпай;
5. 
Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық
және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы– 10 ұпай. 
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай 
 
ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ 
1. 
«Сегіз аяқ» өлеңінің мазмұны мен ұлттық құндылығы (ойыңызды нақты дәлелдермен 
талдап жазыңыз) 
2. 
«Күй» повесінің тарихи және көркемдік ерекшелігі (ойыңызды нақты дәлелдермен 
талдап жазыңыз) 
3. 
«Мәңгілік елдің тұғыры - тәуелсіздік» (жетістігі, мүмкіндігі, болашағы туралы 
ойыңызды нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз) 
Эссе тақырыптарының біреуі –еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған. 
 
2-тапсырма. Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау. 
Талдауды бағалау критерийлері: 
1. Әр сөзге (сөз тіркесіне) жасалған морфологиялық талдауда сөз табының, түбір мен 
қосымшалардың дұрыс көрсетілуі – 1 ұпай 
Талдау жұмысынан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 10 ұпай 
1) Ол кеш бойы көзі ұйқыға кеткенше көңілді болды: көршілерімен әңгіме дүкен құрды, 
достарына телефон шалды, баласымен домино ойнады. 2) Көрейін деп бұрылып едім. 3) Жұрт 
мақтайтын жырау осы. 4) Сен оқи-оқи, мен жүре-жүре шаршадым. 5) Психологиялық ағымның 
негізін салушы Хайман Штейнталь болды. 6) Хамит сол жақтағы бір теректердің қып-қызыл болып 
қызарған жапырақтарына қарап келе жатыр еді, аты қымсынып қалды.7) Аяғымыздың бортқа 
іліккені сол еді, машынша селкілдеп қозғала берді. 8) Шеткі үйдің бірінен сақ құлақ ақ қаншық шәу 
етті, сол сол-ақ екен әр үйден он-ондаған ит қаптап шығып, аттылы кісіге ұмтылды. 9) Ауылдың 
көзі ұйқыға барған кезде, іргенің шиін сытырлатып, бір қол керегенің көзінен өтті. 10) Жігіттер 
ойыннан жалығып, Жұмабек құданың әнін тыңдауға, көбі қасындағы қыздармен шүңкілдесуге 
кіріскен кезде, Күнікейден жарымады ма, кім білсін, сол жағындағы құда тұрып тысқа шығып кетті. 


10-сынып 
Қазақ тілі мен әдебиеті 
Аудандық кезең 
ЖАУАБЫ 
Достарына 
Дос – түбірі (зат есім) 
- тар – көптік жалғауы 
- ы – ІІІ жақ тәуелдік жалғауы 
- на –барыс септігі жалғауы 
Көрейін 
Көр – түбірі (етістік) 
-ейін – бұйрық рай жұрнағы 
Мақтайтын 
Мақта – түбірі (етістік) 
- йтын – есімше жұрнағы 
Шаршадым 
Шарша – түбірі (етістік) 
- ды – жедел өткен шақ жұрнағы 
- м – І жақ жіктік жалғауы 
Ағымның 
Ақ – түбірі (етістік) 
-ым – зат есім тудырушы жұрнақ 
- ның – ілік септігінің жалғауы 
Жапырақтарына 
Жапырақ – түбірі (зат есім) 
- тар – көптік жалғауы 
- ы – ІІІ жақ тәуелдік жалғауы 
- на – барыс септігінің жалғауы 
Іліккені 
Іл – түбірі (етістік) 
- ік – етістік тудырушы жұрнақ 
- кен – есімшенің жұрнағы 
- і – ІІІ жақтың тәуелдік жалғауы 
Аттылы 
Ат – түбірі (зат есім) 
-ты – сын есім тудырушы жұрнақ
-лы – сын есім тудырушы жұрнақ
Сытырлатып 
Сытыр – түбірі (еліктеуіш) 
-ла – етістік тудырушы жұрнақ
-т – өзгелік етіс 
-ып – көсемшенің жұрнағы 
Шүңкілдесуге 
Шүңк – түбірі (еліктеуіш) 
-іл – зат есім тудырушы жұрнақ
-де – етістік тудырушы жұрнақ 
-с – ортақ етіс жұрнағы 
-у – тұйық етістік жұрнағы
-ге – барыс септігі жалғауы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет