Қазақтың музыкалық фольклорының ауыз әдебиетімен байланысы
Ескерту: МЕБС сәйкес диплом жұмысын ресімдеу талаптары, жұмысты ұйымдастыру мен қорғау тәртібі, бағалау критерийлері қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары А.М.Қартаева, Қ.Т.Барбосыновалардың «Қазақ әдебиетінен курс, диплом жұмыстарын жазу әдістемесі» атты еңбектерінен аламыз. Еңбектің көшірмесі ОӘК ішінде беріліп отыр. Әр тақырыпты жазу үшін жеке әдебиеттер тізімін оқытушы іріктеп береді.
5.2 Курс жұмыстарының тақырыптары
Әдістемелік нұсқау.Берілген тақырыптардың бірін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Курс жұмысы А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған курс жұмысының көлемі 25 бет, ал компьютерде басылған жұмыстың көлемі 20 бет болу керек. Қолмен жазсаңыз, жазуыңыз түсінікті, анық, әдемі болғаны дұрыс. Курс жұмысының құрылымы: жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сыртқы бет стандартақа сай, компьютерде басылған болуы тиіс. Тақырыпқа сай әдебиеттер тізімін, жұмыстың орындалуы, қорғалуына байланысты сауалдарыңызға жауапты оқытушыдан ала аласыз.
5.3 Реферат тақырыптары С.Қасқабасов және қазақ фольклортану ғылымы
Түркі халықтары әдебиеті мен қазақ фольклорынының сабақтастығы (Ү-ХҮғ.ғ.)
Кеңес дәуіріндегі ШҚ аймағындағы қазақ фольклоры
Әдістемелік нұсқау. Берілген тақырыптардың бірін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған рефераттың көлемі 15 бет, ал компьютерде басылған жұмысытың көлемі 10 бет болу керек. Қолмен жазсаңыз, жазуыңыз түсінікті, анық, әдемі болғаны дұрыс. Рефераттың құрылымы: жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сыртқы бет стандартақа сай, компьютерде басылған болуы тиіс. Тақырыпқа сай әдебиеттер тізімін, жұмыстың орындалуы, қорғалуына байланысты сауалдарыңызға жауапты оқытушыдан ала аласыз. Реферат 15-аптада СОӨЖ сабағында қабылданады.