Қазақ тіліндегі халықтық өлшем бірліктер



Дата25.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#127948
Байланысты:
СөЖ Эля

Функциональдық морфология мен коммуникативтік синтаксистің арақатынасы.

Орындаған: Жанызакова Эльмира

Қабылдаған: Иманалиева Ғазиза

І.Кіріспе

Функционалдық жүйе – өзінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде белгілі бір мақсатты әрекеттің туындауын қамтамасыз ететін, өздігінен реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі. Бұл ұғымды И.П.Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н.К.Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмұнды деңгейі деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді.

Функциональдық морфология

Қызметтері:

Әрбір функционалдық жүйе құрамына мына бөлімдер міндетті түрде енеді: 1. Афференттік жинақтау (синтез) 2. Шешім қабылдау 3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің акцепторы 4. Іс-әрекет 5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері 6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау

Синтаксис ойлаумен, қарым-қатынас үдерісімен жəне сол коммуникация жүріп жатқан жағдаймен тікелей байланысты болады. Синтаксистік құрылымдардың коммуникативтік қызметі əлем тілдерінің бəрінде бірдей, демек, ол — тілдің əмбебап бөлігі. Сонымен қатар əр тілде синтаксистік қатынас берілуінің өзіндік ерекшеліктері де бар. Функционалдық синтаксис тілде түрлі өтініш, тілек, таң қалу, сүйсіну сияқты сезімдердің берілу амалдарын сипаттауға мүмкіндік береді. Функционалдық синтаксис байланыстыра сөйлеудегі синтаксистік құралдардың қызметін қарастыратындықтан, түрлі контекстегі, яғни сөйлеу үдерісіндегі, сөйлемдердің типтері де нақтылануы тиіс


Коммуникативтік синтаксис

Кейіннен сөйлеу актілері теориясы тереңдетіле зерттеліп, сөйлемдердің коммуникативтік типтерін анықтауда қосымша грамматикалық ажырату белгісі деп санала бастады. Барлық сөйлемдер екі қағидат бойынша жіктеле алады: 1) Сөйлемнің коммуникативтік бағалылығы. 2) Сөйлем құрылымы. Сөйлем дегеніміз — хабарлаудың тұтаса құрылған бірлігі, қатысым барысында сөйлеуші тыңдаушыға белгілі бір ақпарды жеткізеді. Синтаксистің негізгі нысанының бірі — сөйлем. Сөйлем — сөздерден синтаксистік модель негізінде құрылып, жағдаятқа сəйкес коммуникативтік мақсатқа бағытталған сөйлеу бірлігі. Сөйлем де, сөз сияқты, номинативтік бірлік, алайда сөйлем номинативтілігімен қатар, предикативті де, яғни кеңістік пен мезгілде болатын оқиға дамуын немесе жағдайларды атап, олардың объективті болмыспен байланысын, оның шын-жалғандығын, болымды-болымсыздығын көрсетеді.

Сөйлеу актілеріне өздеріне тəн, бір-бірімен байланысты əлеуметтік рөлдері бар, сөйлеу дағдылары, əлем туралы түсінік-ұғымдары ортақ сөйлеуші мен адресат қатысады. Сөйлеу актісінің құрамына сөйлеу жағдайы мен оның мазмұнына қатысты болмыстың үзігі кіреді. Дж.Остиннің айтуынша, сөйлеу актісін орындау деген жалпыға түсінікті тілдік таңбамен дыбыстау; сол тілдің сөздерінен сол тіл грамматикасының заңдылықтарына сəйкес сөйлем құрау; сөйлемдегі мағына мен референция (болмысқа қатысы) (локутив); сөйлеуге мақсат қою (иллокутивті акт), яғни сөйлеу барысында қандай да бір коммуникативтік мақсатты білдіру; белгілі бір нəтижеге итермелеу (перлокутив), яғни адресаттың санасына немесе іс-əрекетіне ықпал ету.

Функционалды зерттеулердің негізгі мақсаты тіл жүйесінің түрлі деңгейлеріне жатқанмен, бір мақсатқа жұмсалатын құрылымдар мен грамматикалық формалардың қолданылу ережелерін сипаттауға бағытталған. Функционалды грамматика тілдің грамматикалық құрылымын тексеріп, сипаттайды. Грамматикадағы функционалды зерттеулер екі кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, бірінші кезең – тілдегі семантикалық категорияларды берілу жолдарын зерттеу, екіншісі – тілдің түрлі деңгейлеріндегі элементтермен айтылу барысындағы грамматикалық бірліктердің қызметін зерттеу.

Тыңдағандарыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет