Қазақ тілінің анықТАҒышы



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет10/47
Дата28.12.2016
өлшемі2.12 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

9. ЖАҚША

§   64.  Қыстырма   сөйлемдер  не  сөз   тіркестері   жақшаға  алынады  (II

тарау, § 54-ты қараңыз).

§ 65. Белгілі бір сөздерді түсіндіру үшін оның аудармасы, синонимі т.б.

беріледі де, жақшаға алынып жазылады:

1900 жылдың желтоқсанында шетелге  “Искра”  (“Ұшқын”)  газетінің

бірінші нөмірі шықты. Газеттің атынан соң “Ұшқыннан жалын лаулайды”

деген нақыл сөз (эпиграф) жазылды.

§ 66. Алынған сөйлем, дәйексөздің және мысал қайдан, кімдікі екенін

көрсету  үшін, оның соңынан жазылған кітаптың  аты, авторы т.б.  жақшаға

алынады:


“Абайға   сүтпен   кіріп,   сүйегіне   сіңген   әдебиет   үлгісінің   бірі  –  халық

әдебиеті деп едік... Бірақ ол мұның  да  қызығын ерте тояттап, ескірген ел

даналығын көп ұзамай-ақ өзіне мұра санаудан қалған  сияқты”  (Қ.Жұбанов.

Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.  Алматы.  “Ғылым” баспасы, 1966, 296-

бет).

§   67.


 Драмалық   шығармалардағы   ремаркалар   (автордың

түсіндірмелері) жақшаға алынады:

А м а н г е л д і .   Миша!  (Жайнаққа.)  Әкет   мыналарыңды!  (Жайнақ

Жапарларды   айдап   кетеді.)  Миша,  аман   қайттың   ба?  (Амандасады.)

(Ғ.Мүсірепов.)

§ 68. Мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын

аудару   үшін,   біреуден   келтірілген   дәйексөздің   ішіндегі   жеке   сөздерге  не

сөйлемге қойылатын леп, сұрау белгілері жақшаға алынады (қосымшаның §

14-ін қараңыз).

§ 69. Келтірілген мысал не дәйексөздің ішіндегі белгілі бір сөздерді не

сөйлемдерді санамалап көрсету үшін, жол-жөнекей қойылатын цифрлар (не

әріптер) екі жағынан жақшаға алынады:



(1) Жасыл желегін бүркенген қарағайдың арасымен жүріп отырып, (2)

Асқар көлдің қабағына шықса, (3) мұз бетінде бірсыпыра кісі сырғанақ теуіп

жүр екен. Мұнда үш сөйлем бар... (“Қазақ тілі грамматикасы”).

10. ҚОС НҮКТЕ

§ 70. Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөзден кейін

қос нүкте қойылады (II тарау, § 92-ты қараңыз).

§  71.  Салалас   құрмаластағы   біріне-бірі   түсінік  болып   келген  және



өйткені, себебі деген жалғаулықтар түсіп қалып жасалған жай сөйлемдердің

арасына қос нүкте қойылады (II тараудағы § 99, 101-тарды қараңыз).

§  72.  Төл   сөздің  алдынан   келген  автордың   сөзінен   кейін   қос   нүкте

қойылады (II тарау, § 114-ты қараңыз).

§  73.  Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің

алдынан  келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін  кос  нүкте қойылады



(II тарау, § 92-ты қараңыз).

§ 74. Бірыңғай мүшелерден бұрын келген мысалы, атап айтқанда деген

қыстырма сөзден кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 95-ты қараңыз).

11. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ

§ 75. Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен

сияқты   жалғаулықтар   түсіп   қалғанда,   екі  сөйлем   арасына  (жалғаулықтар

айтылмаған   жерге)   әуелі   үтір,   одан   кейін   сызықша   қойылады   (II   тарау,

§100-ты қараңыз).

§  76.  Сызықша нүктемен, үтірмен, сұрау және леп белгілерімен, көп

нүктемен қабаттаса келгенде, сол тыныс белгілерінен кейін қойылады:

–  Енді  сен   не  істемекшісің?   –   деді   ана   баласының   сөзін   бөліп.

(М.Горький). –  Мен... –  деп, Асқар  азғана кідіріп бірдемені қиял еткендей

бөгеліп тұрды да, – көлді жағалап қайтамын, – деді (С.Мұқанов).

– Рас! – деп, Тоғжан қызара түсіп көзін төмендетті. – Сізді мен бір



көрдім (М.Әуезов).

§  77.  Нүкте   мен   сызықша   қатар   қойылатын   орындарды   II  тараудағы

§114-тан қараңыз.

§  78.  Тырнақша мен нүкте, үтір, сұрау, леп белгілері және көп нүкте

қабаттаса келгенде, олар былайша орналасады:

а)  егер   леп,   сұрау   белгілері   және   көп   нүкте   тырнақшаға   алынған

сөйлемге ғана қатысты болса, олар тырнақшадан бұрын қойылады, ал үтір

мен нүкте тырнақшадан соң қойылады:



“Өзім алып шығайын”, – деп ойлады Бүркітбай (С.Мұқанов).

“Өзім алып шықсам қайтеді?” – деп ойлады Бүркітбай. “Ешкім де емес,

өзім   алып   шығам!”–   деді   Бүркітбай.   “Өзім   алып   шығайын”.   (“Өзім   алып

шығайын.” деп жазған дұрыс емес.)

Бұлармен   қабаттаса   сызықша   жүрсе,   ол   тырнақшадан   соң   қойылады

(жоғарыдағы мысалдарды қараңыз).

ә)   Тырнақшаға   алынуға   тиісті   құрылым   тұтас  сөйлем   емес,  оның

ішіндегі  жеке  сөздер   не   сөз  тізбектері  болса,   сөйлем  соңына   қойылатын

леп,  сұрау белгілері  мен  көп нүкте қатар  келген  тырнақшаның сыртынан

қойылады.

–  Әй,   қайтып   келесің  бе   “бала”?  –  деп  қалжыңдай   айғайлайды   ол

жолдасына. О, шіркін, осы ән ғой “құлақтан кіріп, бойды алар”!

б) Сөйлем тырнақша жабылған жерден бітіп тұрса, леп, сұрау белгілері

мен   көп   нүкте   тырнақшаның   іш   жағынан   қойылғанда,   тырнақшаның

сыртына басқа тыныс белгісі (сызықшадан бөтен) қойылмайды:



“Олай болса, – деп ойлады Асқар, – мынау көш не?” 1914 жылдан бергі

нөмірлерін  Асқар   тез-тез  жүгіртіп   қарап   шықты:   “Екі   жылда  Франция

қырық миллиард шығын ұстаған...” (С.Мұқанов).

§ 79. Нүкте, леп, сұрау белгілері және көп нүкте жақша ішінде алынған

текске   қатысты   болса,   жақшаның   ішінен   қойылады.   Жақшаның  сыртына

жалпы сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:



Байқауымша, әңгіме былай:

Біріншіден (рас қой мұным?),

Орыс үйі көрмей тыным,

Қонақ күткен, сөз қылып ұдай... (А.С.Пушкин)

§   80.  Баяндаманың,   сөйленген   сөздердің   ішіндегі   жақшаға   алынған

ремаркалар   сөйлем   соңында  келгенде,   тыныс  белгісі  мен  жақша   былай

қабаттасады:

Ремарканың   алдындағы   сөйлем   соңына   қойылатын   нүкте   жақшаның

алдынан қойылмай, соңынан (ремаркадан кейін) бір-ақ қойылуы мүмкін:



Біздер,   жазушылар,   көркем   сөзімізбен   халықты   ізгілікке   тәрбиелеуге

дайынбыз (Қол шапалақтау).

Немесе  ремарканың  алдынан  бір   нүкте,   жақша   ішіне  я  болмаса

сыртына тағы нүкте қойылып жазылуы да мүмкін:

Біздер,   жазушылар,   көркем   сөзімізбен   халықты   ізгілікке   тәрбиелеуге

дайынбыз. (Қол шапалақтау.)

Былай қоюға да болады:



Біздер,   жазушылар,   көркем   сөзімізбен   халықты   ізгілікке   тәрбиелеуге

дайынбыз.(Қол шапалақтау).

Келтірілген   дәйексөздің   қайдан   және   кімдікі   екенін  көрсету  үшін

жақша ішіне алынып жазылған сөздердің тыныс белгілерінің орналасуы да

осындай.


Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай). Өлең – сөздің патшасы, сөз

сарасы. (Абай.) Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай). Көбінесе мұның

1- және 2-түрлері жиі қолданылады.

§   81.  Драмалық   шығармалардағы   жақшаға   алынатын   ремаркалардың

тыныс белгілерінің орналасу тәртібі мынадай:

а) ремарка  кейіпкердің атынан кейін қатар  келгенде,  нүкте жақшаның

сыртына қойылады. Кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылмайды.

Б   а   я  н  (аз   ойланып).  Үш   түрлі   шарт   қойсам,   орындармысың?

(Ғ.Мүсірепов).

ә)  Ремарка  кейіпкердің сөзінің ішінде екі сөйлемнің  арасында  немесе

кейіпкер   сөздің   аяғында   келсе,   нүкте   жақшаның   ішіне   қойылады;

жақшаның алдынан сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:

А м а н г е л д і .   Миша!  (Жайнаққа.)  Әкет   мыналарыңды!  (Жайнақ

Жапарларды айдап кетеді.)

§   82.  Тырнақшаға   алынған   дәйексөздің  немесе  басқаларының   өзі

тырнақшаға алынған сөздерден, сөйлемнен басталса,  немесе  аяқталса, екі

тырнақша қатар қойылмай, біреуі-ақ қойылады, яғни ол жалпы дәйексөздің

ішіндегі тырнақшаға алынған сөздерге де тиісті болады.

§ 83. Жақша ішіне алынған сөздердің тұрған жеріне қойылатын тыныс

белгісі жақшадан соң қойылады.

Аңдағұл атынан рудың он шақты аулы  айнала қонып жайлайтын Алуа

атты   шалқар  көл  бар  (оған   кейін   ораламыз),  көлдің   әр   тұсынан   су   ағар

жыралар қосылады (С.Мұқанов).

Егер жақша ішіндегі қыстырма жоқ болса, мұндағы үтір  шалқар көл



бар деп аяқталатын жай сөйлемнен кейін қойылуы тиіс еді.

§ 84. Сұрау, леп белгілері көп нүктемен қабаттаса келгенде, әуелі сұрау

не   леп  белгісі,  одан  кейін   қатар   екі   (үш   емес)   нүкте   қойылады.   Ал   леп

белгісі, сұрау белгісі, көп нүкте – үшеуі қатар келгенде, мағынасына қарай

әуелі сұрау мен леп белгісі (не леп пен сұрау белгісі), одан кейін бір нүкте

қойылады (II тараудағы § 12-ты қараңыз).

§ 85.  Лептік  те,  сұраулық  та  мәні бар сөйлемдерден кейін леп белгісі

де, сұрау белгісі де қатар қойылады. Сөйлемнің қай мәні басым болса, әуелі

сол мәнге тиісті белгі қойылады (II тарау, § 15-ты қараңыз).

§  86.  Бірыңғай   мүшелердің  не  құрмаластағы   жай   сөйлемдердің

арасында көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:

Сатылып   кеткен   бурыл   биенің   құлындарын   кісінікі   деуге   қимаймын...

іштей өзімсінем... көргім келеді де тұрады және көре де берем! (С.Мұқанов.)

§ 87.  Қаратпа, одағай сөздерден және  сөйлем басында келген  иә, жоқ

деген сөздерден кейін көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:

– Жаным! Асылым... барым бір әзің! (М.Әуезов).



О... білем, білем!

– Ақмола ма ?

– Жоқ... Омбы, Қызылжардың бірі (Ғ.Мүсірепов).

ІV тарау

СӨЗ САЗЫ

(Сөзді дұрыс айту нормалары)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ АУЫЗША ТҮРІ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ӨРІСІ

Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің,

әлеуметтік-саяси   өмір   мен   өндірістік-шаруашылық   тірліктің,   күнделікті

тұрмыс-тіршіліктің барлық саласына қызмет ететін жоғары сатыда дамыған

әдеби тілге айналып отыр. Ол – мемлекеттік дәреже (статус) алған ұлттық

тіл. Ұлттық әдеби тіл болғандықтан, қазіргі қазақ тілі – қоғамның барлық

мүшелеріне   бірдей  және   Қазақстан  жерінің   бүкіл   аймағында   біркелкі

қолданылатын, сондай-ақ қазақ жерінен тыс өлкелерді мекендеген қазақтар

үшін де дағдылы тіл, яғни баршаға ортақ жазу, сөйлеу тәжірибесі бар тіл.

Мемлекеттік тіл дәрежесі қазақ әдеби тілінің бүгінгі қоғамға қызмет

ету өрісін кеңейте түсті: бұл күнде қазақ тілі – ең алдымен, о қ у - а ғ а р т у ,

т ә р б и е   қ ұ р а л ы , одан   соң  сан   салада   дамып,   жоғары   деңгейге

көтерілген ұлттық к ө р к е м   ә д е б и е т т і ң  т і л і, мазмұны мен мақсаты

түрлене түскен б а с п а с ө з д і ң  т і л і, енді өрістей түскен ғ ы л ы м  т і л і,

республика қолданатын з а ң д а р мен р е с м и   і с   қ а ғ а з д а р ы   т і л і ,

т е а т р л а р

 

м е н


 

р а д и о н ы ң

 

т і л і ,



  к и н о

 

м е н



т е л е д и д а р д ы ң   т і л і .

Сонымен   қатар,   әрине,   қазіргі   қазақ   тілі   –   бүгінгі   адамдардың

күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өзара ұғынысатын  а у  ы з ш а     с ө й л е у

т і л і   м е н   а у ы з е к і   с ө й л е с у   т і л і .   Қысқасы,   қазақ   тілі   –   бұл

күнде республикамыздағы 7-8 миллионға жуық, ал жалпы дүние жүзіндегі

10 миллионнан асатын қ а з а қ   х а л қ ы н ы ң   а н а   т і л і .

Әдетте ұлттық әдеби тілдер қоғамға жазба және ауызша түрде қызмет

етеді.   Жазба   әдеби   тіл   жазба   әдебиеттің   өмір   сүруі   мен   дамуына,   оның

түрлері   мен   өрісіне  байланысты  болғандықтан,   ол   көркем   сөз   (көркем

әдебиет)   пен   баспасөзде,   ғылым   сөзі   мен   оқу-тәрбие   сөзінде,   ресми

құжаттар   мен   кеңсе-іс   қағаздары   тілінде   көрініс   табады.   Қазіргі   күнде

бұлардың   кеңінен   өріс  ала  бастауы   жазба   тілдің   әр   саладағы   (стильдегі)

заңдылықтарын   орнықтырып,   оның   әлеуметтік   қызмет   ету   пәрменін

күшейтіп   отыр.   Бұдан   біз   жазба   әдеби   тілдің   қоғам   өміріндегі   рөлі   мен

маңызы зор екенін аңғарамыз.

Ал   әдеби  тілдің  а у ы з ш а   т ү р д е г і   қ ы з м е т і   бүгінгі   қазақ

қоғамының   тіршілік-тынысы   үшін   бұдан   еш  кем   емес   деп   тану   керек.

Өйткені   мұның  да  қолданылар   өрісі   кеңейе   бастады.  Қазақ   тілінің

мемлекеттік   тіл   дәрежесіне   ие   болуы  әр  алуан   жиын,   жиналыс,

мәслихаттардың қазақ тілінде жүргізілуіне жол ашты; саясат, ғылым, өнер,

шаруашылық   т.б.   тақырыптарына   арналған  лекция-әңгімелердің   қазақ

тілінде   кеңірек   өткізілуін   күн   тәртібіне   қойды;   балабақшаларда  қазақ

бүлдіршіндерін ана тілінде тәрбиелеуді қолға алуға мүмкіндік берді;  қазақ

мектептерінің   көбейіп,   оларда   оқу-тәрбие   жұмыстарын   ана   тілінде

жүргізуге,   жоғары   оқу   орындарының  барлық   факультеттерінде   дерлік

(әзірге   тіпті   түгел   болмай,   көпшілігінде-ақ  болсын)   қазақ  бөлімдері

ашылып,   оларда   білім-ғылымның   көптеген   салаларынан   қазақ   тілінде

лекциялар   оқылып,   сабақ   жүргізілуіне   кеңінен  жол   ашты;   радио   мен



теледидардан қазақ тілінде берілетін хабарлар сағаты көбейіп, бұл каналдар

бойынша  қазақша сөйлейтіндердің жиірек көріне бастауын, ұлттық сахна

өнерінің түр-түрінің дамуын қамтамасыз етті. Осылардың баршасы қазақ

тілінің ауызша түрін, яғни ауызша қолданылуын, айтылмақ ойды ауызша

түрде білдіру тәжірибесін жандандырды.

Бұлардың   ішінде  радио,  теледидар,  театр,  киноның   орындары

айрықша, өйткені бұлар ең кемі жүздеген, әйтпесе мыңдаған, кейде тіпті

жүз   мыңдаған   адамдарды   қамтиды.   Сахнадан   айтылатын   сөзді   бір

спектакльдің өзінде жүздеген адам естиді, бір концертте айтылған ән мен

көркем сөзді де жүздеген, кейде мыңдаған адам тыңдайды.  Ал радио мен

теледидардан  және қазақша дыбысталған кинодан ауызша айтылған сөзді

мыңдаған,  жүз мыңдаған  адамдар  есітіп,  тамашалайды.  Демек, жазба  тіл

сияқты, ауызша тілдің де қоғамдағы орны зор екенін өмірдің өзі көрсетіп

отыр.


Мемлекеттік   ұлттық   тілдің   баршаға   ортақтығы   осы   тілді   қолдануда

белгілі бір зандылықтардың, яғни нормалардың болуын талап етеді. Тілдік

нормалар   оның   барлық   қаттауында:   сөздік   саласында   (лексикасында),

грамматикасында,  дыбыстар  жүйесінде,   стильдік-көркемдік   тәсілдерінде

болуы  шарт. Норма  сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни жазба

және ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы қажет. Сондықтан

ана тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түріне қойылатын талаптардың

да күшейе түсуі заңды.

Демек, қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтарын, оның ішінде ауызша

сөйлеу,  әсіресе   шаршы  топ  алдында  сөз  айту   нормаларын   бұзбай,   дұрыс

пайдалануда, тек пайдалану ғана емес, ол нормаларды көпшілікке үйретіп,

таратуда, орнықтырып, бекітуде балабақша тәрбиешілерінен бастап, мектеп

мұғалімдерінің, институт, университет оқытушыларымен қатар, қазақ сахна

қайраткерлерінің,

 радио,

 теледидар   дикторлары



 мен

 хабар


жүргізушілерінің,   әншілер  мен   эстрада  шеберлерінің   міндеттері   мен

қызметтері орасан зор екенін айту керек. Әрине, ана тілін игеру, оны дұрыс

жұмсай   білу   отбасынан,   баланың   ата-анасы   мен   айналасындағы

үлкендерден басталуы керек екендігі – даусыз ақиқат.

Тәрбиешілер мен мұғалімдер – жасөспірімдерді  тек  тәрбиелеп, білім

берушілер ғана емес, сонымен қатар тіл үйретушілер, тілдің байлығы мен

әсемдігін бала бойына сіңірушілер. Ал актерлар мен әншілер – халыққа тек

өнер көрсетіп, эстетикалық ләззат берушілер ғана емес, сонымен қатар ана

тілінің құдіретін танытушылар. Дикторлар мен комментаторлар – радио мен

теледидардан тек әр алуан хабар берушілер ғана емес, сонымен қатар сөзді

дұрыс айта білуді, дұрыс дыбыстай білуді үйрететін ұстаздар болуға тиіс.

Демек,   бұл   топтардың   әрқайсысының   төл   қызметтерімен  қатар,  тілге

қатысты міндеттерінің де әлеуметтік мәні бар екенін жеке-жеке  баса  айту

қажет.


Бұл   жұмыстағы   негізгі   тақырып   қазақ   сөзін   д   ұ   р   ы  с   айту

заңдылықтары   жайында   болғандықтан,   аталған   топтардың   жалпы   тілге

қатысты   оны   үйрету,  сөздік   байлығын   молықтыру,  грамматикалық   тұлға-


тәсілдерді дұрыс қолдана білуге баулу, ана тіліміздің көркемдік-бейнелеуіш

құралдарын игерту сияқты мәселелерін емес,  тек  қана қазақша сөйлегенде

(не  дауыстап   оқығанда)   сөздерді   табиғи   түрде   дұрыс  д ы б ы с т а й

б і л у г е  қатысты жайттарға ғана назар аударамыз.

Ең   алдымен,   баланың   тілі   үй   ішінде,  о т б а с ы н д а   шығады,

демек, баланы ана тіліне баулуда, онын ішінде сөздерді дұрыс  дыбыстай

білуге   үйрететін   тұңғыш   ұстазы   –   ата-анасы   және   үй   ішіндегі   өзге   де

үлкендер   екені   мәлім.   Сөйлеу   үстінде   сөздерді   бір-бірімен   жымдастыра,

үйлестіре айта білуге, қазақ тілінің өзіне тән дыбыс заңдылықтарын сақтап

сөйлеуге   баулуда   балаға   ертегі,   әңгімелер   айтудың   мәні   зор.   Үлкендер

ертегі,   әңгімелерді   баппен   мәнерлеп,   яғни   үндестік   заңдарын   сақтап,

сөздерді  қиюластырып  айтуға  мейлінше  көңіл  қоюлары   қажет. Сірә,   өсіп

келе жатқан баланың таным-білімдік талабы мен психологиясына әңгіме,

ертегілердің   мазмұны   ғана   емес,   оның   тіліндегі   үннің   құлаққа   жағымды

музыкалылығы  да  қатты   әсер  ететін   сияқты.   Баланың   өлең   сөзге

кұштарлығының сыры осында жатады. Үн (дыбыс) гармониясы – адамның

жан дүниесі қажет ететін заңдылықтардың бірі. Сондықтан жас балаға тек

прозамен ұсынылған әңгіме, ертегілерді емес, өздеріне арналған өлеңдерді

оқып беруге ұмтылу керек. Ол өлеңдерді балалар жатқа айтқанда, сөздерін

дұрыс дыбыстауына назар аударып, қате тұстарын түзетіп отыруды қазақ

ата-аналары мен өзге үлкендері де дағдыға айналдырса. Шынына келсек,

отбасылық   тәрбиенің   осы   түрі   бізде   айтарлықтай   емес   екенін  мектеп

табалдырығын жаңа аттаған балалардың сөйлеу тәжірибесінен аңғарамыз.

Сірә,   үй   ішінде   баланың   сөзді   қалай   айтуына   зер   салып,   түзетіп   отыру

машығы бізде жоққа тән.

Айталық,  бала  өзінің құрбысын “қалқан құлақ” деп мазақтағанда, әр

сөздің жеке-жеке күйіндегіше екінші сөзді  қ  дыбысынан  бастап, алдыңғы

сөзді  н  дыбысына   аяқтап,  қалқанқұлақ,   қалқанқұлақ  деп   жатса,   “жоқ,

балам,   сен  оны   құлағы   үшін   мазақтама,   ал   мазақтайды   екенсің,   онда

қалқанқұлақ деме, бұл сөзді сен қалқаңғұлақ деп айт” деген сияқты түзету

жасап жатпайтын тәріздіміз.

Әрине,   ол   үшін   қазақ   тіліндегі   сөздердің   дыбыстары   бір-бірімен

қиюласып, үндесіп  айтылатын  заңдылықтарын алдымен ересектердің, ата-

аналардың өздері жақсы білулері керек (бұл құрал сондықтан осы мақсатты

өтеуге арналады).

Осы  талаптар  б а л а б а қ ш а   тәрбиешілеріне  де  қойылады.  Олардың

“мәнерлеп оқу” сияқты тәрбие сағаттарында көңілді  тек  оқып беруге ғана

аудармай, сол оқыған мәтіндегі сөздердің дұрыс айтылуына зер қою абзал.

Бүлдіршіндерге   өлең-тақпақ   айтқызғанда,   олардың  тек  тілі   келмейтін

дыбыстарын түзету емес, ең алдымен, сөздерді қиюластырмай, бөлек-бөлек

айтулары сияқты қателіктеріне де көңіл аудару қажет. Бүгінгі қала балалары

әр   нәрсеге   үйренуді   отбасынан   гөрі   балабақшалардан   бастайды,   өйткені

ата-аналардың   көбі   жұмыс   істейді,   олардың   кешкі   екі-үш   сағат   баламен

бірге болған уақыттары күн ұзаққа балабақшада өткізген тәрбие сабақпен

теңесе   алмайды.   Оның   үстіне,   жоғарыда   айттық,   әзірге   біздің   жас   ата-


аналарымыздың,   оның   ішінде   әсіресе   қала   тұрғындарының   өздері  қазақ

тілінің   сөзді   дұрыс   айту   нормаларын,   ғылыми   тілмен   айтқанда,

орфоэпиялық  ережелерін   жақсы   білмейтіндіктерін   ескеру   қажет.   Сол

себептен   ана   тілімізді   үйретуде   алғашқы   үлкен   жүк   балабақша

тәрбиешілеріне түседі.

Бұл   орайда   балабақша   тәрбиесіне   ұсынылатын   оқу-методикалық

құралдарда  қазақ  тілінің   орфоэпиялық   заңдылықтарына   арнайы   назар

аударылса, тіпті бүлдіршіндерге арналған кейбір өлеңдердің дұрыс айтылу

(оқылу)   үлгісін   қоса   көрсетіп   отырсақ,   артық   болмас   еді.  Мысалы,

балабақшаларда оқуға арналған бір жинақта (“Оқып, ойнап, ән шырқайық”,

1983) берілген “Бұл қалай?” деген 8 жолдық өлеңнің мәтіні мынау:

Аппақ гүлден

Қызыл алма өседі.

Қара бұлттан

От шығады деседі.

Аппақ гүлден

Ақ бұлт неге өнбейді?

Бұлт ішінде

От қалайша сөнбейді?

Жазуда осылай берілген бұл өлеңді тәрбиеші балаларға былайша оқып

беруі керек:

Әппақ гүлден

Қызыл алма өсөді.

Қара бұлттан

От шығады деседі.

Әппақ гүлдөн

Ақ бұлт неге өмбөйді?

Бұлт ішінде

От қалайша сөмбөйді?

Осылайша оқығанда ғана өлең құлаққа жағымды, тілге (айтуға) жеңіл

болып   шығады.   Мұны   бүлдіршіндер   жаттап   алғанда,   жазылуынша  емес,

осылайша  оқылуынша   жаттауға   тиіс.   Бұл   мәтінде   еріндік   дыбыстардың

үндесуіне  және  б  дыбысынан  бұрын   тұрған  н  дыбысының  м  болып

айтылатындығына (өсөді, өмбөйді, сөмбөйді) көңіл бөлінеді.

Тағы   бір   мысал.   5-6   жастағы   балаларға   арнап,   Тұманбай

Молдағалиевтың  “Көл”  деген   шағын   өлеңі   ұсынылған,  оны   балалар

былайша айтып жаттаса:

Жатыр әсем көл тұнұп,



Көзүндей жас ботаның.

Құшақтаймын толқұнын,



Құуанышқа батамын.

Жағадағы тал ғұрақ

Өзүн содан көрөді.



Қозұлардай жамырап,

Құстар ұшұп келеді.



Күлүмсүреп күн гүндүз,

Көг аспанды шолады.

Кешке ғарай көб жұлдұз

Кеудесіне қонады.

Әлдилейді майда жел,

Таң нұрланыб атады.

Тербетіліп айна гөл

Жерде аунап жатады.

Мұнда  тұнып,   көзіндей,   тал   құрақ,   өзін,   көреді,   қозылардай,   ұшып,



күлімсіреп,   күн   күндіз,   көк   аспанды,   кешке  қарай,  көп   жұлдыз,   нұрланып

атады, айна көл  деп   жазылған   сөздердің   өлең   тексінде   келгендегі   дұрыс

айтылуы  (оқылуы)   көрсетілді.   Егер   тәрбиеші   өлеңнің  осы  көрсетілген

тұстарын   жазылған   түрінде   оқыса,   ол   сөз   сазынан   үлкен   қате   жібереді,

өйткені   мұнда   еріндік  дыбыстар  үндестігін   де,   қатаң   дыбыстардың

ұяңдайтын сәттерін де ескеру қажет.

Балаларға   жасы   өсіңкіреген   кезде   (5-6   жастарында),   әсіресе   мектеп

жасында   Абайдың   табиғат   туралы  немесе  “Аттың  сыны”  сияқты

өлеңдерінен үзінділер оқып, жаттатуды дағдыға айналдыру қажет, өйткені

Абай өлеңдері әуенді (музыкалы) болып келеді, ол әуенді бұзбас үшін, өлең

сөздерінің   бір-біріне   үндесетін   сазын   сақтап   айту  керек.   Мысалы,   “Жаз”

деген  өлеңінен  мына  бір   үзіндіні   былайша   оқыған   дұрыс   (бір   деммен

айтылатын сөздерді қосып жібердік, ал жазуда бұлар түбірлері сақталып,

бөлек-бөлек жазылады, мысалы, көшіп ауыл, ұшып тұрса т.т.):

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көгорай шалғын, бәйшешек

Ұзарыбөсүп толғанда.

Күркүрөб жатқан өзеңге

Көшүбауыл коңғанда.

Шұрқұраб жатқан жылқының

Шалғыннан жонұ қылтылдап.

Атайғырлар, бійелер

Бүйүрү шығып, ыңқылдап,

Сұуда тұрұп, шыбындап,

Құйрұғұмен шылпылдап.

Арасында кұлұнтай

Айнала шауұп бұлтұлдап.

Жоғары төмөн үйрекқаз

Ұшұптұрса сылпылдап.


Бұл   үзікте   еріндік   үндесуімен  келген  сөздердің   шоғырланып   келуі

өлеңнің   бірыңғай   дыбыс   үнін   сақтауды,   сол   арқылы   белгілі   бір   әуезбен

айтылуын қажет етіп тұр. Бұл әуенді сақтамасақ, өлеңнің музыкалық бояуы

жоғалып, құлаққа түрпідей тиер еді. Міне, осы жайттарды мектепке дейінгі

бала

 тәрбиесімен   айналысатындар:   ата-аналар   мен   балабақша



тәрбиешілерінен   бастап,   даярлық   кластардың   мұғалімдері,   тіпті   1,   2-

кластарда   сабақ   беретіндер,   оларға   арнап   оқу-методикалық   құралдар

ұсынатын авторлар жақсы біліп, ескеріп, көңіл аударулары өте-мөте қажет.

Мектепке  дейінгі  бала  тәрбиесінің  ана  тілімізде  жүргізілуі  енді  ғана

қолға   алына   бастағандықтан,   әлі   көп   нәрсе   жоқ   екендігі   мәлім.

Бүлдіршіндерге қазақ тілінде оқитын өлеңдердің, айтатын ертегілердің өте

аз екендігі, кейбіреулері баланың жасына, танымына, психологиясына сай

еместігі,   дидактикалық   материалдардың,  методикалық  құралдардың

кемшіні – осылардың барлығы, сөз жоқ, баланы ана тілімізде тәрбиелеуде

салқынын тигізетін жайттар. Дегенмен баланы қазақ тіліне баулуда бірнеше

міндетті қатар атқаруға тура келеді. Солардың бірі және бүгінгі күнде ақсап

жатқан саласы – сөзді дұрыс айту болса, ауызша сөйлеу барысында сөздерді

дұрыс дыбыстауға үйретуді бір сәт көңілден шығаруға болмайды.

Адамның тіл үйренудегі, ана тілін жақсы игерудегі келесі баспалдағы –

м е к т е п . Мектептің   алдыңғы   сатыдан   үлкен   айырмасы   –   мұнда   тілді

игеруде  тек  үлгі көрсетіп, ауызша түзетіп отырмайды, сонымен  қатар  тіл

заңдарын оқытып үйретеді. Ол заңдардың ішінде, әрине, сөзді дұрыс айту

қағидалары  да бар.  Үндестік заңдары  деп аталатын құбылыстың  мектепке

төменгі кластардан бастап оқылатыны мәлім. Бірақ тағы да, өкінішке орай,

ережені оқытып жаттатуымыз бар да, оқушылардың сөйлеу үстінде оларды

қалай   сақтайтынын   қадағалап   отыру   бар.   Міне,   осыған   көңіл   бөлушілік

шамалы тәрізді. Қай пәннен болса да, оқушы тақырыптың мазмұнын толық,

бұзбай айтып берсе, баға көбінесе осы дәрежеге қарап қойылады, ал сол

тақырыпты баяндау барысында сөздерді қалай дыбыстап тұрғаны көбінесе

ескерілмейтіндігі   байқалады.   Оған  он  жылдық   қазақ   мектебін,   төрт-бес

жылдық   институттар   мен   университеттердің   қазақ   бөлімдерін   бітірген

диктор,   комментатор,  журналистердің   көпшілігінің   үндестік   заңдарын

сақтамай,  бір   қатар,   бұл   күнде,   қол   қойды,   жез   қазған  деп   қа-қақалап

тұратындары куә.

Қазақ мектептерінде әлі күнге дейін  тіл мәдениеті  деген проблемаға

жеткілікті   мән   берілмей   келеді.   Қазақ   тілін   оқыту   бағдарламасында   бір

кездерде   “тіл   мәдениеті”   деген   тақырып   енгізілгенмен,   кейін   ол   алынып

тасталыныпты,   яғни   бұған   арнайы   сағат   бөлінбей,   оның   міндеті   “Тіл

ұстарту” деген бағдарламаға жүктелген сияқты. Бірақ оқулықтардағы “Тіл

ұстарту”   дегенге   берілген   материалдар   бірер   беттік   қана   екі-үш

тапсырмадан тұрады (мысалы, 8-класс оқулығын қараңыз), түсіндіру деген

жоқ.   Сонда   оқушы   тіл   ұстартатын,   яғни   тіл   мәдениетіне   баулитын   бұл

тапсырмаларды   (онда  да  бұлар   мақсатқа   сай   келіп   жатса)   қалайша

орындайды?   “Тіл   ұстарту”   бөлігінің   бағдарламада   көрсетілген   міндеті

дұрыс-ақ: “Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы негізінде жүргізілетін тіл



дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру,

ой өрісін кеңейту, дамыту және өз ойын анық, дұрыс етіп ауызша, жазбаша

жеткізе   білу   жолдарына  баулу  мақсаты   көзделеді”   дегенді   оқимыз.   Бірақ

әңгіме   осы   мақсаттың   орындалу   сапасында,   амалдары   мен   әдістерінің

әлсіздігінде, тіл мәдениетіне баулудың нақты көрнекі материалды негізде

жүргізілмейтіндігінде  және   осы   шараның  тек  тіл   дамытуға   арналған

сабақтарда   ғана   емес,   10-11   жылдық   оқу   процесінің   бүкіл   барысында,

барлық пәндерді оқыту үстінде үзбей қолданылмайтындығында.



Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет