Билет
Азаматтық ғимаратты электрмен жабдықтау жүйесін үш фазалық электрмен қуаттаймыз.
Бұл үш фазалық схеманың ерекшелігі PEN-өткізгіштің әуе желісінің
бөліну бағанасына емес және үй сыртына бөлуге емес, енгізуші
автомат және үйдің топтық тізбектері үшін қорғау автоматы
орнатылған қалқанда. Мұндай электр қалқаны енгізуші-тарату қалқаны
(ЕТҚ) немесе енгізуші-тарату құрылғысы (ЕТҚ) деп аталады.
Нұсқау ( инструктаж) тағайындамасы
Нұсқау – оқытудың бір түрі, тапсырманы түсіндіру; еңбекті қорғау бойынша алған білімдерін кейіннен тексеру және арнайы журналға тіркеумен бірге жүреді. Кәсіпорын әкімшілі нұсқауды жүргізуге міндетті. Нұсқаудың түрлері: кіріспе, жұмыс орнында бірінші нұсқау, қайталанған нұсқау, жоспардан тыс нұсқау және күнделікті нұсқау. Әрбір нұсқау өткізілгеннен кейін жұмысшылардың білімі тексеріліп, нұсқау өткендігі жөніндегі арнайы есепке алу журналында қойылады.
3)
2 билет
1)Жүктеме ажыратқыштары – кернеуі 1000 В жоғары айнымалы токқа арналған аппарат. Жұмыс барысында ақау пайда болған жағдайда токты өшіреді, және бұл құрылғы автоматты түрде де және қолмен өшіруге де болатындай етіп жабдықталған. Жүктеме ажыратқыштары өзінің белгілі бір ерекшеліктері арқылы күштік трансформаторларды ажыратып қосуға арналған. Олар автоматты ажыратқыштарды қолданбау үшін 6-10 кВ-қа дейінгі жоғары кернеуде қолданылады. Және жүктеме ажыратқыштары қысқа тұйықталу кезінде сөндіруге арналмаған, сондықтан да бұндай жағдайда сақтандырғыштар мен ажыратқаштар қолданылады. Жүктеме ажыратқыштары бірнеше түрге бөлінеді: элегаздық, электромагниттік, вакуумдық, бос кеңістікке арналған және автогаздық.
2) Еңбекті қорғау заңдылықтарына ҚР Еңбек кодексі мен басқа да мемлекеттік актілері, кәсіподақтардың орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады. Еңбек қорғау мәселелері ҚР Конституциясында, ҚР Еңбек кодексінде, кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы ережесінде айқындалған. ҚР Еңбек кодексі 2007 жылы 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді. Ол 6 бөлімнен, 40тараудан, 341 баптан тұрады.
Кодекстің бірінші бөлімі жалпы ережелерді қамтиды, оның ішінде осы кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, ҚР Еңбек заңнамасының мақсаты мен принциптері, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтарының мен міндеттері белгіленген.
Кодекстің екінші бөлімінде еңбек қатынастарына, яғни еңбек шартын жасасу, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, жұмыс және тынығу уақыттары, еңбекке ақы төлеу, жұмысқа орналастыру, еңбек шарты талаптарының материалдық жауапкершілігі және жеке еңбек дауларын қарау мәселелеріне арналған.
Кодекстің үшінші бөлімінде қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері, атап айтқанда, жасөспірімдер мен әйел адамдардың еңбегін реттеу, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері сараланған.
Кодекстің төртінші бөлімінде еңбек саласындағы әлеуметтік пен ұжымдық қатынастарды ұйымдастыру мен өзара келісімдер жасау тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны және ұжымдық еңбек дауларын қараудың тәртібі белгіленген.
Кодекстің бесінші бөлімі еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауға бағытталған. Онда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты мемлекеттік саясат, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың талаптары, жазатайым оқиғалар мен өзге де зақымдануларды тергеп-тексеру мен есепке алудың жолдары заңдастырылған.
Кодекстің алтыншы бөлімінде ҚР Еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудың талаптары заңдастырылған.
3)Реле - электр тогымен әрекетке келтірілетін ауыстырып қосқыш. Релелік қорғаныс және автоматика сынақтары оқшаулауды тексеруді қамтиды. Бұл операция электр тізбегінің жекелеген элементтерінің оқшаулау кедергісін алдын ала өлшеуді және кейіннен өлшеуді, 1 кВ кернеумен бүкіл тізбектің оқшаулауын сынауды қамтиды. Релелік қорғаныстың барлық түрлерін тексеру және реттеу
3 билет
1 )Электр қондырғыларындағы артық кернеу
Артық кернеу— электр кернеуі деңгейінің берілген электр қондырғысының электр жабдығын оқшаулау үшіе қауіпті болатын мәнге дейін ұлғаюы. Бұдан басқа кернеудің рұқсат етілген мәнінен асып кету адам үшін аса қауіпті, себебі электр тоғымен зақымдану мүмкіндігі өте жоғары (6.4-сур.). Артық кернеу пайда болуына қарай ішкі және сыртқы болады. Сыртқы артық кернеу (табиғи) өз кезегінде үш түрге ажыратылады: найзағай, шар найзағай және атмосфералық электр.
2 )Өрттің пайда болуының негізгі себептері
Өрттің пайда болуының негізгі себептері
Өндірістегі өрттер белгілі бір себептермен туындайды, оларды жою өрт
қауіпсіздігі бойынша барлық іс-шаралардың негізін құрайды. Өрттің пайда болуының негізгі себептері:
- Өртену қаупі бар материалдарды сақтау тəртібін бұзу;
- Жанғыш булардың, газдардың, сұйықтықтардың шығарылуын
тудыратын жабдық жұмысының технологиялық режимдерінің бұзылуы;
- Электр жабдығын пайдалану ережелерін бұзу, оны жарамсыз күйде
пайдалану;
- Ашық отты, газ аспаптарын абайсыз қолдану;
- Ақаулы жарық беру құралдарын, электр сымдарын жəне ұшқындауға,
тұйықталуға апарып соқтыратын құрылғыларды қолдану;
- Электр желілеріне жүктеменің шамадан тыс көп түсуі;
- Заттар мен материалдардың өздігінен жануы;
- Белгіленбеген орындарда темекі шегу;
- От жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жəне
т.б..
3. Релелік қорғаныстың негізгі ұғымдары мен түрлері.
Релелік қорғаныс — электр автоматикасының негізгі түрі болып табылады. Онсыз қазіргі энергетикалық жүйелердің сенімді жұмысы мүмкін емес. Ол энергожүйенің бүкіл бөліктерінің күй-жағдайын және жұмыс жүргісін тынымсыз тексереді және, пайда болған ақаулық пен қалыпсыз жұмысқа орай әрекет етеді. Бұзылған жер болса қорғаныс мұны табады да жүйеден ажыратады. Бос жүріс пайда болғанда қорғаныс оны анықтайды да, бұзылудың сипаттамасына байланысты, бос жүрісті қалпына келтіру үшін қажетті іс-әрекет жасайды немесе кезекші қызметкерлерге белгі береді.
4 билет
1)Электр станциясы — электр энергиясын өндіруге арналған құрал-жабдықтар мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған құрылыстар мен ғимараттардың жиынтығы. Ол энергия көзіне сәйкес су электр станциясы, жылу электр станциясы, атом электр станциясы, жел электр станциясы, гелиоэнергетик. Станция және магнитогидродинамик. Генератор болып ажыратылады.
2)Электр тоғымен зақымдану кезіндегі алғашқы көмек
Электр тогының əсеріне түскен адамға алғашқы көмек зардап шегушіні токтың əсерінен тез босату болып табылады.
Мұны келесідей жасау керек:
- ажыратып-қосқышы (рубильник) немесе басқа ажыратқыш арқылы токты ажырату немесе сақтандырғышты алып тастау;
- сымды балтамен немесе ток өткізбейтін тұтқасы бар басқа да құралдармен шабу;
- сымға алдын ала жерге тұйықтағышпен жалғанған жалаң сымды лақтырып, зардап шегушінің алдындағы электр желісі учаскесін қысқа
тұйықтау;
- зардап шегушіні ток өткізгіш бөліктерден аулаққа алып шығу немесе
одан электр сымдарын тартып алу.
Токтың əсеріне түспеуді жəне зардап шегушінің токты өшіру кезінде
құлап кетпеуін жəне механикалық жарақат алмауын қадағалау қажет. Егер
кернеу 1000 В аспайтын болса, зардап шегушіні жіптермен, таяқпен жəне тіпті қолмен, оның құрғақ киімінен жұлқып, тартып алуға болады, қолға
диэлектрлік қолғаптарды киюге (оқшаулауға) немесе оны құрғақ киіммен
(шарфпен) орауға болады. Қорғалмаған қолмен зардап шегушінің жалаңаш
Денесіне, оның аяқ киіміне, металл бөлшектеріне немесе дымқыл күйінде
жанасуға болмайды. Ток кернеуі 1000 В жоғары болса, зардап шегушіні
қарнақпен, қысқышпен тартып, аяқтарын ботымен, галоштармен оқшаулауға
болады. Электр тогынан зардап шеккен адамға дəрігерді шақыру керек.
Дəрігердің келуін күтпестен, дереу дəрігер келгенге дейінгі көмек көрсету
керек. Электр жарақаты аса қауіпті: тоқтан босатылғаннан кейін зардап
Шегушінің жағдайы бірден жақсарғанымен, содан кейін ол күрт нашарлауы
мүмкін.
3)Апатқа қарсы автоматика құрылғыларына қойылатын негізгі техникалық талаптар
• жылдам әсер ету. Бұл талап динамикалық тұрақтылықтың бұзылуына жол бермеуге арналған АҚА құрылғылары үшін негізгі болып табылады;
• селективті. АҚА құрылғылары бойынша бұл талап құрылғының қалыпты жұмыс режимін бұзуды ең тиімді локализациялауды қамтамасыз ететін объектілерді, типтерді және ең аз қажетті әрекеттер көлемін таңдау мүмкіндігін білдіреді;
• сезімталдығы. Бұл талап функцияналдық органға АҚА –ға жатқызылады
Және олар есептелген әрекеттерге қабілеті мақұлданады;
• сенімділік. АҚА құрылғысы жұмыстың қалыпты кезінде кері қайтармай
әрекет етуі және жалған әрекет жасамауы тиіс. Бұл талаптың орындалуы АҚА-ның бөлігі болып табылатын жабдықтардың, құрылғылардың және элементтердің сенімділігі, ең осал бөліктерді автоматты түрде басқару, сондай-ақ жоғары деңгейдегі жұмыс жасаудың тамаша сұлбалары арқылы қамтамасыз етіледі
5 билет
1)6…35 кВ-ға дейінгі кернеулі токөткізгіштер өнеркәсіптік кәсіпорындарда жоғары жүктеме тығыздығы, ірі қуаттардың шоғырланған орналасуы және негізгі қуатты іске қосу үшін қолайлы тұтынушыларды орналастыру кезінде пайдаланылады. Ағымдық өткізгіштер кеңінен қолданылатын негізгі салалар – қара және түсті металлургия және химия.Ағымдағы ток өткізгіш сымдар кабельдермен салыстырғанда бірнеше артықшылықтарға ие. Олар жоғары кернеулі кабельдерді оқшауланбаған алюминий шиналарымен немесе сымдармен алмастыруға, қорғасын мен алюминийден,сондай-ақ оқшаулағыш материалдармен алмастыруға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік монтаж жұмыстары желілерде жүзеге асырылады, өйткені электр өткізгіштің дайын бөліктері монтаждау үшін жеткізіледі.
2)Жай тартқыш — адамдарды, үйлерді, өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығындағы құрылыстарды, әр түрлі ғимараттарды, т.б. нысандарды найзағайдың тікелей соққысынан қорғауға арналған құрылғы. Электр энергиясын жеткізу желісінде жай тартқыш ретінде қорғағыш тростар пайдаланылады. Жай тартқыштың маңызды сипаттамасының бірі — оның қорғайтын алқабы. Үйлерді қорғауға арналған жай тартқыш жерге қосылған тік стержень түрінде құрастырылады, әрі ол үйден биіктеу болады. Бір діңгекті жай тартқыш төбелік бұрышы 45° конус ішіндегі аймақты найзағайдан сенімді түрде қорғайды. Жай тартқыштың саны артқан сайын оның объектілерді найзағайдан қорғау қабілеті де өсе түседі.
6 билет
1)Автоматты ажыратқыш дегеніміз электр тізбегіндегі электр аппаратарын қысқа тұйықталудан немесе ток күші белгілі мөлшерден асып кеткен жағдайда асқын ток күшінен қорғайтын ажыратқыш аппарат. Автоматты ажыратқышты кейде «автоматты қорғағыш» деп те атайды.
Автоматты ажыратқыштың жұмысы жылулық және электромагнитті принцип бойынша іске асады. Қазіргі уақытта барлық ажыратқыштардың жұмыс істеу принципі жылулық және электромагнитті принцип бойынша ажыратылады.
2) Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
3) Электр қондырғыларын жедел басқару үшін қажетті техникалық құралдар
жиынтығы
Электр қондырғыларын жедел басқару үшін қажетті техникалық құралдар
жиынтығы келесі құрылғыларды қамтиды:
• коммутациялық аппараттармен басқару;
• реттеу;
• дабыл (жабдық жағдайында);
• өлшеулер (жабдықтың жұмыс режимінің негізгі көрсеткіштерін).би
Билет
2)Өрт жəне жарылыс қауіпсіздігі
Өрт жəне жарылыс қауіпсіздігі – бұл өндірістегі өрттер мен жарылыстардың алдын алуға жəне оларды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдар жүйесі. Өнеркəсіптік кəсіпорындарда, көлікте, тұрмыста болған өрттер адамдар
үлкен қауіп төндіреді жəне үлкен материалдық залал келтіреді. Сондықтан өрт жəне жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелерінің мемлекеттік маңызы бар.
3.Ток шектеуіш реактор – қысқа тұйықталудың соққы тогын шектеуге арналған электрлік аппарат. Тогын шектеу керек тізбекке тізбектей қосылады және қысқа тұйықталу кезінде жүйенің кернеуін тұрақты ұстап тұратын және токты төмендететін индуктивті (реактивті) қосалқы кедергі ретінде жұмыс жасайды. Бұл генераторлардын және жалпы жүйенің тұрақтылығын жақсартады.
билет
1)Айырғыш деп жерге тұйықталу тогы аз, кернеудегі желі бөлшектерін жедел ауыстыратын және көрінетін үзілуді жасайтын аппараты айтады. Техника қауіпсіздігінің шарты бойынша қондырғыларда жұмыс жүргізу кезінде көрінетін тізбек үзілу болу керек, одан кернеу берілу мүмкін. Берілген шарт айырғыштармен қамтамасыз етіледі, олардың доғаны сөндіру құрылғылары жоқ және жүктемеде ауыстыруды болдырмайды. Сондықтан оларды жүктеме токтың айыруын болдырмайтын бұғаттаумен жабдықтайды. Электр қондырғылардың құрылғылар ережелерімен ашық орнатылған трансформаторлардың бос тогын айырғыштармен айыруға жол береді: кернеуі 10 кВ – қуаты 630 кВ-A дейін; кернеуі 20 кВ – қуаты 6300 кВ – A дейін; кернеуі 35 кВ – қуаты 20 000 кВ-A дейін;кернеуі 110 кВ – қуаты 40 500 кВ – A дейін; кернеу айырмашылығы 2 %-дан көп емес кезіндегі тізбектің теңестіруші тогы, трансформатор нейтральдерін және доға сөндіруші катушкаларды жерлеу (35 кВ және 10 кВ кернеуде 5 А аспайтын), сонымен қатар кішігірім тізбектің зарядтық тогы.
Айырғыш деп жерге тұйықталу тогы аз, кернеудегі желі бөлшектерін жедел ауыстыратын және көрінетін үзілуді жасайтын аппараты айтады. Техника қауіпсіздігінің шарты бойынша қондырғыларда жұмыс жүргізу кезінде көрінетін тізбек үзілу болу керек, одан кернеу берілу мүмкін. Берілген шарт айырғыштармен қамтамасыз етіледі, олардың доғаны сөндіру құрылғылары жоқ және жүктемеде ауыстыруды болдырмайды. Сондықтан оларды жүктеме токтың айыруын болдырмайтын бұғаттаумен жабдықтайды. Электр қондырғылардың құрылғылар ережелерімен ашық орнатылған трансформаторлардың бос тогын айырғыштармен айыруға жол береді: кернеуі 10 кВ – қуаты 630 кВ-A дейін; кернеуі 20 кВ – қуаты 6300 кВ – A дейін; кернеуі 35 кВ – қуаты 20 000 кВ-A дейін;кернеуі 110 кВ – қуаты 40 500 кВ – A дейін; кернеу айырмашылығы 2 %-дан көп емес кезіндегі тізбектің теңестіруші тогы, трансформатор нейтральдерін және доға сөндіруші катушкаларды жерлеу (35 кВ және 10 кВ кернеуде 5 А аспайтын), сонымен қатар кішігірім тізбектің зарядтық тогы.
2) Жүктелім-рұқсат (наряд-допуск) шарасы
Жүктелім - рұқсат (наряд-допуск) - жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі, оның мазмұнын, орнын, басталу жəне аяқталу уақытын, қажетті қауіпсіздік шараларын, бригада құрамын жəне жұмысты қауіпсіз орындауға жауапты адамдарды айқындайтын арнайы бланкіде құрылған өкім.
2)Релелердің электрлік сипаттамаларын тексеру
Релелердің электрлік сипаттамаларын тексеру, параметрлері токтың қисық сызығына байланысты болатын, мысалы, синусоидалы токты қамтамасыз ететін сызбаларға сәйкес жүргізілуі керек, мысалы, желілік кернеуден сыналатын құрылғыларға қуат беру, басқарылатын ток тізбегіне резисторлардың қосылуы және т.б.
9 билет
1) Жүктеменің іс жүзіндегі графигі уақыт бойынша тиісті параметрдің өзгеруін тіркейтін тіркеуші аспаптардың көмегімен алынады. Тұтынушылар жүктемесінің болжамдық графигі жобалау процесінде анықталады. Оны тұрғызу үшін алдымен электрқабылдағыштардың қосынды номиналды қуаты деп түсінетін орнатылған қуаты туралы мәліметтер
болу керек. Активтік жүктеме үшін:
Руст = ЕРном.Тұтынушылар қосалқы станцияларының шиналарындағы жалғанған қуат:
2)Еңбек гигиенасы еңбек жағдайының және қоршаған – өндірістік орта жұмысшылардың факторларының еңбек етуші ағзасы мен денсаулық жағдайына тигізетін әсерін зерттейтін профилактикалық медицина ғылымынЫҢ бір бөлімі. Өндірістегі гигиеналық зерттеулердің негізгі мақсаты денсаулықты сақтау, кәсіптік ауруларды болдырмау және өндірістік үдеріс барысында жұмысшылардың тиісті еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында аса қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған санитарлық-гигиеналық ұсыныстарды шығару болып табылады.
3)Релелік қорғаныс электр автоматикасының негізгі түрі болып табылады, оның көмегінсіз электрмен жабдықтау жүйесінің үздіксіз қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Релелік қорғаныстың негізгі міндеті жүйенің зақымдалған бөлігін, басқа да зақымдалмаған бөлігінен автоматты түрде күштік ажыратқыштармен ажыратып немесе оперативті қызметкерге қалыпсыз режімді жою үшін белгі береді.
Достарыңызбен бөлісу: |