Қазақстан-ресей казахстанско-российский



бет1/7
Дата10.04.2023
өлшемі60,16 Kb.
#81197
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

«Акушерия және гинекология негіздері» пәні бойынша
студенттерге практикалық сабақтар үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР


ТАҚЫРЫП: «Пәнге кіріспе. Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушерлік-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері.Қазақстан Республикасындағы акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі. Акушерлік-гинекологиялық мекемелердің түрлері, олардың негізгі міндеттері. Аймақтандыру принциптері. Акушерлік және гинекологиядағы этика және деонтология. Акушерлік стационардың санитарлық-гигиеналық режимінің ерекшеліктері.»

Алматы, 2022жыл
Кіріспе
Акушерия ғылымы жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медициа ғылымының бір саласы.
Ол француздың accoucher – босану деген сөзінен алынған. Бұл ғылым ұрықтану, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел организіміндегі физиологиялық және патологиялық құбылыстарды және босанудың асқынуларын, емін, профилактикасын зерттейді.
Гинекология ( гр. γυναίκα — әйел және гр. λόγος — ілім) — әйелдердің анатомия-физиологық, психалық ерекшеліктерін және бұл процесстердің бұзылуын зертттейтін ғылым. Гинекология негізінде әйелдіңорганіне ғана тән аулар мен, әйелдің репродуктивтік жүйесінің аулуларын зерттейтін медицинаның бір саласы болып табылады. Врач-гинекологтардың көпшілігі қазіргі кезеңде акушер болып табылады. Гинекология жүктілік пен тууға қатысты, бастапқы кезеңнен соңғы кезеңге дейінгі, әйел организміндегі көріністерді зерттейтін, акушерлікпен тығыз байланысты.
Қазақстанда акушерия ғылымы 1920-21 жылдардан бастап қалыптасты, осы кезеге дейін халыққа мемлекет тарапынан акушерия – гинекологиялық көмек көрсетілмеген. Тек 1921жылы Денсаулық сақтау халық комитеті құрамында ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімшесі ашылған.
Тұңғыш әйелдер кеңес орны 1921 жылы Орынбор қаласыда, ал 1928 жылы Алматыда ашылған. Денсаулық халық комиссариаты 1925 жылы акушердік техникумдар ашуды қолға алды.
1947-1948 жылдары әйелдер кеңес орындары перзентханалар мен біріктірілді.
1932 жылы Алматыда Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми – зерттеу инситуты ашылды. Осы инситутқа ғылымның кондидаты А.Б. Бисенова көп еңбек сінірген.
1958-1978ж. К.Д.Өтегенова инситутының меңгерушісі болды.
Қазақстанда акушерия – гинекология көмегін ұйымдастыруда еңбек сіңірген ғалым м.ғ.д. профессор Х.Е.Мырзалиева.
Қ.Қ.Құдайбергенов м.ғ.д. профессор 1976-1978ж . Ақтөбе обылысының бас акушер – гинекологы қызметін атқарған. т.б. Қазақстанның мақтана алатын профессорлары бар.
Қазіргі уақытта әйелдер денсаулығын қорғаудың мемлекеттік жүйесі бар. Оның негізі 1917 жылдың желтоқсан айынан басталды. Себебі сол уақыттан бастап әйелдерге қамқорлық жасау үшін Халық комиссариатының жаңынан ана және баланы қорғау бөлімі ашылды,ал кейін 1918 жылдың шілде айынан денсаулыұ сақтау халық коммисариаты ұйымдастырылды. 1907-1920 жылдан бастап ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатымен емдеу профилактикалық мекеме ашылды. Ауылдық жерде ана мен баланы қорғау жөніндегі мекемелер 1935 жылдан бастап ұйымдастырылды. 1944 жылы жүкті әйелдерге, көп балалы және жалғыз басты аналарға мемлекеттік көмекті көбейту. Көп балалы аналарға батыр ана деген құрмет атағы берілді.Ана даңқы ордені аналық медалін беру жарлығы қабылданды. 2009 жылы қабылданған ҚР халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде ана денсаулығын және оның құқықтарын қорғау және жәрдем көрсету бекітілді.
Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетету үшін:
1.Жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау және босану кезеңдерінің зиянсыз өтуін қадағалау;
2.Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету;
3.Әйелдерді Жасанды түсік тастаудан сақтандыру;
4.Диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру;
5.Әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу;
6.Халықтың санитарлық сауаттылығын
7.Аналар өлімін, сәбилер өлімін азайту
Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі мақсаты әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялықгинекологиялық көмек, сондай-ақ нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету болып табылады.
Перзентахана мынадай міндеттерді атқарады:
1) медициналық көмекті өңірлендіру принциптерін сақтай отырып, жоспарлы стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету;
2) аумақтық принцип бойынша бастапқы медициналықсанитариялық қызмет ұйымдарымен, перинаталдық орталықтармен сабақтастық мәселесі жөнінде ынтымақтастық;
3) бекітіліп берілген аумақта босандыру қызметін талдау және мониторингі;
4) аналардың және перинаталдық өлім-жітім жағдайларын, жүктіліктің, босанудың, босанғаннан кейінгі кезеңдегі қатты асқыну және нәрестелердің ауыр сырқаттану жағдайларын талдау;
5) медицина қызметкерлері үшін оқу семинарларын өткізу;
6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдау.
Перзентхана жеке денсаулық сақтау ұйымы немесе көп бейінді денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істей алады.Перзентхана аумақтық принцип бойынша көмек көрсетеді, бірақ сонымен бірге жүкті немесе сырқат әйел босандыру мекемесін қалауы бойынша таңдай алады. Жеке мемлекеттік медицина ұйымы ретінде құрылған перзентханаға басшылық етуді бас дәрігер жүзеге асырады, оны денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Медицина ұйымының құрылымында құрылған босандыру бөлімшесіне басшылық етуді бас дәрігердің орынбасары (бөлімше меңгерушісі) жүзеге асырады, оны осы ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Перзентхананың (бөлімшенің) ұсынылатын құрылымы:
2) акушериялық блок;
3) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (босандыру бөлімшесіне арналған төсектер);
4) нәрестелер бөлімшесі (босандыру бөлімшесіне арналған төсектер);
5) гинекологиялық бөлімше;
6) қосалқы және параклиникалық қызмет (дербес перзентханада);
7) әкімшілік шаруашылық қызмет (дербес перзентханада).
Перзентхананың функциялары:
1) әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде стационарлық акушериялық-гинекологиялық көмек, нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету;
2) ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алуды, диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыру;
3) жүктілікті үзеді және жүктілікті үзуге байланысты медициналық көмек көрсету;
4) әйелдерді санитариялық-гигиеналық нормалар, баланы емізу, отбасын жоспарлау, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу, аборт пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқыту;
5) жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық сырқат әйелдерге және нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу мақсатында медициналық
6) белгіленген тәртіппен уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, әйелдердің жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын береді, еңбек ету қабілетін тұрақты жоғалтқан әйелдерді медициналықәлеуметтік сараптамаға жіберу;
7) әйелдердің, нәрестелер мен медицина қызметкерлерінің арасында ауруханаішілік жұқпалы аурулармен сырқаттанудың алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық әрі індетке қарсы режимді ұйымдастырады және қамтамасыз ету;
8) әйелдердегі акушериялық асқынулардың және ауыр экстрагениталдық аурулардың, нәрестелердің сырқаттану себептерін талдауды жүргізу;
9) ана өлімі мен перинаталдық өлім-жітімнің статистикалық мониторингін және себептерін талдауды жүзеге асыру;
10) нәрестелердің вакцинопрофилактикасын қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оларды тұқым қуалайтын ауруларға тексеруді жүргізу;
Перзентхананың (бөлімшенің) құрылымы:
1) қабылдау бөлімі;
2) босандыру бөлімшесі: жеке босану палаталары; материалдар бөлмесі; шағын операция бөлмесі; ана мен бала палаталары; ана мен баланың оқшауланған палаталары; манипуляция бөлмесі; емшара кабинеті; шығару бөлмесі;
3) операциялық блок: операция бөлмесінің кіреберісі; операциялық акушерлік; материалдар бөлмесі; қызметкерлердің операцияға дайындалуына арналған бөлме;
4) жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі: жүкті әйелдер палаталары; тексеру бөлмесі; емшара бөлмесі; шығару бөлмесі;
3) операциялық блок: операция бөлмесінің кіреберісі; операциялық акушерлік; материалдар бөлмесі; қызметкерлердің операцияға дайындалуына арналған бөлме;
4) жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі: жүкті әйелдер палаталары; тексеру бөлмесі; емшара бөлмесі;
5) нәрестелер бөлімшесі: нәрестелерге арналған қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі
6) жүкті, босанған және операциядан кейінгі гинекологиялық сырқат әйелдерге арналған анестезиологи я, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (палаталар);
7) гинекологиялық бөлімше: гинекологиялық сырқаттарды қабылдау бөлімі; гинекологиялық сырқаттар палаталары; тексеру бөлмесі; гинекологиялық сырқаттарға операция жасау бөлмесі; емшара бөлмесі; дербес перзентханалар үшін;
8) клиникалық-диагностикалық зертхана;
9) функциялық диагностика кабинеті;
10) физиотерапиялық кабинет;
11) рентгенологиялық кабинет;
12) орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесі;
13) әкімшілік-шаруашылық бөлімше (әкімшілік, тамақтану блогы, бухгалтерия, кадр бөлімі, жабдықтау бөлімі, дәріхана, кір жуатын бөлме).
Перинаталдық орталық 300 мың және одан көп халқы бар аумақта ұйымдастырылады. Перинаталдық орталық қызметінің негізгі мақсаты өңірде мамандандырылған акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.
Перинаталдық орталық мынадай міндеттерді атқарады:
1) жүктілік, босану кезінде көмек көрсету тактикасын таңдау үшін қауіпті топқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмек көрсету деңгейін айқындайды;
2) аналардың және перинаталдық сырқаттану бойынша қауіпті топқа стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсетеді;
3) мерзімінен бұрын босанған әйелдерді емдейді;
4) сырқат нәрестелерді оңалту шараларын жүргізеді, шала туған нәрестелерді күтіп-бағады;
5) өңірдің бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен және перзентханалармен (бөлімшелермен) ынтымақтасады;
6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері жөнінде семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізеді;
7) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтерде диагностика мен емдеу хаттамаларын әзірлеуге қатысады және оларды енгізеді;
8) телекоммуникацияның ақпараттық-талдау жүйесін пайдалана отырып, нәрестелерге медициналық көмек көрсету жөнінде консультациялар өткізеді;
9) «өзара байланыс» принципі бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ақпарат алмасады;
10) жүктіліктің, босану мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқыну ағымынан кейінгі әйелдерді оңалтуды жүргізеді.
Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерия – гинекология көмегін жоғары сатыда ұйымдастыру мақсатында дифференциалды 5 сатылы зертеу, ем жүргізу жүйесі енгізілді.
1 сатысы: ФАП \фельдшерлік акушерлік пункт\ және АДА \ауылдық дәрігерлік амбулатория\
2 сатысы: БӘКО \базалық әйелдер кеңес орны\ , КДО \кеңестік диагностикалық орталық\
3 сатысы: ОАА \орталық аудандық аурухана\.
4 сатысы: Қалалық және облыстық перзентханалар.
5 сатысы: ПО \перинатология орталығы\, РАБДҚҒЗО \Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми – зерттеу Орталығы\.
Медициналық этика мен деонтологияның негіздері.
Акушерлік үрдісті жүзеге асыру үшін акушерка білуі қажет:
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
• жүктілік кезіндегі, босану ағымының мәселелерін, акушерлік үрдістің мәнін.
Акушерка істей білуі қажет:
• акушерлік үрдіс бойынша жүкті әйелдерге акушеркалық күтім жасауды босану уақытын ұйымдастыруды;
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.
Санитарлы-гигиеналық режим сақталады.
Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі (науқастарды педикулезге қарау және педикулез анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын мен жұтқыншақтан стафилококкты анықтау мақсатында жағынды алу) сақталады. Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды тазалау, қолдану және дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі. Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады. Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу мен киім-төсеніштерін ауыстыру аптасына бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады. Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.
Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды (ішек жұқпасына, іш сүзегі, күл ауруына, вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста болған науқастарды бақылау мерзімдері сақталады.
Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі, буфеттің жабдықталуы, дайын тамақты тарату уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және жою тәртібі, ыдыс-аяқтарды өңдеу, жинау заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген тамақты сақтау ережелері сақталады.
Карантинды және аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда бөлімшелерде жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған.
ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою ережелері сақталады.
АІИ-да дезинфекция жүргізу схемасы
Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру.
Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау.
Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру.
Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу.
Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау.
Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту.
Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру.
Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді.
Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет