Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында  ананы қорғау, әйелдерге үндеу жасалған



жүктеу 1.22 Mb.
Pdf просмотр
бет23/32
Дата24.12.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

  Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында  ананы қорғау, әйелдерге үндеу жасалған. 
“Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау-ерекше мәселе. Сіздер-отбасының, демек мемлекеттің 
тірегісіздер. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге 
байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар-болашақ жар, болашақ ана, 
шаңырақтың шырақшылары” деп атап айтты.
  Демек, біздер ұлттық өнегенің бай өресі арқылы жас буынға, қыз балаларға дұрыс тәрбие беріп бағыттауымыз 
керек. Әр мұғалім осыны есте сақтау керек деп ойлаймын.
       9-10 сынып қыздары арасында «Қазақтың қызымын мен елін сүйген,
                                                               Бойыма әдептілік нәрін түйген» тақырыбы бойынша сайыс өтті. Кеште қазақ 
қыздарының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық сияқты қыздардың жан-жақты ұлттық 
қасиеттері танылып, есте сақтау мен танымдық қабілеттерін дамытып, рухани-адамгершілігі мол, өнерлі, білімді қыздар 
танылды. Кештің тәрбиелік мақсаты толық орындалып, қызықты әрі мазмұны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
133

  Кеш соңында әр қыз өзінің қазақтың қызы екеніне қуанып, шаттыққа бөленді, мақтаныш сезімі кеудесін кернеп, 
үкілеген үміттерімен бүгіннен бастап ертеңгі күнге өзіне деген үлкен сенімін туғызып, шаттанғанын жүздерінен, 
жәудіреген жанарларынан байқадық.
  Қазіргі кезде ұлттық тәрбие мәселесінің қоғамда белсенді талданып, ұйымдастырылуына, іске асырылуына жағдай 
жасалынып жатыр. Тәрбие беру процесі оқумен тығыз байланысты. Қай кезең болмасын адамзат алдында тұратын 
ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздікке қол жеткізген осы заманда жас ұрпаққа 
ұлттық тәрбие беру міндеті-  уақыт талабымен бірге келген игілікті іс. 
  Жастарымыз қоғамға қажетті және отанымыздың қарыштап дамуына, елінің мәдени, тұрмыстық жағынан 
гүлденуіне тек өзі таңдаған білікті маман иесі болуы жеткіліксіз. Туған халқының асыл мұраларын, діни-рухани, 
тарихи-мәдени құндылықтарын қастерлеу, терең оқып-танумен ғана емес, қолдан келгенше жеке үлесін қосуға ұлттық 
сезімін қалыптастырудың маңызы зор.
  Жас ұрпақ тәрбиесі-адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. 
Ұлттық тәрбие-біздің кемел болашағымыздың кепілі. Сондықтан жастарымыз ұлттық тәрбиеден сусындап өсуі керек.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы
А.Хұсайынов ат.  орта жалпы білім беретін
мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Бекманов Салауат Амангелдиевич
« зін- зі тану»- ндылы тарды зерделеуді  бір т сілі
Ө
ө
құ
қ
ң
ә
Тәрбие мәселесі адамзат баласын ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін қатты ойландырып келеді. Қоғам дамып, 
өзгерген сайын тәрбиенің де мақсаты өзгеріп, жаңарып отыратыны мәлім.
Қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі ғылым негізін игерумен қатар жастардың бойына адами 
құндылықтарды, қайырымдылықты, әділдікті, махаббатты, зорлық-зомбылық жасамауды, бақытты бағалай білуді 
сіңіріп, тәрбиелеуді талап етеді. Осы орайда білім беру саласындағы «Өзін-өзі тану» пәні бүгінгі күні ұрпақтың жан-
жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.Сонымен қатар жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануы және өмірлік 
ұстанымын, дүниетанымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді.
«Өзін-өзі тануы» сабақтарында жастар өзінің ішкі әлеміне терең бойлау арқылы рухани-адамгершілік 
тұрғысынан кемелденуін, жалпыадамзаттық құндылықтар кеңістігіне қатыстылығын түйсініп, өмірден орындарын 
табуға және өз күштеріне сенетін, жан-жақты, жаны мен тәні үйлесім тапқан жандар ретінде қалыптасады. 
Адамгершілік-рухани тұрғыдан тәрбиеленген бала өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және 
материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып, өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі. Осы сабақтарда 
тәрбиеленушілердің іштей және сырттай дамуына, жетілуіне жағдай жасалады, өзара түсінісу, өзара қарым-қатынастары 
нығаяды, адамға жақсылық жасау ниеті артады. «Өзін-өзі тану» сабақтарында тәрбиеленушілер руханият әлемінен жан-
жақты толық танысады, ақиқатты анықтайды, философиялық ой-өрістері кеңейіп, өмірдің мәніне қатысты 
құндылықтарды, махаббат пен жанашырлықты, адамның бас бостандығы мен жеке бақыты мәселесін, қиянат жасамау, 
имандылықты, инабаттылықты игеріп, жаңаша бет-бұрыс жасауға әрекеттенеді.
Осыған орай пәннің мақсаты мен міндеттерінің аясы кеңейіп, маңызы арта түскен.Өйткені жалпыадамзаттық 
құндылықтарды айқындау, тәрбиеленушілердің жеке басынның дүниетанымдық көзқарастарын дамыту, кәсіби жетілуін 
қамтамасыз ету, өмірлік жолын анықтауда бағыт-бағдар беруді «өзін-өзі тану» курсы өзіне мақсат тұтқан. Оның 
міндеттері де айқын: тұлға ретіндегі қалыптасудың міндеттерін айқындау, қиындығы мол күнделікті өмірге араласуға 
дайын, достаса, қуана, сүйе білетін, яғни кез-келген өмірлік ахуалда өзін бақытты сезіне алатын бала тұлғасын 
қалыптастыру, «толық адам», «жетілген адам» бейнелерін қалыптастырып және әрі қарай дамуға ұмтылдыру.
Ал пәннің негізгі құзырларына келсек:

Тәрбиеленушінің тұлғааралық және топтық қарым-қатынас туралы білімдерін молайтады.

Құндылық танымның түрлі ұғымдарын тануға үйренеді.

Жанжалсыз келісті қарым-қатынас жасауға машықтанады.

Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларды жобалау

Өзіндік тұлға ретіндегі дамуына қажетті көп нұсқалық бағдарламаларды таңдау және іске асыру.

Тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынастарды өзара сыйластық, келісімділік және шыдамдылық негізінде 
құру.

Мәдениетті әлеуметтік ортада тіршілік кеше отырып, өмірде кездесетін жағдайларға бейімделу.
«Өзін-өзі тану» пәні  қорытындылай келгенде, адам бойындағы жағымды қуаттың оянуы ғана жеке тұлғаның өрістеуіне, 
рухани нұрлануына, шабыттануына, шаттануына мүмкіндік туғызады.
Сондықтан күнделікті өмірде қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынаста бола отырып, адамдар бүкіл 
шексіз әлемге тек қана ләззат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен үйлесімділік, әділдік пен адалдық қуаты бар жан-
тәнімен, санасымен қабылдап, сыйлауға әдеттенуі қажет.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қайыңды  ауылы
Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің
педагог-психологы Мурзасенова Светлана Мансуровна
«Ата-ана махаббаты» 
Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі-ата-аналар жиналысын 
өткізу.Жиналысты қалай  қызықты,  әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған 
мұғалімге пайдалы болуы мүмкін. 
Ма саты:
қ
 Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы 
көрсету.
К рнекіліктері:
ө
 Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.
134

Тренинг ба дарламасы:
ғ
1.Есімдер аллитерациясы.
2.Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
3. «Біз біргеміз!» жатты улар.
ғ
4. « тінемін!» ойыны.
Ө
5. «Си ырлы тая ша» жатты у
қ
қ
ғ
6. «Тілек шамы».
7. Ой- тол аныс.
ғ
Тренинг барысы:
І. Ата-аналарды тіркеу. Ба дарламамен танысу.
ғ
ІІ. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші 
әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
ІІІ. Баяндама. «Ата-ана махаббаты». Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің 
қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың 
ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде  ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене 
отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында  мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын     ардақ тұтып, өзінің 
перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең 
алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп 
өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман 
қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. 
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана 
өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық  білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан 
тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала 
тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында 
ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІІ. « Біз біргеміз!»  жатты улар
ғ
Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек 
көрсету. « олынан танып біл!» 
Қ
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау: 
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
«Біз ба ытты жан ямыз!»
қ
ұ
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
ІV. « тінемін» ойыны.
Ө
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге 
үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. 
«Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
V. «Си ырлы тая ша» жатты у.
қ
қ
ғ
Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Жағымды
Жағымсыз
Мейірімділік
өтірік айту
Жан ашу
өшпенділік
Сыпайылық
Кек сақтау
135

даналық
Тіл алмау

Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол 
ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.
VІ. «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі 
жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» 
атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың 
түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды 
бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса 
барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жалпақтал  ауылы
К.Мендалиев ат. орта жалпы білім беретін 
мектебінің педагог-психологы
Есениязова Ирина Мизановна
Та ырыбы: «Ата-ананы  бала т рбиелеудегі психологиялы  ерекшеліктері»
қ
ң
ә
қ
     Мақсаты:Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мектепке деген психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік 
сезімін машықтаут арқылы қалыптастыру.
     Міндеті:
 -өзінің және өзгенің даралығын бағалау,өзін құрметтеу;
 -көңіл-күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу;
 - ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау.
     Көрнекі құрал: плакат,түрлі,түсті қағаз,желім,қайшы, слайд.
 Тренинг барысы:
 А) сәлемдесу рәсімі
 Б)Тренинг ережесін бекіту
     Кіріспе:
     Дәріс: «Ата-ананың балаға деген махабаты»
     Сәлемдесу рәсімі:
     Әр елдің өзіндік сәлемдесу рәсімдері болады екен, әуеннің ырғағымен билей жүріп, иықтарымен, құлақтарымен, 
маңдайларымен, қолдарымен, тізелерімен, амандасып шығу.
 Талдау: қандай әсер алғандығы жөнінде.
    «Танысу» жаттығуы
     Нұсқау: Өз есімдеріміздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіз туралы қысқаша 
мәлімет беруіңіз керек.
    «Мен қандаймын?» жаттығу
     Нұсқау: Ақ парақты екіге бөліп,бір жағына өзіңіздің жағымды жақтарыңызды,парақтың екінші жағына жағымсыз 
мінез-құлығыңызды жазасыздар.
    Талдау: Сіздерге жағымды жағын жазу ұнадыма,әлде жағымсыз жағын жазуға қиналдыңыздар ма?
    «Қол көмек» жаттығуы
    Нұсқау: Ақ параққа оң қолыңызды басып саласыз.Содан кейін «балаңызға қандай көмек бере аласыз?»деген сауалға 
әр ата-ана баласына,сыныбына қандай көмек бере алатыны жазылады. Жазған жауаптары тыңдалады.
    Шығармашылық жұмыс
    Нұсқау:
    Ата- аналарды үш топқа бөліп, түрлі түсті қағаздарды , керекті құралдарды пайдалану арқылы бейнелеп беру және 
жария ету.
 І топ:Мектепке деген махаббатыңыз…
 ІІ топ: Балаға деген махабатыңыз….
 ІІІ топ Ата-ананың бір-біріне деген махабаты…
    «Сиқырлы жүрек»
     Нұсқау:Бала тәрбиелеуде ата-ана жүрек жылуын жақсы сөздер арқылы білдіріп,мейірімді жүрекке айналдыруы 
қажет. 
    Психологтың сөзі:Сіздердің бала тәрбиелеуде аналық мейірімдеріңіз әрқашан балаңызға жылулық нұрын төгілтіп 
мейірімді жүрекке айналдырдыңыздар. 
    Қорытынды:  Әр түрлі смайликтер бойынша қатысушылар тренингтерден қандай әсер алғанына байланысты 
өз көңіл-күйлерін көрсету керек
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Әбіш  ауылы
Әбіш негізгі жалпы білім беретін 
мектебінің педагог-психологы
Жапакова Лиза Аккайраковна
Психологиялы  тренинг: «Адамгершілік иірімдері»
қ
Мақсаты: Өз бойымызға рухани –адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірман, ақылды, шыншыл қайырымды т/б 
адал қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсаты көздеді.
    Көрнекілігі: Күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері, нақыл сөздер.
Нақыл сөздер:
136

   1.Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі- ысырапшылдық күнәсәмен бірдей.
 2.Адамның адамшылығы-  ақыл- ғылым, жақсы ата -жақсы ана, адал дос, ұлағатты ұстаздан болады.
Баяу музыка ойнап тұрады.
    -Адамгершілік иірімдері деген не? Деген сұраққа жауап беру үшін
 «Рухани бай адам» деген қандай адам, 
 «Рух» деген  не? деген сұраққа бірігіп жауап іздеп көрейік..
     Жауап: «Рух»- деген адам бойындағы бір қуат.Ол қуат адам бойындағы кездесетін барлық жақсы қасиеттермен 
жасайтын барлық игі ісіміздің қайнар көзі.
   Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады.
Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман, тәтті-ащы. 
  Міне, ендеше адам бойындағы жақсы қасиеттердің  бәрі рухтан туындайды деген шешімге келдік.
Ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады.Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы 
екі қуаттың- «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Рухтың мекені не деп ойлайсыңдар?
 Жауап:  Рухтың мекені –адамның жүрегі.
    Жүрек жылуы, махаббат, ар –ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды.
   Күн адамның рухы болса, күн сәулесі- ақыл дейік.
   «Рухани бай адам» деген қандай адам? Түсінік беріңіздер.
   Жауап: «Рухани бай адам» - ең алдымен әділ, шышшыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады.Бойында 
осындай қасиеті бар адамды адамгершілігі мол рухани бай адам дейді.Адамгершілік ұғымында осы аталған 
қасиеттермен бірге аяушылық сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б көптеген сапалар кездеседі.
   Бүгінгі отырыста адам бойында болатын осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді жөн көріп отырмын.Ойымызды 
одан әрі өрбіту мақсатында адамгершілік нәрін бойымызға алу үшін мына Күннің суретіне қарайықшы.
  «Жарық күн»- көлегейленіп тұр. Күнді біз мейірман, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның 
көлеңке сезімін сейілтейік.Ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
  1 бұлт. Кәне, бірінші бұлт.Сенің шешуің не?  неге түнере қалғансың?(әуен ойнап тұру)
   Бұлттағы тапсырма: баяу ән әуенімен бәріміз жағымды ойларға берілеміз.Рухани жан азығын бесік жырымен 
бастаған адам әуен ырғағында тамаша ойға беріледі.
 «Жағымды ой, арман, мақсат туралы ойлану» 1 минут беріледі.Әркім өз ойын айтып шығады.
    Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге деген сенімділік , мейірімділік әкелді.Енді 
мен сіздерге Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.
     Бір жігіт қартайып жасы жетіп дүниеден озған анасына табыт жасау үшін ағаш таба алмай қиналады.Оған мейірімді 
жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш кесіп береді.Енді тақтайын үйіне апарайын десе көлік жоқ.Бұл жолы да 
қайырымды адам кездеседі.Жолға жүрейін деп тұрған жүргізуші жігіт барар жеріне көп болса жарты сағат кешігетінін 
білсе де апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып қоймадан шыға бергенде, автокалонна бастығы кездесіп 
қалады.Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген соң ашуға басып, жағдайды тыңдамай, ағашты түсіртіп, жігітті жұмысқа қоя 
береді.Көзінің жасы көл болған жігіт ағаштың қасында егіліп тұрғанын көрген  ат  арбалы адам бұрылып келіп, 
қайырымдылық жасап көмек қылады.
 Бұлт ашылды. Қандай қасиет байқадық? Қайырымдылық қасиетін білдік.
 2.Бұлтты сейілтейік.Үлгі аларлықтай нақыл сөз, мақал –мәтел, өлең, қара сөздер айту.
   Енді мына бір көрініске назар аударайық.
   Суреттен нені көріп тұрмыз?
    Жауап:Қара  дақ ноқат т.б
    Шын жауап: Қара дағы бар үлкен ақ кеңістік.
Иә, біз адамдар өмірдің көптеген көріністерінен ақты 
аңғармай көбіне дақты аңғаратынымыз ақиқат. Былай 
айтқанда әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, 
неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз екен.? Жақсыны 
айтудың орынына дау-даламай, өтірік-өсек т.б рахаттана 
әңгімелейміз емеспе? .Солай. Ол шындық.
 Ал енді сұқ саусағымызды шошайтып көрейікші. 
Не байқадыңдар? Жауаптарын береді.
Сұқ саусақпен басқаны көрсеткенде қалған үш саусақтың 
өзімізге қарағанын байқамаймыз.
        Сондықтан жаңағы өздерің айтқан жақсы сөздерден 
ғибрат алып, тек қана тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін 
түйе білейік дегім келеді.
     Данышпан ұлы Абай атамыз:  «Адамның адамшылығы 
–ақыл-ғылым, жақсы ата-ана, ұлағатты ұсаз» - деген екен.
 3. Бұлтты сейілтсек. Ата-ана, бала, махаббат ,достық, 
сүйіспеншілікке 4 жол өлең құрау.(баяу әуенмен  5 минут 
уақыт беріледі)  Өлеңдерін оқып береді.
4.Бұлтқа таяп қалдық. 
                          Тест тапсырмасы.
    1. Жұмыстас бір адаммен арада кикілжің 
болды.Қасыңдағы     
        құрбыларың, әріптестерің ол туралы не бір жағымсыз 
әңгімелер   
        айтты. Сен не істер едің?
а) ештеңе білмегендей боламын.
 ә) Солардың сөзіне ылығасың ғой.
б)Олардың табалауынан қорықпай онымен қатынасымды 
үзбеймін.
2.Сабақ өтіп жатыр. Саған бір танысың келіп, асығып 
тұрғанын біреу хабарлады.Не істер едің?
а) төменге түсіп сөйлесемін. 
ә) бастық жоқ па екен деп қарап аламын.
б) күте тұрсын деймін.
5. Бұлт «Таңғажайып алаң»
   Рухани –адамгершілік қасиеттеріне жататын адамның бір 
тамаша қасиеті жасырынып тұр-соны табамыз.
 Ол «әдептілік» деген сөз  болды. (адасқан әріптер ойыны)
6.Бұлтты сейілтсек :Күн күлімдеп шығады.
 Қымбатты әріптестер! (әуен ойнап тұру).
   Қазір барлықтарың жақсы бір әсем сезім әсеріне бөленесіңдер!Тыныштық сақтап отырайық.Бойларыңа жаңа шуақ 
орынады.Ол- адамгершілік шуағы.Ол жылу аяқтарыңнан бастап, жоғарылап барады.Қызу мен  шуақты, ыстық 
жылулықты сездіңдер.Жүрекке келді.Жүректеріңе жан шуағы орнады.
Ән: Жан шуағым мерекем 
137

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Көпкүтір ауылы
Көпкүтір бастауыш жалпы білім беретін
                                                          мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Утешова Светлана Мажитовна
Сабақтың тақырыбы: Ауа және ауа райы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, оның тірі 
табиғат үшін пайдасын ашу. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ барысында одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылығын ояту
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, приборлар, шар, доп.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең (Слайд – 2)
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы.
Адам өміріне қажетті 5 жағдайды топтастыру.
(ауа, су, қорек, жарық, жылу) (Слайд - 3)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Су тасқыны деген не?
2. Су тасқыны кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
ІІІ. Жаңа сабақ: (Слайд - 4.)
Сөзұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Түсі бар көрінбейді
Біртұтас бөлінбейді
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан желінбейтін.(ауа)
2. Адам өміріне қажетті бір жағдай?(су)
3. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін не дейді? (бұлақ)
4. Құрамында минералды тұздар бар су? (минералды)
5. Каспий теңізінің суы қандай?(ащы)
6. Минералды бұлақтар маңына не салынады? (шипажай)
7. Каспий теңізіне қай өзен құяды?(Жайық)
- Ерекше тор көзден қандай сөз көріп тұрсыңдар?
- Ауа райы.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Біздің планетамыз жер - мөлдір ауа қабатымен қоршалған. Ауа - жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Өзіміз оны әдетте 
байқамаймыз. Алайда ол кенет жоқ болып кетсе біз бірнеше секундта тіршілік ете алмас едік. Адам өміріне ең қажетті 
ауа дедік.
Сондай – ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады. Сол себепті оны арнайы мамандар 
күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз Ал климат – бұл 
ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы 
ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді. Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауаның температурасын өлшейтін құрал – термометр.
Ауаның қысымын өлшейтін құралы – барометр.
- Балалар «Ауа» деген ұғымды естідіңдер.
- Ол қандай?
- Оны қалай сезесіңдер?
Тәжірибе жасау:
- Мұрныңды қысып, демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар, ішіңнен сана. (тәжірибе жасалды)
- Біз сыныпта тақтаны, партаны, терезені көреміз. Ал, ауаны көре алмаймыз. Ендеше біз доппен, шармен тәжірибе 
жасалық. (тәжірибе жасалады)
- Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы.
- Допты еденге ұру, қайтара ыршуы - бұл серпілуі.
- Шырағдан жағып оны банкамен жабу - ауа тұншығады, жануды қолдауы.
- Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз, бұл ауа.
- Не байқадыңдар?(Шарды ауамен толтырдық. Доп серпілді, сығылады, кішірейеді.)
- Сонда серпіп тұрған не?(Ауа)
- Біз сусыз тіршілік жоқ десек те, судан да маңызды ауа тұр екен. Сусыз адам бірер апта тіршілік ете алса, ауасыз 
бірнеше минут қана тіршілік ете алады екенбіз.
Біз ауамен демаламыз. Ауа бізді қоршап тұр. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
138
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет