Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі121,48 Kb.
#117721
  1   2

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті



БӨЖ
Тақырыбы: Мектептің оқу-тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс
Орындаған: Серикханқызы А
Қабылдаған: Шалабаева Ж
Тобы:ППМ212

Түркістан


Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі
2.Пәнаралық байланыстың философиялық негізде
3.Пәнаралық байланыстың негізгі міндеттері
4.Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
Көптеген мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды мазмұнына қарай тақырыптарға бөліп («Адам, әйел, білім, еңбек, оқу, табиғат, жан- жануар» т.б.) ана тілі мен орыс тілін қатар алып балалардың Дүниетанымының жан-жақты дамуына мән берген. Қазақтың дара туған данасы Құдайберді Ұлы Шәкәрімнің (1858-1931) қандай бір өлеңін, дастаны мен қара сөзін, әңгімесін, мысалы мен мақал- мәтелдерін парақтап ашсақ, өзінің өмір бойғы жүрек жарды ойы, арманы, үміті мен ниеті, көңіл қалауы, халқының білімді, саналы, арлы адам болуын армандағанын көреміз.
Біз Шәкәрім шығармаларынан адам өміріне араласар, адам тағдырын, білімін, оның мәнісіне үңіліп, оның жыр- сырын білуге, сезіп тануға арналған толғаныстарын білеміз. Осылай біртіндеп пәнаралық байланыс идеясы езекті мәселе ретінде педагогикалық ой- пікірдің дамуында шешуші орын алып отырды.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі бұрынғы одақ көлеміндегі ғалым зерттеушілердің еңбектерінде орын алып келді. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика кафедрасы ұйымдастыруымен Республикамызда бірінші рет 1973 жылы «Орта мектепте ғылым негіздерін оқыту үдерісінің пәнаралық байланыс» мәселесіне арналған бүкілодақтық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілген.
Бұл конференция өзінің ғылыми теориялық тұрғысынан, қарастыратын мәселесінің маңыздылығы жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Оған дәлел педагогика-психология, философия және жеке пәндерді оқыту әдістемесі мәселелері бойынша ғылымда танымал болған ірі ғалымдар Р.Г.Лемберг, М.М.Левина, В.Н. Максимова,Н.А.Лошкарева, т.б. қатысып баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Р.Г.Лемберг пәнаралық байланыстың әдіснамалық және педагогикалық негізіне арналған баяндама жасады. Сонымен бірге осы пәнаралық байланыс мәселесімен шұғылданып жүрген педагогика кафедрасының ғалымы А.А.Бейсенбаева "Мектептің оқу-тәрбие үдерісі жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәжірибесі туралы" көлемді баяндамасында пәнаралық байланыстың дидактикалық ерекшелігіне тоқтады. [8]
Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға Н.В.Малахов, И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, Т.Г.Рамзаева, Н.Н.Светловская,М.Р.Львов, Н.Я.Велинкин, т.б. зор үлес қосты. Бұл педагог-ғалымдардың еңбектерінде пәнаралық байланыс мәселесі жан-жақты қарастырылды. Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Нәбиева, А.Р.Бектениярова, А.Ерімбетова, Р.К.Аббасова, А.А.Әбдиева т.б.сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының педагогикалық негізін Г.К.Мендіғалиева, аспиранттардың оқу және зерттеушілік қызметі интеграциясы мәселесін Т.Н.Бақайбекова, бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К.Жүнісова, Ә.Мұханбетжанова және т.б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім.
М.Берулова өз еңбектерінде оқу пәндері арасындағы байланыстың бірнеше деңгейі бар екендігін атап көрсеткен. Пәнаралық байланыстың алғашқы жоғары деңгейінде пәндерді кіріктіру негізінде кешенді ғылым пайда болады. Екінші деңгейі-дидактикалық біріктіру деңгейі. Бұл деңгейдегі оқу пәндерінің байланысы үнемі жүзеге асырылып, өзара бірлесіп әрекет етуші пәндер өз мәртебесін өз тұжырымдамасы негізінде сақтайды. Байланыстың үшінші деңгейі- пәндердің өзара байланысының ең төменгі деңгейі. Пәндердің өзара байланысы оқушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. Соңғы айтылып отырған деңгей бастауыш мектепте Анағұрлым тиімді.
Бүгінгі қоғамның терендеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді, ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы негізінде құруды талап етіп отыр. Осыған орай, пәнаралық байланыстың философиялық, психологиялық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.
Пәнаралық байланыстың Философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың,Құбылыстарды байланыстылығы туралытұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір- бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.
Пәнаралық байланыс кезінде материалдардың өзара байланысын, бір- біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық
Рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру, ортақ белгілерін бір- бірімен салыстыру ортақ
Заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың меңгерген білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек.Қазіргі талап бойынша қоғам,табиғат, адам арасын пәнаралық байланыс негізінде оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек, ұлы педагог ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Философ М.Орынбеков Абай Философиясының негізгі адам мәселесі екенін ашып көрсеткен. Абайдың уағыздағаны- адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін- өзі бақылау, ұяттылық, Парасаттылық, Абай аңсаған адам тәрбиесі Үнемі оқу-ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді. Әсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру. Абай шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес. Бастауыш мектеп оқушыларына білім мен тәрбие беруде бұл өлеңдердің алатын орнына жетпейді. Осындай тәлім-тәрбиені мұғалімдер сабақ өту үрдісінде пәнарлық байланыс арқылы қалыптастырумен оқушыға жеткізе алады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінің де бір-бірімен байланысы бар. Оқушылардың дүниетанымын Қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, адам ойының даму заңдылығын Диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді. Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді. Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге көзқарас қызметі өте Маңызды және шешуші рөл атқарады.
Дүниеге көзқарас дегеніміз- адамдардың іс-әрекетіне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары жөнінде тиянақты көзқарастар жүйесі.
Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын көпсалалы байланыста болатын обьектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, Дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі Бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру Барысында, сонымен бірге күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда Диалектикалық-матералистік Дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты Қалыптастыруды көзейді. Осыған сәйкес бастауыш мектептегі-қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі- пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралық баланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек;
1. Оқушылардың оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру, пәнаралық Байланысты орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалану,.
3. Мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыста жүргізілуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етеді.
4. Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.
5. Пәнаралық байланыс бастауыш мектеп мұғалімінің жүргізетін Педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды Ұйымдастыруына себепкер болады.
Пәнаралық байланыстың мәні оның ішкі құрылысында жатқандығында, одан оқыту мен тәрбиені дұрыс, жүйелі ұйымдастырудың көп қырларының бірі екендігін танытады. Пәнарарлық байланыстың іске асырылуында методология шешуші қызмет атқаратын мынадай негіздер басшылыққа алынады.
1.Пәнаралық байланыстың философиялық негізде дүнтедегі барлық заттың, Құрылыстың бір-бірімен өзара байланыстығы туралы тұжырымдалған Дағды алынады. Дүниедегі бар құбылыс бір- бірімен байланысты болады, сондықтан оны танып білетін ғылымдарда өзар Байланысты.
2.Пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуына оның психологиялық негізгі үлкен қызмет атқарады. Пәнаралық байланысты педагогика ғылымында Зерттеуші ғалымдар пәнаралық байланыстың психологиялық негізін И.Павлов есімімен Тығыз байланыстыра қарастырады. И.П.Павлов мидың аналитикалық- синтетикалық қызметін зерттеп, оның үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген Тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін Түсіндіреді. Сондықтан олар жүйке Процестерінің күрделі динамикалық жүйесі Болғандықтан, ол мидың анализ, синтез қызметімен орындалады. Бұл әр пәннің өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі білімдер жүйесі сәйкес келеді.Пәнараалық байланыстың психологиялық негізін ашуға ұмтылыс жасаған
Педагог ғалымдардың бірі- немістің идеялист педагогы И.Ф.Гербарт ол өзінің еңбектерінде жан-жақты тәрбиелеуді, білім беруді пәндердің арасындағы және пәнішілік күрделі байланыстарымен тығыз бірлікте қарау керектігін атап көрсетеді. И.Ф.Гербарт оқытудың негізгі жолдарын төмендегідей үлгіде көрсетеді.Көрсету, Байланыстыру, Үйрету, Философиялық негіздеу
Сезімге әсер ету жағынан мына үлгідегі болуын айтады. Көрнекілік, Байланыстылық, Көтерінкілік, Қызығушылығын арттыру.
ХѴІІІ-ХІХ ғасырлардың ұлы педагогы И.П.Пестолоций пәнаралық байланыстылықтың маңыздылығын мойындай келе, оны тәжірибеде іске асыруға Тырысты. Оның дидактикалық шығармаларында оқыту өнерінің физика-механикалық
заңдылықтары туралы жиі айтылып отырады. Бірінші орынға ол мына талапты қояды "Өз санаңызда пәндердің арасындағы шын мәнінде табиғи байланысты көрсетіңіз Пестолоций пәндердің бір- бірімен байланысын тәжірибеде іске асырудың үлгілерін көрсетеді.
Пәндерді араластырып оқытуға неміс педагогы Адольф Дистервег қарсы шықты. Ол әрбір пән өзіндік ерекшелігімен, өз құрылысын сақтай отырып оқытылуын дәріптеді. А.Дестервег пәнаралық байланысты мүлдем жоққа шығармайды, тегі бір, ұқсас пәндерді, мазмұны жақын пәндерді оқыту барысында аталған әдісті толық қолдануға болатындығын айтады. [4] Ал, мұның өзі дүниенің шындығын жан- жақты тұтас қабылдауға, ғылыми түсініктердің қалыптасуына және табиғат пен қоғамның, өмірдің Диалектикалык -зандылықтарын танып білуге кедергі жасайды.Сондықтан психологтар өздерінің зерттеулері арқылы оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың мәнін психикалық процестердің заңдылықтарымен дәлелдейді.
Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізіне оісу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығына, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олардың қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім, іскерліктерге арналған материалды және оқушылардың жалпы таным объектілерін бір жүйеге келтіреді. Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішіндегі оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет