Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 4(40) шығарылым


ҚАЗАҚ  ӨЛЕҢІНІҢ  ДАМУЫНДАҒЫ  СЫННЫҢ  КҮШ-ҚҰРАЛЫ  (ТӨЛЕГЕН  ТОҚБЕРГЕНОВ СЫНШЫЛЫҒЫ МЫСАЛЫНДА)



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата09.03.2017
өлшемі2,92 Mb.
#8614
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
ҚАЗАҚ  ӨЛЕҢІНІҢ  ДАМУЫНДАҒЫ  СЫННЫҢ  КҮШ-ҚҰРАЛЫ 
(ТӨЛЕГЕН  ТОҚБЕРГЕНОВ СЫНШЫЛЫҒЫ МЫСАЛЫНДА)  
 
 
Өлең  туындыларын  зерттей  жүріп,  әрі  ғалымдық  әрі 
сыншылық қарым-қабілетінің биік деңгейіндегі дәрежесін танытқан 
әдебиеттанушылардың  бірі  –  Төлеген  Тоқбергенов.  Оның 
қаламынан  туған  «Тоғыз  тарау»  (1974),  «Үш  тоғыс»  (1977),  «Қос 
ағыс»  (1981),  «Ай  мүйіз»  (1990)  кітаптарында  автор  көркем 
әдебиетте  өзіндік  үлесі  бар,  дара қолтаңбаларымен көрінген  ақын-
жазушылардың  шығармашылық  ізденістерінің  қарым-қуатын 
анықтап көрсетуге ден  қояды.  
Т.  Тоқбергеновтың  лирика  кегінің  тереңінен  маржан  терген 
ақындар  шығармашылығын  сараптаған  мақалаларының  бір қатары 
«Ай  мүйіз»  кітабына  енген  автор:  «Қазақ  өзі  әлімсақтан-ақ  өлеңді 
өнер  санаған.  Қуаныш,  шаттық  тұсында  өлеңмен  қуанған,  өзгеше 
шерлі  кезінде  өлеңмен  жұбанған.  Өлеңнің  ұйқасын,  үйлесім-
ырғағын жанымен түйсінген» [1, 118 ] дейді.  
«Сөз  теңізден  маржан  терген»  атты  шолу  зерттеуінде                    
Т.  Тоқбергенов  өлең-сөздің  құдіреті  мен  өнер  есебінде  рөлін 
жоғары  қоя  толғанады.  Ақындық  пен  ақындық  өнерді  бағалау, 
баптау  жайындағы  ой-толғаныстарында  ғасырлар  қойнауында 
жатқан Асан, Сыпыра, Қазтуған, Бұхар, Махамбет салған жыраулар 
мектебінің  ізгі  дәстүрлерін үйрену  көзінің  үлгісі  ретінде  ұсынады. 
Ақындық  өнердің  бұлақ-бастауы  ауыз  әдебиеті  мен  жыраулар 
поэзиясында  жатқанын,    бүгінгі  заман  ақындарының  солардан 
өнеге  алу  жайының  мардымсыз  екеніне  баса  назар  аударады. 
Әрідегі  халықтық  әдебиеттің  ұлы  Абайдан  бастап  Сұлтанмахмұт, 
Сәкен,  Ілияс,  Иса  сәл  төмендесек  Әбділдә,  Қисым,  Асқар,  т.б. 
үйрену  көзі,  арнасы  болғандығын  кейінгі  толқынға  үлгі  ете 
әңгімелейді.  Қазіргі  қазақ  поэзиясының  ірі  өкілдері  Қадыр, 
Мұқағали,  Төлеген,  Сағи,  Тұманбай,  т.б.  ақындардың  өз  сара 
жолдары  барын  халық  мойындаған  ақындар  сапына  енетінін 
баяндайды.  Ақындар  мен  олардың  өнердегі  қолтаңбаларын 
айқындауға  күш  салып  жемісті  жолдарына  жіті  үңілген  Әбіш 
Кекілбаев, Жарасқан Әбдірашев мақалаларын жоғары бағалайды.  

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
265 
Қазақтың бүгінгі поэзиясының көрнекті өкілдері Қ. Бекхожин 
мен Х. Ерғалиев туралы сыншы ғалым Т. Тоқбергенов өз танымын 
ортаға  салып,  шынайы  көзқарасын  білдіріп  отырады.  «Кейінгі 
поэзияға соқсақ, Қалижан, Хамит қос тұлға болып бір-біріне кезек 
бермей, қатар шауып қапталдасып келеді» [1, 119] ,- дейді ғалым.  
Аталған  ақындардың  қалам  қуатымен  ақындық  өнердегі 
өзіндік  өзгешелік  беталыстарын  ғалым  былайша  пайымдайды: 
«Қалижан  ішкі  сезімге,  ішкі  иірімге  көбірек  қайырылса,  Хамит 
Ерғалиев  ойдың  өзін  оттай  ыстық  өлеңге  айналдырып,  азаматтық 
биікке шапшиды. Арқалы адын жырға бастайды» [1, 119] десе, қос 
ақынның үйрену дәстүрін анықтауда:  «Қалижанда Шығыстың ұлы 
ақындарына  еліктеу  басым  да  Хамитте  қазақтың  өз  жырларынша 
асқақ  ойды  төгіп  көсіле  жырлау  басым»,-  деп  қорытады  өз  пікірін 
ғалым-сыншы  Т.  Тоқбергенов.  Қос  ақынды  эпикалық  құлашы  кең 
тынысты  өнерпазға  жатқызған  ғалым  пікірінше  кейінгі  жас 
толқындар  ішінде  бұлардың  өнегесін  ұстанып  пайдаланушылар 
мол.  
Т.  Тоқбергенов  зерттеуіне  іліккен  ақындардың  арасында 
«Өлең-өнердің  бет  шарпыған  аптабын  да  тұяғымен  от  шашқан 
тарпаңын да жақсы білген ақынның бірі – Қуандық Шаңғытбаев». 
Қуандықты  ғалым  ең  алдымен  –  лирик  ақын  санайды.  Лириканың 
шығысша  баламасын  ғазал  деп  ұғындырған  Т.  Тоқбергенов 
Қуандықты  сол  ғазалдың  табиғатына  толығымен  сыйған  ақын  деп 
біледі.  Аз  жазса  сазды  жазатын  Қ.  Шаңғытбаевтың  тек  ғазалша 
ақын  ғана  емес,  азаматтың  әуенді  де  өзінше  көтере  білетін,  үні 
даусы  анық  өнерпазға балайды.  Қ. Шаңғытбаевтың  дарынды ақын 
екенін  (1945  жылы-ақ)  ұлы  Мұқаңның  -  М.  Әуезовтың:  «...  тілі 
орамды  жас  ақын  келешегінен  анық  жақсы  үміт  еткізеді»  деп 
бағалауын  көрегендік  деп  бағалайды.  Қуандықтың  мықты 
аудармашы, публицист, драматург сияқты әмбебап қасиетін былай 
қойғанда  ұлт  өлеңінің  көкжиегін  кеңейтуде  де  біраз  еңбек 
сіңіргенін  отандық  поэзияда  үлкен  орын  барлығын  оның 
туындыларын 
талдау 
нәтижесінде 
көз 
жеткізе 
келе:                                    
«Қ. Шаңғытбаев сирек таланттардың бірі десек, асырып айтқандық 
емес»,-дейді 
ғалым 
өз 
тұжырымының 
негізіне 
сүйене.                                 
Т.  Тоқбергенов  пайымында  Қуандық  -  өлең  өнеріне  аса  сақ 
қарайтын, өлеңді өнер деп бағалайтын мәдениеті жоғары ақын. Ол 
–  «өлеңмен  оңайдай  ойнамай,  ойланып  сөйлейді».  «Атым  шықсын 
деп  өзеуремейтін,  даңғаза  дақпыртқа  ілеспейтін»  де  сол  Қуандық. 
Қай  тақырыпты  жазса  да  ақынның  халқының  ой-мұратының 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
266 
үдесінен  шыға  білген  ғалым  Т.  Тоқбергенов  жоғары  бағалайды. 
Зерттеуші  байламының  ақынға  қатысты  қорытынды  сөзін 
түйіндесек:  біріншіден,  «ол  нені  жазса  да  біліп  жазады,  бейнелі 
бедерлі жазады», екіншіден, «өзі көріп аралаған ел-жұрттың шежіре 
сырын 
әдет-ғұрып, 
дәстүр-дағдысын 
ақтара 
жырлайды», 
үшіншіден,  «ұлттық  мінез,  табиғи  бітім  пішінін  тауып,  танып 
жырлайды», төртіншіден, «ұйқас, ырғақ, дыбыс екпінін жарыстыра 
боуын қанықтыра мейіріңді қандыра жырлайды».  
Т.  Тоқбергеновтың  «Жыр  дүлей»  аталған  мақаласы  бүгінгі 
поэзияның  жарық  жұлдыздарының  бірі  -  Фариза  Оңғарсынова 
лирикасын  тергеп-тексеруге  арналған.  Фаризаның  дүлей  сезімінің 
ақынына  балап,  сөз  арнаған  ғалым  оны  поэзиямыздағы  сирек 
құбылыс  деп  те  қалады.  Ақынның  айтпақ  ойын  оқуға  ұмтылған 
зерттеуші  Фаризаны  батыл  суреткер  санатына  кіргізеді.  Көптің 
батырып  айта  алмай  жүрген,  айтуға  білдіруге  тайсақтап  жүрген 
сезім  мен  сырға  қатысты  нәзік  иірімдерге  еркін  бойлауын  ғалым 
ақын  жаңашылдығына  жатқызады.  Адам-пенде  сол  пенденің 
басында болуға тиісті мінез-құлықтарды ешбір боямасыз жеткізудің 
амал-тәсілдерін еркін игерген ақынды «Сезім құбылыстарын, мінез-
қырларын  суреттеуде  Фариза  тапқыр  да  өткір  өз  сезімін  ақындық 
күдік-күмәнін  ашып  салуға  келгенде  кімді  де  болса  селт  еткізбей 
сұқтандырмай  қоймайды»  [1,  142],-деп  айырып  ашып  көрсетеді. 
Ақынның шын да шынайы өнерпаздық тұлғасын танытудың жолы 
оңай болмаса керек. Алайда, шын сыншы зерделі ғалым Фаризаның 
ақындық  болмыс-бітімін  тереңнен  толғай  жеткізеді.  Ғалым 
зерттеушінің  түпкі  мәніне үңілсек, Фаризада  бүр  жаңашылдықтың 
негізгілері мынадай екен: 
 1)  Фариза  өлеңдерінде  екпін,  ырғақ  ұйқастар  өзгеше  орам 
тауып ішкі иірімге иіре тартатын шеберлікке құрылған.  
2) Лирикалық кейіпкердің аузымен сыр шерту толғаныс толқу 
күйлерін  тарату  жөнінен  Фариза  өзге  ақындардан  (қазақ) 
оқшауырақ биікке шығып алған.  
3) Фариза өлеңдерінде кейде проза мен поэзия бірігіп, біржола 
кірігіп жанрға бой бермес жаңа бір орамдар айқынданып жатады.  
4) Фариза монологтарында өзіне ғана тән ақындық шешім ұлы 
мұрат  көздеген  ұлағатты  ой  телқоңырдай  табысып  жымдасып 
кеткен.  
5)  Төл  әдебиетімізде  қазақтың  қанына  сіңген  шешендік 
өнердің 
жыраулық 
өнердің 
өзінен 
бұрынғы 
қарымта 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
267 
қаламдастардың  жеткенін  алып,  жетпегенін  жаңарта  жаңғыртып 
өрістетіп өсіріп алып кеткен. 
 6) Фаризаның және бір артықшылығы - өзіне өзі сыншыл, ол 
өз көңілінің қыры мен сырын айта отырып, өзінің көңілдегісін қоса 
біледі. 
 7)  Фариза  ақынмын  деп  астамшылдықпен  емес,  асқақ 
сезіммен жырлайды. Көкірек отына, көңіл-күйіне, шабыт-шарқына 
ой-безбенімен  қарайды.  Өзіне-өзі  қатал  талғампаз  жан.  Фариза 
ақындығын  тексеруде  Т.  Тоқбергенов  тапқан,  анықтаған 
жаңашылдық нышандарының басты-басты ерекшеліктері осындай.  
Т. Тоқбергеновтың қаламына іліккен үлкен ақындарымыздың 
бірі  –  ақиық  талант  тарланбоз  Мұқағали  Мақатаев.  Мұқағали 
шығармашылығы  қазақ  әдебиеттануында  жемісті  зерттелу  үстінде 
десек  те,  Т.  Тоқбергенов  тексерісінде  ол  басқа  қырынан 
танылғандай көрінеді. «Көкірегі - көктем жыр» аталған жазбасында 
ғалым  Мұқағали  ақындығының  бар  қырын  өзі  білетін,  өз  зер-
толғамының  аясында  қарастырады.  «Көмейінде  күміс  күмбір  бар-
тын,  көкірегіне  күй  тұнған  ақын  еді»  [1,  144],-  деп  басталатын 
әдеби  толғанысында  Т.  Тоқбергенов  ақын  шығармашылығын 
тануды  әдемі  бір  толғау  сырға  айналдырып  әкетеді.  Мұқағали 
өлеңдеріндегі мұңлы күйлі сезімдер мен сырлы суреттерді ғалым өз 
қалауының таразысына салып тақырып пен мазмұнның ара-жігін өз 
ой безбенінің талқысына сала өрістетеді. Көктемді ақын жырының 
әдеби  символы  ретінде  алған  зерттеуші  көктем  бейнесі  арқылы 
Мұқағали  шығармашылығын  бай  да  берекелі  тұстарына  сәтті 
барлау  жүргізеді.  «Мұқағалида  «көктем  де  келер  »  деген  үміт 
айрықша  сезіледі:  ал  «көктем  келді»  десе,  онысы  таусылмайтын 
қуаныш»  [1,147]  дейді  ғалым  ақын  туындыларының  мазмұн 
байлығына  үңіле.  Мұқағали    ақынның  көктем  жырын  талдай 
отырып,  зерттеуші  «көктемнің  келуі  ақын  үшін  үлкен  қуаныш»,- 
дейді. Ақынның көктем туралы өлеңдері аса көп болмаса да «өзін-
өзі қайталап оқырманды мезі қылмағандықтан да көктем жырлары 
көкейден  еш  кетпейді»  -  дей  келе  көктем  жырларын  Мұқағали 
шығармашылығындағы алар  орнын  анықтауға  бел  байлап кіріседі. 
Мұқағалидың  көктем  келешектен,  көктем  болашақтан  үміт  үзбей 
жүріп жазған жырларының тақырыптық ауқымы әр қалай десек те, 
зерттеуші пайымынша ақын «өзек жарып айтар ойы - адам тағдыры 
адамның  тірлігі,  мінезі  мен  құлқы  сезімі  мен  түйсігі».  Ақынның 
лирикалық  «мені»  қалың  бұқара  мен  қоғам  оны  мекендеген  адам 
екен.  Ақын  солардың  артына  сөз  ала  ой  толғайды  екен. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
268 
Мұқағалидың:  «Адам  оқитын  жырға  адамды  қатыстырмау  - 
ессіздік» деген дәйек сөзін келтірген Т. Тоқбергенов:  «Бұл – оның 
азаматтық  кредосы  ақындық  стихиясы»,-  дейді.  Ақын  жырлаған 
тақырып  ауқымынан  аса  күрделілігі  жайында  айта  келе  зерттеуші 
әлемдегі  ең  толғақты  мәселе  планетаның  ядролық  жарылыстан 
сақтау  алаңдатса,  Мұқағали  бұл  мәселеде  де  өз  үнін  қоса  білген 
ақын есебінде де таныстыра біледі. Оның «Тоғай төңірегінде» атты 
өлеңінде  «Туған  жердің  тағдырын  ойлаған  ірі  азаматтық  әуен» 
ақынның халықшыл бейнесі бой көтереді. Т. Тоқбергенов Мұқағали 
ақындығын  айқындауға  арналған  зерттеу  мақаласы  -  еркін  әрі 
табиғи  қалпындағы  әдеби  толғанысқа  эсселік  талғам  сипатқа  тән 
белгілерді иемденуі мен ерекшеленеді. 
 «Қазіргі  оқушы  әдебиетіміз  туралы  ойланбай  тұра  алмайды. 
Сонда  білімді  зерделі  түйсік  түсінігі  мол  оқушы  боп  ойланғысы 
келеді. Мұндай оқушының жазушыдан артықтығы сол – ол көркем 
әдебиетті жан-жақты білгісі келеді. Көп оқып көптеген жазушының 
творчествосын  білгісі  келеді»  [2,  159]  деп  жазған  болатын                        
Т.  Тоқбергенов  өзінің  әдебиет  туралы  «Тоғыз  тарау  толғау  сөз» 
атты  күрделі  мақаласында.  Оқырманға  обал  болмасын  деген 
қағидатты  батыл  ұстанған  сыншы  ғалым  Т.  Тоқбергенов  әдебиет 
жайындағы толғаныстарында басқа да жанрлардың қатарында өлең 
сөздің  де  өзекті  мәселелерін  көтере  білді.  Қазақ  лирикасының 
белді-белді деген ақындардың шығармашылық бітім-болмыстарына 
жіті үңіліп бүгінгі әдеби үдерістің даму деңгейін, жетілу дәрежесін 
анықтауға белсене араласты. Сынның міндеті мен мақсатын көркем 
әдебиеттің  жанданып  гүлденуіне  орайластырып  екшеп  алған                   
Т. Тоқбергенов «Өнердің өзек жарды объектісі – адам қамтылса да 
–  сол  адам  туралы  адамның болмыс  тумысы,  бітім-пішім,  тіршілік 
тынысы  сөз  болмақ.  Адам  тағдырына  тартыс-талайына  соқпаса 
көркемдік  шешім  ақталмайды,  өнер  құпиясы  ақтарылмайды»                 
[2, 161] ,- деп ұғындырады. Осы айтылған мұрат-бағытын ғалым өз 
зерттеулерінде  бағдарламалық  идеялық  желі  етіп  ұстайды.  Ақын 
кейіпкерлерінің  ішкі  әлеміне  үңілу  арқылы  ақындықтың  шынайы 
бағасын  беруде  Т.  Тоқбергенов  ғалымдығының,  сыншылығының 
бір  ерекшелігі  әзір  суреткермен  бірлесе  адам  әлемінің  ішкі  жан-
дүниесін,  сезім-сипатын  бөлісуге  әзір  зерттеуші  қай  ақынның 
шығармашылық  айдынына  көз  салсын,  өлеңді  өнер  есебінде 
бағалауды насихат етті.  
Түйіп  айтқанда,  ғалым-сыншы  Т.  Тоқбергеновтың  өлең-сөз 
хақындағы  зерттеулері  бұл  күнде  де  өзінің  әдеби  құндылығын 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
269 
жоймай,  жас  өскін  таланттарға  әдіснамалық  тұрғыдан  көмегін, 
өнегесін тигізері хақ.     
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Т. Тоқбергенов. Аймүйіз. Алматы: Жазушы, 1990 ж. 336 б. 
2.Т. Тоқбергенов. Тоғыз тарау. Алматы: Жазушы, 1974, 224 б. 
 
*** 
О  развитии  казахской  лирики  и  его  истории  известный  ученый, 
критик-исследователь  Т.  Токбергенов  оставил  много  ценных  работ.  Его 
вклад  в  исследование  народной  поэзии  и  эстетические  взгляды  освещены  в 
этой. 
  
 
 
ӘОЖ 130.122:373 
Жапбарова Г.А. 
 п.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  
Шымкент қ. 
 
ТІЛДЕСІМ МӘДЕНИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗІ 
 
Философия әр заманның өзіне лайық өмір-салтына қарай түрлі 
бағыттарда  өрістегенмен,  оның  ең  басты  мәселесі  –  адам,  адам 
болмысының  өмірлік  мәнді  мәселелері  болып  келгені  аян.  Көне 
дәуірден  бүгінгі  күнге  дейін  жалғасып  жатқан  философиялық  ой-
пікірлердің  орталық  тұлғасы  –  адамның  ең  басты  қасиеті  оның 
әлеуметтік  мәнімен  өлшенбек.  Қазіргі  философия  адам  туралы 
арнайы ғалымдардан іргесін бөліп алып, «субъект», «тұлға», «жеке 
адам» ұғымдарына баса назар аударуда.  
Философияның  басты  тақырыбы  адам  мәселесі  болса,  сол 
адамның  адамдық  қалпы,  жеткен  дәрежесі  оның  әлеуметтік 
сипатына келіп тіреледі.  
Жүсіп Баласағұн тұлға мәдениетіне қатысты ой-тұжырымдарын 
жалпыадамзаттық  құндылық  деңгейінде  төрт  ұғымдардың  ерекше 
сипатпен берілуінде деп есептеді (Әділет, Дәулет, Ақыл , Қанағат). 
Сондай-ақ, Ж.Баласағұн еңбегінің оқу үдерісінде тілдесім әдебінің, 
ойды көркем әрі тұжырымды жеткізе білу шеберліктің қалыптасуы 
туралы  пікірлерінің  маңызы  үлкен  [1].  Ал  Махмуд  Қашқаридің 
«Диуани  лұғат  ат-түрк»  еңбегінде    адамдарды  білімге,  әдептілікке 
шақырған,  ақиқат,  әдеп,  ұйымшылдық  мәселелерін  қарастырып: 
«Әдеп  басы  –  тіл,  тәрбие  басы  –  тіл»  деген  пікіріндегі  
философиялық-әдептік  тұжырымдары;  парасат,  білімділік  туралы 
ойлары  қазіргі  кезеңде  жаңаша  мәнге  ие  болып  отыр  [2]. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
270 
А.Игүнекидің философиясы адам өмірінің мәні оның білімділігінде, 
жомарттығында, кішіпейілділігінде деген негізге құрылған. Ол осы 
арқылы әдепті сөйлеуге үндейді. Оның адамзаттық көзқарасы оқу-
білім мен ғылымды адамдық қасиеттің тірегі дей келіп: «Дүниенің, 
әлемнің  сырын,  құпиясын  ашатын  кілті  –  көкірегі  ояу,  көзі  ашық, 
оқыған, білімді адамдардың қолында», – дей келе, бар дүниені тек 
білім арқылы ғана тануға болады деп тұжырымдайды [3]. Сондай-
ақ  жеке  тұлғаның  жан-жақты  қалыптасуындағы  тілдің  рөлін  әл-
Фараби,  Қадырғали  Жалайри,  Ш.Уәлиханов,  Абай,  Шәкәрім,  т.б. 
ғұлама ғалымдар философиялық тұрғыдан негіздеп берді. Олардың 
түйіндеуінше,  адамның  тұлға  болып  қалыптасуына  білімнің  рөлін 
айрықша  атап  көрсетілді.  Сондықтан  біз  тілдесім  мәдениетінің 
қалыптасуының философиялық негізін тіл мәдениеті мен әдеби тіл 
нормасы туралы білім берудің көлемінде қарастырайық.  
Білім  берудің  мәнін  ғалымдар  үш  қырынан  қарастырады. 
Соның  бірі  әлеуметтік  жағынан  қарастыру  дегеніміз  –  білім 
алушының табиғат, қоғам, ойлау, іс-әрекет туралы білім мазмұнын 
игеру; екіншісі, педагогикалық қырынан қарастырылуы дегеніміз – 
білім  алушының  интеллектуалдық  және  тәжірибелік  білік  пен 
дағдыларды  меңгеруі;  ал  үшіншісі,  психологиялық  –  білім 
алушының  өзін  қоршаған  әлемге  деген,  басқа  адамдарға  деген, 
адамзаттың  шығармашылық  қызметі  нәтижесінде  пайда  болған 
тәжірибелерге  деген  эмоционалдық-еріктік  қарым-қатынасты 
меңгеруі. 
Оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қарқынды жүретін 
ерекше  маңызды  буын  –  оқытудың  негізгі  сатысы  екені  белгілі. 
Сондықтан  баланы  интеллектуалдық,  икемділік,  қатысымдық 
жағынан  айналадағы  дүниемен  (табиғатпен,  басқа  адамдармен, 
өзімен-өзі,  т.б.)  белсенді  қарым-қатынасқа  түсуге  дайындау,  оқу 
арқылы  оның  әрі  қарай  дамуына  жол  ашу,  ақыл-ойының  дамуына 
қол  жеткізу  –  дамыта  оқытудың  философиялық  қағидасы.  Дамыта 
оқытудың  негіздері  таным  теориясы  мен  диалектика  ілімінде 
жатыр. 
Ойлау  –  таным  теориясының  негізгі  философиялық 
категориясы.  Дүниені  танудың  екі  жолы  бар.  Оның  бірі  затты 
дерексіздендіру  арқылы  немесе  абстрактылы  ұғым  арқылы  ойлау 
болса, екіншісі ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту 
бұл  екеуін  бірлікте  қарай  отырып, оқушылардың  теориялық  білімі 
мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-
теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді. 
Философияда  адамның  ойлауы  объективті  шындықты  тану 
әдісі  ретінде  қарастырылады.  Бұнда  философтар  «объектінің  қай 
жағынан  берілгеніне  қарай,  білімнің  негізгі  мазмұны  қалай  және 
қандай  тәсілмен  берілгенінен  қарай»  оның  эмпирикалық  және 
теориялық түрін белгілейді. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
271 
Дүниені  танудың  теориялық  және  эмпирикалық  білім  көздері 
бір-бірінен 
ұстанымдық 
тұрғыдағы 
ерекшеліктерімен 
ажыратылады.  Дамыта  оқытуда  теориялық  білім  абстрактылықтан 
нақтылыққа  өту  әдісі  арқылы    жинақталады.  Ол  –  диалектикалық 
логиканың негізгі зерттеу әдісі.  
Дүниетанымның  жарқын  танылар  тұсы  –  ұлттық  дүниетаным. 
«Адамның  дүниемен  байланысы,  оны  тануы  белгілі  ұлттық 
жағдайда  қалыптасатындықтан,  дүниетанымның  ұлттық  белгілері 
болады. Ол белгілері мен көріністері осы халықтың діліне тәуелді. 
Бұл  –  халықтың  бейнелеу  дүниесі,  символдары  (рәміздері)  мен 
салт-жоралары, сезіну, ұғыну ерекшеліктері» [4,181]. 
Ұлттық дүниетанымның нәр алатын ортасы, әрі көрінер жері – 
ұлттық  мәдениет.  «Мәдениет  -  халықтың  мыңдаған  жылдар 
бойындағы  шығармашылығы,  онда  қауым  мен  жеке  адамның 
рухани ізденісі, халықтық даналығы мен адамгершілік нышандары 
жинақталады» [4,206]. 
Әр  мәдениетке  дүние,  қоршаған  ортаға  деген  сан  қилы 
көзқарас,  түсінік  қалыптасады.  Себебі,  әр  мәдениет  заманынан, 
діліне,  моральдық  нормаларына  қарай  адамға,  өмір-өлімге, 
адамның  іс-әрекетіне,  сұлулыққа,  т.б.  әр  халықтың  басында  бар 
негізгі  құндылықтарға  байланысты  өзінің  көзқарас  жүйесін 
қалыптастырады.  Міне,  осы  көзқарастың  көрінетін,  таралатын, 
сақталатын құралы - тіл. Тілдің бұл құдіретін ХХ ғасырда әлемдік 
философия мен мәдениеттану да мойындайды [5]. 
Бұл  жөнінде  белгілі  қазақстандық  мәдениеттану  саласының 
ғалымдары  былай  дейді:  «Тіл  –  тек  коммуникативтік  құрал  емес, 
сонымен  бірге,  адам  болмысының,  оның  мәдениетінін  көрінісі, 
өйткені  мәдениет  таңба,  белгіден  тысқары,  яғни  тілден  тысқары 
өмір  сүре  алмайды.  Адамды  түгелдей  дерлік  таңбалық  әлем 
қоршаған,  өйткені,  адам  болмысының  өзі  -  таңбалық,  тілдік 
болмыс. Адам - бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы 
да....  Тіл  –  тек  денотативті  (белгілі,  сигналды)  коммуникация 
құралы  ғана  емес,  сонымен  бірге  коннативті  (белгілі  әлеуметтік-
мәдени, идеологиялық мәні бар) құрал. Тілде әр халықтың тарихы, 
оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті жатыр. 
Дүние, 
болмыс 
жөніндегі 
халықтың 
философиялық 
пайымдаулары,  ғасырлар  бойы  жиған  өмірлік  тәжірибелері, 
уақыттар  мен  ғасырлар  ағымында  қалыптасқан  таным-түсінігінің 
негізі  халықтың  тілінде  көрініс  тауып,  сол  арқылы  ұрпақтан 
ұрпаққа  беріліп  отырады.  Демек,  дүниені  тану  ой  үдесінде, 
адамзаттың  ойлау  үдесінде  жатқан  құбылыс  болғанымен  оның 
өмірде  ұғым,  пікір,  ой  елегінің  жиынтығы  ретінде  көрініс  беруі, 
сөйтіп  сол  ұлттың  күнделікті  тіршілігі  мен  тұрмысындағы  іс-
әрекеттерден  көрініс  табуы  пікір  алысып,  өзара  қарым-қатынас 
жасайтын 
ұлттың 
тілімен 
тікелей 
байланысты. 
Тіл 
– 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
272 
дүниетаныммен, дүниетану – тілмен тығыз байланыстағы ұғымдар. 
Кез келген  ұлт  өзінің  басқаларға  ұқсамайтын  өмір  сүру  дағдысын, 
дүние-әлемге,  адам  және  оның  сол  дүниедегі  тіршілігіне  деген 
көзқарасын  қалыптастырады.  Философтар  мұны  «бұл  –  дүниеге 
көзқарас,  яғни  адамның  дүниені  рухани  игеруі»  деп  түсіндіреді 
[6,18].  Осы  дүниеге  көзқарастың  бейнеленуінің,  оны  рухани 
игерудің әмбебап құралы – тіл. 
Тілді дүниетанымның шеңберінде қарастырып, дүниетанымның 
халық  салт-санасы  үлесіндегі  дүниелерді,  тілді  тани  отырып, 
зерттеу,  анықтау  мәселесі  тіл  білімінде  қазіргі  таңда  маңызды 
бағыттардың бірі болып отыр. 
Ұлт тілінің табиғаты «ұлт пен тілдің біртұтастығы» шеңберінде 
кешенді түрде қарастырылып, тіл таныла түседі. Тілдің бұл қызметі 
белгілі  ғалымдардың  еңбектерінде  тілдің  қарым-қатынас  құралы 
ретіндегі  жеке  экспрессивті-эмоционалдық  мағына  берудегі  ең 
негізгі қызметтеріне қоса кумулятивтік қызметі де аталады. Тілдің 
бұл қызметі ұлттың тарихында қалыптасқан салт-ұғымдары, рухани 
мұраларды  тіл  арқылы  ұрпақтан  ұрпаққа  беріп  отыратын  қызметі 
болып  табылады.  Яғни,  тілдің  рухани  қазынаны  сақтап,  мұра 
ретінде  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізуші  қызметінің  мәні  де  тіл  
білімінде  ерекше  атап  көрсетіледі.  «Тіл  адамның  ойлау  және 
бағалау қызметі үдерісінде барлық жасағандарын бейнелеудің және 
сақтаудың әмбебап құралы болып табылатыны белгілі» [7,27]. 
Әр  ұлттың  ойлау  дәрежесі  мен  ұлттық  ерекшеліктері  сол 
ұлттың  тілінде  өзіндік  тарихи,  мәдени,  қоғамдық,  әлеуметтік,  т.б. 
даму,  қалыптасу  деңгейінде  беріле  алады.  Әсіресе,  ұлттық 
ойлаудың,  ұлттық  дүниетанымның  өзіне  ғана  тән  ерекшелігін 
нақтырақ  айтатын  болсақ,  мысалы  әр  ұлттың  ойындары,  мақал-
мәтелдері  және  т.б.  осы  сияқты  қалыптасқан  ұғымдар  ұлт  тілінің 
қалыптасқан жүйесі ретінде көрініс табады.  
Ұлттық дүниетанымды берудің шығарма түріндегі нақты тілдік 
көздеріне  әр  түрлі  кезеңдерде  жазылған  көркем  шығармалар, 
олардың тілі жатады. 
Қазақ дүниетанымын көрсететін тілдік шығарма көздерінің бірі 
фольклор  болып  табылады.  Онда  қазақ  дәстүрі  мен  салты,  қазақ 
тарихындағы 
халықтың 
өмір 
сүру 
ерекшеліктері, 
бүкіл 
этнографиясы  жатыр.  Ал  тілдік  жағынан  алғанда  ұлттық  сипатқа 
сай  ескі,  көне  мағынадағы  сөздер  мен  сөз  байлығының  көпшілігі 
осы  фольклорлық  шығармалар  қатарына  жататын  ауыз  әдебиеті 
үлгілерінде екендігі даусыз. 
Академик 
Ә.Қайдаров 
еңбегінде: 
«Мақал-мәтелдер 
– 
этнолингвистиканың ең құнарлы бұлақтарына жатады. Әрбір мақал 
мен  мәтелдің  бойына  этнос  болмысына,  оның  рухани  заттық 
мәдениетіне,  дүниетанымына,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  наным-

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
273 
сеніміне,  т.б.  қатысты  бар  ақпарат  жинақталғанын  ескерсек, 
олардың этнос болмысын танып-білуге қосар үлесі зор», – дейді [9]. 
Тұжырымдағанда,  сөйлеу  тілдесім  арқылы  адам  тұлға  ретінде 
қалыптасады.  Сондықтан  тілдік  қатынас,  тілдесім  мәселесімен 
философия  ғана  емес,  басқа  ғылымдардың:  когнитивтік 
лингвистика, психолингвистика, прагматика, сөйлеу мәдениеті, т.б. 
ілімдердің  зерттеу  нысанына  айналады.  Бұл  ғылымдар  негізінде 
тілдесім  әрекеті  белгілі  бір  ережеге,  нормаға,  ұстанымдарға 
негізделетіндігін көрсетеді. 
Бұл  мәселені  сөйлеу  актісі  теориясының  негізін  жасаушылар            
Г. Граис пен Дж. Лич өз еңбектерінде тілдесімді ұйымдастырудың 
мынадай ұстанымдарды негізге алынатындығын ескертеді [10, 173-
177]. 
Біріншісі  –  бірізділік    ұстанымы.  Бұл  ұстаным  айтушы  мен 
тыңдаушының  тілдесім  әрекетіндегі  мағыналық  сәйкестікке 
негізделеді, яғни мазмұнды болуын талап етеді.  
Екінші  ұстаным  –  белгілі    тілдік  құрылым  бойынша  тілдесім. 
Бұл ұстаным тілдесім әрекетіндегі тілдік құралдарды белгілі әдеби 
тілдік нормаға сәйкес қолдана білуді талап етеді. 
Дж.  Лич  тілдесім  мәдениетінің  маңызды  ұстанымы  деп 
“әдептілік  ұстанымын”  ұсынады.  Оған  тілдесім  мәдениетінің 
талабы  тұрғысынан  мынадай  әдеп  нормаларын  жатқызамыз:  өзін 
тежей  білу;  еркін  тілдесу;  құнттау;  қарапайымдылық;  келісімдік; 
мейірімділік әдебі. 
Тұжырымдағанда,  тілдесім  “этикеті”  ұғымы  қазіргі  кезде 
жалпы  қоғамның  мәдени  деңгейінің  көрсеткішіне  айналып  отыр. 
Яғни,  «тілдік  этикет  –  адамдардың  өзара  сөйлеуінің  мәдени 
тұрғыдағы  қалыптасқан  ережелері,  қарым-қатынастың  сөйлесімдік 
формулаларының  жүйесі  »  [9].  Сондықтан сөз  әдебі –  тілдесімнің, 
тілдік  құралдарды  жұмсаудың  қоғам  қабылдаған,  жұртшылық 
ұйғарған,  ұлттық  сипатқа  ие  ережелері  мен  тәртібі.  «Тіл  қатудың 
жағдайы  қарым-қатынас  жағдаятына    қарай  жұмсалатын  арнайы 
сөздер мен тұрақты сөз орамдарының жүйесі арқылы жүзеге асады»  
[10]. 
Сөйлеу этикасының да қалыптасқан жүйесі, өзіндік нормалары 
болады. Оған: а) моральдық ұстанымдарға, мәдени-ұлттық дәстүрге 
негізделген  тілдесім  нормалар;    ә)  тілдесім  этикетінің  нормалары 
жатады. 
Жалпы  әдеп  нормалары  туралы  айтқанда  оның  бір-бірінен  әрі 
айрықша, әрі өзара ұқсас арнадан бастау алатыны ескерілуі қажет. 
Оның  бірі  –  ұлттық  этикалық  ұстанымдар  да,  екіншісі  – 
жалпыадамзаттық  этикалық  құндылықтар.  Қазіргі  таңдағы 
этикалық  нормаларды  құрайтын  бұл  компоненттерді  айыра  білу  – 
адамның  өз  ортасында  дұрыс  әрекет  етіп,  көздеген  мақсатына 
жетуінің  басты  шарты.  Себебі,  «этикалық  нормалар  –  қарым-

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
274 
қатынастың  әр  түрлі  жағдаятына  (ситуациясына)  тән  тілдесу 
ережелерінің  жиынтығы»  [11,  211].  Сөйлеу  этикасы  – 
дүниетанымдық компоненттерден, этикеттік компоненттерден және 
эстетикалық 
элементтерден 
тұратын 
күрделі 
құрылым 
болғандықтан, олардың арасындағы байланыстарды да білу қажет. 
Әдеп  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  жоғары  мәдени 
деңгейде  ұйымдастырылуының  басты  шарты  болғандықтан,  ол 
жеке  субъектілердің  адами  құндылықтарды  түсінуіне,  оны  өз 
бойынан өткізуіне, сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетінде де дәлелдей 
білуіне байланысты болады. Сондықтан тілдесімді оқыту мақсаты – 
оқушыда сөз әдебі туралы ұғым қалыптастыру ғана емес, алдымен, 
сол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан сөз әдебі нормаларын, 
қалыптасқан  қағидаларды  ұстануына  қажетті  алғышарттар  жасау, 
сыпайы да әдепті сөйлеуге төселдіру. Әсіресе, бұл орайда қазақ тілі 
пәнінің  білімдік  әрі  тәрбиелік  міндетінің  өзара  ұштасуына 
басымдылық беріледі. Сөйлеушілердің ортақ тіл табысуының, өзара 
құрмет,  ілтипат  сезімдерінің  көрініс  табуының  айғағы  саналатын 
әдептік сөз орамдарын қажет жерінде орнымен қолдану оқушының 
қатысымдық  құзыреттілігінің  қалыптасуының  көрсеткіші  деп 
есептеледі.  Сол  себепті  тілдесім  мәдениеті  сапаларының  ішінде 
этикалық  нормаларды    игерту  қарапайымнан  күрделіге  қарай 
сатылап 
жүргізуі 
қажет. 
Күнделікті 
тұрмыста, 
ресми 
жағдаяттардың 
қарапайым 
түрлерінде 
қолданылатын 
сөз 
орамдарын  бірте-бірте  дамытып,  кеңейтіп  оқушының  тілдесім 
дағдысына  сіңірудің  қажеттігі  даусыз.  Мәселен,  алғыс  сезімін 
білдіруге,  өтініш  білдіруге  қатысты  тілдесім  әдебін  үйретуден 
бастау 
алған 
оқыту 
оқушыларды 
тілдесім 
этикасының 
дүниетанымдық  компонеттерімен,  халықтық  танымдағы  тіл 
субъектісінің  тіліне,  сөзіне  қатысты  мақал-мәтел  түріндегі 
пайымдауларымен  таныстыруға  болады.  Мәселен,  ұлтымыздың 
ұлағатты тәрбие өзегіне алынған «өнер алды – қызыл тіл»; «тіл тас 
жарады,  тас  жармаса,  бас  жарады»,  т.б.  пайымдауларды  сөйлеу 
этикасына  тірек-таяныш  еткені  мәлім.  Олай  болса,  мұндай 
сабақтастық  тілдесім  әдебі  жөнінде  оқушының  дүниелік  білімін 
кеңейтіп, ой-өрісін өсіреді.  
«Сөз 
этикасының  этикеттік  бөлігі  байланыс  орнату, 
байланысты жалғастыру, байланысты аяқтау тәрізді қарым-қатынас 
тәртібінің  ережелерін  білу,  сол  ережелерді  коммуниканттың 
мәртебесіне сай, қарым-қатынастың ресми (бейресми) жағдаятында 
іс  жүзінде  қолдануға  тірек-таяныш  болады»  [12,19].  Ғалымдар 
«этикет  –  қайырымды  адамның  кез келген  жағдайда  өзін-өзі  ұстай 
білуі.  Оның  негізі  сыпайыгершілік,  салт-жоралар  мен  әр  түрлі 
рәсімдерді егжей-тегжейлеріне шейін білу», – деп анықтама береді  
[12,131].  Әрине,  біз  бұл  жерде  оқушыға  бүкіл  салт-жораны 
түбегейлі  білдіру  қажет  дегеннен  аулақпыз,  бірақ  тақырып  пен 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
275 
тілдік  жағдаяттардың  ерекшелігіне  орай  ол  өз  мүмкіндігінше 
тілдесім  мәдениеті  әрекетін  дұрыс  жүргізе  білуге  дағдысын 
қалыптастырады. 
Қорыта айтқанда, әлемдік және ұлттық философиядағы адамды 
дамытуға  негізделген  өмір  қағидалары  мен  әдептілік,  ізгілік 
нормалары  қашанда  жас  ұрпақтың  бойында  тілдесім  мәдениетін 
қалыптастырудың  барысында  оның  дара  тұлғалық  қабілеттерін 
адамгершілік негізінде жетілдіруге болатынын бекіте түседі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. Алматы, 1998, 496 б. 
         2. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі І т. – Алматы, 1997, 590 б. 
3. Иүгінеки А. Ақиқат сыйы. – Алматы, 1985, 152 б. 
4.  Философия  және  мәдениеттану  құрас.:  Ж.Алтаев,  Т.Ғабитов, 
А.Қасабеков, т.б. – Алматы: Жеті жарғы, 1998, 272 б. 
5.  Ғабитов  Т.,  Мүтәліпов  А.,  Құлсариева  А.  Мәдениеттану,  -Алматы: 
Паритет, 2002, - 408 б. 
6.  Нысанбаев  Ә.,  Әбжанов  Т.  Қысқаша  философия  тарихы.  –Алматы, 
1999, -272 б. 
7. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы, 1994. -190 б. 
8.  Жанпейісов  Е.Н.  Этнокультурная  лексика  казахского  языка  (на 
материалах произв. М.Әуезова) – Алматы, 1989, 285 б. 
9. Қайдаров Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек. 1985, №10, 18-22 б. 
10.  Қоңыратбаев  Ә.  Әдебиетті  оқыту  методикасы.  –  А:.  метктеп, 
1966. 
11.  Қайдаров  Ә.  Қазақ  тілінің  өзекті  мәселелері:  -  Алматы,  Ана  тілі, 
1998. 
12.  Грайс  Г.,  Дж  Лич.  Лингвистические  гештальты  //  Новые 
зарубежной лингвистике, - М.: 1981, -359 с. 
 
*** 
В  статье  рассматриваются  вопросы  основ  философского  познания  в 
обучении культуре речи. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет