Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Тілді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде
мемлекеттік тілді үздіксіз оқытуды енгізудің әдістемелік негіздері
Әдістемелік құрал
Астана
2013
1
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 20 қарашадағы № 5 хаттама).
Тілді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде «Балабақша-мектеп-
колледж-жоғары оқу орны» жүйесінде мемлекеттік тілді үздіксіз оқытуды
енгізудің әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 99 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мемлекеттік тілді халықаралық
стандарттары негізінде балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орындарында
үздіксіз оқыту мақсатын көздейді.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін орта мектеп, колледж, жоғары оқу
орындарының қазақ тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде
ұсынылады.
©
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013
2
Кіріспе
Қазақстан - әлемдегі көп ұлтың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасап
келе жатқан мемлекеттердің бірі. Осындай көп ұлтты мемлекеттердің ұлттық
саясатының діңгегі, тәуелсіздіктің тірегі, барлық ұлтты біріктіруші басты
факторы - мемлекеттік тіл болып табылады десек, біздің мемлекетіміздің
барлық ұлтты біріктіруші басты факторы- қазақ тілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты
факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күш-
жiгерiмiздi салуымыз керек»,- деп айтып өткен болатын[1]. Сондықтан да
мемлекеттік тілді өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу,
қолданыс аясын кеңейту- бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселелердің бірі
болып отыр.
Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа жолдарын іздеу қоғамдағы әлеуметтік
өзгерістерге байланысты әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болды.
Елімізде бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тілді үйретудің баршаға ортақ
стандарты, тұжырымдамасы, бағдарламасы жасалынбағандықтан да тіл үйрету
балабақшада өзгеше, мектепте бөлек, жоғары оқу орындарында басқаша,
ересектерді оқытуда да әртүрлі бағыттар бойынша өткізілді[2]. Әйтсе де, қазақ
тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келді.
Еліміздің алдына қойған мақсат-ұстанымдарына қарай 2011 жылдың 29
маусымында «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық
этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы
ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу
орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік
саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне
айналдыру.
Құжатта: «Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы
Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде
үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру,
оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін
ынталандыру», [3]- деп көрсетілген.
Қазақ тiлiн оқыту әдiснамасын жетiлдiру үшiн, ең алдымен, оқытудың тиiстi
стандарттарын жетiлдiру және үздiксiз бiлiм беру моделiн жасау арқылы
мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылып отыр.
Ал осы үздiксiз бiлiм беру моделi арқылы қазақ тiлiн оқытудың стандарты
негiзiнде шығармашылық педагогикалық iзденiстiң және оқытудың жаңа
әдiстемелерiн әзiрлеудiң тұрақты процесi сөзсiз қажеттiлiкке айналатын
болады.
3
Аталып отырған бағдарламаның басты ерекшелігі- оны балабақшадан
бастап орта мектепте, ЖОО-ларда мемлекеттік тілді оқытудың үздіксіз жүйесін
жасау, ал екінші ерекшелігі- барлық мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ
халықпен тікелей қоян- қолтық жұмыс істейтін кәсіп иелеріне мемлекеттік тілді
белгілі бір дәрежеде білу мәселелері де көзделгендігінде болып отыр.
Қазақстан Президентінің дәстүрлі жолдауында мемлекеттік тілге қатысты:
«Қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара
жатқан туған жерге атауын берген, мемлекеттік қазақ тіліне құрметпен және
лайықты оқып үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бұл
тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай
мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020
жылға қарай олар кемінде 95 пайыз құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп
бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» деп
нақтылап өткен. Бұл «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының» ең басты нәтижесі болмақ», [4] –деп
айтылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде.
Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі
жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды,
міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта
жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту
енгізілді [3].
Түптеп келгенде, бағдарламада көрсетілген мақсат-міндеттер - қазақ тілінің
мемлекеттік тіл мәртебесінде ұлықталуы үшін орындалуы міндетті әрі парыз
болып саналатын қастерлі мұрат болып табылады.
4
1
Халықаралық стандарттар негізінде мемлекеттік тілді деңгейлеп
меңгертудің негізгі шарттары
Тіл үйрету әдістемесі - жаңа мәселе емес. Бұл сұрақ сан ғасырлар бойы
ұстаздар мен ғалымдарды, тілшілерді толғандырып жүр. Ұлы ағартушы
Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларына орыс тілін үйрету әдістемесін
құрастыруға кіріскені және ағартушының бұл еңбегі орыс тілін үйретуге
бағытталғанмен, неше жылдар бойы ғалымдардың назарында жүргені де
белгілі. «Қалай оқытамын? Неден бастаймын?» деген Ы.Алтынсариннің
алдына қойған сұрақтары әлі де өзекті екендігінде дау жоқ[5].
Қазақ халқының тарихында балаға тіл үйрету әдісіне көңіл бөлу ұлы
ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында
басқа да бірқатар ғалымдар әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін
оқыту саласының дамып, жетілуіне елеулі үлес қосуда. Құнарлы еңбек етіп
жүрген ғалымдардан Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев,
Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова,
М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б. атауға болады. Осындай
ғалымдардың еңбек етуінің арқасында бүгінгі күні тілді оқытудың мемлекеттік
тұжырымдамасына, стандартына, типтік бағдарламасына сай белгілі бір жүйеге
құрылған, нәтижеге бағытталған, мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін оқыту жүйесінде теориялық
білім мен практикалық дағдыны тең ұстау, сөйлеу қызметіне баса назар аудару
бағыты күн санап өсіп келеді. Қазақ тілін меңгертуде қолданылатын әдіс-
тәсілдер жүйесі де уақыт талабына сай өзгертіліп, дамытылып, тереңдетіліп
отырылады. Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны білім алушының ғылыми-
теориялық ойлауын, сөйлеу дағдыларын, коммуникативтік құзіретін дамытуға
қызмет етіп, оның қазақ тілінде белгілі бір тақырыпқа байланысты
топтастырылған ұғымдар мен айқын сөйлем түріндегі байламдар жасау қабілетін
қалыптастыруы тиіс. Бұл мақсатқа жету және алға қойылған міндеттер дұрыс шешілуі
үшін арнайы зерттелген оқыту технологиялары жасалып, оларды жасау мен
қолданудың әдіснамалық негіздері кең арнада анықталуы қажет[6].
Ф. Оразбаева: «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытылуының құқықтық
жақтарын мемлекеттік реттеу ұстанымдары айқындаса, ғылыми-әдістемелік
бағытын «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы» мен
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұны тұжырымдамасы»
дәйектейді. Осындай тұғырнамалық құжаттардан бастау алған қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебесін бекітетін бірнеше факторлар бар. Бірінші фактор- қазақ
тілін үйренуге қажеттілік тудыратын тиімді жолдарды анықтай отырып, оған
ықпал ететін мотивтерді толық және жан-жақты іске асырумен байланысты.
Тілді меңгерудегі мотивация соңғы нәтижеге бағытталғанда ғана алға қойылған
мақсатқа жетуге болады, яғни оқушы тіл үйренген соң қандай жетістіктерге
қолы жеткендігін білгені абзал. Оқушы тілді үйренерде өзінің болашақ өміріне:
әлеуметтік мәртебесіне, бәсекеге қабілетті болуына, мәнсабының өсуіне және
5
кәсіби деңгейде білікті маман иесі болатындығына сенім артуы шарт. Екінші
фактор - мектептерде қазақ тілін үйрету әдістемесіне қажет технологиялар мен
қазіргі уақыт сұранысына орай жаңа бағыттарды дұрыс жолға қоюмен
байланысты. Осындай себептердің барлығы білім жүйесінде «Қазақ
тілі»пәнінің әлеуетін арттырып, тілді меңгерту әдістемесін жаңартып,
жаңғыртып отыруды қалайды. Бұл осы саладағы жетістіктер мен
жетіспеушіліктерді қайта қарап, бүгінгі күнге сай мәселені дұрыс таңдап, іске
қосуды қажет етеді. Осы бағытта республиканың тілші-ғалымдарының
қатысуымен қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіру мақсатында
дүниежүзіндегі өркениетті елдердің екінші тілдерді меңгерту әдістемесіндегі
озық үлгілер сараланып, мемлекеттік тілдің қоғамдық, әлеуметтік қызметі мен
орнына сәйкес жаңа бағыттар айқындалды. 1991 жылы Швейцарияның
Рюшликон қаласында өткізілген тілді меңгерудің жалпыевропалық
компетенцияларын жасау мәселелері қарастырылған Үкімет аралық
симпозиумда бастау алып, Европаның барлық елдері мен Ресейде тестіден
өткізілген «Жалпыевропалық тілдік қоржын» (European Language Portfolio)
бағдарламасына назар аударылды. «Жалпыевропалық тілдік қоржын» - тілдік
дамудың деңгейін бағалауға қойылатын келісілген ортақ талаптарды
сипаттайды», - деп көрсетеді.[7, 104-105].
Қазіргі кезде тілді оқытудың білім мен коммуникативтік біліктілік деңгейін
анықтайтын өлшемдер әлемдік әдістемеде ұсынылып, деңгейлер өлшемі
талданды. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар[8.6]. Яғни,
Еуропалық деңгей жүйесін дайындау барысында көптеген мемлекеттерде түрлі
зерттеулер жүргізіліп, әдістемесі іс жүзінде байқаудан өткізілді де,
нәтижесінде тілді үйренгені және меңгерілгендігі туралы деңгейлер белгіленді.
Бұл жүйе үш ірі - А, В, С деңгейінен тұрады және әрбір ірі деңгейі кіші
деңгейге бөлінеді. Деңгейлердің осылай бөлінуі әрбір адамның тілді қандай
деңгейде үйренгенін көрсетеді.
Жоғарыда айтылып отырған Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес
қазақстандық әдістемеші- ғалымдар да өзге ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін
алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1,А2,В1,В2,С1,С2 деп аталатын
үш ірі деңгейден тұрады. Деңгейлердің жіктелуін 1- кестеден көруге болады.
1-
кесте - Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі
Қарапайым деңгей
А1 Бастапқы игерім
Негізгі деңгей
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім
Орта деңгей
В1 Қалыптасқан игерім
Ортадан жоғары деңгей
В1+ тереңдетіле қалыптасқан игерім
Жоғары деңгей
В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім
Жетік деңгей
В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім,
С1 Кәсіби игерім
6
Деңгейлердің жіктелуі мемлекеттiк тiлдi бастауыш сыныптарындағы
оқушылардың А1 деңгейiнде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейiнде,
мектептiң жоғары сынып, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк бiлiм беру
мекемелерi оқушыларының В1 деңгейiнде, жоғары оқу орны студенттерiнiң В2
деңгейiнде, жоғары оқу орнынан кейiн бiлiм алатындардың С1 деңгейiнде
игеруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл деңгейлердің сипаттамасы
2-
кестеде көрсетілген.
2-
кесте - Еуростандарт деңгейлерінің қысқаша сипаттамасы
Тәжірибелі
қолданушы
C2
Оқығанын, не естігенін ешбір қиындықсыз бәрін түсіне алады. Түрлі
жазба және ауызша мәліметтерден нақты деректерді іріктеп алып,
тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізе алады. Кез келген тақырып бойынша
дайындықсыз және жылдам күрделі тұрақты сөз тіркестері арқылы өз
ойын жүйелі жеткізіп береді.
C1
Күрделі және көлемді мәтіндерді түсінеді. Ойлана отырып жылдам сөз
тауып, ешбір дайындықсыз өз ойын жеткізе алады. Әлеуметтік, кәсіби
және білімдік қызметінің шеңберінде тілді тиімді қолдана алады.
Күрделі тақырыптар бойынша да өз ойын жүйелі жеткізе алады.
Дербес
қолданушы
B2
Нақты немесе абстрактілі тақырыптар бойынша, сондай-ақ кәсіби
қызығушылығына байланысты берілген көлемді, күрделі мәтіндердің
негізгі мазмұнын түсіне алады. Тілді жақсы білетін адамдармен емін-
еркін сөйлесе алады. Түрлі тақырыптар бойынша өз ойын нақты жеткізе
алады. Мамандығы бойынша пікірталасқа қатыса алады. Мемлекеттік
тілдегі газеттердегі ақпараттар жөнінде қысқаша түсінік бере алады.
B1
Нақты, әдеби тілінде және рет- ретімен, сонымен қатар жұмысы немесе
оқуына, т.б. сондай таныс тақырыптарға байланысты жазылған мәтіннің
негізгі мазмұнын түсінуі мүмкін. Өзіне қызықты таныс тақырыптар
бойынша немесе арманы, тәжірибесі және де болған оқиғалар туралы
күнделікті қолданылатын сөздер арқылы айтып бере алады. Мемлекеттік
тілде жазылған іс-қағаздарды толтыра алады.
Тіл
үйренуді
жаңа
бастап
келе
жатқан
қолданушы
A2
Жеке тіркестер мен күнделікті жиі қолданылатын (өзі немесе отбасына,
жұмысына байланысты қарапайым ақпарат) сөздерді түсінеді.
Күнделікті кездесетін тақырыптарға байланысты жай сөйлемдер
арқылы қиын емес мәселелерді шеше алады. Өз ойын қысқа сөйлемдер
арқылы жеткізеді. Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді,
хабарландыруларды түсінеді.
A1
Қысқа, таныс сөздер мен жай сөйлемдерді түсініп, күнделікті тұрмыста
қолдана алады. Өзін немесе өзгені таныстыра алады және адамның жеке
өзіне байланысты (мекен-жайы, отбасы туралы т.б.) сұрақтар қоя алады,
дәл сондай сұрақтар арқылы өзіне қатысты мәліметтерді бере алады.
Егер сөйлеушісі асықпай және анық сөйлеп, қиындық туған жағдайда
көмектесе алатын болса, бұл деңгейде сөйлейтін адам жай сөйлемдер
арқылы диалогке түсе алады.
7
Алдымызға нақты мақсат қою үшін жоғарыда аталып кеткен деңгейлердің
толық сипаттамасы қажет болуы мүмкін. Осы 6 деңгей бойынша тілді
үйренудің негізгі аспектілерін төмендегі 3-8-кестелерден көруге болады.
3-
кесте - A1 (Бастапқы игерім)
Түсіну
Тыңдалым Мен күнделікті өзіме, отбасыма немесе қасымдағы адамдарға
асықпай және анық айтылған жеке таныс сөздер мен өте
шағын сөйлемдерді түсінемін.
Оқылым
Мен хабарландыру және плакаттарға немесе түрлі
каталогтарға жазылған таныс атаулар, сөздер, сондай-ақ таныс
сөздері бар жай сөйлемдерді оқығанда мағынасын толық
түсінемін.
Сөйлесу
Диалог
Егер менімен сөйлесіп отырған адам түсінбей қалған
сөздерімді асықпай, баяу қайталап немесе басқа сөзбен
түсіндіріп, маған ойымды жеткізуге көмектессе, мен ол
адаммен сұхбаттаса аламын. Өзіме таныс және өзімді
қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, дәл
сондай сұрақтарға жауап бере аламын.
Монолог
Жай сөйлемдер арқылы өзімінің тұратын жерім, таныстарым
туралы айтып бере аламын.
Жазу
Жазылым
Мен шағын (мысалы, мейраммен, туған күнімен құттықтау)
ашық хаттар жаза аламын, формуляр толтыра аламын, өзімнің
тегімді, ұлтымды, мекен-жайымды қонақүйдің тіркеу
парағына енгізе аламын.
4-
кесте - A2 (Қалыптасу қарсаңындағы игерім )
Түсіну
Тыңдалым Өзіме қатысы бар (өзім туралы, отбасым, сатып алынған
заттар, тұратын жерім, жұмысым туралы)жеке тіркестер мен
шағын сөйлемдерді түсінемін. Көлемі жағынан шағын, анық
айтылған хабарландыруларда не туралы баяндалғанын
түсінемін.
Оқылым
Мен көлемі жағынан шағын, жай сөйлемдермен жазылған
мәтіндерді түсінемін. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті
кездесетін сөз және сөйлемдерден қажетті ақпараттарды таба
аламын. Жеке тұлғаға қатысты хаттардың мағынасын
түсінемін.
Сөйлесу
Диалог
Өзіме таныс және қызметіме байланысты тақырыптар
бойынша ақпаратпен алмаса аламын. Тұрмыстық
тақырыптарға қатысты шағын сөйлемдер арқылы диалогке
түсе аламын, бірақ көмексіз, өз бетімен әңгімелесе алмаймын,
өйткені барлық сөздерді түсіне бермеймін.
Монолог
Жай тіркестер мен сөйлемдер арқылы өзімінің отбасым және
басқа адамдар туралы, өмірім жайлы, оқуым, бұрынғы не
қазіргі жұмысым туралы әңгімелерге қатыса аламын.
Жазу
Жазылым
Шағын хаттар мен хабарламаларды жаза аламын. Өзіме
қатысы бар (біреуге алғыс білдіру сияқты) шағын хаттар жаза
аламын.
8
5-
кесте - B1 (Қалыптасқан игерім)
6-
кесте - B2 (Тереңдетіле қалыптасқан игерім )
Түсіну Тыңдалым Тақырыбы өте таныс, күрделі аргументациямен оқылған көлемді
баяндамалар мен лекцияларды түсінемін. Болған оқиғаларға
байланысты көрсетілген барлық жаңалықтар мен репортаждарды
түсінемін. Кейіпкерлері тек әдеби тілде сөйлеген көптеген
фильмдердің не туралы екенін түсінемін.
Оқылым Мен қазіргі проблемаларға байланысты жазылған, авторлары
атақты немесе ерекше ойды білдіретін мақалалар мен мәліметтерді,
қазіргі қарасөзбен жазылған шығармаларды түсінемін.
Сөйлеу Диалог
Дайындықсыз, сол тілде сөйлейтін адамдармен емін-еркін сөйлесе
аламын. Өзіме таныс мәселе бойынша өткізілетін пікірталастарға
қатысып, өз ойымды білдіре аламын.
Монолог
Мені қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша өз ойымды
түсінікті және нақты жеткізе аламын. Өзекті
6-
кестенің жалғасы
мәселелер бойынша «дұрыс» және бұрыстығын» анықтай
отырып, өз ойымды білдіре аламын.
Жазу
Жазылым Мені қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша түсінікті толық
мәлімдемелер жаза аламын. Кез келген мәселелерді нақтылай
немесе «дұрыс» және «бұрыстығын» көрсете отырып, эссе немесе
баяндамалар жаза аламын. Хат жаза отырып, өзіме өте маңызды
оқиғалар мен алған әсерлерімді ерекше көрсете аламын.
Түсіну
Тыңдалым Жұмыста, мектепте, демалыс орындарында, т.б жерлерде
күнделікті естіп жүрген таныс, әдеби тілде айтылған сөздерді
түсінемін. Радио, телебағдарламаларда көрсетілген оқиғалардың
не туралы және менің жеке немесе кәсіби қызығушылығыма
байланысты айтылған әңгімелерді түсінемін. Бірақ ол үшін
сөйлеушінің тілі нақты және баяу болуы қажет.
Оқылым
Күнделікті және кәсіби қатынастарда жиі қолданылатын тілдік
материалындағы мәтіндерді түсінемін. Жеке бір тұлғаға арналып
жазылған оқиға туралы, сезім, ниет білдірілген хаттарды
түсінемін.
Сөйлесу Диалог
Мен күнделікті естіп жүрген және мені қызықтыратын (мысалы,
«
отбасы», «хобби», «жұмысым», «саяхат», т.б.) тақырыптар
бойынша алдын ала дайындалмай, емін-еркін сөйлесе аламын.
Монолог
Бір нәрседен алған әсерім, басымнан өткен оқиғалар, арманым,
тілегім туралы жай сөйлемдер арқылы шағын мәтіндер
құрастыра аламын. Өзімнің көзқарасымды және тілегімді шағын
түрде негіздей аламын. Болған оқиға туралы немесе кітап, көркем
фильмнің желісі туралы оған өз ойымды қосып айта аламын.
Жазу
Жазылым Мен өзіме таныс немесе өзімді қызықтыратын тақырыптар
бойынша жай сөйлемдер арқылы мәтіндер құрастыра аламын.
Өзіме қатысты, тебірену, әсер алу сияқты сезімдерді білдіретін
хат жаза аламын.
9
7-
кесте - С1 (Кәсіби деңгейде білу)
8-
кесте - С2 (Жетік білу деңгейі)
Түсіну
Тыңдалым Өзіме қатысы бар немесе басқа біреулердің кез келген әңгімелерін
өте жақсы түсінемін. Тіл иеленуші адамның жылдам айтқан сөзін,
оның сөйлеген сөзіндегі жеке ерекшеліктеріне дағдыланған
жағдайда, ол адамды жақсы түсінемін.
Оқылым
Кез келген мәтіндерді, сондай-ақ абстракт түрінде жазылған,
композиция не тілдік жағынан күрделенген (нұсқаулар, арнайы
мақалалар көркем әдебиеттер) мәтіндерді емін- еркін түсінемін.
Сөйлесу Диалог
Кез келген әңгімеге не пікірталасқа емін-еркін қатыса аламын,
түрлі сөз тіркестерін қолдана аламын. Өз ойымды тез жеткіземін
және кез келген сөздің мағынасын түсіндіре аламын. Егер тілдік
құралды қолдануда қиындықтар кездесетін болса, ешкімге
білдірмей өз ойымды басқа сөздермен жетікзе аламын.
Монолог
Кез келген жағдаятқа байланысты қажетті тілдік құралдарды
қолдана отырып, өз ойымды емін-еркін тез және дәлелді етіп
жеткізе аламын. Өзімнің мәлімдемемді тыңдаушы назарын аудара
отырып, маңызды мәліметтер жазып немесе есте сақтауға
мүмкіндік жасайтындай етіп дайындай аламын.
Жазу
Жазылым Қажетті тілдік құралдарды қолдану арқылы көңілге қонымды етіп
және ретімен жазбаша түрде өз ойымды жеткізе аламын. Мен
күрделі хаттар, есептер, баяндамалар немесе мақалалар, сондай-ақ
резюме және кәсіби жұмыстар мен көркем әдеби шығармаларға
пікір жаза аламын.
Түсіну
Тыңдалым Логикалық құрылымы мен мағыналық байланысы нақты
көрсетілмеген ашық түрде жазылған мәліметтерді тыңдап,
мағынасын түсінемін. Теледидардан көрсетілетін барлық
бағдарламалар мен фильмдерді емін-еркін көре отырып, фильмнің
немесе бағдарламаның не туралы екенін айтып бере аламын.
Оқылым Көркем әдеби шығармалардың мағынасын түсінемін және олардың
стилистикалық ерекшеліктерін ажырата аламын. Менің
жұмысыма ешбір қатысы жоқ көлемді, арнайы мақалалар мен
техникалық нұсқаулықтарды оқығанда мағынасын түсінемін.
Сөйлеу Диалог
Мен дайындықсыз және қажетті сөздерді іздеп отырмай, жылдам
өз ойымды білдіре аламын. Өз ойымды жеткізе аламын және кез
келген әңгімеге кірісіп кете аламын.
Монолог
Күрделі тақырыптарды түсінікті жеткізіп, құрамдық бөліктерін бір
тұтас етіп, қажетті бөлімдерін жалғастыра отырып, қорытынды
жасай аламын.
Жазу
Жазылым Мен өз ойымды жазбаша түрде білдіре отырып, көзқарасымды
толық жеткізе аламын. Хаттарда, шығармалар мен баяндамаларда
күрделі мәселелерді, маңызды деп есептейтін мәселелерді жіктеп
толық түсіндіре аламын. Мен қажетті тілдік стильді қолдана
аламын.
10
Кестеде көрсетілгендей, бұл жүйе бойынша үйренуші құрылымы мен
мазмұны жағынан түрлі мәтіндерді оқып түсінеді, әртүрлі сөйлеу
жағдаяттарында еркін сұхбаттасып, теле, радио арқылы берілген хабарларды
еркін қабылдап, өз ойын жазбаша эссе, түйін, сын, пікір түрінде бере алады,
тілдің әртүрлі стилінде сөз саптай алады. Оқытудың түпкі нәтижесінде
үйренуші «тіл иесі» деңгейіне дейін көтеріледі.
Әрбір деңгейде тіл үйренуші: тыңдалым, оқылым, айтылым, сөйлесім,
жазылым сияқты сөйлеу әрекетінен өтеді. Бұл сөйлеу әрекеттеріне
төмендегідей анықтама беруге болады:
Тыңдалым – дыбысталып жатқан сөйлеуді бір сәтте қабылдау қызметі.
Тыңдалым оқушының сөйлеу әрекетінің дамуына стимул бере отырып, оқыту
үдеріс дұрыс басқаруды қамтамасыз етеді. Оқушы тыңдалым арқылы жаңа
тілдік, сөйлеу және елтанымдық материалдармен танысып, сөйлеу әрекетінің
барлық түрлеріне қатысты дағдысы мен шеберлігін дамытады.
Оқылым – мәтіндегі жазылған ақпаратты алуға бағытталады, яғни
жаттығуды оқи отырып, тапсырманы түсіну үшін қажет. Сондай-ақ мәтіннің
мазмұнын айту үшін, ең алдымен, оны оқу керектігі белгілі. Жалпы алғанда,
оқылым – тілді меңгерудің бір тәсілі, сөздік қорды көбейтудің құралы; оқылым
–
грамматикалық құрылымдарды есте сақтауға мүмкіндік береді; сол тілде
сөйлеуге, айтылымды жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Айтылым – қабылдау және сөйлеудің туу үдерісімен байланысты. Барлық
адамның сөйлеу ағзалары бірдей болғанымен, артикуляциялық базасы түрліше.
Мұнда орфоэпияға көп көңіл бөлген жөн, өйткені қазақ тіліндегі сөздердің
барлығы жазылуына қарай айтыла бермейді.
Сөйлесім (тілдесім) –сөйлеу әрекетінің түрі. Тыңдалымға кері үдеріс. Бұл
ретте коммуникативтік дағдыға үлкен назар аударылуы керек, яғни қарым-
қатынасты бастау, өз серіктесіне қарым-қатынастың жалғасын табу үшін
стимул беру.
Жазылым – айтылған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді сауатты жазуға
бағытталады. Жазылым арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады.
Сондай-ақ, оқушылар өзінің жеке басына қатысты хат жаза білуге; құжаттарды
толтыруға үйренеді; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз
ойын қысқаша жазбаша білдіре алады.
Осындай сөйлеу әрекеттері арқылы қазақ тілін өзге ұлттарға үйрету
барысында балалардың психологиясына да назар аудару қажет, өйткені тіл
дамыту мәселесі психологиямен тығыз байланысты. Тілді қатысымдық
тұрғыдан меңгерту бірнеше психологиялық факторлар арқылы жүзеге асады.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу,
қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты болғандықтан, сыртқы
объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып,
адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның
ойын екінші бір адамға жеткізеді. Белгілі бір тілде сөйлеу үшін сол тілдің тілдік
құралдарын саналы дұрыс қолдана білуі керек. Оны дұрыс қолданудың басты
11
ережесі көзбен көру, құлақпен есту, мимен ойлау арқылы іске асады. Тілдік
коммуникацияның психологиялық негізі күрделі, себебі ол адамның ойлау
жүйесімен байланысты.
Тілдік және қатысымдық тұлғалар ойлау жүйесінің нәтижесінде дұрыс
қолданылып, тілдегі сөйлесім әрекеті арқылы жүзеге асады. Сондықтан тілді
үйрету барысында әрбір баланың жеке қабілетін, саналығы еске алынып, жан-
дүниесі ескеріледі. Тіл үйретуші оның ойлау дағдысын бекітуге күш салуы
қажет. Тілдік қатынастың психологиялық негізі – тілді оқыту барысында тіл
үйренушінің сана-сезіміне әсер етіп, оның қажеттігі мен маңызын түсіндіріп,
пәнге деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.
Психологтардың ойынша, тіл дамыту әрекетінің барлық сатысында қарым-
қатынас жасау, пікір алысу болу керек. Қарым-қатынастың түпкі негізі –
адамдардың бір-бірімен пікір алысуында. Адамдардың арасындағы қарым-
қатынасты қамтамасыз ету ең алдымен тілге байланысты. Яғни, тіл – адамдар
арасындағы қарым-қатынастың негізі болуымен қатар пікір алысатын
құралы[9].
Достарыңызбен бөлісу: |