Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет26/32
Дата22.12.2016
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
200 
сағаттар  аясында  психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандары  өткізетін 
фронтальды,  топ  бөлігінде  және  жеке  сабақтарда  алады  (түзету  компоненті). 
Түзету  сабақтары  барлық  типтегі  арнайы  мектептер  мен  арнайы  сыныптарда 
міндетті  болып  табылады.  Түзету  компонентінің  пәндерін  оқу  жоспарының 
инвариантты  компонентіндегі  пәндермен  алмастыруға,  сондай-ақ  осы  сағат 
сандарын қысқартуға болмайды.  
Арнайы  мектептердегі  жұмыс  алдын-алу  бойынша  қажетті  жағдайларды 
құратын,  бұзылған  қызметтердің  орнын  толтыратын  және  қажетті  денсаулық 
сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде 
0-4  сыныптарда,  ал  5-9,10  сыныптарда  мектеп  басшылығы  қарауымен 
ұйымдастырылады. 
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс 
кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке 
ерекшеліктерін,  денсаулығын,  мүмкіндіктерін,  сондай-ақ  еңбек  профилін 
таңдау  негізінде  тәрбиеленушілер  мен  олардың  ата-аналарының  мүдделерін 
ескере  отырып  өңірлік,  жергілікті  жағдайларға  негізделе  ұйымдастырылады. 
Типтік  оқу  бағдарламалар  даму  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  арналған 
еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы 
ерекше  оқытуды  қажет  етуін  және  еңбектің  әрқилы  профилін  ескере  отырып 
құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.  
Кәсіби  еңбекке  үйрететін  сабақтар  5-сыныптан  басталады,  ақыл-ой 
кемістігі    бар  оқушылар  үшін  4-сыныптан  басталады,  ол  екі  топқа  бөлінеді. 
Еңбек  түрлеріне  қарай  топты  жиынтықтау  олардың  психофизикалық  жағдайы 
және  мүмкіндігіне  байланысты  дәрігердің  нұсқауымен  іске  асырылады.  Қатар 
және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. 
Сабақты  өткізу  барысында  әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  бойынша  сынып 
екі топқа бөлінеді.  
Есту  қабілеті,  көру  қабілеті,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  сөйлеу  тілі 
күрделі  бұзылған,  психикалық  дамуы  тежелген  балаларға  арналған  арнайы 
мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі 
құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған 
түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады. 
1.  Есту  қабілеті  бұзылған  (естімейтін)  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10 сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  толық  өтпеген  балалар  дайындық  (0) 
сыныбына  түседі.  Арнайы  мектепке  дейінгі  дайындықтың  толық  курсынан 
өткен балалар 1 сыныпқа барады. 
Дайындық  (0)  және  1-7  сыныптарда  оқыту  арнайы  бағдарламалар  мен 
оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім 
беретін  мектептің  бағдарламалары  мен  оқулықтары  бойынша  білім  алады, 
ондағы  материал  оқушылардың  ерекше  оқытуды  қажет  етуін  ескере  отырып 
бейімделеді  және  қайта  бөледі.  5  сыныптан  бастап  қазақ  әдебиетін  зерделеу 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
201 
орыс  тілінде  жүргізіледі  (орыс  тілді  мектептер  үшін).  «Алгебра  және 
«Геометрия»  пәндерін  оқыту  8  сыныптан  бастап  іске  асырылады,  өйткені 
естімейтін  балаларға  арналған  арнайы  оқу  бағдарламасына  сәйкес  математика 
пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.  
Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:  
1)  «Заттық  –  тәжірибелік  оқыту»  (0-4  классы).  Міндеті  –  жоғары 
психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері 
бойынша  білімдерін  меңгеруге  арналған  база  ретінде  тұрмыстық  түсініктерді 
игеру; 
2)  «Түзету  ырғағы»  (0-4  сыныптар).  Міндеті  –  электроакустикалық 
аппараттарды  қолдану  арқылы  естіп  қабылдауын  қарқынды  дамыту 
жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту; 
3)  «Ым-ишараттық  сөйлеу  тілі»  (4-10  сыныптар).  Міндеті  –  оқушының 
коммуникативтік  қызметін  қамтамасыз  ету.  ҚР  естімейтін  оқушыларды  оқыту 
есту-көру  негізінде  іске  асырылады,  оқыту  процесіндегі  ыммен  сөйлеу 
оқушыларға  бағдарламалық  материалды  сапалы  меңгеруге  көмектесетін 
көмекші құрал ретінде пайдаланылады
4)  «Ауызекі  және  тұрмыстық  сөйлеу  тілі»  (4-10  сыныптар).  Міндеті  – 
еститін  адамдармен  қарым-қатынаста  қолданылатын  күнделікті  қатынас  сөз 
қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту
5)  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту 
және  (ДАҚ  және  ЕҚД).  Сабақтарда  ауызша  сөйлеу  тілі  қалыптасады  және 
қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.  
0  мен  4-сыныпқа  дейін  ДАҚ  және  ЕҚД  сабақтары  бір  сыныпқа  апталық 
жүктемемен  18  сағат  көлемінде  жүргізіледі.  5-6-сыныптарда  жеке  сабақтарға 
бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда 
сөйлеу  дыбыстарын  қою  және  машықтандыру  аяқталады  деп  болжамдалады 
және  тек  сөйлеу  тіл  дыбыстарын  ажырату  жүргізіледі  және  естіп  қабылдауын 
дамыту  және  сөйлеуде  өзін-өзі  бақылау  дағдысын  қалыптастыру  жұмысы 
жалғасады,  сөйлеуде  жұппен  жұмыс  жасау  және  әдіби  мәтіндерді  естіп 
қабылдау  жұмысы  басталады.  7-9-сыныптарда  ДАҚ  және  ЕҚД  бойынша 
сабақтар  аптасына  4  сағаттан  (жұппен),  10-сыныпта  2  сағаттан  жүргізіледі. 
Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару 
жағын  түзеу,  диалогиялық  сөйлеумен  жұмыс  жасау  жалғасады.  Түзету 
циклінінің  сабақтары  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші 
жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.  
Негізгі  мектептің  жалпы  білім  беру  бағдарламаларының  курсын  табысты 
меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі 
қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік 
бар.  
2.  Есту  қабілеті  бұзылған  (нашар  еститін,кейіннен  естімей  қалған) 
оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
202 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балар  дайындық  (0)  сыныбына 
түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 
сыныпқа барады. 
Дайындық  (0)  және  1-4-сыныптарда  оқыту  арнайы  бағдарламалар  мен 
оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда сыныптарда білім алушылар 
жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім 
алады,  ондағы  материал  оқушылардың  ерекше  оқытуды  қажет  етуін  және 
негізгі  мектепте  оқыту  мерзімінің  артуын  ескере  отырып  бейімделеді  және 
қайта бөледі.  
Қалыптастырудың  есту-көру  негізін  жасауға  және  оқушылардың  ауызша 
сөйлеу  тілін  жетілдіруге  мүмкіндік  туғызатын  есту  қабілетін  дамытуға, 
дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.  
Оқу  жоспарына  түзету  курстары  қосылған:  «Дыбыстардың  айтылуын 
қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10-сыныптар), «Түзету ырғағы» 
(0-7-сыныптар),  «Айналамен  таныстыру»  (0-2-сыныптар).  Түзету  циклінінің 
сабақтары  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші  жартысында  топпен, 
топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.  
Негізгі  мектептің  жалпы  білім  беру  бағдарламаларының  курсын  табысты 
меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі 
қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік 
бар. 
3.  Көру  қабілеті  бұзылған  (көрмейтін,  нашар  көретін,  кейіннен  көрмей 
қалған) 
оқушыларды 
арнайы 
мектепте 
(сыныптарда) 
оқытудың 
ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 

 
бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар; 

 
жалпы орта білім – 11-12-сыныптар. 
Орта  білім  алу  мерзімінің  ұзартылуы  төмендегі  себептерге:  көрмейтін 
және  нашар  көретін  оқушылардың  танымдық  қызметінің  ерекшелігіне;  оқу 
қарқынының  баяулығы  және  жалпы  білім  беру  пәндеріне  елестету 
олқылықтарын  толтыру  мен  оқушылардың  қоршаған  орта  туралы  білімдеріне 
мүмкіндік 
беретін 
пропедевтикалық 
бөлімдерді 
қосу 
қажеттілігіне; 
көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру 
арқылы  ақпарат  алуды  пайдалану);  Брайль  жүйесі  бойынша  жазу  мен  оқуға 
үйретудің  ерекшеліктеріне;  рельефті  суреттер  және  сызбаларды  оқуға; 
тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар 
жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану 
қажеттілігіне байланысты.  
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін 
дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың 
функционалдық  сауаттылық  негізі  және  негізгі  жалпы  білім  берудің  кезекті 
бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу 
еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
203 
Екінші  сатыдағы  оқыту  6  жыл  ағымында  іске  асырылады.  Осыған 
байланысты  сынып  оқушыларының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  пән 
мұғалімдерімен  іске  асырылатын  әр  оқу  пәнінің  аясында  жылдық  оқыту 
бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.  
11-12-сыныптарда  профильді  оқыту  іске  асырылады.  Екі:  жалпы-
гуманитарлық 
және 
жаратылыстану–математикалық 
бағыттар 
жүзеге 
асырылады.  
Бір  немесе  екі  бағыттағы  таңдау  оқушылардың  қажеттілігін  және  ата-
аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.  
Білім беру процесінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері 
бойынша,  қалдық  көруін  және  көріп  қабылдауын  сақтау  мен  дамыту; 
әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  (ӘТБ),  кеңістікте  бағдарлау;  мимика  және 
пантомимиканы  дамыту;  сөйлеу  тілі  дамуының  кемшіліктерін  түзету 
(логопедпен  сабақтар);  емдік  дене  тәрбиесі  және  түзету  ырғағы  бойынша 
арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.  
Факультативтік  сабақтардың  сағаттары  жалпы  білім  беру  циклінің 
пәндерін  оқытуда,  жаңа  пәндерді,  қосымша  білім  беру  модульдерін,  арнайы 
курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, 
жеке  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруда  қолданылуы  мүмкін.  Көру 
қабілетінен  айырылған  оқушыларды  оқыту  Брайль  шрифтімен  шыққан  жалпы 
білім  беретін  оқулықтар  бойынша,  ал  нашар  көретін  оқушыларды  ірі 
шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.  
4.  Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді: 

 
бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім - 5-10-сыныптар; 

 
жалпы орта білім  – 11-12-сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін  әрі 
қарай  бастауыш  мектепте  оқытуға  дайындық  және  психикалық  даму  деңгейін 
анықтау  мақсатында  пропедевтикалық-диагностикалық  дайындық  сыныбы 
ұйымдастырылады.  
1-4-сыныптарда  жалпы  тапсырмалар  мен  кешенді  түзету  тапсырмалары 
шешіледі  (балалардың  барлық  қозғалыс  сферасын,  сөйлеу  тілін,  танымдық 
қызметін  қалыптастыру).  Бірінші  сыныпта  жазу  қимылының  дағдысын 
қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.  
Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен 
қамтамасыз  етіледі.  Математиканы  зерделеу  барысында  ойлауын  дамыту 
ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.  
Бейімдік 
дене 
тәрбиесі 
сабақтарында 
бағалау 
нормативтері 
қалыптастырылмайды.  
5-10-сыныптарда  балаларда  әлеуметтік-еңбекке  бейімдеуді  қамтамасыз 
ететін  қимыл-қозғалыс,  ойлау,  сөйлеу  дағдылары  мен  ептілігін  дамыту 
бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
204 
11-12-сыныптарда  профильді  оқыту  іске  асырылады.  Екі:  жалпы-
гуманитарлық 
және 
жаратылыстану–математикалық 
бағыттар 
жүзеге 
асырылады.  Бір  немесе  екі  бағыттағы  таңдау  оқушылардың  қажеттілігін  және 
ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.  
Тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  оқушылар  топ  бөлігінде  және  жеке 
сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады: 
1)  емдік  дене  тәрбиесі  (ЕДШ)  сабақтары  2-3  адамнан  тұратын  топпен 
немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші 
жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін; 
2)  тіл  дамуының  кемшіліктерін  дамыту  бойынша  сабақтарды  ұқсас  тіл 
бұзылыстары  бар  оқушылармен  жеке  немесе  топтық  түрде  аптасына  2-3  рет 
логопед  жүргізеді.  Сабақтар  күннің  бірінші  жартысында,  сондай-ақ  екінші 
жартысында жүргізілуі мүмкін; 
3)  танымдық  қызметті  қалыптастыру  және  дамыту  бойынша  түзету 
сабақтарында  бағдарламалық  материалды  игеруге,  қоршаған  орта  туралы 
білімін  кеңейтуге,  кеңістіктік  және  уақыттық  ұғымдарын  қалыптастыруға, 
графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға 
және  оқу  материалын  игеруге,  бұзылған  психикалық  қызметтерді  түзетуге, 
күрделі  оқу  материалын  меңгеруге  дайындықты  қамтамасыз  етеді.  Сабақтың 
ұзақтығы – 20-25 минут.  
Түзету  сабақтары  күнделікті  сабақтардың  мазмұны  мен  формасын 
қайталамауы  қажет.  Бастауыш  сыныптарда  сабақтың  бір  бөлігі  ойын 
формасында өткізу мақсатты.  
Топтар  (3-4  адамнан)  оқушылардың  сөйлеу  тілінің,  қимыл-қозғалысының 
және  өзге  де  даму  бұзылыстарының  біртектілігі  мен  айқындығын  ескере 
отырып жинақталады.  
Білім  алуышының  топта  болу  ұзақтығы  арнайы  қиындықтарды  түзету 
дәрежесімен  және  тапсымаларды  сыныппен  бірге  орындау  дайындығымен 
анықталады.  Топ  құрамы  ширақ  болуы  тиіс.  Бір  оқушы  бір  жылда  әртүрлі 
топтардың  құрамында  болуы  мүмкін.  Факультативтік  сабақтарды  анықтау 
барысында  оқушылардың  әлеуметтенуі  және  олардың  даму  кемшіліктерінің 
алдын-алатын,  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  жетілдіруге  ықпал 
ететін курстарды таңдау қажет.  
5.  Сөйлеу  күрделі  бұзылыстары  бар  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқыудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
 бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  балалар  дайындық  (0)  сыныбына 
түседі. 
Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:  

 
ауыр  деңгейдегі  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  (алалия,  дизартрия, 
ринолалия,  афазия),  сонымен  қатар  тұтықпамен  қатар  жүретін  жалпы  сөйлеу 
тілі дамымаған балалар; 

 
сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
205 
Кохлеарлы  имплантацияға  дейін  6  айдан  кем  емес  ұдайы  есту  аппаратын 
тағып  жүрген  1  жастан  4  жасқа  дейінгі  кохлеарлы  импланты  бар  балалар 
қабылданады.  Оқытудың  бірінші  деңгейінде  арнайы  бағдарламалар,  арнайы 
әдістемелік  және  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  қарастырылады. 
Негізгі  сатыда  балалар  оқушылардың  мүмкіндіктеріне  бейімделетін  мектептің 
жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.  
Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, 
орыс  және  шет  тілдерін  оқыту  сағаттарын  бөлгенде  вариативтілікке  жол 
беріледі.  
Сөйлеу  тәртібін  сақтай  отырып,  барлық  сабақтарда  және  сабақтан  тыс 
уақыттарда  арнайы  логопедиялық  және  түзету-педагогикалық  қолдау 
көрсетіледі.  Арнайы  түзету  курстарына  мыналар  жатады:  қоршаған  ортамен 
таныстыру,  түзету  ырғағы,  дыбыс  айту,  сөйлеу  тілін  дамыту,  жеке-топтық 
логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету 
ырғағы»  сөйлеу  тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар  балалардың  моторлық  және 
сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.  
Логопедиялық  сабақтар  белгіленген  сабақтардың  мазмұны  мен  формасын 
қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық 
көмекті жеке, топ бөлігінде және фронтальды сабақтарда алады.  
Жеке  сабақтар:  сөйлеу  тілінің  жүйелі  бұзылыстары  бар  және 
артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, 
дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 реттен кем 
емес өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Топ бөліктеріне сөйлеу тілінің 
біртекті  құрылымы  бұзылған  балалар  бірігеді.  5-10  сынып  оқушыларымен 
логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың топ бөлігі формасы жетекші болып 
табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.  
Фронтальды  сабақтың  ұзақтығы  (0,  1-4-сынып)  дайындық  сыныбы  мен 
бірінші  сыныптың  алғышқы  жартысында  35  минутты,  келесі  сыныптарда  45 
минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін 
қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.  
6.  Психикалық  дамуы  тежелген  оқушыларды  арнайы  мектепте 
(сыныпта) оқытудың ерекшеліктері 
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:  

 
бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар; 

 
негізгі орта білім – 5-10-сыныптар. 
Арнайы  мектептерге  (сыныптарға)  церебральды-органикалық  түріндегі 
психикалық  дамуы  тежелген  балалар  қабылданады.  Арнайы  сыныптарға 
дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде 
бұзылыстары)айқын көрінетін балалар қабылданбайды. 
Арнайы  сыныптарға  жинақтау  оқытудың  бастапқы  деңгейінде  –  0,  1 
сыныптарда  іске  асырылады,  2  сыныпты  да  кіргізуге  болады.  Оқушыларды 
оқытудың  кез-келген  кезеңінде  бұқаралық  типтегі  жалпы  білім  беретін 
сыныптарға  кіріктіру,  сондай-ақ,  психикалық  даму  тежелісі  айқын  көрінетін 
екінші  сатыдағы  арнайы  сынып  жағдайында  білім  беруді  жалғастыру 
мүмкіндігі қарастырылады.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
206 
Оқу  күн  тәртібі  балалардың  тез  шаршағыштығына  байланысты 
белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.  
Екінші  (қазақ  немесе  орыс)  және  үшінші  (ағылшын)  тілдерін  зерделеу 
сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілінің  даму  деңгейін  ескере  отырып, 
бағдарламаны  бейімдеу  және  оқушыларды  оқыту  әдістері  қарастырылып  іске 
асырылады. 
Оқытудың  бірінші  сатысында  арнайы  бағдарламалар  мен  арнайы 
әдістемелік  және  дидактикалық  материалдарды  пайдалану  қарастырылады. 
Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) 
байланысты  мазмұны  қайта  бөлінетін  жалпы  білім  беру  мектебінің 
бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың 
мүмкіндіктеріне бейімделеді.  
Оқытудың  түзету-дамытушы  бағыты  түзету  пәндерінің  жалпы  білім  беру 
циклі  пәндерінің  аясында,  сонымен  қатар,  қосымша  білім  беру  жүйесінде 
жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-
тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың 
танымдық  әрекеттерін  белсендендіретін  эстетикалық  циклдегі  пәндерді 
(музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.  
Бірінші  және  екінші  сатыдағы  оқу  жоспарының  түзету  компоненті 
«Айналамен  таныстыру  және  тіл  дамыту»,  «Түзету  ырғағы»,  «Тіл  дамуының 
кемшіліктерін  түзеу»  (логопедтік  сабақ),  «Білімдегі  олқылықтарды  толықтыру 
бойынша  міндетті  жеке  және  топтық  түзету  сабақтары»,  «Әлеуметтік-
тұрмыстық  бағдарлау»  (ӘТБ).  Арнайы  кіріктірілген  түзету  курсы  «Айналамен 
таныстыру  және  тіл  дамыту»  (0-1-сыныптар)  баланың  қоршаған  орта  туралы 
шынайы  білімдері  мен  түсініктерін  байытуға  бағытталған.  «Түзету  ырғағы» 
түзету  курсы  (0-4-сыныптар)  психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  жалпы 
моторикасы  мен  қимылының  үйлесімділігіндегі  даму  ауытқушылықтарын 
алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет 
дағдыларын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  «Әлеуметтік-тұрмыстық 
бағдарлау»  пәні  бойынша  сабақтар  үшін  сынып  2  топқа  бөлінеді.  Сабақтар 
арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі. 
Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта оқу 
бағдарламасын  игеруде  қиындықты  сезінетін  оқушылар  үшін  білім 
олқылықтарының  орнын  толтыруға  арналған  жеке  және  топтық  түзету 
сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының 
ұқсастықтары  негізінде  топ  бөлігімен  (2-4  оқушыға)  жүргізіледі.  Бастауыш 
сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі 
мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. 
Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы 
тиіс.  Олар  пәндік-тәжірибелік  және  балалардың  ойын  әрекетін  қоса  отырып, 
әртүрлі  формалар  мен  оқушылардың  әрекет  түрлерін  пайдалану  арқылы 
жүргізіледі.  
6-10-сыныптарда  білім  алудағы  олқылықтарды  толықтыру  бойынша  жеке 
және  топтық  сабақтарға  бөлінен  сағаттар  мен  пән  мұғалімдері  арасында 
үлестіріледі.  Қандай  топта  болсын  білім  алушының  сабақта  отыру  уақыты 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет