Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата26.04.2022
өлшемі1.65 Mb.
#32298
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Аккомодация  –  морфемалар  жігінде  қатар  келген  дауысты  жəне  дауыссыз  дыбыстардың  бір-

біріне ықпал етіп, бейімдеп айтылуы. Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар

дауыссыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы жағына жəне айтылуы

жағынан  өзіне  бейімдеп  тұрады:  тарағы  (тарақ-ы)  деген  дауыстылар  дауыстың  қатысы  жағынан



дауыссыздарды  игеріп  тұр  деп  түсіну  керек.  Ал  дауыстылардың  артикуляциялық  (айтылуы)  жақтан

əсері  дегенде,  əсіресе  тілдің  қалпы  жағынан  дауыссыздарға  етер  ықпалын  айту  керек.  Яғни  қазақ

тілінде дауыссыздардың жуан жəне жіңішке болып айтылуы көбіне дауыстымен байланысты. Сондай-

ақ жақтың, еріннің де ықпалы болады.

Дауыссыздар да дауыстыларға азды-көпті əсер етіп тұрады, алайда оларды өзгертуге күштері жете

бермейді. Тек қ, ғ дыбыстары өз маңында үнемі жуан дауыстылардың, к, г жіңішке дауыстылардың

тұруын  талап  етеді.  Аккомодациядағы  ықпалдың  түрі  дауыстының  орын  тəртібімен  байланысты

болады.  Сондықтан  ол  екіге  бөлінеді:  дауысты  мен  дауыссыздардың  үндесуі  (прогрессивті

аккомодация) жəне дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі (регрессивті аккомодация).

Біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың əр басқа дыбыстар немесе сəл ғана ұқсас

дыбыстар  болып  өзгеруі  диссимиляция  дейміз.  Диссимиляция  –  ассимиляцияға  қарама-қарсы

құбылыс. Мыс.: феврарь (лат. februarius) сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы – диссимиляция

құбылысының нəтижесі. Диссимиляцияда дыбыстар бірімен-бірі қатар жəне басқа дыбыстар салып та

тұруы мүмкін.

К.Аханов: «Шығу төркінінде молла (араб сөзі) түрінде дыбысталатын сөз қырғыз, қазақ тілдерінде

молда  түрінде  айтылады»,–  деп  оны  диссимиляция  құбылысына  жатқызады.  А.Айғабылов:  «Қазір

морфемаға  жіктелмейтін  тұтас  сөздер  ішінен  күллі  –  күлді,  ыссы  –  ыстық,  ашшы  –  ашты  сияқты

сөздерде  ғана  кездеседі.  Ал  шеттен  келген  сөздерде  бұлардың  қатары  молырақ:  алла  –  алда

(Алдаберген  дегенде)  олла-білла  –  алда-білда,  сүннат  –  сүндет,  махаммет  –  махамбет,  үммет  –



үмбет т.б.

Дыбыстық құбылыстар – сөздің құрамында болатын əр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бəрі де

айтуды жеңілдетуден туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет